Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


-тақырып. Рецидивті қылмыстылық және оның криминологиялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет41/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
15-тақырып. Рецидивті қылмыстылық және оның криминологиялық сипаттамасы 
Түйінді сөздер: 
рецидив, қылмыстың қайталануы, рецидивті қылмыстылық.
Негізгі сұрақтар:
1.Рецидивті қылмыстылығының түсінігі 
2.Рецидивті қылмыстылығының алдын алу жүйесі 
3.Рецидивті қылмыстылығының детерминациясы
 
Дәріс тезистері:
Қазіргі дамуы кезеңіндегі мемлекеттің жалпы міндеттерінен туындайтын басқару міндеттері, егер басқару 
тәртібі сақталған, өкімет пен басқару органдарының қалыпты қызметі бұзылмаған жағдайларда ойдағыдай шеші-
леді. Басқару органдары халық шаруашылығының дамуына тікелей басшылық етеді, арнайы және мәдени құры-
лысты ұйымдастырады, оларға бағыт береді, мемлекеттің қауіпсіздігіне қорғау жөнінде заңдылықты
азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізеді.
Кез келген басқару тәртібін бұзушылық басқару міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіреді, сондықтан 
олардың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі де әр түрлі. Басқару тәртібін бұзушылық оның қоғамдық қауіптілігі 
жағынан алып қарағанда барлығы бірдей қылмыс деп қа-ралмайды.
Басқару тәртібіне қарсы қылмыс басқару тәртібін бұзудың аса қауіпті түрі деп саналады. Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-тарауы қылмыстық қол сұғушылықтан басқару тәртібін қорғауға 
бағытталған нормалардың бірқатар тобын көздейді.
Өздерінің мазмұнының әр түрлілігіне қарамастан бұл қылмыстардың бәрі бір белгі бойынша, яғни тектік 
объектісі бойынша бір тарауға біріктіріледі. Басқару тәртібіне Кәмелеттік - қоғамдық, кооперативтік және 
басқару жүйесіндегі басқа да органдардың қалыпты қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі 
енеді.
Басқару жүйесіндегі нақты қоғамдық қатынастар (өкімет органдарының қалыпты қызметі, Қазақстан Рес-
публикасының Кәмелеттік құрылысының белсенділігінен қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, лауазымды 
адамдарды қызметке тағайындау, сайлау саласындағы басқару тәртібі, құқықтық мәні бар фактілерді документ-
терді дәлелдейтін тәртіп - осы қылмыстар тобының тікелей объектілері болады). 
Осы топтың кейбір қылмыстық түрлерінің қосымша объектілері болып өкімет өкілдерінің ар-ожданы мен 
қадір-қасиеті, жеке адамның қауіпсіздігі, оның өмірі мен денсаулығы табылады. 
Объективтік жағынан басқару тәртібіне қарсы қылмыстар әр түрлі. Басым көпшілігі қылмыстық әрекеттер 
жасау түрінде білдіріледі, ал кейбіреулері әрекетсіздік түрінде жасалады (ҚК 326-бабы ”Әскери қызметтен жал-
тару”) қараңыз. 
Басқару тәртібіне қарсы қылмыс өзінің құрылысы бойынша - формальды, яғни, зардаптардың пайда бо-
луын талап етпейді. Олардың кейбіреуі зардаптың пайда болуына әкеп соқтыратын әрекеттерді қылмыстың дәре-
желеуші құрамы деп таниды. Мұндай құрамдар материалдық (құқық қорғау немесе бақылау органдарының лауа-
зымды адамына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (ҚК 322-бабының 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 36-бет 36 беттен 
2-бөлімі), Қазақстан Республикасының Кәмелеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту (ҚК 331-бабының 2-бөлі-
мі), өзінше билік ету (ҚК 327-бабының 3-бөлімі), жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін және 
демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу (ҚК 334-бабы 1 және 2-бөлімдері) ҚК 336-бабы 1-
бөлімі, ҚК 338-бабы 1-бөлімі) болып табылады.
Басқару тәртібіне қарсы қылмыс субъективтік жағынан қасақаналық ниетпен сипатталады. Қылмыстың 
жекелеген құрамы субъективтік жағынан қылмыстың себебі мен мақсатын болжайды (ҚК 318-бабы 3-бөлімі, ҚК 
316-бабы 3- бөлімі).
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстың көп бөлігінің субъектілері болып есі дұрыс, жасы 16-ға толған жеке 
тұлғалар табылады. ”Әскери қызметтен жалтару” сияқты (ҚК 326-бабы) қылмыс арнайы субъектіні болжайды.
Басқару тәртібіне қарсы тікелей объектілерге байланысты мына топтарға бөлуге болады: 
1) Қазақстан Республикасының беделіне қол сұғу (ҚК 317-бабы).
2) Кәмелеттік органдарды басқару қызметіне байланысты өкімет өкілдері мен өзге адамдардың қызметіне 
қол сұғу (ҚК 318-322, 328-б. б.).
3) Қазақстан Республикасының Кәмелеттік шекарасының дербестігіне қол сұғу (ҚК 330-331-б. б). 
4) Ресми құжаттардың және Кәмелеттік наградалардың айналымы тәртібіне қол сұғу (ҚК 323-325- б. б.). 
5) Басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерді бұзу (ҚК 326, 327, 334-338-б. б.). 
6) Басқару тәртібіне қол сұғудың арнайы түрлері (ҚК 329, 332, 333-б. б.). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет