Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................2
YouTube платформасының теориялық негіздері және оны математиканы оқытуда қолдану......................................................................4
1.1. YouTube желісінде жұмыс істеу нұсқаулықтары...................................4
1.2. Математиканы оқытуда YouTube ресурстарын қолдану
мүмкіндіктері....................................................................................................8
YouTube платформасында математиканы оқыту әдістері ....................10
YouTube каналында математиканы оқытудың практикалық жүзеге асырылуы.........................................................................................................10
Қорытынды……………………………….............................................…….16
Пайдаланылған дереккөздер тізімі................................................................17
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жалпы ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды, деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. Баршамыздың білуіміз бойынша, бұл арнайы пән ретінде мектеп бағдарламасында оқытылады. Бірақ оның не себепті қажет екенін және маңыздылығын түсіне білмейтін. Тек бұл саланың мамандары үшін емес, қай салада болмасын заманауи талапқа сай ақпараттық технологияны білу маңызды. Себебі, ол есептеу жүйесінде, банк ісінде, саудада, білімде тіпті өнерде кеңінен қолданылады. Ал, бұл жұмыста қозғалатын негізгі тақырыптың бірі білім саласында осы ақпараттық технологияны кеңінен қолдану болып табылады.
Білім беруде АКТ мұғалім мен оқушы үшін бір уақытта бірнеше қызметті қатар атқара отырып, жұмыстың жылдамдығы мен сапасын арттырары сөзсіз. Баршаға түсінікті, интернет желісі арқылы әлемнің кез- келген өңіріне ақпаратты жеткізуге мүмкіндік туады. Біраз уақыт бұрын шетелден білім алу барлығына бірдей қолжетімді болмады. Ал қазір осы ақпараттық технологияның дамуымен әлемнің кез-келген бұрышынан барлық сала бойынша білім де, хабар да алуға мүмкіндік туды. Тіпті соңғы уақытта әлемдегі пандемияға байланысты барлық оқу бағдарламасы тоқтап қалмай, қашықтықтан оқытуға ауысқан сәттен бастап, АКТ-ні қолдану қажеттілігі арта түсті. Қоғамда кез-келген ақпаратты әр түрлі формада бейне жазба , аудио, хабарлама түрінде жеткізіп, оқыту процесін барынша тиімді етуге болатынына көз жеткізді. Бұларды жүзеге асыру жолдары өте көп. Мен соның ішінде баршаға белгілі YouTube ресурстарына тоқталғым келеді. Бұл сайт ресурстарын дұрыс қолдану нұсқаулығын және жаратылыстану бағытындағы пән, математикада қолданылуы жайлы осы жұмыста толығынан ашатын боламын. Оқыту процесінде YouTube ресурсын қолдану оқушы мен мұғалім арасында оқытуды жеңілдетеді. Оқытушының көмекші құралы болу арқылы балаға сапалы және жан-жақты білім беруге мүмкіндік тудырады. Тіпті қашықтыққа қарамастан, балаға білім берудің мүмкіндігі мен артықшылықтарын көруге болады.
Мақсаты: YouTube ресурстарын математиканы оқытуда қолданылуын нұсқаулықтар арқылы. Оның кез-келген адам үшін қолдануға ыңғайлылығы мен оңайлығын көрсету.
Міндеті: Барлық мәліметтер мен алған білімді пайдалана отырып, YouTube- ті еркін қолдануды, математиканы оқытуда оның ресурстарын дұрыс пайдалануды көрсету. Дайын бейнероликтерді мысал ретінде бөлісу.
Жұмыстың маңыздылығы:
-Болашақ мамандар мен оқытушылардың YouTube желісін еркін қолдануға бейімдеу;
- Оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану;
- Заманауи талапқа сай оқу жүйесін меңгеру.
Зерттеудің болжамы:
- Ақпараттық технологияларды қолдану оқушының интеллектуалды және жеке дамуына әкеледі;
- Оқытушылардың сапалы және жаңа заман талабына сай әдістерді меңгеруіне мүмкіндік тудырады;
- Жаңа оқыту бағдарламаларын үйрену оқыту жүйесінде заманға сай сапалы өзгерістерді әкеле отырып, балалардың қызығушылығы мен білім сапасының артуына жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |