Єл-фараби атындаѓЫ



бет29/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
annotation119434

6.6. Нақты айырбас бағамы

Нақты айырбас бағамы- бұл екі елде өндірілетін тауардың салыстырмалы бағасы. Оны келесі формула арқылы есептеуге болады: E = e.(P/P*)


E- нақты айырбас бағамы
e- атаулы айрбас бағамы
(P/P*)- екі елдің бағалар қатынасы
Егер нақты айырбас бағамы жоғары болса, шетел тауарлары арзан болады да, отандық тауарлар қымбат болады, және керісінше.
Нақты айырбас бағамы және таза экспорт.
Нақты айырбас бағамы және таза экспорт арасындағы қатынасты келесідей жазуға болады. NX=NX(E) (6.5- сурет)
Нақты айырбас бағамын анықтайтын екі фактор бар. Олар:

  • Нақты айырбас бағамының ағымдағы операциялар шотымен байланысы

  • Ағымдағы операциялар шоты капитал қозғалыс шотымен теңестіріледі, яғни ағымдағы операциялар шотының сальдосы жинақтар мен инвестициялардың арасындағы айырмаға тең.


Нақты айырбас бағамына әсер ететін саясаттар
Мемлекет ішіндегі бюджет-салық саясаты
Егер мемлекет шығындарын көбейтсе немесе салықтарды азайтса, онда жинақ азаяды, яғни төмендейді де, ағымдағы операциялар шотының дефициті пайда болады.(6.6.-сурет)

Шетелдегі бюджет-салық саясаты
Егер шет елдері мемлекет шығындарын көбейтсе немесе салықтарды азайтса, онда әлемдік жинақтардың азаюы басталады. Бұл әлемдік пайызды жоғарлатады. Ал бұл өз кезегінде ағымдағы операциялар шотының оң сальдосын қалыптастырады.(6.7.-сурет)
Инвесициялық сұраныстың өзгеруі
Егер инвестициялық сұраныстың көбеюі байқалса, онда инвестиция артады. Ал бұл ағымдағы операциялар шотын кемітеді де, дефицитті туғызады. (6.6.- сурет)
Сыртқы сауда саясатының әсері
Егер мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетел бәсекелестерінен қорғау мақсатында протекционисткі саясатты қолданған жағдайда не болатындығын көрейік.
Егер мемлекет импортқа шек қойса, таза экспорт өсу керек, 6.8.-суретте көрсетілгендей. Нақты айырбас бағамының жаңа тепе-теңдігі қалыптасады. Нақты айырбас бағамы жоғарлайды, ал таза экспорт көлемі өзгермейді.

Протекционестік саясат ағымдағы операциялар шотына әсер етпейді, қайта нақты айырбас бағамын жоғарлатады.
Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (СҚТ) негізінде бірыңғай баға заңы жатады, ол бойынша кез келген тауар жалпыға бірдей нарықта бірыңғай баға бойынша сатылады. Егер тауар ішкі нарықта Р бағасымен сатылса, ал сыртқы нарықта – Р* бағасы бойынша, онда келесі теңдік орындалуы тиіс
P = E .P*.

Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін бұзбау дегеніміз, Р – ел ішіндегі, ал Р* - шетелдегі бағалар деңгейі деп есептегенде, бұл теңдіктің тауарлар қоржынына таралуын білдіреді. Шынында сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі сақталмайды, себебі экспортқа шығарылмайтын тауарлар мен қызметтер, көлік шығындары бар, және әрбір елде әр түрлі игіліктер қоржыны бар. Бірақ кейде теориялық талдау жасағанда СҚТ түсінігі орынды болып табылады.


Шетелдік валюталардың көптігі практикада нақты тиімді айырбас бағамын пайдалануына себеп болды, ол серіктес-елдердің өлшемдерін ескереді.


I Негізгі түсініктер




  1. Айырбас бағамы

  2. Атаулы айырбас бағамы

  3. Нақты айырбас бағамы

  4. Әлемде айырбас бағамының негізгі тәртіптері

  5. Ұлттық валютаның девальвациясы

  6. Ұлттық валютаның ревальвациясы

  7. Тіркелген айырбас бағамы

  8. Құбылмалы айырбас бағамы

  9. Еік елдің бағалар қатынасы

  10. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігінің

  11. Төлем балансының негізгі шоттары

  12. Шағын ашық экономика

  13. Капиталдың толық мобилділігі

  14. Өндіріс факторлары

  15. Төлем балансының капитал қозғалысы шоты

  16. Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты

  17. Капитал қозғалыс шотының дефициті

  18. Ағымдағы операциялар шотының дефициті

  19. Капитал қозғалыс шотының сальдосы

  20. Ағымдағы операциялар шотының сальдосы

  21. Халықаралық қаржы нарығы

  22. Протекционизм саясаты

  23. Бюджет-салық саясаты

  24. экспорт

  25. импорт

  26. таза экспорт

  27. Әлемдік пайыз мөлшері

  28. Әлемдік инвестиция мөлшері

  29. Әлемдік жинақтар мөлшері

  30. Инвестицияға сұраныстың өзгеруі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет