Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет145/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   255
Түйінді сөздер: экономика, кәсіпкерлік, инвестиция, бизнес, туризм. 

 

Бүгінгі таңда, елімізде экономикасы өркендеп, халқының әл-ауқаты артып келе 



жатқан облыстың бірі – Маңғыстау өңірі болып табылады. 

Қазақстан  Республикасы  Президенті  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  өз  сөзінде 

Қазақстанды  экономикалық  және  рухани-мәдени  тұрғыдан  дамытуда  Маңғыстау 

өңірінің  рөлі  зор  екенін  атап  өтті.  «30  жылда  бұл  өлкеге  7  триллион  теңгеден  астам 

инвестиция тартылды. Аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі  2 есеге, яғни 3,5%-тен 

8%-ке  дейін  артты.  Облыс  өңірлік  жалпы  өнім  деңгейі  бойынша  алдыңғы  қатардағы 

бестікке кіреді. Еліміздің тораптық көлік-логистика орталығы осында орналасқан. Ақтау 

және Құрық айлақтары – Қазақстанның теңізге шығатын қақпасы. Тәуелсіздік кезеңінде 

облыста  11,3  миллион  шаршы  метр  тұрғын  үй  пайдалануға  берілді.  78  мектеп,  334 

балабақша салынды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев [1]. 

2020  жылы  Маңғыстау  облысы    бойынша  өңдеу  өнеркәсібі  –  101,3%  құрады, 

инвестиция – 100,1% құрады, ауыл шаруашылығы – 100,8%, құрылыс– 113,5%, тұрғын 

үйді іске қосу – 100,9% құрады, яғни 969,5 мың шаршы метр тапсырылды. 

Өңдеу өнеркәсібін дамыту саласындағы өндіріс көлемі 1,3%-ға артып, 142,9 млрд. 

теңгені  құрады.  Мысалы,  фармацевтикалық  өнімдерді  өндіру  –  37%,  минералды 

өнімдерді  өндіру  –  14,8%  өсті.  Биыл  23  млрд  теңге  болатын  8  жаңа  жобаны  іске 

қосылады.  Нәтижесінде  жаңадан  370-тен  астам  жұмыс  орны  құрылады.  Кәсіпкерлік 

саласының өңір экономикасындағы үлесі – 31,8% құрады.  

Облыстағы шағын және орта бизнестің 756 жобасына мемлекет тарапынан қолдау 

көрсетілді.  «Бизнестің  жол  картасы»  бағдарламасы  аясында  312  жобаға  51,8  млрд. 

теңгеге қолдау көрсетілді. 1300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, 3070 жұмыс орны 

сақталды. Өткен жылдың осы аралықтағы көрсеткішімен салыстырғанда, мемлекеттен 

қолдау алған жобалар саны 1,7 есеге артты [2]. 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1,6 млрд.теңгеге 317 шағын несие 

беріліп,  399  жұмыс  орны  құрылды.  Қарапайым  заттар  экономикасы  аясында 

жеңілдетілген  несие  алуға  құны  71  млрд.  теңгенің  101  жобасы  мақұлданды.  Әлемдік 

індеттің өршуіне байланысты кәсібі тұралап қалған өңірдің 17 мыңға жуық шағын және 

микробизнес субъектілері  салық төлеуден босатылып, жеңілдіктер берілді.  Сондай-ақ, 

404 кәсіпкерге жалпы сомасы 14,8 млрд. теңгеге негізгі қарыздары мен сыйақы төлемін 

өтеу кейінге қалдырылды. Бұдан бөлек,  бар-жоғы 1 процентпен несие беретін өңірлік 

«Нұр  капитал»  жобасы  бірнеше  жылдан  бері  жемісін  беріп  келеді.  Биыл  548,7  млн. 



302 

 

теңгені  құрайтын  26  жоба  қаржыландырылып,  128  жаңа  жұмыс  орны  құрылды. 



Бағдарлама басталғаннан бері 2,9 млрд. теңгеге 149 жоба мақұлданып, 1 126 жаңа жұмыс 

орны  ашылды.  Сонымен  қатар  Түпқараған  ауданында  жылына  5  мың  тонна  құс  етін 

өндіретін ірі фабрика іске қосылды. Жобаның жалпы құны - 5 млрд. теңге, 100-ге жуық 

адамды жұмыспен қамтиды [3]. 

Қазақстанда  инвестиция  тарту  бойынша  көш  басында  тұрған  өңірлердің  бірі  – 

Маңғыстау облысы болып табылады. Соңғы төрт жылда бұл аймақта инвестиция көлемі 

37%-ға өскен. 2020 жылы 14 инвестициялық жобаны іске қосу жұмыстары жүргізілген. 

14  жобаның  құны  99  млрд.  теңгені  құрады.  Бұл  жобалар  1056  адамды  жұмыспен 

қамтамасыз ете алды. Сонымен қатар Маңғыстау еліміздегі туризмді дамытуға қолайлы 

аймақтардың үздік ондығына кіреді. 

Инвестициялық жобалардың ішінде отандық капиталдың қатысуымен 27,4 млрд. 

теңгенің 10 жобасы, шетелдік инвесторлардың қолдауымен 70,5 млрд. теңгеге 3 жоба, 

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігімен 1,9 млрд. теңгенің 1 жобасы бар [2]. 

Маңғыстау өңірінде өзекті мәселелер ауыз сумен байланысты. Облыстағы 12 елді 

мекенде,  яғни  ауылдардың  20  пайызында  ауызсу  жоқ.  Биыл  4  ауылға  ғана  су  жеткізу 

жоспарланған.  Жаз  мезгілінде  30  мың  текше  метрге  дейін  су  тапшылығы  сезіледі. 

Әсіресе, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы, Ақтау қаласы және оған жақын орналасқан 

елді мекендер зардап шегеді. Қазіргі таңда, бұл мәселенің қалай шешім тауып жатқанын 

айтты. Мұнайлы ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қосымша жобалар әзірленуде. 

Жергілікті  аудандарда  1  мың  текше  метрлік  су  тұщыту  қондырғысын  іске  қосу 

жоспарлануда. 

Маңғыстау  облысындағы  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  мен  оны  дамыту 

басымдылықтары жылдан-жылға дамып көркейіп келеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет