1. 1-ресурс. Оқытудың өзектілігі «Кластер» тәсілі



Pdf көрінісі
Дата24.10.2022
өлшемі141,37 Kb.
#45161
түріБағдарламасы
Байланысты:
1.1-ресурс. Оқытудың өзектілігі



 
1.1-ресурс. Оқытудың өзектілігі 
 «Кластер» тәсілі 
1-тапсырма. Негізгі идеяны анықтаңыз және оқу материалын жүйелеп, 
жинақтауға арналған ақпаратты графикалық түрде бейнелеңіз. 
 
Кез келген оқу бағдарламасы тиімді іске асырылуы үшін оқушылардың өмірімен 
байланысты және түсінікті болуы керек. Трансмиссиялық оқыту және нақты деректерді 
жаттанды түрде есте сақтау кез келген нәрсені нақты өмірден алшақ етіп көрсетеді. 
... Оқытудың өзекті болмауы оқушылардың оқу уәжінің төмендігіне, осыған орай 
оқу тиімділігінің төмендеуіне себепші болады. 
... Басқа тақырыптарға негіз болатын, пәндік немесе пәнаралық зерттеулерде 
маңызды орын алатын және білім алушылар мен оқытушылар тарапынан қолдау табатын 
негізгі тақырыптардан бастау керек. 
...Нақты тақырыптардың немесе проблемалардың өзектілігі тұтас оқыту 
мәнмәтінімен, жалпы бағыт-бағдарымен байланысты және үйлесімді болған жағдайда, 
оқушылар үшін түсінікті болады. Оқушыларға оқудың жалпы бағыт-бағдары түсінікті 
болғанда, олар білім, дағды, көзқарастарды дамытуға арналған жекелеген міндеттерді де 
өз бетінше анықтай алады. 
Егер пәннің жалпы бағыт-бағдары және онда қамтылатын барлық мәселелердің 
маңыздылығы түсінікті болса, генеративтік тақырыптарды зерттеу арқылы алынған 
барлық білім (түсініктер, фактілер, теориялар) мен дағдылар (әдістер, құралдар, 
тәсілдер) маңызды болады. 
Генеративті тақырыптарды қолдану және олардың маңыздылығын арттыру 
мұғалімдер мен оқушыларға көптеген мүмкіндіктер береді. Бұл әдіс мұғалімдерге 
оқытуды шығармашылықпен жүргізуде еркіндік берсе, оқушылар үшін оқуды қызықты 
және тартымды етеді, олар білімді тек игеруге ғана емес, тиімді қолдануға болатынына 
көз жеткізеді.
Оқушылардың оқуға қызығушылығын қолдау үшін білімнің өзектілігі мен 
практикалық мәні аса маңызды болып табылады.
Сілтеме: 
Wiske, M. S. (1998). Түсініп оқу үшін оқытуға арналған нұсқаулық [The teaching for 
understanding guide]. San Francisco, CA: Jossey-Bass. Zack, M. H. (2000). Managing 
organizational ignorance. In J. W. Cortada & J. A. Woods (Eds.) 
 
2-тапсырма: Оқу бағдарламасының бір бөлімін таңдап, бұл бөлімнің пәнді 
оқытудағы өзектілігі неде екендігі және бөлім, тақырып оқушылардың өмірлік 
жағдайларымен, олардың қызығушылықтарымен қалай байланысты екендігі жөнінде 
ойланыңыз. 
Бұл тақырып маған әсер етті ме? Әсер еткен болса, неліктен? Менің 
оқушыларымның қызығушылығын арттыру үшін, бұл тақырыпты қалай
жақсартуға болады? Өз дәлелдеріңіз бен тұжырымдарыңызды келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет