Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет50/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   255
Түйінді сөздер: қорқыныш, үрей, арттерапия, психотерапия,  изотерапия. 

 

Балалардағы    қорқыныш  сезімі  проблемасымен  көптеген  ғалымдар  айналысқан 



Ш.Левис,  А.М.  Прихожан,      И.К.  Макшанцев,  Е.Г.  Макарова,    А.И.  Захаров,    А.А. 

Осипова, С.Боулби,  Т.Рэчмен, В.Р.Кисловская  және т.б. өз еңбектерінде қарастырған [1, 

165б.].  Күнделікті  өмірде  әртүрлі  қиыншылықтардағы  мазасыздық,  сонымен  қатар 

адамдарда туындайтын уайым бұл қорқыныш пен үрейдің пайда болуына әкеледі.  

Қорқыныш  -  адамның  санасында  оның  өміріне  және  аман-саулығына  төнген 

қауіптің аффективтік (эмоционалдық ушыққан) бейнеленуі болып табылады. Қорқыныш 

сезімін ешқашан сезініп көрмеген адамды табу оңай емес. Уайымшылдық пен қорқыныш 

-  қуаныш,  таңдану,  ашулану,  қайғы  секілді  біздің  психикалық  өміріміздің  ажырамас 

эмоционалды көрінісі 

К.Г.Юнг  «қорқыныш  -  бұл  түсініксіз  сансыз  құбылыс,  күтпеген  қауіптер  мен 

өлшемге толы»,- деген болатын[2, 178б.].  

З. Фрейд өзіне тән үлкен сеніммен: «Қорқынышты адамның туылу актісі кезінде 

басталады,»-  дейді,  яғни  туылу  процесінде  жағымсыз  сезімдер  бірігіп,  соматикалық 

түйсіктерден  бастауын  алған  өлім  қаупі  мен  қорқыныш  біздің  өмірімізде  өне  бойы 

қайталанып отырады екен[3, 23б.] 



101 

 

Балалық  қорқыныштар,  егер  де  оларға  дұрыс  қарап,  пайда  болу  себептерін 



түсінсе,  көп  жағдайда  ондай  қорқыныштар  ізсіз  жоғалып  кетеді.  Егер  де  олар 

ауыртатындай күрделі немесе көпке дейін сақталса, онда ол баланың физикалық және 

нерв жүйесінің әлсіздігін, жанұядағы конфликті жағдайдағы ата-ананың өзін дұрыс емес 

ұстануы  туралы  айтып,  жақсы  белгілерден  еместігін  көрсетеді.  Балаға  әсер  етіп, 

қорқынышынан  арылуға  көмек  беру  үшін,  ата-анаға  қорқыныштың  не  екенін,  қандай 

қызмет атқаратынын қалай пайда болып, дамитынын және балалардың ең көп қорқып, 

оның неліктен екендігі туралы білуі қажет. 

Г.Н.Кассильдің  зерттеуі  бойынша  кез-келген  қорқыныш,  физикалық, 

эмоционалды  ауырсыну  реакциялары  арқылы,  мидың  иірімдерінен  бастап, 

субклеткаларда  аяқтай,  молекула  түзеді  [5,  150б.].    Баланың  көзінше  өлім,  ауру,  өрт, 

өлтіру туралы әңгімелер оның психикасына еніп, оған нұксан келтіреді. Егер де тіпті бала 

күтпеген шу немесе түртуден шошынатын болса да, осының бәрі қорқыныштың шартты 

- рефлекторлы сипаты жайында сөйлеуге негіз береді. Қорқыныш зат ретінде қандай да 

бір адамды немесе объект бола алады. Кейде үрей нақты ештеңеге байланысты болмауы 

мүмкін,  олар  жөнсіз  қорқыныштар  ретінде  қайғырылады.  Үрей  жапа  шеккеннен  де 

болуы мүмкін, бұл балалық шақта сезімдер арасында байланыстың тууына байланысты. 

Үрей  себептерін  бірнеше    классқа  бөлуге  болады.  Бастауыш  мектеп  жасындағы 

балаларда үрейдің пайда болуы. 

1.  Әлеуметтік-мәдени  және  психологиялық  алғы  шарттары.  Бала  алғашқы 

жылдары  барлық  таныс  емес  әрі  жаңа  заттардан  қорқады,  ертегі  кейіпкерлері  мен 

заттарды  жандандырып,  бейтаныс  жануарлардан  қауіптеніп,  ата-анасының  мәңгі  өмір 

сүретініне  сенеді.  Кішкентай  балалар  үшін  бәрі  шын,  демек  олардың  қорқыныштары 

шындық  сипатқа  ие.  Жалмауыз  кемпір  -  жақын  маңда  жүретін  тірі  жан.  Тек  олар 

түйсіктерін ажырата алып, сезімдерін жеңіп және абстракты-логикамен ойлай бастағанда 

ғана  баланың  елестері  бірте-бірте  ақиқат  сипатқа  иелене  бастайды.  Көптеген 

өркениеттерде балалар өзінің дамуында бірнеше қорқыныш сезімін көреді. 

2.Үрей жасаралық және невротикалық болады. 

Жасаралық қорқыныштар эмоционалды сезімтал балалар арасында олардың жеке 

және психикалық дамуының ерекшеліктерін бейнелеу ретінде белгіленген. Әдетте олар 

келесідей  факторлар  әсерінен  пайда  болады:  қорқыныш  сезімінің  ата-анасында  бар 

болуы;  баламен  қарым-қатынастағы  қобалжулық;  қатерден  баланы  шамадан  артық 

қорғау және құрбыларымен араласудан оңашалау; ата-анасының біреуінің балаға деген 

көптеген тыйымдар салу немесе ата-анасының екіншісінің балаға толық бостандық беру, 

сонымен қатар жанұядағы барлық ересектердің көптеген іске аспайтын бай-баламдар; ер 

балаларға  қатысты  өзіне  жыныстас  ата-анамен  ролдік  ұқсастыруға  мүмкіндіктің 

болмауы;  шошу  сияқты  психикалық  жарақаттар;  мұқтаж  не  әдейіленген  жанұялық 

ролдерін  ауыстыру  салдарынан  анасының  әр  уақыт  жүйкелік-психикалық  үнемі 

ауыртпалық көруі.  

3. Биологиялық алғы шарттар 

Жоғарғы жүйке қызметінің кейбір типологиялық қасиеттері қорқыныш сезімінің 

пайда  болуына  әсерін  тигізеді.  Бұл  эмоционалды  сезімталдылық  және  сонымен 

байланысты әсерленгіштік. Агрессивті жауап қайтара алмай, бәрін «жүрекке тым жақын 

қабылдап және тез ренжитін» адамдардың жоғары әсерленгіштігі олардың эмоционалды 

ренжігіштігі мен осалдығынан көрініс табады.  

Көптеген  балалар  психикалық  дамуында  қорқынышқа  деген  жоғары 

сезімталдықтың бірнеше жас ерекшелік кезеңдерінен өтеді. Бұл қорқыныштардың бәрі 

өтпелі  сипатқа  ие,  бірақ  олар  мазасыз  ата-анасының  ойында  қалып  қоятын 

қорқыныштарды қайта жандандыруы мүмкін. Ересектердің үрейі жанұядағы балаларға 




102 

 

беріледі. Бұл қорқыныштардың берілуінің ең типтілік психологиялық жолы. Көптеген 



қорқыныштар балаға санасыз беріледі, бірақ кейбір қорқыныштар, дәлірек қауіптер, оған 

танылатын  бағалы  бағдарлар  жүйесі  күштеп  сендірілуі  мүмкін.  Сөйтіп, 

қорқыныштардың өздері емес, елеудің кейбір жалпы қасиеттері тұқым қуалайды. 

Оқу  жүктемесін  әртүрлі  себептермен  игере  алмай  жүрген  бірінші  сынып 

оқушылары, уақыт өте келе үлгермеушілер қатарына ілігеді, ол өз кезегінде, невроздарға, 

мектептен  қорқушылыққа  алып  келеді.  Мектепке  дейін  үлкендермен  және 

құрбыларымен қарым-катынас жасаудың тиісті тәжірибесін алмаған, өзіне-өзі сенімсіз 

оқушылар,  үлкендердің  күткен  нәтижелерін  ақтай  алмай  қалуға  қорқады,  мектеп 

ұжымына бейімделу қиындықтары мен қорқыныш сезінеді. Бұл қорқыныштың негізінде 

қателік жасауға, ақымақтық қылуға және сол үшін күлкіге ұшырауға деген қорқыныш 

жатыр. Мұндай балалар көбінесе тақтаның алдында жауап беруге қорқады. Әсіресе осы 

тақтаның алдында олардың қорғансыздығы толық көрінеді. 

Кейбір балалар үй тапсырмасын орындағанда қателік жіберсе, зәре-құты қашып 

қорқады. Бұл ата-анасы оларды шұқшия тексеріп және қателікке драмалық мән берген 

жағдайда  болады.  Ата-анасы  баланы  жазаламаса  да,  психологиялық  жазалау  бәрібір 

сезіліп тұрады. Бастауыш мектеп жасындағы бағалау іс-әрекеттің нақты нәтижесін ғана 

бағалау емес. Оны бала өзінің тұлғасын бағалау деп түсінеді. "Сен жамансың, өйткені 

сен жаман оқисың",- деген сөздер айтылады балаға. Ол онымен келіседі, соның негізінде 

беймәлімдік,  сенімсіздік  сезімдерімен  және  әртүрлі  қорқыныштармен  жалғасқан 

шешілмейтін ішкі қайшылық пайда болады. 

Бірқатар  жағдайларда  мектептен  қорқу,  құрбыларымен  қақтығыстан,  олар 

жағынан шығатын дене қара күштен қорқудан туындап отыр. Әсіресе бұл эмоционалды 

сезімтал, әлеуметтік-мәдени және педагогикалық олқылығы бар балаларға тән. 

Жас өсе келе осы тәрізді қорқыныштар өзінің сипатын өзгертеді, кейде мүлдем 

жоғалып  кетеді.  Бірақ  ұзаққа  созылу  сипатына  қарай  олар  балада  әлсіздік,  өзінің 

сезімдерін игеруге, бақылауға қабілетсіздікті тудырады. Мектептік қорқыныш баланың 

психологиялық жайлылығын ғана емес, сонымен қоса балалар неврозының дамуына да 

ықпал етеді. 

6-7  жаста  қорқыныштарды  жою  мақсатты  түрде  күш  салуды  қажет  етеді.  Бұл 

жерде  балалардың  шығармашылығын  пайдаланбай  кету  мүмкін  емес,  яғни  сурет  салу 

немесе ойындар, сонымен бірге балаға құрбылармен өзара қатынасты құруға көмектесу 

қажет. Балалармен  жұмыс жасауда психотерапевтік жұмыстың икемді түрлерін қолдану 

өте маңызды. Психотерапевтикалық әдістер проблеманы уайымдауға адам қалай дайын 

болса, солай ішіне еніп кетуге мүмкіндік береді. Ал бала болса, әдетте онымен не болып 

жатқанын да сезінбейді.  

Қазіргі уақытта қандай да болмасын психологиялық проблемасы бар адамдарға 

көмек көрсету үшін көп әдістер мен тәсілдер қолданылады. Соның бірі психотерапевтік 

бағыт. Ал балалармен жұмыс кезінде тиімді әдістің бірі-арттерапия. 

"Арттерапия"  терминін  санаториядағы  туберкулез  ауруына  шалдыққан 

науқастармен жұмысын сипаттау барысында Адриан Хилл (1938) қолданысқа енгізген. 

Бұл  сөз  тіркесі  психикалық  денсаулық  орталықтары  мен  емханаларда  өткізілген  өнер 

сабақтарының барлық түрлеріне байланысты қолданылған. 

Арттерапия - өнерге негізделген, соның ішіндегі негізінен шығармашылық және 

бейнелеу іскерлігіндей қолданылатын психотерапияның арнайыланған формасы.  

Арттерапияның  басты  мақсаты  өзін  өзі  тану  қабілеттерінің  дамуы  арқылы 

жасалған жеке адамның гармонизациясынан құралған[6, 190б.].  

Арттерапия мақсаттары: 



103 

 

1.Агрессия  мен  басқа  да  негативті  сезімдерге  әлеуметтік  қолайлы        сыртқа 



шығарту. Картина, суреттер, скульптуралармен жұмыс "бу"    шығарудың қауіпсіз әдісі 

болып табылады. 

2.Емдеу  процессін  жеңілдету.  Санаға  қонымсыз  ішкі  конфликттер  мен 

уайымдарды  көп  жағдайда  вербалды  коррекция  процессінде  айтқаннан  гөрі,  көру 

бейнелері арқылы шығару жеңілдеу болып келеді. Вербалсыз қарым-қатынас сананың 

"цензурасынан" оңай жоқ болып кетеді. 

3.Психолог пен клиент арасындағы қарым-қатынасты жақсарту. Көркем қызметке 

бірігіп қатысу екі жақты қабылдау мен эмпатия    қарым-қатынасының тууына себепші 

болуы мүмкін. 

4.Ішкі   бақылау  сезімін   дамыту. Суреттермен,   картиналармен   жұмыс немесе 

жабыстырма (лепка) түс және форманың реттелуін ескереді. 

5.Зейінін сезім мен түйсіктерде топтау. Бейнелеу өнерімен айналасу көру және 

кинестетикалық түйсіктермен эксперимент жасауға және оларды 

қабылдай алу қабілетінің дамуына кең мүмкіншілік туғызады. 

6. Көркемдік қабілеттілігін дамытып, өзін-өзі бағалауды жоғарылату. 

Арттерапияның   қосалқы   өнімі   жасырын таланттардың ашылуы мен олардың 

даму нәтижесінде пайда болатын қанағаттану сезімі болып табылады. 

Арттерапияда  әдістемелердің  түрлілігі  өте  көп.  Мысалы,  музыка-терапия, 

ертегітерапия,  денеге  бағытталған      терапия      және  т.б.  Солардың  ішіндегі  әсіресе 

изотерапияға жеке тоқталып өтеміз. 

Изотерапия сурет салу арттерапия түрлерінің бірі болып табылады. 

Сурет  салу  -  балаға  өз-өзін  сезініп  және  түсінуге,  өз  ойы  мен  сезімін  еркін 

шығаруға, қатты уайымдар мен конфликттерден босануға, эмпатияны дамытуға, өзімен 

өзі болып  сурет салуды ағзаны жетілдіру бағдарламасының орындалу жолдарының бірі 

ретінде қарастыруға бейім. 

Сурет  сала  отырып,  бала  өзінің  сезімдерін,  арман-тілектерін  шығарады,  түрлі 

ситуациялардағы қарым-қатынасын қайта құрастырып, кейбір қорқынышты, жағымсыз, 

жарақаттайтын  бейнелермен  ауыртпалықпен  жақындайды.  Осылай  сурет  салу  өз 

мүмкіндіктерін  мен  айналадағы  шындыққа  жету  әдісі,  ара  қатынасты  модельдеу  мен 

әртүрлі,  соның ішінде жағымсыз, негативті эмоцияларды сыртқа шығару әдісі ретінде 

көрсетіледі.  Сондықтан  сурет  салу  психикалық  қысымды,  стресстік  күйлерді  алып 

тастауға, невроздар мен қорқыныштарды коррекциялау үшін кең қолданыс тапқан. 

Изотерапияның  тағы  бір  әдісі:  Ол  -  жобалық  сурет.  Бұл  әдіс  өзінің  екі 

мінезділігімен қызықты. Бір жағынан бұл керемет диагностикалық әдіс, екінші жағынан 

ол психокоррекционды әсер етудің барлық қажетті техникаларға ие. 

Салуға  ұсынылатын  тақырыптар  жалпы  топтық  та,  жеке  де  проблемаларға 

қатысты  болатындай  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Әдетте  сурет  салу  тақырыптары  мынаны 

қамтиды: 

1.Өзінің  өткені  мен  қазіргі  кезең  ("Балалармен  араласудағы  менің  ең  басты 

проблемаларым",  "Өзімді  сенімсіз  сезінетін  өмірлік  жағдайларым",  "Менің  күнделікті 

күнім"), 

2.Болашақ немесе абстрактылы түсініктер ("Кім болғым келеді", "Үш арманым", 

"Бақыт аралы", "Үрей"); 

3.Топтағы қарым-қатынас ("Топ мен үшін және мен ол үшін не бердім", "Топта 

қарым-қатынастан не алдым және одан күткенім"). 

Жобалық суретте келесідей әдістер (Кратохвил классификациясы) қолданылады: 

Еркін  сурет  салу:  (әрбіреуі  не  қаласа  соны  сала  береді).  Суреттер  жеке-жеке 

орындалып, топ ішінде талқыланады. Тақырып не беріледі, не өздігінен топ мүшелерімен 




104 

 

таңдалынады.  Сурет  салуға  30  минут  беріледі,  одан  кейін  суреттер  ілініп,  талқылау 



басталады. Әуелі сурет туралы пікірін топ мүшелері, ал одан кейін автордың өзі айтады. 

Сурет интерпретациясындағы айырмашылық талқыланады. 

Коммуникативті сурет салу: Топтар жұптарға бөлінеді, әр жұпта өзінің қағаздары 

болады,  әр  жұп  белгілі-бір  тақырыпқа  бірігіп  салады,  ереже  бойынша  вербалды 

контакттер  болмайды,  олар  бір-бірімен  түстер,  сызықтар,  бейнелер  арқылы  қарым-

қатынас  жасайды.  Сурет  салу  процессі  аяқталғаннан  кейін  сол  сурет  салу  процессі 

талқылы салынады. Онда жасалған туындының көркемдік қасиеттері  емес,  сурет  салу 

процессі  туралы  диада  мүшелерінде  пайда  болған  сезімі,  ойлары  және  олардың  сол 

процесстегі бір-біріне қатынасы талқыланады. 

Бірігіп  сурет  салу:  Бірнеше  адам  (не  барлық  топ)  тып-тыныш  бір  бетке  сурет 

салады (мысалы, топты оның дамуын, ондағы көңіл-күй мен атмосфера және т.с.с). Сурет 

салу аяқталысымен әрбір топ мүшесінің қатысымы, қосқан үлесінің мінезі және сурет 

салу процесіндегі басқа қатысушылармен қарым-қатынасының ерекшеліктері айтылады. 

Қосымша  сурет  салу:  Сурет  топ  арасында  жіберіледі  -  біреуі  бастап  салады, 

келесісі бір нәрсе қосып жалғастырады және т.с.с. 

Дайын суреттермен жұмыстың екі түрі бар: 

1.Барлық  суреттердің  бір  мезгілдегі  демонстрациясы,  көру  және  салыстыру, 

жалпы салыстыру, жалпы және айрықша мағынаның бірігіп табу. 

2.Әр  суреттің  бөлек  талдануы  ол  қолдан  қолға  өтіп,  қатысушылар  ол  туралы 

психологиялық мазмұнын айтады. 

Балаларға  мына  тақырыптарға  да  сурет  салуды  ұсынуға  болады:  «Мектепте», 

«Далада, аулада», «Жанұя», «Мен қандай қорқынышты түс көремін немесе мен күндіз 

неден қорқамын», «Менде ең жаман немесе ең жақсы қандай жағдайлар болды», «Мен 

кім болғым келеді» т.б.  

 Суреттерді 

зерттеу 


баланың 

қызығушылықтарын, 

әуестіктерін, 

темпераменттерінің  ерекшеліктерін,  көңіл-күйін  және  ішкі  әлемін  жақсы  тусінуге 

мүмкіндік береді. Мысалы, суреттегі сұр түстердің көптігі және қара түстің басымдығы 

өмірге  құштарлықтың  жоқтығын,  көңіл-күйдің  темендігін,  баланың  өзінің  шамасы 

келмейтін қорқыныштардың көптігін білдіреді. Керісінше ашық, қанық, көзге жағымды 

түстер  белсенді  өмір  тонусын  және  оптимизмді  көрсетеді.  Бояумен  салғандағы  кең 

құлаш, көлемділік, алғашқы сюжетті өзгертетін алдын-ала және соңынан кескіндеуі жоқ 

сурет  сенімділікті  және  нық  шешімділікті  білдіреді.  Жоғары  қозушылық  және  әсіресе 

шектен тыс белсенділік суреттің тұрақсыздығынан, көмескілігінен немесе сызықтардың 

нақты,  бірақ  бір-бірімен  қиылысып  жатқандығынан  байқалады.  Тежелуі  және 

мазасыздығы  бар  балалар  суретті  аз  салады,  оған  қарағанда  басқа  іс-әрекет  түрлерін 

қалайды.  Сурет  сала  бастағанда  түрлі-түсті  қарындаштармен  салған  дұрыс.  Сурет 

салардан бір ай бұрын балаларға үйде сурет салуға тапсырма беруге болады, ол кейіннен 

үйде  белсенді  сурет  салуға  қызығушылықты  тудыру  үшін  қажет.  Оның  болмауы 

психикалық дамуды жүдетеді және қандайда  бір   қиыншылықтың барлығын білдіреді. 

Психотерапевтикалық әдістер проблеманы уайымдауға адам қалай дайын болса, 

солай  ішіне  еніп  кетуге  мүмкіндік  береді.  Ал  бала  болса,  әдетте  онымен  не  болып 

жатқанын да сезінбейді.  Қорыта айтқанда, олардың бойында қорқыныш симптомдары  

жойылғанша  тұрақты түрде, психотерапевтік әдіс-тәсілдерді   қолдану өте тиімді болып 

табылады. 

 

 



105 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Прихожан А.М. Психокоррекционная работа с тревожными детьми. - М., 2013. 

-165с. 

2.  Юнг 


К.Г.Об 

отношении 

аналитической 

психологии 

к 

поэтико-


художественному творчеству. -М., 1923.- 178 с. 

3.  Фрейд 3. Психология бессознательного. - М., 1999.  -223с. 

4.  Захаров А.И.. Как помочь нашим детям избавиться от страха. С-Пб., 2009, 31-

32с. 


5.  Кассиль Л. Твой защитники,  изд. «Детская литература -М:, 2008. -150с. 

6.  Копытин С.А.,. Основы арттерапии. СПб., 2009. -190с. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет