Ян амос коменскийдің педагогикалық теориясы



бет1/4
Дата17.03.2022
өлшемі30,85 Kb.
#28309
  1   2   3   4
Байланысты:
ЯН АМОС КОМЕНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ


ЯН АМОС КОМЕНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы ұлы чех педагогы Ян Амос Каменский (1592 – 1670) 1592 жылы 28 наурызда туылды.

Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор ұлт – азаттық гусит қозғалысының әсері әлі де бар еді. Соның ықпалымен шаруалар менқолөнершілердің қалың бұқарасы демократияшыл көзқарастағы адамдармен “Чехтық” немесе “ Бумегалық туыстар” атты қауымдарын құрды.

Ян Амос Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ал өзі кейінірек сол қауымның көсемі болды.

Қауымның көмегімен ол латын мектебін, кейінірек университер бітіреді.

1620 жыл чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы пеадагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ең үлкен күйзеліске кезікті. Ян Амос Коменскийдің қымбат бағалы кітапханашы мен қолжазбалары отқа жағылды және барлық отбасынан айрылды. Отанынан айрылған отбасы мүшелері Польшаға келіп паналады.

Ян Амос Коменский 1631 жылы “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” – деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады.

1632 жылы Ян Амос Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан “Ұлы дидактика” еңбегі жазылып бітті. Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгіл болған Ян Амос Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту әдістемесін жасаумен айналысты.

1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей “Чех туыстық” қауымының басшысы болып сайланды. Осы жылдары оның “Әлемді суреттеп бейнелеу” – оқулығы, “Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары” және “жастарға арналған мінез – құлық ережелері” – деген пеадгогикалық шығармалары аяқталды. “Әлемді суреттеп бейнелеу” – өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклапедиялық кітап ХІХ ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді.

1656 жылы Швед – поляк соғысы кезінде “Чех туыстығының” ең ақырғы панасы Лешно қаласы өртенді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның “Ұлы дидактикасы” 1657 жылы осында бастырылды.

Ян Амос Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Наарденде қайтыс болды.

Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік фоомацияларының аралығында өмір сүрген Ян Амос Коменский көзқарасы сол дәуірдің еекгеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.

Ян Амос Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикасына XVI – XVII ғасырдағы жаңа философиялық әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561- 1620) философиясының әсері болды.

Ян Амос Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар болды, дидактиканың принциптерін материалистік сенсуализм тұрғысынан түсіндірді.

Сенсуализм – сезімдік қабылдауды таным процесінің негізні формасы деп санайтын философиялық бағыт. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды.

Ян Амос Коменский ақиқаттың бір саласы – логикалық, оның көзі – діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы – табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі байлықтың, бақыттың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет деді. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Ян Амос Коменский адамға, оның ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, оның ақылы “Ақиқатында бүкіл дүниеде зор” – деген тұжырымға келді.

Ян Амос Коменский “Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы” – шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық құрылысты әшкереледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет