Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Оралхан Бөкейдің сөз қолданысындағы ерекшеліктер



Pdf көрінісі
бет42/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   267
Оралхан Бөкейдің сөз қолданысындағы ерекшеліктер 
Соңғы кезде тіл білімінде жекелеген ақын-жазушылардың шығармаларындағы 
тілдік ерекшеліктері зерттелініп жүр. Көркем поэзия стилистикасымен қатар, проза тілін, 
оның стильдік ерекшеліктерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті жайттарының бірі. 
Қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасы, ерекше стилі бар жазушылардың бірі 

Оралхан Бөкей. 
Оралхан Бөкейдің қай шығармасын алсақ та жеңіл мазмұн кездеспейді. «Атау 
кере» шығармасын өз шеберлігіне сай ширатып, ширықтыра жазған. Шығармада бүкіл 
адамзаттық мәселелер қозғалады. Шығармада әдебиеттегі романтизм бағыты да, реалистік 
бағыт та кездеседі. Шығарма басында Еріктің реалистік сипаты басым болады да, 
шығарма шешімінде мифтік сипаты басым болады. Романды уақыт тұрғысынан алып 
қарасақ, мұнда жазушы XX ғасыр дертін, кеңестік жүйедегі саналы адамдарды сан мәрте 
сансыратқан қасаңдықтар тұсын көрсетеді. Жазушы кейіпкер баяндауы арқылы 1930 
жылдардағы ашаршылық тұсындағы қым-қуат тірлікке уақыт тұрғысынан баға береді. 
Қарымды қаламгер шығармадағы басты кейіпкердің өмірін аралар дүниесіне ұқсата 


97 
отырып баяндайды. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы 
бетіндегі жұмбақ қыз – символ болып табылады. Шығармадағы Шал образында 
романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда белең алған 
адамның рухани әлсіреуінен шығудың жолын, амалын табуға тырысады. Бір шығарма 
ішінде осындай күрделі сарындарды қолдану автордың сөздік қолданысындағы ерекшелік 
деп білеміз. 
Кез келген жазушыны алып қарасақ, оны өзге тұлғалардан ерекшелендіріп тұратын 
сөз саптауы, стилі болатыны даусыз. Шығармадан мысал келтірейік: 
«Болмыстың ең бір есті де естияр өкілі 
екі аяқтылар
сүйегіне сіңіп қалған 
менмендігіне басып, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алғанды қойып, ара жазғандардың 
аузындағысын жырып жер еді». «Ал қант жеген бейшаралардың тұқымы барған сайын 
кетеуі кете
, азып-тозып барады-ай.
[3]. Мұндағы қаламгердің «екі аяқтылар» деп 
отырғаны – адамдар екендігі белгілі. Дене мүшені сөз ете отырып, оның қандай тіршілік 
иесі екендігін танытып тұр. Бұл да Оралхан Бөкейдің стиліндегі бір екершелік. «Кетеу» 
сөзін алып қарасақ, әлсіз деген мағынаны білдіреді. Ал оған 
кете
(кетеуі кете) сөзін 
тіркестіру нәтижесінде шырқы бұзылды деген мағына келіп шығады [4]. Оралхан Бөкей 
өзіндік жазу стилі қалыптасқан, қарымды қаламгер екені алты алашқа аян. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет