Диэлектриктердің электрлік қасиеттері
Иондық құрылыстық қатты диэлектриктерде электр өткізгіштік иондардың орын ауыстыруына негізделінген. Төмен температура кезінде әлсіз байланысқан қоспалық иондар, жоғары температура кезінде – кристалдық тор иондары қозғалады. Атомдық және молекулалық торға ие диэлектриктердің электр өткізгіштігі қоспаның иондарының қозғалғыштығымен анықталынады. Олардың меншікті электр өткізгіштігі ионды құрылыстық материалдарға қарағанда айтарлықтай төмен.
Қатты диэлектриктерде электр өткізгіштіктің екі түрі бар:
меншікті көлемдік электр өткізгіштік γv=1/pv, Oм-1·м-1;
меншікті беткі қабаттық электр өткізгіштік γS=1/pS, Oм-1 сияқты екі түрі бар.
Көлемдік электр кедергі (pV) материал қалыңдығы арқылы ток өту мүмкіндігін анықтайды. Ол Ом·м өлшенеді. Беттік қабаттық кедергісі (рS) оның беткі қабатының күйін (оның ылғалдылығын немесе ластануын) сипаттайды және Ом-мен өлшенеді.
Изоляциялық кедергі екі кедергінің – бір-біріне параллель қосылған көлемдік және беттік қабат ретінде анықталынады:
Rиз=RVRS/(RV+RS). (1.30)
Тұрақты қима S мен ұзындығы l бар денелер үшін көлемдік кедергі:
RV=pVl/S. (1.31)
Осыдан:
pV=RVS/l. (1.32)
Меншікті беткі қабат кедергісі егер ток квадраттың қарама-қарсы жақтары арқылы өтетін болса, онда материалдың беткі қабатының бөлінген квадраттың кедергісіне тең. Меншікті беткі қабат кедергісі:
ρS=RSd/l (1.33)
формуласы бойынша өрнектеледі. Мұндағы d – паралель орналасқан электродтар ені; l – олардың арасындағы ұзындық.
Меншікті көлемдік электр өткізгіштігі белгілі формуламен өрнектеледі:
γV=nuq, (1.34)
мұндағы n, u, q – еркін иондардың концентрациясы, қозғалғыштығы және зарядтары.
γV шамасы температураға экспоненциалды тәуелді (n және u температураға экспоненциалды тәуелді байланысқандықтан):
γV=Aexp( ), (1.35)
мұндағы, W– электр өткізгіштіктің активация энергиясы; А – материал тұрақтысы.
Заряд асымалдаушылар Wменш және Wқоспа активация энергиялары бар меншікті және қоспалық та бола алатын болса:
γV=A1exp()+A2exp(). (1.36)
lnγ
А
Достарыңызбен бөлісу: |