Функционалдық тәуелділік. А→В және В→А функционалды тәуелділік болса, А және В бір мәнге сәйкес, немесе функционалды байланыс А↔В (В↔А). Мысалы, Аты-жөні мен РНН арасындағы функционалдық өзара тәуелділік – Аты-жөні↔РНН.
Бөлшектік тәуелділік (бөлшектік функционалдық тәуелділік) құрылымдық кілттің кілттік емес атрибутының тәуелділігін айтамыз. Мысалы, оқытушы қатынасындағы лауазым атрибуты құрылымдық кілттің бөлшегі Аты-жөні атрибутына функционалды тәуелді.
Сонымен бірге толық функционалды тәуелділік болады. Онда кілтті емес атрибут құрылымдық атрибутқа тәуелді. Мысал ретінде атрибут тәуелділігі – Пән түрінің барлық құрылымдық кілттен.
Транзитивті тәуелділік .С атрибуты А атрибутына транзитивті тәуелді болады, егер А,В,С атрибуттары А→В және В→С шартын орындаса, бірақ қайтару тәуелділігі жоқ. Мысал: ФИО→ Атағы →Жалақы.
Көпмәнді тәуелділік. R қатынаста В атрибуты А атрибутынан көпмәнді тәуелді болады, егер әрбір А мәніне В атрибутының көп мәндері сәйкес келеді, басқа R атрибуттарымен байланысқан емес.
Көпмәнді тәуелділік әртүрлі болады: «бір көпке» (1:М), «көп біреуге» (М:1), немесе «көп көпке» (М:М), оны былайша белгілейді: А=>B, A<=B немесе AB. Мысалы, Оқытушы қатынаста көпмәнді тәуелділік «көп көпке» онда ФИОПән.
Тәуелсіз атрибуттар. Екә немесе бірнеше атрибуттарды тәуелсіз деп айтуға болады, егер ешбір белгіленген атрибуттар ішінде функционалды тәуелді болмаса басқа атрибуттардан (А¬→В). Егер А¬→В және В¬→А, онда А ¬=В деп белгілеуге болады.
Функционалды тәуелділікті анықтайтын негізгі әдіс (ФТ) – Атрибуттар семантикасын сараптау. Толық көп функционалды тәуелділікті F* құру үшін бірнеше аксиомаларды білу шарт. Олар 8 аксиома бар: рефлексивті, толықтыру, транзитивті, кенею, жалғастыру, псевдотранзитивті, біріктіру және декомпозициялау. Осы аксиомаларға арналған мысалдар өзіндік жұмысқа жатады.
Оқытушы үшін келесі тәуелділіктер белгіленген:
ФИО → Жалақы
ФИО → Атағы
ФИО → Стаж
ФИО → Стажға қосымша
ФИО → Кафедра
Стаж → Стажға қосымша
Атағы → Жалақы
Жалақы → Атағы
ФИО,Пән,Топ → Пән түрі