Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


жеке қылмыстардың себептерін



Pdf көрінісі
бет3/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
жеке қылмыстардың себептерін
де зерттейді. Ал жеке қылмыс пен қылмыстылықтың 
айырмашылығын жоғарыда сөз еттік. Криминология мәселелерінен қалам тартқан авторлар осы екі компонентті 
екі бөліп қарастыруды жөн көреді. Демек, криминолгия пәнінің үшінші құрамдас бөлігі -
 жеке қылмыстардың 
себептері мен жағдайлары.
Бірақ бұл да қылмыстылық атты жағымсыз құбылыстың пайда болатын қайнар көзін толық ашпайды. 
Себеп өзі секіріп қылмыс жасамайды және мынау қылмыстылықтың себебі деп маңдайына басылған фактор 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2-бет 36 беттен 
болмайды, ол жәй қарапайым өмірде орын алып жүрген мән-жайлар, оларды қылмыстылық себебіне 
айналдыратын адамдардың өздері. Олар осы жағдайларды өз санасында қорыту, бағалау арқылы, өн бойынан 
сүзіп өткізгеннен кейін ғана олар себепке айналады, бірақ біреу үшін қылмыс жасауға жеткілікті себеп болып 
табылатын фактор екінші біреу үшін себеп емес, керісінше, жігерді қайраушы жағдай болуы мүмкін. Мысалға, 
жеңіл ойға бой алдыратын адам үшін жұмыссыздық атты фактор қылмыс жасау үшін жеткілікті себеп болса
келесі біреу оны ‘’құдайдың жіберген сынағы’’ деп бағалайды. Сондықтан, қылмыстылықтың пайда болатын 
бастауларын ашу кезінде себептер мен өзге де жағдайларды бағалайтын қылмыс жасаушы адамның да жеке 
қасиеттерін айқындап, зерттеудің де маңызы зор. Сонымен, криминологияның пәнін құрайтын келесі, төртінші 
компонент - 
қылмыскердің тұлғасы.
Осыған дейін криминология әжептәуір нәрселерді зерттеп тастаған сияқты, бірақ қылмыстылықтың пайда 
болуына әсер ететін тағы бір жай бар, ол - жәбірленушінің мінез-құлқы. Кейде жәбірленушілердің өздері қылмыс 
құрбаны болуға тікелей үлес қосады, не болмаса, тікелей оны ұғынбаса да жанама түрде себепкер болады. 
Айталық, толық таныс емес, кездейсоқ адамдарды үйге әкеліп спирттік ішімдік ішеді, не болмаса ұрыс-керіс 
үстінде ‘’Қане, ұршы мені, ұра алмайсың, еркек емессің’’ деген сияқты сөздермен қайрайды. Егер де болашақ 
жәбірленушілер өздері үлес қоспағанда, не себепкер болатын жайлардың алдын алып жүргенде әлде қалай болар 
еді. Сондықтан, криминология 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет