Оқыту үрдісінің мәні және әдіснамалық негізі
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. екі жақты сипаты;
2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
3. оқыту жағынан басқаруы;
4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;
5. бүтіндік пен бірлік;
6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Оқыту үрдісі — оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.
Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу. Оқыту үдерісінде студенттердің оқу іс-әрекеті ерекше орын алады. Адамның қоршаған ортаның шынайылығын танып білуі оның әрбір өмірлік қадамында, әрбір іс-әрекетінде (ақыл-ой еңбегі, әлеуметтік-пайдалы еңбек, көркем шығармашылығы және т.б.) жүзеге асатындығы барлығымызға аян. Осы орайда таным ерекше сипатқа ие болуы мүмкін. Тек оқыту үдерісінде ғана таным нақты ұйымдасқан, мақсатты бағытталған оқу-танымдық іс-әрекетті білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |