Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет113/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   255
Түйінді  сөздер:  транскаспий  халықаралық  көлік  тасымалы,  инфрақұрылым, 

Ақтау порт, мультимодальды. 

 

Қазақстанның  транзиттік  ел  ретіндегі  әлеуетіне  талдау  жасап  қарасақ,  алдағы 



кедергілерді  жойып, Каспий  және  Қара  теңіз аймағы  елдеріндегі  тиімді  логистикалық 

қызмет сапасын көтеру жайын талқылады. Алдағы уақытта жаңа бәсекелестікке төтеп 

бере алатын көліктік бағдарлар жасақтау жөніндегі іс тәжірибелерімен, ақпараттармен 

алмасты.  Ақтау  қаласында    Қазақстанның  «Kazlogistics»  көлік  одағының 

ұйымдастыруымен Каспий және Қара теңіз өңіріндегі елдердің өкілдерінің қатысуымен 

«Қазақстанның транзиттік әлеуеті. Ірі жобаларға тоқталсақ  оның ішінде Қазақстанның 

«Батыс  қақпасы»  атанған  Каспий  логистикалық  инфрақұрылымын  дамыту  жайымен, 

Транскаспий  халықаралық  көлік  тасымалы  (ТКХКТ)  бағдарындағы  Ақтау  портының 

солтүстік жағалауын кеңейту мен Құрық паром кешені құрылысы барысына тоқталды. 

Транскаспий  халықаралық  көлік  тасымалын  дамытуда  инфрақұрылымдық 

жобаларын белсенді жүзеге асыруда. Келесі жылы Карс (Түркия) – Ахалкалаки (Грузия) 

темір жолының жоспарлануда. Ол жоба біздің көлік дәлізіміздің дамуына серпін береді. 

ТКХКТинфрақұрылымын жасақтай отырып, біз бағдарды дамытудағы өз шешімдеріміз 

бен тапсырмаларымызды үйлестіруіміз керек. Сөйтіп, оның тартымдылығын және оның 

теңіз  және  құрғақпен  жүретін  баламалы  жолдардан  бәсекелестікке  төтеп  бере  алатын 

сапалы деңгейін көтеруге тиіспіз. 

Қазақстанның мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыра 

отырып, көліктік-логистикалық саладағы әлеуетін барынша көтеру көзделеді. Ол арқылы 

еліміздің  бәсекелестікке  сәйкестігі  жоғарылап,  инвестициялық  тартымдылығы 

көтеріледі.  Бұл  мәселе  өз  кезегінде  Қазақстанның  ғана  емес,  Каспий  мен  Қара  теңіз 

аймағындағы елдердің экономикалық дамуына ықпал етеді. 

 «Еуразиялық 

ықпалдастық 

аясындағы» 

«Еуразиялық 

трансқұрлықтық 

халықаралық көлік бағдарын дамыту. «Нұрлы жол» бағдарламасын және «Жібек жолы-

экономикалық  белдеуі»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  отырыстары  өткізілді.  Шараға 

қатысушылар  Каспий  мен  Қара  теңіз  мультимодальдық  көлік  бағдарларын  дамыту 

тиімділігі, қайта жаңғырту кезіндегі жұмысты ұйымдастыру, Ақтау порты арқылы жүк 

тасымалдау мәселелерін қарастырды. 



240 

 

 ҚР  1ші Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру 



аясында жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның басым 

бағыттары жайлы айтылған. Ол Маңғыстау облысының атқарар рөлі ерекше екендігін 

көрсетеді. 

Ақтауда  халықаралық  көліктік-логистикалық  форум  да    басты  мақсат  —  теңіз 

порты 

жүк 


айналымын 

арттыру, 

Маңғыстау 

облысының 

инвестициялық 

тартымдылығын  көрсету.  Маңғыстаудағы  көзделген  логистика  саласында  жобаларды 

іске  асыру  Қазақстанның  Каспийдегі  логистикалық  торабының  қуатын  2018  жылдың 

аяғына дейін 25 миллион тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. 

Іс-шара  кезінде  көліктік-логистикалық  әлеуетті  арттыру,  Каспий  транзиттік 

дәлізіндегі бірыңғай тариф және өзара тиімді ынтымақтастық жайы сөз болды. Мәселені 

талқылауға  халықаралық  теңіз  жобаларының  ірі  инвесторлары  —  теңіз  логистикасы 

белсенді  дамыған  елдер:  Ресей,  Әзірбайжан,  Түркия,  Қытай,  Грузия,  Америка, 

Ұлыбритания,  Италия  порттарының  өкілдері,  сондай-ақ,  мемлекеттік  органдардың, 

жергілікті ірі мұнай компаниясының жетекшілері қатысты. [1] 

 Каспий теңізі адамзат тарихында орасан маңызға ие мекен. Бұл жерде дүниедегі 

табиғи  қазба  байлықтың  көп  мөлшері  шоғырланған.  Әрі  Каспий  теңізі  геосаяси 

түйткілдердің түйіскен жерінде тұр. Өңір арқылы  стратегиялық көлік жолдары өтеді. 

Каспий теңізі біздің елдер ғана емес, Еуропа мен Азияны жалғайтын көпір екені 

баршаға  аян.  Каспий  бестігіне  мүше  мемлекеттерде  240  млн.  Халық  тұрады.  Аталған 

елдер  қарыштап  дамып  келеді.  Әр  мемлекеттің  өз  мүддесі  бар.  Ширек  ғасыр  бұрын 

Каспий  келіссөздері  басталған  кезде  біздің  елдер  келіседі  дегенге  көп  адам  күмәнмен 

қарады.  Ұзақ  уақытқа  созылған  келіссөздердің  нәтижесінде  Ақтауда  ортақ  шешімге 

келіп отырмыз- деді.   

Каспий төңірегіндегі экономикалық, экологиялық, көлік-логистика және теңіздегі 

қауіпсіздік мәселелері қатысты 6 бірдей құжат бекіді. Жалпы, қарт Каспийдің қойнауы 

қазба байлықтан кенде емес. «Қара алтынын» айтпағанда, қара маржан уылдырық пен 

бекіренің  өзі  –  баға  жетпес  қазына.  Теңіздің  қайраңынан  қаншама  елдің  табыс  тауып 

отырғаны  қазір  баршаға  аян.  Ақтауда  бекітілетін  құжатқа  сай,  әр  елдің  Каспий  теңізі 

акваториндегі  шекаралары  шегенделді.  Каспий  теңізінің  байлығын  бөлісуге  қатысты 

келіссөздер сонау 1994 жылдан бері жалғасып келді. [2] 

Соңғы  10  жылда  транпорт  саласын  дамытуға  шамамен  30  млрд.АҚШ  доллары 

жұмсалды, 2 мың км астам темір жол төселді, 19,5 мың км автомобиль жолдары қайта 

жаңартылды, Каспийге порттық қуаттар 26 млн.тоннаға дейін ұлғайтылды, 15 әуежайда 

(ҰҚЖ) қайта жаңарту жүргізілді. Ел аумағы бойынша 11 халықаралық көлік дәліздері 

өтеді,  оның  ішінде  5  темір  жол  және  6  автомобиль  жолдары.  ҚР  аумағында  5 

халықаралық көлік дәлізі өтеді: 

- Трансазиялық темір жол магистралінің Солтүстік және Оңтүстік дәліздері. 

- Солтүстік: Батыс Еуропа-Қытай,Корея, Жапония Ресей және Қазақстан арқылы 

(Достық-Астана-Петропавл учаскесі). 

-Оңтүстік: 

Оңтүстік-Шығыс 

Еуропа 


– 

Қытай-Оңтүстік-Шығыс 

Азия 

Түркия,Иран, ОА елдері және Қазақстан арқылы (Достық-Сарыағаш учаскесі). 



-  Ортаазиялық  дәліз.  Орталық  Азия-Ресей  және  ЕО  елдері  (ҚР  бойынша  учаске 

Сарыағаш –Арыс –Қандығаш –Озинки ).  

Көп  жылдық  үздіксіз  келіссөздердің  нәтижесінде  биыл  Каспий  теңізінің 

құқықтық  мәртебесі  туралы  конвенцияға  қол  қойылды.  Ақтау  порттары  Транскаспий 

халықаралық  көлік  бағдарының  маңызды  кешені  әрі  Еуразияның  логистикалық 

картасындағы жаңа нүкте болып табылады. Портта 4 миллион тонна жүк тиеліп, Еуропа 

елдеріне  тасымалданбақшы.  Сонымен  бірге,  дәл  осы  Ақтау  қаласы  –  бірнеше 



241 

 

халықаралық көлік дәліздерінің тоғысында орналасқан, «Ұлы Жібек жолы» бойындағы 



маңызды  қала  болып  қала  бермек.  Қазіргі  таңда  жоба  шеңберінде  Транскаспий 

халықаралық көлік бағдарын дамыту көзделіп отыр. Ол – Қазақстан, Қытай, Оңтүстік-

Шығыс және Орталық Азия елдері, Шығыс Еуропа арасындағы жүк тасымалы мәселесін 

жандандыруға  жол  ашпақ.  Мұндай   маңызды  жоба  Астана  халықаралық  қаржы 

орталығына  да  жаңа  мүмкіндіктер  береді.  Себебі,  орталық  басшысы  Қайрат 

Келімбетовтің өзі «Бір жол, бір белдеу» жобасының Қазақстан және оның экономикалық 

әлеуеті үшін қаншалықты маңызды екенін атап көрсеткен еді: «Қазақстан қазіргі таңда 

«Жібек жолы» бастамасын жүзеге асыру барысында маңызды рөлге ие.  

Каспий өңіріндегі 2018-2020 жылдарға арналған логистикалық инфрақұрылымды 

дамыту жоспары туралы айтылды. 2017 жылы Қазақстанның Каспий мультимодальдық 

тізбегі 5,5 миллион тонна жүк өңдеді. Оның ішінде құрғақ және паромдық жүктер жалпы 

жүктердің 80% дейін жеткізілді.  

«Ақтау  теңіз  порты»  АЭА  2002  жылы  экспортқа  бағытталған  жоғары 

технологиялық  өндіріске  инвестиция  тарту  мақсатында  құрылған  болатын.  Мұнда  27 

қатысушы  тіркелген.  Италия,  Түркия,  Германия,  Қытай,  Англия,  Әзербайжан 

инвесторлары  қызмет  етеді.  Қазірдің  өзінде  18  инвестициялық  жобалар  жүзеге 

асырылып,  1300  жұмыс  орны  ашылды.  260,4  миллиард  теңгенің  өнімі  өндіріліп, 

бюджетке 23,6 млрд. теңге түсім түсті. [3] 

Инфрақұрылымды  дамытумен  қатар,  Ақтау  портында  (2016ж.)  енгізілді. 

"бірыңғай терезе" қағидаты бойынша құжаттарды ресімдеудің жаңа жүйесі, бұл жүктерді 

өңдеу процесін 10-12 сағаттан орта есеппен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 

Транзиттік  жүктерді  тиеп-жөнелтуді  қамтамасыз  ету  және  Каспийге 

Транскаспийлік мультимодальдық тасымалдарды дамыту мақсатында Құрық портында 

паром кешенін күзету жөніндегі жоба іске асырылды. Жүк автокөлігіне қызмет көрсету 

үшін 2018 жылдың тамыз айында паром терминалы іске қосылды. 

Транзиттік  жүктерді  тиеп-жөнелтуді  қамтамасыз  ету  және  Каспийге 

Транскаспийлік мультимодальдық тасымалдарды дамыту мақсатында Құрық портында 

паром кешенін күзету жөніндегі жоба іске асырылды. Жүк автокөлігіне қызмет көрсету 

үшін 2018 жылдың тамыз айында паром терминалы іске қосылды . 

Бүгінгі  таңда  Қытаймен  шекарада  кедергісіз  сауданы  дамыту  мақсатында 

"Қорғас-Шығыс  қақпасы"  АЭА  құру  толығымен  аяқталды.  АЭА  инфрақұрылымына 

индустриялық  және  логистикалық  аймақтармен  қатар  елдің  шығысында  жүктерді 

шоғырландыру және дистрибуциялау үшін 2015 жылы іске қосылған құрғақ порт кіреді. 

Бұл  экономикалық,  құқықтық,  экологиялық  сияқты  мәселелерде  ортақ  шешім 

шығаруға  шақыру  болатын.  Бұл  теңіздің  биоресурстарын  қорғап,  жағалау  күзетін 

нықтауда өзара тәжірибе болмақ.[4] 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Касенов  У.  Каспийское  море:  правовой  статус,  нефть  и  международная 

безопасность //Деловая неделя. – 2017. 

2.ttps://qazdauiri.kz 

3.ttps://qazaqstan.tv/news 

4.ttp://www.traceca-org.org/kz 

 

 



242 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет