Ақшаға сұраныс моделі.
1. k=const
2.
Ақшаға сұраныс моделдерінде ақшаның негізгі 2 функциясына назар аударылады.
1-ден жинақтау құралы
2-ден айналым құралы
Ақшаның жинақтау құралы ретінде функциясына ақшаға сұраныс портфелдік теориялары акцент қояды. Бұл теорияларға сәйкес, ақша активтер формасының бірі.
Бұл теориялардың негізгі тұжырымы бойынша, ақшаның басқа активтерге қарағанда тәуекелдік пен табыс факторлары жағынан белгілі ерекшелігі бар.
Мемлекеттік акция мен облигацияларға бағалар төмендегенімен, ақшанаң қорлану сенімді атаулы табыс әкеледі.
Сондықтан экономистердің ойынша, оптималды активтер қоржынын немесе портфелін құрастырғанда халық өтімділігі жоғары ақша құралдарына артықшылық береді.
Портфельдік теориясына сәйкес ақшада қажеттілік әртүрлі активтерінің салыстырмалы тартымдылығымен анықталады. Ол әрбір активтің тәуекелділік дәрежесіне, табыс деңгейіне және активтерінің жалпы саласына тәуелді.
Ақшаға сұраныстың портфельдік теориясының моделі келесідей:
мұндағы: L-өтімділік; rs-акциялар бойынша нақты болжалды табыс; rb-облигациялар бойынша нақты болжалды табыс; Пb-инфляцияның болжалды қарқыны; W-материалдық активтер.
Ақшаға сұраныстың трансакциондық моделі (теориясы)
Бұл теория ақшаның айналым құралы ретінде баса назар аударады.
Бұл теория бойынша ақша басқа активтерге қарағанда сатып алулар жасау үшін ғана жинақталады.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Егер M - ақша ұсынысы, P – бағалар деңгейі болса, онда M/P – ақшаның нақты қалдықтары деп аталады. Ақша ұсынысы M және бағалар деңгейі P тіркелген деп есептесек, онда ақшаның нақты қалдықтарының ұсынысы да пайыз мөлшерлемесінен тәуелсіз дейміз, яғни
Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс Ү шығарылым көлемінен тікелей, ал r пайыз мөлшерлемесінен кері тәуелді.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады:
Бұл ара қатынас і пайыз мөлшерлемесі мен Ү табыстың тепе-теңдік мәндерінің арасындағы байланысты ашады. Бұл тәуелділіктің Ү-і диаграммасындағы графигі LM қисығы деп аталады. LM қисығының геометриялық құру тәсілі 3.1 суретінде келтірілген.
і і
3.1 Сурет. LM қисығын құру
Достарыңызбен бөлісу: |