Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет155/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   255
Түйінді  сөздер:  қаржы,  кәсіпкерлік,  рентабельділік  көрсеткіштері,  факторлық 

талдау. 


 

Қаржы  тұрақтылығының  ішкі,  маңызды  факторларының  бірі  -  бұл  қаржы 

ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының 

дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы 

қаншалықты  көп  болса,  соншалықты  ол  өзін  жайлы  сезіне  алады.  Әрине,  Қазақстан 

экономикасының  әлемдік  шаруашылық  қатынастарына,  интеграциялық  үрдістерге 

кірігуі  отандық  кәсіпорындардан,  әсіресе  өндірістік  кәсіпорындардан,  қаржылық 

тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қажет етеді. Егер әрбір кәсіпорын экономикаға үлкен 

қаржылық  нәтижелер  әкелсе,  онда  қызмет  салаларының  және  мемлекеттің 

макроэкономикалық  көрсеткіштері  жоғарлайды.  Сондықтан  қазіргі  кезде  әрбір 

шаруашылық  субъектісінің  қаржылық  тұрақтылық  мәселесіне  көп  көңіл  бөлінеді. 

Жоғары даму барысындағы бәсекелестік жағдайында кәсіпорын тұрақтылығын бағалау 

бәсеке  қабілеттіліктің  қосымша  факторы  болып  табылады  және  кез-келген  саладағы 

қаржылық  тұрақты  кәсіпорындар  санының  өсуі  экономиканың  дамуы  мен  бюджетке 

төленетін тұрақты түсімдердің негізі болып табылады.  

Біз  кәсіпкерлік  ортаның  бастамаларын  іске  асыру  үшін  қолайлы  жағдай 

туғызуымыз  керек»  деген  осы  орайда  бұл  мәселені  шешу  үшін,  мемлекет 

экономикасының  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  нарықтық  экономикадағы  әрбір 

кәсіпорынның  өміршеңдігін  сақтап  қалу,  оның  дамуы,  тек  ұлттық  шекарада  емес, 

халықаралық  деңгейде  қызмет  етуі  үшін  алғышарттардың  бірі  болып  оның 

экономикалық  потенциалын,  яғни  қаржылық  тұрақтылық  деңгейін,  оның  мәселелі 

аймақтарын  анықтау  және  олардан  арылу  немесе  қайсібір  тәуекелділігін  төмендету 

жолдарын  іздестіру  маңызды  болып  табылады.  Кәсіпорын  қаржылық  жағдайының 

тұрақтылығын  талдау  экономикалық  ахуал  болған  кезде  ғана  емес,  сонымен  қатар 

оларды  алдын-ала  болжау,  қашқақтау,  ұзақ  мерзімді,  материалдық  емес,  ағымдық 

активтерді, меншікті және қарыз капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. 

Нарықтық  қатынастар  жағдайында  шаруашылық  субъектісінің  шаруашылық, 

инвестициялық және басқа да кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың 

нақты  құнын  сақтау  мен  көбейту,  экономикалық  потенциалдың  тиімді  қолданылуын 

жоғарлату болып табылатыны белгілі. 




323 

 

Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығы  материалдық,  еңбек,  қаржылық 



ресурстарды  тиімді  басқару  арқылы  кәсіпорынның  ағымдық  және  ұзақ  мерзімді 

төлемқабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  және  меншік  иелерінің  инвестициялық 

күтілімдерін қанағаттарндыруға мүмкіндік беретін тұрақты ақша-қаражат  ағымдарына 

қол жеткізетін табыстардың шығыстардан жоғарлауы орын алатын кәсіпорын қаржылық 

жағдайын сипаттайды.  

Осы  қаржылық  тұрақтылық  жалпы  тұрақтылықтың  негізгі  компоненті  болып 

табылады.  Ол  өндіріс  пен  өнімді  өткізу  үрдісінің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету  үшін 

кәсіпорынның  қаржылық  ресурстарды  тиімді  қолдану  қабілетін  сипаттайды,  яғни 

қаржылық  тұрақтылық  қаржылық  ресурстарының  бөліну  күйімен  және  оларды 

шығыстарға  қатысты  қолдану  тиімділігімен  бейнеленеді.  Өзін-өзі  қаржыландыр-

нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпорындардың  шаруашылық  қызметінің  табысты 

болуының  міндетті  шарты.  Бұл  қағидат  өнім  өндіру  мен  кәсіпорынның  өндірістік-

техникалық  базасын  ұлғайту  жөніндегі  шығындардың  толық  өтелуіне  негізделеді,  ол 

әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен 

жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған 

деген  қажеттілік  банктің  қысқа  мерзімді  несиелері  мен  коммерциялық  несие  есебінен 

(ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен (күрделі 

жұмсалымға  пайдаланылады)  қамтамасыз  етілуі  мүмкін,  олар  кәсіпорынның 

қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.  

Кәсіпорын  қаржылық  тұрақтылығы  ағымдық,  потенциалды,  формальді  және 

нақты  болып  төрт  түрге  ажыратылады.  Сонымен  қаржылық  тұрақтылық  кәсіпорын 

жағдайының тұрақтылық дәрежесіне байланысты абсолютті тұрақты, қалыпты, тұрақсыз 

және  дағдарыстық  жағдайлар  болып  бөлінеді.  Өзгергіш  нарықтық  экономика 

жағдайында  кәсіпорынның  қауіпсіздігі  үшін оның  қызметіне  қандай  факторлар  әсерін 

тигізетінін білу маңызды болып табылады. Негізінен кәсіпорын қаржылық жағдайына 

әсер ететін факторлар саны мен түрлері орасан, бірақ олардың ішінді пайда болу орны 

бойынша  сыныпталатын  сыртқы  және  ішкі  факторлар  ерекше  орынды  иеленеді.  Осы 

факторлардың  әсер  ету  дәрежесін  анықтау  кәсіпорын  табыстылық  қызметін 

ынталандырады.  Бірақ  ол  кәсіпорын  қаржылық  қызметін  талдау  аспектісіз  жүзеге 

аспайды.  Берілген  дипломдық  жұмыста  әртүрлі  авторлар  бойынша  қаржылық 

тұрақтылықты анықтау амалдары қарастырылады.  

Кәсіпорын  қаржылық  тұрақтылығын  сипаттайтын  қаржылық  көрсеткіштерді 

зерттеу  кәсіпорын  қаржылық  жағдайын  талдайтын  негізгі  мақсаттардың  бірі  болып 

табылатыны  анықталды.  Нарықтық  экономика  оның  үлгілерінің  әртүрлілігі  кезінде 

мемлекет реттеумен толықтырылатын әлеуметтік бағыттағы шаруашылықты білдіреді. 

Нарықтық  қатынастардың  3975  өзіндік  жүйесінде,  сондай-ақ  оларды  мемлекет 

тарапынан  реттеу  механизмінде  де  қаржы  басты  рөл  атқарады.  Олар  нарықтық 

қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады, және мемлекеттік саясаттың жүзеге 

асырылуының  маңызды  құралы  болып  табылады.  Міне,  сондықтанда  қаржылық 

менеджердің  жұмысының  маңыздылығы  артып  отыр.  Қазақстанның  экономикасының 

көтерлуі, бұған кең ауқымды теориялық білімдері бар жоғары білікті кадрлардың және 

оларға  инвесторлардың,  акционерлердің,  несие  берушілердің,  өзге  де  қаржылық 

қатынастар қатысушылардың мүдделердің объективті қорғауды жүзеге асыратын жақсы 

тәжірбиелік  мектептің  қатысуынсыз  мүмкін  емес.  Қаржылық  менеджменттегі 

болжамдау  -  объектінің  қаржылық  жағдайының  өзгеруін  жасау.  Болжау  жоспарлауға 

қарағанда  жасаған  болжаудың  тәжірибеде  жүзеге  асырудың  тікелей  көздемейді.  Бұл 

болжамдар белгілі бір өзгерістердің көзделуін байқатады.  



324 

 

Жобалаудың ерекшелігі болып қаржылық көрсеткіш-тердің құрылымы табылады. 



Жобалау өткенінің болашаққа ауысуы неғізінде жүзеге асырылады. Олардың алдын ала 

көруі  негізінде  басқару  қаржылық  менеджердің  белгілі  бір  рыноктың  механизмінің 

сезімталдылығымен  интуициясын,  сондай-ақ  икемді  экстренді  шешім  қабылдауын 

қалыптастыру талап етіледі. 

Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігі көп жағдайда пайдаланылатын 

ақпараттық  болады  және  анықталады.  Кәсіпорындағы  қаржылық  менеджменттің 

ақпараттық базасының қалыптасуы стратегиялық шешімдерді қабылдауға және қаржы 

қызметін  ағымдық  тиімді  басқаруға  бағытталған  сәйкесті  ақпараттық  көрсеткіштерді 

мақсатты  бағытты  таңдау  процесін  білдіреді.  Нақты  кәсіпорын  үшін,  қаржылық 

менеджменттің  ақпараттық  көрсеткіштерінің  қалыптасу  жүйесі  оның  салалық 

ерекшеліктерімен, үйымдастырушылық-құқықтық нысанымен, шаруашылық қызметінің 

көлемімен  және  диверсификациялану  деңгейімен,  басқада  жағдайлармен  байланысты. 

Сондықтанда  қаржылық  менеджменттің  ақпараттық  базасын  құрайтын  барлық 

көрсеткіштердің жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін 

және  нақты  кәсіпорынның  тәжірибелік  қызметінде  әрбір  топ  бойынша  қолданылуын 

процедуралық  дэйектеуді  талап  етеді.  Бағалық  және  басқа  да  қаржылық  шешімдер 

қабылдау  үшін  кәсіпорынға  ең  бірінші  кезекте  оның  өніміне  деген  сұраныс  туралы 

ақпараттар қажет.  

Мұндай  ақпараттарға  қол  жеткізуге,  олардың  кәсіпорын  үшін  тиімділігін 

анықтауға  маркетингтік  шараларға  шығындар  жұмсау  арқылы  көз  жеткізуге  болады. 

Маркетингтік  зерттеулер  нәтижесінде  алынған  ақпараттар  қосымша  тауар  өндірудің 

және  сатудың  түрлі  нұсқаларын  қалыптастырып,  салыстырып,  қажетті  қаржылық, 

дәлірек  айтқанда  инвестициялық,  шешімдер  қабылдауға  қолайлы  жағдайлар  жасайды. 

Кәсіпорынның  активтерді  тиімді  пайдалану  көрсеткіші  ретінде  рентабельділік 

көрсеткіші алынады.  

Рентабельділік  көрсеткіштерін  факторлық  талдау  әдістемесі  көрсеткішті 

есептеудің  бастапқы  формуласын  өндіріс  белсенділігі  мен  шаруашылық  қызмет 

тиімділігін  жоғарылатудың  сапалы  және  сандық  сипаттамасын  бөлуді  қарастырады. 

Қаржылық стратегия жасау қадамдары келесі кезеңдерден құралады: дайындық кезеңі; 

қаржылық  жоспарлаудың  мақсаттарын  анықтау  және  қалыптастыру;  жоспарланатын 

кезеңге  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  жетілдірудің  негізгі  критеиін  таңдау; 

қаржылық  стратегияны  құруға  қатысты  ұсыныстарды  жасау,  сандық  және  сапалы 

бағалау және таңдау; кәсіпорынның болжамды қаржылық есептемесін құру; таңдалған 

ұсыныс-тарды  есепке  ала  отырып,  кәсіпорынның  болжамды  жағдайын  қаржылық 

талдау; жоспарланатын кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі 

критерийлеріне  жетуді  бағалау;  кәсіпорынның  жоғары  басшылығымен  қаржылық 

стратегиясының бекітілуі.  

Қорыта айтқанда, кәсіпорын қандай да бір нарықта немесе салада болмасын, оның 

өміршеңдігін,  бәсекелестік  қабілетіе  тек  өзінің  қаржылық  жағдайын  бағалап  қана 

қоюмен  шектелмейді.  Аталған  салады  немесе  нарықта  осы  тектес  тауар  өндіруші 

кәсіпорындар  қызмет  етуде,  тұтынушылардың  көңілін  жаулап  алуға  тырысуда  екенін 

қаржы менеджерлері әсте естен шығармаса керек. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың 

қатынасы  (нарық  3976  конъюнктурасы),  тұтынушылардың  талғамы,  кәсіпорынның 

өндірістік  қуаты  –  міне  осы  аталған  көрсеткіштердің  тиімді  қатынасын  қалыптастыра 

білу кәсіпорынның бәсекелстік қабілетінің нақты жағдайын анықтап береді.  

 

 




325 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.Назарбаев  Н.Ә.  Президентіміздің  Қазақстан  халықына  Жолдауы  «Жаңа 

әлемдегі жаңа Қазақстан», Астана 2017ж. 28 ақпан,  

2. Ілиясов Қ. Қ, Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. Алматы, 2005 – 551 б.  

3.  Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдау:  оқу  құралы/Дүйсенбаев  К.Ш., 

Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. – Алматы: Экономика, 2001 – 328б./  

4. О.Н. Лихачева. Финансовое планирование на предприятии. Москва, 2005 – 44-

69  


5.  Нарықтық  экономикадағы  қаржы  менеджментінің  маңызы  және 

қажеттілігі//Экономика негіздері. Основы экономики. – 2020 - №3 – 15-18 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет