Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет40/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   255
Байланысты:
itog

Түйінді  сөздер:  Эмоционалды  интеллект,  тайм-менеджмент,  эмоционалды  күй, 

өзін-өзі басқару. 

 

Адамдардың  өз  уақыттарын  үнемді  пайдалану  мен  оны  басқару  мәселесі 



бұрыннан келе жатқан өзекті мәселерді бірі. Басқару адамзат іс-әрекетінің ертеден келе 

жатқан саласы. Басқару психологиясы туралы неміс зерттеушілері В.Зигерт және Л.Ланг: 

«Басқару  –  алдыға  қойылған  мақсатқа  адамдарды  және  материалдық  құралдарды 

ізгілікпен,  үнемді  және  рационалды  пайдалану  арқылы  қол  жеткізу»  деген  анықтама 

берген.  Адамзат  тарихындағы  мол  материалдық  және  әлеуметтік  құндылықтар 

адамдардың үйлестірілген жұмыстарының нәтижесінде ғана жасалып, қалыптасты. XX 

ғасырға дейін басқару ғылыми зерттеудің дербес саласы болып саналмаған. 1911 жылы 

Фредерик Уинслоу Тейлор «Менеджмент» немесе «Фабриканы басқару» атты кітабында 

басқару еңбегінің негізгі ұстанымдарын (принциптерін) атап көрсетті. Өткен ғасырдың 

30–шы  жылдарында  менеджмент  теоретиктері  еңбек  әрекетіндегі  адамның  мотивінің 

роліне  ерекше  назар  аудара  бастады.  Ол  басқаруда  адамның  іс-әрекетінің  орны  мен 

мәніне  назар  аударудағы  үлкен  жетістік  болды.  Басқарудағы  мұндай  жетістік 

«экономикалық  адам»  түсінігінің  орнына  «әлеуметтік  адам»  түсінігін  енгізіп,  Элтон 

Мэйоның «адамдар қарым-қатынасы  мектебінің» дамуына негіз болды. Бұл мектептің 

ұстанымы бойынша өндірістік ұйым белгілі тұтас бір әлеуметтік дене, ал онда қызмет 

істейтін  адамдар  сол  әлеуметтік  жүйенің  мотивтік,  тұлғалық,  дара-психологиялық 

сапаларының  көрсеткіші  -  деп  қарастырылды.  Э.Мэйоның  «адамдардың  қарым-

қатынасы» менеджмент практикасына мынадай түзетулер: 

1.  Адамның әлеуметтік қажеттіліктеріне көбірек көңіл аудару; 

2.  Еңбекті шексіз мамандандырудан бастарту; 

3.  Ұйым ішіндегі билік иерархиясынан бастартудың қажеттілігі; 

4.  Өндіріс ішіндегі адамдар қарым-қатынасының формальды емес түрін  барынша 

қалыптастыруды; 

5.  Ұйым ішіндегі формальды және  формальды емес топтарды зерттеу әдістерін 

жетілдіруді енгізді [1]. 

Америка  құрама  штаттарының  белгілі  оқымыстылары  Э.Мэйо  және  Ч.Барнард 

1938  жылы  бірлесіп  «экономикалық  адам»  түсінігінің  орнына  «әлеуметтік  адам» 

түсінігін  ұсынуының  басты  себебі  өзі  тікелей  басқару  жұмысымен  айналысқан 

Ч.Барнарды  ұйым  туралы  қалыптасқан  түсініктің  қанағаттандырмауы  болды.  Ол 

ұйымдағы  топтарға  назар  аударылмағанын  байқап,  сол  топтардың  құрылымын  талдау 

қажеттігін  түсінді.  Сонымен  қатар  зерттеуінің  тағы  бір  жағымды  жағы  оның  адамды 

ұйымның  стратегиялық  факторы  деп  бағалауы  болды.  Ч.Барнард  ұйым  жұмысында 

басқарушының орнын ерекше атап, оның қызметіне: 

- шешім қабылдау өнері; 

- келешекті көре білу негізінде мақсат қоя білу; 

-  ұйымның  сызбасы  мен  персоналды  басқару  құрылымындағы  қарым-қатынас 

жүйесі туралы нақты түсінігінің болуын; 

- ұйымдастыру моралін жасап, қалыптастырудағы ролін көрсетіп, осы сапаларды 

басқарушының басты міндетіне жатқызды. Сондай – ақ ол көшбасшылыққа ерекше назар 

аударды. Ч.Барнард стимул мақсатқа байланысты, мақсат үнемі өзгеріп отыратын  ортада 

адамның табандылығын жеке сенімін жандандырып, кооперацияны біріктіретін күш деп 

таныды. 


Э.Мэйо 

және 


Ч.Барнард 

ұсынған 


«Адамдар 

қарым-қатынасы» 




76 

 

тұжырымдамасын  Массачусет  университетінің  профессоры  Дуглас  Марк  Грегор, 



Мичиган  университетінен  Д.Лайкерт,  Иель  университетінен  К.Арджирис  қолдаған. 

Ұйымдағы  қарым-қатынасты  жақсартудан  басқарушы  да  бағыныштылар  да 

ұтатындықтан бұл оқымыстыларды көбіне «адам ресурсы» тобы деп атаған [2]. 

Үйрету теориясы. И.П.Павловтың, Д.Б.Уотсонның, Б.Ф.Скиннердің еңбектерінде 

басқарушы мен бағыныштыладың арасындағы кері байланыс орындаушының  қабілетіне 

сәйкес ақылға қонымды еңбек ету сферасын  анықтау мадақтау және жазалау (үйрету) 

жүйесіне  негізделген.  Үйрету  теориясының  негізі  -  организмнің  сыртқы 

тітіркендіргіштерге    жауабы-  рефлекс    болып  табылады.  Рефлекстер    туа  берілген 

(шартсыз) және тәжірибенің арқасында жасалатын шартты болып бөлінеді. Туа берілген  

рефлекстер  көбінесе санасыз акттерде, сезімнің күрделі гаммасында, эмоцияда, қалауда, 

сондай  ақ  ерік  пен  шешімділікті  талап  ететін  мінез-құлық  актілерін  қалыптастырады. 

Шартсыз  рефлекстер  тәрбиенің,  білім  алудың  және  әлеуметтік  тәжірибенің  әсерінен 

тежелетін  және  өзінің  көрінісінде  шектелетін  тұлғаның  инстинктивті  мінез-құлқын 

анықтайды. Шартты  рефлекс бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша ойлау мен 

мінез-құлықтың  стереотипін  қалыптастырады  және  адамның  мотивациялық  жүйесінің 

негізгі компоненті болып табылады. 

И.П.Павловтың пікірі бойынша адамның мінез-құлқының бір негізі туа берілетін 

шартсыз  рефлекстермен  іргелес  тұратын  білуге  құмарлық,  жаңаны  сезіну,  еңбекте 

жетістікке  жетудің  алғышартын  жасайтын  мақсат  рефлексі  (басқаша  айтқанда-

бағдарлау).  Бұл  қуатты  рефлекс  өнертапқыштардың,  түрлі  коллекционерлердің,  тіпті 

сүйіспеншіліктің  таңқаларлық  табандылығын    түсіндіреді.  Мақсатына  табанды  түрде 

ұмтылу  түрлі  ұжым  басшыларына  және  барлық  шығармашыл  тұлғаларға  тән  қасиет. 

Алдына  қойған  мақсатына  жетуде  кездесетін  түрлі  қиындықтар  оларды  белсенді  іс-

әрекетке жетелейді. Басқару психологиясының тәжірибесінде үйрету теориясы адамның 

ұжымға бейімделуінде кеңінен қолданылады. Себебі адамның мінез-құлқы мен социум 

өзара  тәуелді.  Ұжымға  бейімдеу  нәтижесінде  қарым-қатынастың  реттелуі  адамға  да 

ұжымға да пайдалы. Адамның қоғамдағы іс-әрекеті үнемі бағаланып, мадақталып және 

талқыланады. Мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары қалыптасқан норма 

мен ережелерге сәйкес реттеледі. 

Жалпы  басқару  мәселесінде  «тайм  менеджмент»  ұғымы  ХХ  ғасырдың  50-90 

жылдары аралығында ғылыми қолданысқа енгізілді. Тайм менеджмент басқарудың бір 

бағыты ретінде уақытты басқару, уақытты тиімді пайдалану, тұлға тиімділігін арттыру 

мәселелері туындағанда жеке қарастырылды [1]. 

Ұйымды  басқару  туралы  өз  көзқарасын  ескере  отырып,  классикалық  ғылыми 

басқару,  бұл  жағдайда  пассивті  құндылық  ретінде  әрекет  ететін  қызметкердің  жеке 

тиімділігін  арттырудың  жалғыз  көзі,  өндірістегі  ақыл-ой,  басқарушылық  және 

шығармашылық еңбектің рөлі арта түсуде. 

Ең  алдымен,  «адами  қарым-қатынастар»  мектептерін  (Э.Мэйо,  Дж.Браун)  және 

«жаңа адами қарым-қатынастарды» атап өту керек (К.Аржирис, А.Маслоу, Э.Шейн). бұл 

бағыттар  бойынша  зерттеушілер  ең  алдымен  Ф.Тейлор  мен  А.Файолдың 

зерттеулеріндегі  ұйымды  басқарудың  осыл  тұстары  мен  кемшіліктеріне  талдау  жасай 

келе  «адами  фактор»  мәселесіне  ерекше  назар  аударды.  Сондай  ақ  адам  ресурстарын 

басқаруда  олардың  шығармашылық  қабілеттері  мен  өзін  еркін  ұстау  қасиеттерінің 

маңыздылығын  көрсетті.  Бірақ  та  бұл  бағыттың  өкілдері  жеке  адамның  тиімділігін 

арттыру  мәселесін  кеңінен  аша  алмады,  тек  қана  адам  ресурсын  басқаруды 

мотивациясын  өзгерту  және  корпоративтік  мәдениетін  дамыту  мәселелерін  шешумен 

ғана шектелді. Сол себепті де жеке еңбекті ұйымдастыру, жұмыскердің өз бетінше әрекет 

етуіне тек қана менеджерлер арқылы ықпал етумен шектеліп қарастырылды.  




77 

 

 Кәсіпорын  тиімділігінің  арттырудағы  адам  факторының  рөлі  зерттеліп, 



менеджментте  «өзіндік  менеджмент»  бағыты  бөлініп,  «гуру  менеджменттің»  дамуына 

негіз болды. Бұл бағытта 80 жылдары Т.Питерс, Р.Уотермен еңбектерін ерекше атауға 

болады.  Компанияның  тиімділігін  арттырудың  маңызды  бағыттарының  бірі,  оның 

қызметінің  барлық  аспектілерін  жетілдірудегі  ең  жақсы  компаниялардың  тәжірибесін 

жинақтап, барлық деңгейдегі қызметкерлердің шығармашылық бастамасын қарастырды. 

Зерттеушілер  менеджерлер  қызметкерлердің  белсенділігін  арттырудағы  өз  бетінше 

әрекет  етудің  негізгі  бағыттарын  көрсетті:  қызметкерлерге  деген  сенім  білдіру; 

қызметкерлерді  мадақтау;  жаңа  идеяларды  дамыту  мен  жүзеге  асыруда  қызметкерді 

марапаттау мен мадақтау және т.б. Осылайша кәсіпорын тиімділігіндегі жеке қызметкер 

тиімділігі,  тұлға  тиімділігі  мәселесі,  менеджердің  басқарудағы  тиімділікті  арттыруға 

ықпалы мәселесін алдыңғы орынға шығарды [3].   

Питер  Дукер  кәсіпорынның  тиімділігі  жеке  жұмыскердің  тиімділігімен  қатар, 

оның мазмұны мен әдіс тәсілдері мәселелерін зерттеу өзінің ғылыми еңбектерінде жеке 

менеджер қызметінің тиімділігін алғаш қозғап, менеджерді мамандық ретінде ұсынумен 

қатар,  мамандардың  тиімділігін  арттырудың  ғылыми  негізін  бастап  ұсынып,  еңбек 

жағдайында тиімді ету тәсілдерін ұсынды.  

Студенттердің  эмоционалдық  интеллектісі  ұғымы  ғылыми  еңбектерде 

қарастырылды.  Сондай-ақ,  тұлғаның  кәсіп  орын  дамуындағы  тұлғалық  тиімділігін 

арттыру  маңызды  мәселелердің  бірі  екендігін  білеміз.  Бұл  бағытта  менеджменттің 

теориялық тұғырларына талдау жасаудан бастауды жөн көрдік. Ең алдымен психоанализ 

бағытындағы адамды басқаруда тиімділікті арттырудың маңыздылығы туралы идеялар 

айтылды.  Бұл  бағытта  психоанализ  өкілдерінің  ойларында  қарастыра  кетуге  болады. 

психоанализ  негізін  қалаушылар  З.Фрейд  және  оның  ізбасарларының  идеялары  да 

өзіндік  орын  тапқан  болатын.  Әрбір  әлеуметтік  процесті  зерттеуде  қазіргі  басқару 

психологиясы  адамға,  тұлғалық  басымдылықтарға    ерекше  назар  аударады.  Әр  адам 

өзінің  ойлау  тәсілін  нәтижесі  болғандықтан  тиімді  деп  есептейді,  бірақ  шектелулілігі 

және    сенімділігі,  жаңалықтан  қорқуы  жалған  тәсілдер  мен  өзіне  шектен  тыс 

сенімділігіне  байланысты  шығармашылықтың  тиімділігі  төмендейді.  Адамның 

қабілетінің  қоры  шексіз,  оның  интеллекті,  психикасы  өте  күрделі.  Ертедегі 

ойшылдардың «Өзіңді өзің таны» деп өте жоғары мақсат қоюы кездейсоқ емес.  

Америка  авторлары  «өндіріс  бәсекелестігінің  артуы  және  басшы  жұмысының 

тиімділігін  бағалау  адамдарды  басқару  өнерінің  сын  сағаты  болды»  деп  есептейді. 

Басқару  саласының әрбір қызметкері  өзі  басқаратын ұжымда   ешнәрсеге  сенімді  болу 

қиын екенін жақсы біледі. Ол үнемі көңіл күйді бақылап және жедел шешім қабылдап 

отыруы  тиіс.  Мұндай  мақсатты  сенімсіз  бөлшектерден  жинақталған  машинаның 

сенімділігін  анықтау  мәселесі  туғанда  Дж.фон  Нейман  зерттеген.  Алынған  зерттеу 

нәтижелері  мұндай сенімділік  жеке элементтерінің қимылын дұрыс ұйымдастырумен 

және олар өзара тығыз байланысты екенін көрсетті. Адамдар социумын басқаруда осы 

байланысты үнемі ескеріп және болжап отыру керек. Әрбір адамда биологиялық тіршілік 

иесі  ретінде  тұқым  қуалай  берілген  немесе  өмірден  қабылдаған  дара  ерекшеліктері, 

өзінің  қайталанбас  эмоциялық,  интеллектуалдық  және  психологиялық  ерекшеліктері 

бар.  Сонымен  қатар  адам  социумына  тән  ерекшеліктерді,  өзі  жұмыс  істеп,  оқыған 

ұжымына тән үлгілік нормаларды көрсетеді. Тұлғаның биологиялық қасиетінің негізіне 

тұқым  қуалау  информациясы,  оның  генотипі  жатады.  Тұлғаның  әлеуметтік  сапалары 

қоршаған ортаның ықпалымен қалыптасады [4]. 

Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық төңкеріс пен әлемнің экономикалық көрінісі- 

ғылым  мен  инновацияның  жаңа  деңгейін  жасап  отыр.  Осыған  орай,  ғалымдар  мен 

ұстаздардың білім беру сапасы мен тұлғалардың даму мәселесіне үлкен қызығушылығы 




78 

 

туындап  отыр.  Тез  өзгеретін  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  шарттар  қоғамның 



дамуындағы  мәселелерді  өзектендіреді,  яғни  студенттердің  тұлғалық-кәсіби  сапасын 

дамыту, соның ішінде эмоциялық интеллектісін дамыту міндеттері арта түседі. 

Тұлғаның  кәсіби  жетістігі,  күмәнсіз  білімге,  шеберлікке,  дағдыға,  ғұламалыққа  

және тұтас ойлауға деген қабілеттілікке, яғни жалпы интеллектіге байланысты. Жоғарғы 

кәсіби  білім  беру  жағдайындағы  студенттердің  эмоциялық  интеллектісінің  даму 

мәселесінің 

өзектілігі 

психологтың 

педагогикалық 

жағдайдағы 

эмоциялық 

интеллектісінің  дамуында  қажетті  көрінулермен  шартталған.  Бұл  бір  жағынан 

студенттердің эмоциялық интеллектісінің дамуының жоғарғы деңгейде қажеттіліктерін, 

ал бір жағынан психология саласында білікті мамандардың қоғамдағы қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 

Нақты баға беру мен эмоцияны білдіру эмоция адамның ішкі, я болмаса сыртқы 

әлем тұрғысында болып жатқан маңызды мәселелер жайында белгі беретін сигнал болып 

табылуымен айрықшаланады. Өзінің эмоцияларыңды қаншалықты сезіне білсең, өзгенің 

де эмоцияларын соншалықты қабылдай білу қажет. Бұл адамның физикалық жағдайына, 

ой-пікіріне,  сыртқы  кескін-келбетіне  және  өзін-өзі  ұстау  мәнеріне  қарай  оның  көңіл-

күйін  анықтай  алу  қабілетімен  сипатталады.  Эмоцияны  ой  қызметі  үшін  қолдану 

адамның ой қорытуына әсер етеді. 

Эмоционалды  интеллектіні  реттеуде  тайм  менеджмент  техникалары  өзіндік 

үлесін  қосты.  Студенттерге  тайм  менеджмент  техникаларын  және  психологиялық 

трансформационды  ойындарды  қолданып,  тренинг  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  оң 

нәтижелерге қол жеткіздік. Тайм менеджмент алға қойға мақсатына сәйкес міндеттерді 

дұрыс анықтай отырып, сол мақсатқа жетудің тиімді жолдарын таңдауға негіз болады. 

тұлға мақсатына жетуде өз ресурсын, энергиясын дұрыс жұмылдыру, қажетті уақытты 

дұрыс  бөлу  және  өз  уақытын  дұрыс  тиімді  пайдалануға  жол  ашады.  тұлғаның  ішкі 

қақтығыстарын, сана блоктарын анықтап, оларды жою жолдары қарастырылды. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Гоулман Д. Эмоциональный интеллект в работе. – МИФ Саморазвитие, 2020. 

– 570 стр. 

2.  Борисо  Д.,EQ.  Эмоциональный  интеллект  на  практике.  –  Бомборо.  Книги-

драйверы, 2018. – 150 стр. 

3.  Кузовкин В.В., Баранникова С.А. Концептуализация понятия «эмоциональный 

интеллект» в психологической науке //Психология и школа. № 2 / 2014. 

4.  Чиркина  Е.А.  Формирование  эмоционального  интеллекта  у  студентов, 

будущих  специалистов  в  сфере  помогающих  профессий  дидактическими  средствами: 

автореф.дисс.канд.психол.наук. – Ижевск, 2012. 

 

 



79 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет