Қорытынды
АКТ- педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талапқа сай қолданылу керек. Интернет ресурстарын пайдалана отырып, зерттеушілік жұмыстар атқарады, онлайн жүйесінде тапсырмалар орындайды. Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
- Оқушының пәнге қызығушылығын оятады;
- Танымдық қабілетін қалыптастырады;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Оқушыны шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарға баулиды.
Жұмыс барысында YouTube-ты қолданушылар үшін толық нұсқаулықтар айтылды. Оқытушы үшін де арнайы арна ашып, онда бейнелерді жүктеу, сақтау жайлы ақпараттар берілді. Одан кейін математиканы оқытуда YouTube ресурстарын қолданудың артықшылықтары мен мүмкіндіктеріне тоқталып өттім. Бұл платформа өте ыңғайлы екеніне көз ім жетті. Тек сапалы арналарға жазылып, бейнематериалдарды дұрыс таңдау маңызды екен. Практикалық бөлімде өзімнің елдегі пандемия кезіндегі ашылған онлайн арнамның сілтемесін де қалдырдым. Кез- келген оқытушы болсын, оқушы болсын арна ашып, өзіне ұнаған материалдарды сонда жинақтап тіпті бөлісе алады.
Қорыта келе, YouTube ресурстарын қолдану арқылы оқушы да оқытушы да жаңа деңгейде білім ала алады. Көптеген мүмкіншілікке, айта кетсе, қашықтыққа қарамастан оқу мүмкіндігі, түсінбеген тақырыптарда кез-келген бейне арқылы қайталау мүмкіндігі, тіпті шетелдік білім сайттары арқылы жаңа нәрсе үйрену мүмкіндігіне ие бола алады. Ол үшін көп ізденіс қажет болады. Яғни, сапалы дәрістерді өткізу үшін түрлі рейтингі жоғары бейнелерді табу да маңызды рөл ойнайды. Бұл желіні сауатты қолданған адам уақытын тиімді түрде қолдана отырып, еңбек өнімділігі арта алады.
Тағы оқытушы үшін артықшылығы- оқытушының да уақыты мен еңбегін үнемдейтіні. Себебі бір рет бейне түсірер болса, одан кейін басқа топтарға сол бейнені қосуға да болады. Түрлі түсті қағаздармен түсіндіріп әуре болмай, ақпараттық технологиялар көмегіне жүгіне алады. Осылайша сапалы сабақ түсіндіру мүмкіндігіне ие болады.
Жалпы қай сабақ болмасын, оқыту , үйрені процесінде YouTube ресурсын көмекші құрал ретінде қолданудың еш кемшілігі жоқ деп білемін. Керісінше ақпараттық технологиялар қарқындап дамыған бұл заманда электронды жұмыс істей білу қабілеті де сұранысқа ие. Шетелдік материалдар сапалы әрі көптеп кездеседі. Олардың рейтингтері де жоғары. Ал Қазақстандықтардың баршасына ол түсінікті бола бермеуу мүмкін. Сол үшін біз де қалыс қалмай, өзіміздің тілімізде оқыту ресурстарын арттырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |