Жиынтық ұсыныс
Жиынтық ұсыныс фирмалар мен үй шаруашылықтарының таңдаған жиынтық өнім көлемінің экономикадағы қалыптасқан бағалар мен жалақы құрылымынан тәуелділігін көрсетеді
Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілдемесі шартында жалақы абсолютті икемді болып, еңбек нарығында тепе-теңдікті ұстап қалу үшін жылдам өзгереді. Бұның арқасында, бағалар деңгейі өзгергенде, еңбек ұсынысы өзгеріссіз қалады. Сондықтан классикалық жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы тігінен орналасқан сызық болады (5.1 сурет).
5.1 Сурет. Классикалық жағдайдағы жиынтық ұсыныс
Кейнстің тәсілдемесі бойынша жалақының белгілі қатаңдығы байқалады. Ол еңбек нарығындағы тепе-теңдікті лезде орнына қайтару үшін жылдам өзгере алмайды. Егер бағалар деңгейі төмендесе, онда нақты жалақы артады. Нәтижеде фирмалар еңбекке шығындарын азайта бастайды да, шығарылым көлемін қысқартады. Сондықтан кейнстің жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі болады (5.2 сурет).
5.2 Сурет. Кейнстің жағдайындағы жиынтық ұсыныс
Классикалық үлгі және жиынтық сұраныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданады. Кейнстің шектік жағдайындағы үлгі қысқа мерзімдік кезең деп те аталады, Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға баға икемсіз болады және олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Яғни жалақы абсалютті икемсіз, еңбек нарығындағы тепе – теңдікті ұстап қалу үшін баяу өзгереді немесе мүлде өзгермейді. Нәтижесінде баға деңгейі өзгермейді, ал еңбек ұсынысы өзгереді, яғни өндіретін өнім көлемі өзгеріп отырадц. Сондықтан кейнстің шектік жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы көлдеңен сызылған сызық болады.
Р
SRAS
Y
5.3 Сурет. Кейнстің шектік жағдайындағы жиынтық ұсыныс
5.4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарын бір диаграммада орналастырып AD-AS графиктік моделін шығарамыз. Сонымен қатар үш жағдай болуы мүмкін, олар жиынтық сұраныстың классикалық, кейнстің және кейнстің шектік тәсілдемелеріне сәйкес келеді.
5.4 Сурет. Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі
Әрбір жағдайда макроэкономикалық тепе-теңдік AD және AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл қиылысу нүктесі әрқашанда нарықтағы тепе – теңдік бағаны көрсетеді.
Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижеде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады (5.4 сурет).
5.5 Сурет. Кейнстің жағдайындағы жиынтық сұраныс моделі
Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижеде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады (5.5 сурет).
5.6 Сурет. Кейнстің шектік жағдайындағы AD-AS моделі
Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруісіз шығарылымның өзгеруін тудырады (5.6 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |