Єылым жјне Білім министрлігі- єылым академиясы


Әбіш Кекілбаев, Он екі томдық шығармалар жинағы, 3 том, Үркер романы, Тығырық бөлімі, Өлке баспасы 1999 ж, 251-253 беттер )



бет10/17
Дата03.10.2023
өлшемі450,5 Kb.
#112824
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Әбіш Кекілбаев, Он екі томдық шығармалар жинағы, 3 том, Үркер романы, Тығырық бөлімі, Өлке баспасы 1999 ж, 251-253 беттер )
Қос үнді сөз – кең мағыналы, көп тармақты күрделі құбылыс. Қос үнді сөздің қолданылуы баяндауды жандандырады, әсер күшін молайтады, оны күрделілендіреді. Олай дейтініміз, қос үнді сөз қызметі шығарманың композициялық құрылымына, стильдік, көркемдік ерекшеліктеріне тікелей қатысты. Қос үнді сөз арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық жағдайы, көңіл – күйі ашылады; белгілі бір оқиғаны баяндау немесе кейіпкер образын бейнелеу жүзеге асады. Ондайда қос үнді сөз оқиғаның, автор көзқарасының, кейіпкер ойының жалпы ағымын ғана беріп қоймай, түрлі экспрессивтік – эмоциялық қырларын; модальдық реңктерін және сол арқылы туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді (Г.Т. Шоқым. Көркем проза тілінің стильдік ерекшеліктері (Оқу құралы) Алматы. Ғылым баспасы 2001 ж, 17 бет).
Қос үнді сөз автор мен кейіпкердің ішкі сезімін, ой ағысын берер тұста үлкен жүк атқарады. Шығармада кейіпкерінің қалай ойлап, қалай қызмет атқарары бір ғана авторға байланысты. Сол себепті автор мақсатының негізі ішкі сөздер ағымымен бейнеленіп тұрады. Ішкі сөздер адамның психологиялық тұрғыдан саралануына үлкен ықпал жасайды. Сонымен бірге ішкі монолог – психологиялық категория болғандықтан, адамның ішкі сезімі арқылы қалыптасады. Жұмысымызда атап өткендей, әдебиетші ғалым өз еңбегінде ішкі монологтың үш түрін атап көрсеткен. «Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері (формалары) де бар. Ішкі монологтың авторлық түрлері негізгі үш жағдайда байқалады. Атап айтсақ, ішкі монолог кейіпкердің ой – сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында да беріледі. Екінші түрі – тура автордың өз атынан айтылатын ішкі монолог. Үшінші түрі – кейіпкер роліне көшкен автордың сөзі, ішкі монологы» (Г.Пірәлиева Ішкі монолог(Ішкі монологтың кейіпкер психологиясын ашудағы көркемдік қызметі). Алматы. Ер Даулет- Қазақстан, 1994 ж . 19 бет).
Ішкі монологты осылай бөліп қарастыра отырып, көркем шығармадағы автор кейіпкерлерінің іштей қалай ойлай алатынын байқай аламыз. Сонымен бірге автордың ішкі ой ағысыда сара жолда айқын көріне алады. Жалпы Г. Шоқым атап өткендей қос үнді сөз бен ішкі монолог арасында тепе – теңдік жоқ. Ішкі монолог психологиялық категориядан осы қос үнді сөздердің көмегі арқылы стилистикалық категорияға айналады.
... Енді, міне, Әбілқайыр сол құдайдан бір сұрап, адамнан екі сұрап алып қалған Тұяқтың басына өз қолынан зобалаң төндіргелі тұр. Бұған деген өшпестіктің бар қияпаты ақыры айналып соған тірелмек.
Әбілқайырдың бағын соңғы рет сынайтын жері жалпақ алаштың алдында айрандай төгіліп бара жатқан абыройын қайта жиып алса, бір жиып алатын жері, ала алмаса мәңгілікке біржола айырылатын жері осы. Осы жолдан қалса, баяғыдан бергі есек дәмесінің бәрі желге ұшып, мойынына қияметтің қыл арқаны тірідей байланып, ат құрығында кетеді. Мынау жанын талай шүберекке түйіп талай жаумен шайқасқа шыққан құба сахарада көзі де, аты да біржола өшеді. Енді ешкімнің жадына да, аузына да оралмастай боп жым – жылас құриды. Баяғыдан бері осының бағының жанбағанына тілектес боп сырттай көз сатып отырған талай қара жүректің құдайлары береді де қалады. Жұрт мұны талай қиында оқ өтіне шығарып, алға ұстағанын, ел басына күн туған қилы заманда екі рет ақ киізге мінгізіп төбелеріне көтергенін, атынан айналыпғ аруағына сиынғанын - бәрін – бәрін ұмытады. Күні кеше Қарақұмның қалың жықпалында, Ордабасының қара шоқысында күндей күркіреп қошамет айтқан жұрт енді ауызы – мұрындары қисаймай қарғыс атады. Сол кездегілеріндей бұл жолы да басын қатер мен қауіпке байлап, тек өзі үшін ғана емес, солар үшін де, өзінің абыройы, солардың игілігі үшін де нартәуекелге бел буғаны үшін лағнет естімек.Арғы – бергіде қазақтың талай ноқта ұстарының көкейін тескен, бірақ ешқайсысы соңына мықтап түсіп, іс қылып шығара алмаған шаруаға бас тіккені үшін сөз естіді. Ол қарғыстың қияпаты тек бұған ғана емес, айдаладағы кінәсіз сәбтге тимек. Бұның басындағы қырсықтан ешкімге ешқандай жазығы жоқ бейкүнә адамдар зардап шекпек. Бұның дүниедегі ең бір іші жылып еміренетін адамының талай өткенен соң қайта бой көтеріп келе жатқан жас терегін мына жарық жалғаннан қармап қалған жалғыз талын жасыл боп түсіп жайратып кетпек. Жоқ, жоқ... Беті аулақ... Үрім – бұтағыме қарғысқа ұшырап кетсе де, Тайланның жалғызын антқа ұстамайды. Мынау қорқау жұрт не істесе де, бұның өзімен болсын (

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет