Я. А. Коменскийдің оқытудағы саналық принципін жүзеге асыруға бағытталған нұсқаулықтарын бөліп көрсетіңіз және түсіндіріңіз



Дата01.12.2022
өлшемі34,22 Kb.
#54107
түріСабақ
Байланысты:
Педагогика


  1. Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» атты ілгері еңбегін оқыңыз. Я.А.

Коменскийдің оқытудағы саналық принципін жүзеге асыруға бағытталған нұсқаулықтарын бөліп көрсетіңіз және түсіндіріңіз.

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика " кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Ян Амос Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді."


Ян Амос Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәләлдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Ян Амос Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.
Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов т.б. ол уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бір сыпыра үлестерін косты.
Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Ян Амос Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Ян Амос Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері. 
Ян Амос Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Ян Амос Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К.Маркстің сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”.
Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы.
Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары оны қанағаттандырмады. Ян Амос Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің және ақылдылардың түрмесі деп атады. Ал шәкірттерді дамытпады, керісінше, ақыл-ой қабілеттілігін тежеп отырды, олардың оқуға деген ықыласын өлтіріп отырды.
Мектеп, Ян Амос Коменскийдің пікірінше, адамдардың тірі шеберханасы болу тиісті, немесе, оның айтуынша, “ізгіліктің шеберханасы”, “жарықтың шеберханасы” деп бағалады. Мектеп адамды ақылды, адамгершілікті, қайырымды ету үшін бәріне үйрету керек деді. Бұл дегеніміз шәкірттер мектепте жан-жақты білім алу керек. Мектепте берілетін білім жеңіл-желпі ат үсті болмау керек, берік берілетін білім болуы керек, демек, адам басқаның ақылын басшылыққа алмау керек, өзінің ақылымен жұмыс істеу керек, тек ғана кітаптан оқып қою, заттар мен құбылыстар туралы басқаның пікірін түсіну жеткіліксіз, өзінің жеке басында заттардың мәніне үңіле білу қабілеттілігін дамыту және шын мәнінде оларды дұрыс түсіне білуді қалыптастыру қажет.
Осыдан келіп, ұлы педагог жалып білім беретін мектептердің бағдарламасына жан-жақты білім негіздерін енгізді (гуманитарлық және реалдық). Мектепте моральді оқытуды енгізуді ұсынды. Дінге сенетін адам ретінде мектепте дінге ерекше мән берді.
“Ақылды, адамгершілігі мол, қайырымды адамдарды” дұрыс даярлау үшін, уақытында оқу бағдарламасын уақытында жемісті іске асыру үшін Ян Амос Коменский мектеп ескі оқытудың әдістерінен, қорқытудың варварлық тәсілдерінен және оқушының жеке басын жаншудан бас тартудың қажеттігін атап өтті. Осыны қамтамасыз ету үшін, демек, оқытудың тиімді ұйымдастыру үшін оқытудың дидактика негіздерін түбірімен өзгерту керек деген болатын-ды.
Коменскийдің дидактикасы ортағасырлық мектепке қарағанда, оқыту үрдісін “өміршең және табиғи, жеңіл және жемісті” ету үшін бағытталды.
Ескі варварлық оқыту әдістеріне, өз мәні жағынан негізіне “табиғи әдісті” немесе табиғатқа сәйкестікті, яғни, оқытудың әдістерімен табиғат заңдылықтарының арасындағы сәйкестікті жатқызады. Ян Амос Коменский өз дидактикалық қағидаларын табиғатқа сілтеме жасау арқылы дәлелдейді және бекітеді. Ол негізінен өсімдіктердің өміріне, құстардың дамуына, бағбанның, архитектордың қызметінесілтеме жасайды және т.б.
Біріншіден, Ян Амос Коменскийдің түсіндіруінше, дидактиканың “алтын ережесін” төменгіше түсіндірді: “Бәрі де сезім органдары арқылы қабылданады, атап айтсақ: көретін нәрсе – қабылдау үшін көру сезімімен, еститін нәрсе – есту сезімімен, иіс – иіс сезімімен, дәмінтату – дәм сезімімен, сипай-сезу, сипай-сезу арқылы іске асады. Егер де қандай ма болмасын заттар мен құбылыстарды бірнеше сезіммен бірден қабылдауға болады, мейлі олар бірден бірнеше сезімдер арқылы қабылдансын”.
Ян Амос Коменскийдің талап етуінше, оқу заттар мен құбылыстартуралы сөздік баяндаудан басталмау керек, бірақ оларды нақты бақылаудан бастау керек. Табиғи мүмкін болатынды бақылау қажет, бірақ заттарды тікелей бақылау мүмкін болмаған жағдайда оларды суреттермен, моделдермен, картинкалармен ауыстыру керек.
Негізгі дидактикалық қағидалардың бірі ретінде көрнекілікті талдауда Ян Амос Коменскийдің сіңірген еңбегі ұлан-теңіз. Сол кездегі қалыптасқан көрнекілік оқытудың кейбір практикалық іс-тәжірибесін ол ұлы ғұлама педагог ретінде негіздеді, жинақтады, әрі қарай тереңдетті және кеңейтті, тәжірибеде көрнекілікті кеңінен қолданды, өзінің оқулықтарын суреттермен қамтамасыз етті. Мағынасыз, механикалық жаттауға, догматикалық оқытуға Ян Амос Коменский оқытудың саналылық талаптарын қарсы қойды.
Ян Амос Коменский біржүйелік оқытуға ерекше мән берді. Ол құбылыстардың арасындағы байланыстарды оқушылардың түсінуінің қажеттігін атап көрсетті, оқу материалын біржүйелікпен дұрыс ұйымдастыру керек, ол шәкірттерге хаос (жүйесіз) болмауы керек, негізгі қағидалар түрінде қысқаша баяндалған болуы керек.
Оқыту үрдісінде, оның айтуынша, деректерден қорытындыларға, мысалдардан ережелерге жүріп отыру керек, демек, бұл деректер мен мысалдарды біржүйелейді, жинақтайды; нақтылыдан абстрактыға, жеңілден қиынға, жалпыдан жалқыға жүріп отыруды талап етті.
Ян Амос Коменский дидактикалық қағидаларының бірі – оқытудың бірізділік қағидасына жан-жақты тоқталды. Барлық шәкірттерге ұсынылған материалдарды меңгеру үшін жаңа материалды оқыту оның алдындағы сабақта даярланған материалдық тікелей жалғасы болуы керек.
Ян Амос Коменский балалардың жас ерекшеліктерімен санаса отырып, ең алдымен шәкірттердің түйсіктерін, одан кейін есін, одан әрі ойларын, ең соңында тіл мен қолын дамыту қажет деп кеңес береді, себебі шәкірт меңгергенді дұрыс айта білуі және оны күнделікті ісінде қолдана білуі қажет.
Ян Амос Коменский оқытудың түсініктілік қағидасы туралы құнды кеңестер береді. Шәкірттерге оқыту тек ғана жас шамасына лайықтап беру керек. Шамаға лайықтылық және түсініктілік қағидаларын оықтудың анықтығына, негізгі мәселелерді хабарлау арқылы іске алады.
Сонымен қатар Ян Амос Коменский оқытудың беріктілік қағидасы туралы да құнды кеңестер берді. Ян Амос Коменский “берік негіз қалану керек, оқытуда асықпау керек, оқушылар берілген материалды толық меңгеруі қажет”.

Оқу материалын берік меңгеруде жаттығулардың және қайталаудың мәні орасан зор. Ян Амос Коменский оқушылардың таным қабілеттіліктерін дамытуға ұмтылып отырды. Оқыту жұмысының нәтижесі белгілі дәрежеде қолданылатын ұйымдастыру түрлеріне, әдістеріне және тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі.


Ян Амос Коменскийді сол кезде үстемдік еткен оқытудың түрі де, оқытудың қолданылатын әдістері де ешқандай да қанағаттандырмады. Оқытудың түрі оқушыларға негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан сабақ сұраумен шектелді.
Ал педагогика тарихында тұңғыш рет әртүрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсынды, оның ішінде көрнекті оқыту әдістеріне ерекше орын берді. Ян Амос Коменский алғаш рет жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсына отырып, төмендегі негізгі мәселелерге ерекше назар аударды:
1) оқу жылы белгілі жыл мезгілінің тек ғана бір күні басталуы қажеттігін ұсынды;
2) ғылыми білімнің барлық жиынтығы сыныптарға дәл бөліну туралы;
3) уақыт сондай дәл бөлінген болу керек, әрбір жыл, ай, күннің өзінің ерекше міндеттері болу керек.
Коменский оқу жылы және оның оқу тоқсандарына бөлінуі ұғымын алғаш рет бекітті, оқу демалыстарын (каникулдары) енгізді, оқу күнін ұйымдастыруды анықтады (4 сағат ана тілі мектебінде, 6 сағат латын мектебінде) теориялық тұрғыдан сынып-сабақ жүйесінің негізін салды және оны тәжірибеде қолданды, іске асырды.
Ян Амос Коменскийге дейін мектептерге шәкірттерді қабылдау әртүрлі уақытта, бүкіл оқу жылының бойында жүргізілді. Шәкірттер сыныпта бірге отырғанмен, бірақ сыныптағы барлық оқу шәкірттермен көп жағдайда ұжымдық сабақ болмады. Мұғалім әр шәкіртпен жеке жұмыс жүргізді. Сонымен, Ян Амос Коменский сынып-сабақ жүйесінің негізін сабақты қалай жоспарлау, өткізу керек, шәкірттерден сұрап отыруға, сонымен қатар сабақта жаңа материалды түсіндіріп отыруға және жаттығуларға ерекше көңіл бөлді.
Сабақты жүргізуде мұғалімнің атқаратын қызметі ерекше. Кітаптар, оқулықтар – бұл тілсіз мұғалімдер. Тек ғана мұғалімнің сабақта материалды түсіндіргеннен кейін ол шәкірттің жан дүниесінде жаңарып, терең із қалдырады. Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым-қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл-оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады. Сабақтағы шәкірттердің зейініне ерекше мән берді. Ал зейінді жарықпен салыстырады. Әсіресе, сабақты ойдағыдай меңгеру шәкірттің сабаққа зейін аударуына тікелей байланысты.
Ян Амос Коменский мұғалімдерді шәкірттермен, сыныппен жұмыс істей білуге үйретті.
Ян Амос Коменский табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасын табиғаттың жалпы заңдарына сүйену ретінде түсінумен қатар ал жас кезеңдерін, мектеп жүйесін және кейбір дидактикалық қағидаларды және ережелерді негіздеуге адам табиғатын (туа біткен белгілер) және балалардың табиғи жас кезеңдеріне сүйену кездеседі.
Ян Амос Коменский, адамның табиғатын ескере отырып, балалардың жас әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды.
балалық шақ – туғаннан бастап 6 жасқа дейін;
жеткіншек шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін;
жастық шақ – 12 жастан 18 жасқа дейін;
ересектік шақ – 18 жастан 24 жасқа дейін.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай жас кезеңдерге бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады; жеткіншек шақ- есі мен қиялының, оның орындаушы органдары – тілі мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау деңгейі дамиды және ересектік шақта – ерік-қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами түседі.
Әрбір осы жас кезеңдерге жас ерекшеліктеріне сәйкес Ян Амос Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынады.
6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ананың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.
Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлерде алтыжылдық ана тілі мектебін ұсынады.
Жастық шақ кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын мектебі немесе гимназия ұсынады.
Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) әрбір мемлекетте немесе облыстарда – академия ұсынады.
Сонымен, Ян Амос Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің демократиялық қағидасын ұсынған болатын-ды.
Әрбір білім беру сатысы үшін Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты талдады.
Аналық мектеп – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше қарапайым осы жас кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып өткізу қажет болды. Аналық мектептің бағдарламасына ғылымның барлық салаларынан алғашқы мәліметтер енгізілді. Онда балалар су, жер, ауа, жаңбыр, қар, мұз, тас, темір, ағаш, шөп және т.б. дегеніміз не екендігін білу қажет болды, табиғаттанудан қарапайым мәліметтерді меңгеру тиіс болды. Балалар бояуды ажырата білу, аспанның, күннің, айдың не екендігі туралы жағырафия ғылымынан мәліметтер мен алғашқы түсініктер берілді.
Ян Амос Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіпті болу, кішіпейілділік және т.б.)
Ана тілі мектебі аналық мектептен басталған оқытуды жалғастыра отырып, онда алған білімді кеңіте және тереңдете отырып, адам өміріне қажетті: атап айтқанда, ана тілінде жазылғанның бәрін еркін оқу, анық, тез және дұрыс жаза білу, санай, өлшей білу, ән салу және т.б.
Бірақ Ян Амос Коменский онымен шектелмеді. Оның түсіндіруінше, шәкірттер мораль қағидаларын білу, түсіну және өмірде іске асыруға ұмтылу қажет, азаматтық тарих туралы жалпы түсініктері болуы, космографияның және жағырапияның элементтерін білу, шаруашылықтан және саясаттан хабардар болу қажеттігіне тоқталды.
Демек, бұл сол кездің өзінде ана тілін оқытуға негізделген бастауыш оқытудың ерекше бағдарламасы болып табылады. Ана тілі мектебінің ортағасырлық мектептерден ерекшелігі ортағасырлық мектептерде барлық оқыту өмірден алшақ берілді, тек ғана латын тілінде оқытылды, ал ана тілі мектебінде бастауыш мектептегі оқыту тек ғана ана тілінің негізіне сүйенді.
Латын мектебін немесе гимназия ұйымдастыруды Ян Амос Коменский әрбір қалада белгіледі. Латын мектебінің бағдараламасына ортағасыр мектептеріне тән “жеті ерікті өнерлермен” ескі мазмұнымен жаңа мазмұнын ұштастыруға ерекше мән берді.
Академияда Ян Амос Коменский сол кездегі жоғары оқу орынары тәжірибесінде кеңінен қолданылған үш факультетті ұйымдастыруға, діни, заңгерлік және дәрігерлік.


  1. Оқыту принциптері бойынша библиография жасаңыз. Әр түрлі дереккөздердегі оқыту принциптерінің анықтамасы мен сипаттамасын салыстырыңыз. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындаңыз.

Библиография - бұл кітапты, ғылыми мақалаларды , сөйлеген сөздерді, жеке жазбаларды, күнделіктерді, веб-сайттарды және тақырыпты зерттеу және қағазды жазу кезінде қолданылатын басқа көздер тізімі. Библиография қағазыңыздың соңында пайда болады.
Библиография кейде « Works Cited» немесе « Works Consulted» деп аталады.
Библиографиялық жазбалар өте нақты форматта жазылуы керек, бірақ бұл пішім сіз пайдаланатын нақты жазу стиліне байланысты болады.
Мұғалім сізге қандай стилді пайдалану керектігін айтып береді және көптеген мектеп құжаттарында MLA , APA немесе Turabian стилі болады .
Библиографияның компоненттері
Библиографиялық жазбалар:

  • Автор

  • Сіздің көзіңіздің атауы

  • Жарияланым туралы ақпарат

  • Күні

Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары:
• жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;
• түсінікті етіп оқыту;
• танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану;
• талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану;
• аналогияны жиі қолдану;
• бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау;
• оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру;
• оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену;
• оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу;
• белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру.


Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудық өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысы-ның жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
қытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Оқыту принциптерін М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.
Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияңты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады.
Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет