§ 3. Химиялық байланыстар мен атомдық және иондық радиустар..............64
§ 4. Металдар мен жартылай өткізгіштердегі химиялық байланыстардың ерекшеліктері.........................................................................................................66
3-ТАРАУ. ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ, ДИЭЛЕКТРИК ЖӘНЕ МЕТАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ ФАЗАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК.....................................................79
§ 1. Фазалық тепе-теңдік термодинамикасының негізгі мәселелері................79
§ 2. Фазалық тепе-теңдік.Фазалар ережесі. Гиббс заңы....................................84
§ 3. Фазалық тепе-теңдік диаграммасын тұрғызу әдістері..............................88
§ 4. Компоненттері еруі шектелмеген Т–Х қос жүйесінің фазалық тепе-теңдік диаграммалары.................................................................................................93
§ 5. Термодинамикалық потенциалдың өзгеруі туралы мәліметтері бойынша шексіз еритін диаграмма тұрғызу және оның анализі. Таралу коэффициенті.........................................................................................................99
§ 6. Компоненттердің еруі шектелген Т–Х қос жүйесінің фазалық тепе-теңдік диаграммалары..................................................................................................110
§ 7. Қос жартылай өткізгіштік және диэлектриктік фазалар...........................123
§ 8. Тепе-теңдік күйден ауытқу. Кристаллизация және термиялық өңдеу шарттарын таңдауда фазалық тепе-теңдік диаграммасының рөлі.................127
§ 9. Р–Т және Р–Х фазалық тепе-теңдік диаграммалары................................132
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР........................................140
ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР. КЕЙБІР ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ФАЗАЛЫҚ ДИАГРАММАЛАРЫ....................................................................143
АЛҒЫ СӨЗ
Адамзат өркениетінің үдерісі әртүрлі материалдарды жасап шығару, алу және оларды қолдану прогрестерімен байланысты. Жаңа материалдар еңбектің тиімділігін арттырады. Бүгінгі күні ой еңбегінің тиімділігін арттыратын, есептеуіш техникада ақпараттарды сақтау және беру, өндірісті автоматтандыру прогрестерін қамтамасыз ететін, пайдалы әсер коэффициенті жоғары энергиялардың әртүрге айналдыратын тиімді материалдар мен құрылғылар ерекше мәнге ие.
Физикалық материалтану – тепе-тең және тепе-тең емес жағдайларда материалдардың фазаларының (металдардың, жартылай өткізгіштердің және диэлектриктердің және т.б.) заңдылықтары мен пайда болуының атомдық механизмдерін, бұл материалдардың көлемдік және бетттік қасиеттерінің химиялық байланыс сипаттамаларына, химиялық және фазалық құрамға тәуелділігін, құрылымдық жетіспеушілік, берілген қасиеттері бар материалдар жасау жолдарын және химиялық құрамды соңғы жолдармен басқаруды, материалдардың фазалық және құрылымдық күйлерін оқытатын ғылыми пән.
Курстың мақсаты тепе-тең және тепе-тең емес жағдайларда материалдардың (металдардың, жартылай өткізгіштердің және диэлектриктердің және т.б.) фазаларының заңдылықтары мен пайда болу механизмдерін, олардың қасиеттерінің химиялық байланыс сипаттамаларына, химиялық және фазалық құрамдарға тәуелділігін және берілген қасиеттері бар материалдарды жасау жолдарын оқыту болып табылады.
Тепе-тең және оған жақын жағдайлардағы қоспаның фазалық құрамы туралы, фазалық ауысудың бастапқы және соңғы нүктелері туралы маңызды ақпараттарды күй диаграммасынан алуға болады.
Екі және үш жүйелердің құрам-қасиет диаграммасымен сәйкестіктегі күй диаграммалары белгілі қасиеттері бар қоспаларды легирлеу және жасап шығару теорияларының негізі болып саналады.
Материалтану және жаңа материалдар технология аумағында жұмыс жасайтын мамандар үшін күй диаграммалары – бұл жаңа материалдарды іздеу және бар материалдарды жақсарту болып табылады. Металлургтер үшін күй диаграммалары өңдеу және металдарды алу және біріктіру және оларды қоспалардан тазартудың металлургиялық үдерістерін жетілдірудегі база болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |