131
4.
Корчажкина О.М. Симуляционные задания для интерактивной доски при работе над
иноязычными литературными произведениями // Иностранные языки в школе. 2012. - С. 20-
25.
5.
Яценко И.И. Художественный текст: от проблемности текста – к его проблемному анализу. –
МГУ 1998. – С. 116.
6.
Клычникова, З.И. Психологические особенности обучения чтению на иностранном языке. М.:
Просвещение, 1973. – С. 152.
7.
Елизарова Г.В. Культура и обучение иностранным языкам. СПб.: КАРО, 2005. – С. 352.
ӘОЖ 94(524)
М.Қ. ҚОЗЫБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ 1916 ЖЫЛҒЫ
ҰЛТ - АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Каленова А.Е., Бимақанова З.Ш.
(М. Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Біздің тарихымызда жалпы алғанда көптеген көтерілістер болды және олар
бәрімізге белгілі. Соның ішінде менің қарастыратыным М.Қозыбаев еңбектеріндегі
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Осы мақсатта, аталмыш тапсырманы орындау үшін
жалпы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің не себепті болғандығын және оның
мақсаты неде екендігін білуіміз қажет. Осы мәселені қарастыра отырып 1916 жылғы
көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы
факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың
шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары
жөнінде патша үкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт
нашарлауы. Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тартып
алынуын, өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшеюі ретінде қарастыру. Осы
көтеріліс кенеттен пайда болуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы
Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жаспен 43 жасқа дейінгі
«бұратана» ер азаматтарын тыл жұмыстарына «Реквизициялау туралы» жарлығы
тікелей себебін тигізді. Оның үстіне жарлықта «жұмылдыру», «әскерге шақыру» деген
сөз емес, қайта әңгіме бейнебір малды реквизициялау туралы болып отырған сияқты,
«реквизиция» деген сөз қолданылды. Жарлық туралы хабар жергілікті баспа сөзде
жарияланды және болыс басқарушыларының жиналыстарында оқылып, қосымша
түсіндірмелер мен түсініктемелер берілді. [1, 63]
Ал Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымда патша жарлығы
жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық
аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске
ұласты. Соның ішінде халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы
жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл
старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Ол
кезде қазақтарда метрикалық куәліктердің болмағанын пайдаланып, олар тізімге жас
шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді, ал байдың балаларын пара алу
арқылы шақырудан босатып отырды. Іс жүзінде осы тізімдер жасау жүйесі жаппай
парақорлық пен қиянат жасаушылықты туғызды. Стихиялық қозғалыс бірте-бірте
ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады. Көтерілістің ірі ошақтары
Жетісумен Торғайда пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Оның өткір
132
жүзі патша өкіметірің әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына,
белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған
ұлт-азаттық қозғалысына айналды. [2, 38]
Осы көтеріліс Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының соғысқа және патша
өкіметіне қарсы революциялық қозғалысымен ұштасты. 1916 жылғы көтерілістің басты
мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Ал негізгі қозғаушы күші ұлттық
шаруалардың қалың тобы, сонымен қоса сол кезде туып келе жатқан жергілікті
жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер, барлық топтарының өкілдері ұлттық езгіге
қарсы азаттық күрес болды. Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болу
себебі, қазақ халқының, сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері
қатысты. Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының
көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Осы көтеріліске тек қана қазақтар емес
сонымен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір
халықтардың өкілдері қатысқан ұлт-азаттық қозғалысы.
Үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік»
дейтіннің шенеуліктері «реквезиция туралы» патша жарлығын сөзсіз қолдады және оны
басты жүзеге асырушылар болды. Қазақ зиялыларының ішінде: Тоқаш Бокин, Әубәкір
Жүнісов, Әліби Жангелдин, Тұрар Рұсқылов сияқты өкілдері патша жарлығына батыл
қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды, ал «Қазақ» газетінің
төңірегіне біріккен либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері, оның ішінде:
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және тағы басқалары патша әкімшілігін адам
алуға асықпауға, қайта әуелі дайындық шараларын жүргізу керектілігіне көздерін
жеткізуге талай рет әрекет жасады. Сонымен бірге олар қарусыз халық патша
өкіметінің аяаусыз жазалау шараларының құрбанына айналады дегенді орынды санап,
жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Оның өзіндік бірнеше себептері
болды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған
қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бұдан сырт қалуға болмайды, - деп
есептеді. Екіншіден, іс жүзінде қарусыз қазақтардың тұрақты орыс армиясына қарсы
бас көтеруін болдырмауға талпынды. Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының
құрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен
жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылатынына үміт артты.
Империямен ақылға қонымды келісім тактикасын ұстанып, халқының аман болуын
бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жұмыстарына шақыруды кейінге
қалдыра тұрып, тиісті әзірлік жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Көтеріліс барысында
орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың
қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді. [3, 23]
1916 жылдың 11 тамызындағы «Қазақ» газетінің бас мақаласында
А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың атынан Алаш арасында
бұйрықты ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтайтындығы жайында, сонымен
бірге олар аңғалдықпен, егер қазақтар тыл жұмыстарына қатысса, соғыста жеңгеннен
кейін олар өз жағдайын жеңілдетуге және автономия алуға үміт ете алады деп
санайтындығы жайында жазылған. Бұл орайда зиялылардың жоғары топтары, соның
ішінде Ә. Бөкейханов топ басы болып осындай екіұдай жағдайда, балға мен төстің
арасында қалғанын есте ұстау керек. 1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі
күреске төменгі топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Ә.Бөкейханов пен оның
жақтастары майданға көмек көрсетуге тырысты. Олар соғыс жағдайында көтеріліске
қатысуды патша үкіметі, орыс жұртшылығы барлық туындайтын зардаптары мен қоса
алғанда орыс әскерлерінің ту сыртынан соққы беру деп бағалайтынын түсінді.
Ұлттық-демократияшыл зиялылар тарапынан тағдырдың жазғанына көнуге, Қазақстан
бір бөлігі болған соғысып жатқан державаға көмектесуге шақыруы осыдан. Бұл
133
шақыруды халық бұқарасының көпшілігі түсінбеді және қабылдамады. Бұқараның
іс-қимылын басқаруға, олардың саяси тәлімгелері болуға қазақ зиялыларының батыл
топтарының қолына шоғырлану себептері нақ осында болатын. Қазақстанның әртүрлі
аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала
бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке
Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан
Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары – Әбдіғаппар Жанбосынов,
Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
[4]
Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде-стихиялық наразылық көріністері,
2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің
біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.
М. Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу
қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде
жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан бұрын, 2 және 3 шілде де келіп
түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс және оңтүстік
бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз
Қосанұлы және басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы ұлғайып, халық наразылығы
үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-
шаралар қолдануды ұйғарды. Нәтижесінде 17 шілдеде Жетісуда жәнеТүркістан
өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мұнда ірі әскери күштер алып
келді. Әскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың
ауқатты топтарынан қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар
құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның
таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері
аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша
жазалаушыларыменірі қақтығыстар болады. [5]
Осындай жағдайда Верный уезінде Б. Әшекеев Жетісудың бытыраңқы
көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда
Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл
жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы
қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен
Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б. Әшекеев қарулы қарсылыққа
дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен
толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер
бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс
басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының
соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б. Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу
туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол
күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың
жанындағы Боралдай деген жерде орындалады. [5, 163 б.]
Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан
өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық
жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған
300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен
бірі Қытайға қашуға мәжбүр болды.
Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі – Торғай өңірі болды.
Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бұл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ және
арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде
толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа
134
болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа,
Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаюы
барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса,
Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы
21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің
құрылтайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов
көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. Құрылтайға
қатысушылардың келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың
немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады.
Орталық Ресейден келген және көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде
туып-өскен Әліби Жангелдин көтерілісшілердің «рухани көсемі» болды. Ондаған мың
ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олардың ең жақын
серіктері ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды.
Әрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды.
Сардарбек жанында әскери кеңес жұмыс істеді. [5]
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы
қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің
жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған
12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды.
Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында
Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына шоғырланады. Осы жерден
1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін
жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен
жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар
болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына
дейін созылды.
Жеке-жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен жанышталып,
жұмысшыларды реквизициялаумен майданға жөнелту басталды. Сол кезде «Қазақ»
газетінің редакциясы тыл жұмыстарына жөнелтілген қазақтардың мұқтаждықтарына
қызмет көрсетуді ұйғарды және осы мақсатпен барлық қазақ зиялыларына
реквизицияланғандар жұмыс істейтін майдандарға өз еркімен барып, оларда
бұратаналар бөлімін құруға шақырды. Зиялылар бұған үн қосты және көп кешікпей
Минскіде земство одағының жанынан бұратаналар бөлімі құрылды.
Қазақ зиялылары майдан тылында еңбек еткен қазақ жігіттерінің сөзін сөйлеп,
мұңын жоқтады. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.б. бастаған қазақ зиялылары Минскіде,
тағы басқа тыл жұмысына шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді
мекендерде болып, оларға қолдан келген көмектерінің бәрін көрсетті. Олар
шақырылғандардың құқықтарын қорғау және олардың майдан өңірі аудандарындағы
тұруы мен жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар
жасады. Ал мұның өзі кеңес заманында көп жылдар бойы айтылып та, жазылып та
келген Алашорда 1916 жылғы көтеріліс кезінде ұлттық мүддеге сатқындық жасады
деген пікірдің сыңаржақ тұжырым екендігін көрсетеді. Алаш көсемдері
көтерілісшілерге де, майданның қара жұмысына шақырылғандарға да ешқандай
сатқындық жасаған жоқ. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан
ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бұл көтеріліс отаршылдыққа
және империализмге қарсы бағытта болды. Көтерілістің басты міндеті - халықты
отаршылдық езгіден ұлттық және саяси жағынан азат ету міндеті мен салыстырғанда,
таптық мәселе екінші ретте қалды. Бірқатар жерлерде және белгілі бір кезеңде көтеріліс
халықтық соғысқа ұласты. 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық
аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды.
135
Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда
Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі
асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің
іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX
ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.
Көтеріліс қазақ халқының таптық сана-сезімінің өскендігін көрсетті. Мыңдаған
көтерілісшілер патша билігіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Отаршылдық
езгінің ұзақ жылдары ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет
ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей билігінің отаршылдық
экспанциясына қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді.
Халықтық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару
аппараты құрылды. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардаптары
жағынан алғанда, ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі
азаттық күресінің шырқау шыңы болды. Ол туралы Әлихан Бөкейханов былай деп
жазды: «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де,
келешекке қандай ел екенін білдірді… Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына
мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да,
басына да ие болмайды». Шын мәнінде, 1916 жыл-XX ғасырдың соңында қазақ
халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір
белесі болып, тарихта өз орнын алды.
Әдебиет:
1.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 3-том – Алматы, «Атамұра», 2002. – 636 б.
2.
М.Қ. Қозыбаев. Қаһарлы 1916 жыл (Құжаттар мен материалдар жиынтығы) - Алматы,
«Қазақстан», 1998. – 148-150 б.
3.
М.Қ. Қозыбаев. Тарих зердесі. 1-том. – Алматы, «Ғылым», 1998. – 206 б.
4.
М.Қ. Қозыбаев. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы, «Қазақстан», 1994. – 15 б.
5.
Т. Омарбеков, Ш. Омарбеков. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. –
Алматы, «Қазақ университеті», 2004. – 282 б.
УДК 947.087.1/9
В.С. ЧЕРНИКОВ: ОСТАВИВШИЙ ПАМЯТЬ О СЕБЕ
Канаева Т.М.
(СКГУ им. М.Козыбаева)
Отмечая 70-летие Великой победы, следует помнить людей, защитивших и
спасших нас, нашу большую страну от «коричневой чумы» 20 века.
Среди защитников Отечества в грозную годину Великой Отечественной войны
был наш земляк – Василий Сергеевич Черников (1923-2001).
Опережая анализ событий и фактов его биографии следует сказать, что их
хватило даже слишком. Военную биографию В.С. Черников начал в 19 лет под
Сталингадом на Мамаевом кургане. За мужество и стойкость, проявленные в ходе
Сталинградской битвы он был награжден медалью «За отвагу».
Его путь от Сталинграда до Берлина связан со следующими фронтами:
Достарыңызбен бөлісу: |