Басқа механикалық қасиеттер. Тұрақты қысымның ұзақ әсерінен материал қосымша пластикалық деформацияға ұшырауы мүмкін. Мұндай құбылыс аққыштық деп аталады. Бұл құбылыс әсіресе, жоғары температурада пайда болады. Аққыштық материалдың қарсы тұруы жоғары температурадағы материалдың беріктігін (ыстыққа беріктілік) анықтайды. Материалдың ыстыққа төзімділігін бағалау үшін аққыштық шегі – белгілі уақыт ішінде берілген температура кезінде аққыштық деформациясы белгілі шамаға жететін үлкен кернеумен анықталады. Аққыштық материалды аққыштықтың аз шегінде де қысым әсерінен пайда болуы мүмкіндігін айта кету керек.
Температура мен кернеуліктің ұзақ әсері кезіндегі материалдың бұзылуға кедергісін бағалау үшін ұзақ беріктік шегі анықталады – берілген температура кезінде материалдың берілген уақыт аралығында бұзылуы нәтижесіндегі үлкен кернеу.
Материалға циклдік қысымның ұзақ уақыт әсер етуі материалдың ескіруіне алып келуі мүмкін. Ескіру дегеніміз сызат пен бұзылу түзілетін материалдың қасиетінің өзгеруіне алып келетін циклдік күш әсерінен материалда ақаулардың тұрақты жиналу үдерісі. Материалдың ескіруінің негізгі сипаттамасы қисық ескіру – жинақталған ақаулардың саны (деформация, микро – және макросызаттар) және циклдер саны немесе циклдік күш әсерінен материалдың ұзаруы арасындағы тәуелділік. Ескіру сызаттары кристалдың құрылымдық жетілмеген аумақтарында пайда болады (көбінесе, үлгінің беткі қабатында), ал олардың саны мен пайда болу жылдамдығы температураның артуымен артады. Материалдың ескіруге қарсы тұру қасиеті төзімділік деп аталады және төзімділік шегімен –кернеуліктің циклдерінің берілген санында бұзылусыз материалдың шыдай алатын максималды кернеулігімен сипатталынады.
Үйкеліс шартында бұйымның жұмысы кезінде материалдың тозуы – оның беткі қабатының бұзылуы салдарынан дененің өлшемі мен формасының тұрақты өзгеруі өтеді. Тозудың шамасын үлгінің массасын немесе өлшемін өлшеумен, кейде басқа әдістермен анықтайды. Тозуға қарсы тұру қабілеті материалдың тозуға тұрақтылық деп аталады.
Органикалық емес материалдардың (шыны, ситалдар, керамика) қаттылығы жоғары, пластикалылығы төмен және органикалық материалдарға қарағанда беріктілігі анағұрлым жоғары. Көп жағдайда олар морт бұзылуға бейім.
Органикалық материалдардың (жоғары молекулалық байланыс) құрылыс ерекшелігінің күшінде механикалық қысым әсерінен қайтымды (жоғары эластикалық) деформация айтарлықтай өсуге қабілетті, мысалы, каучукте және және резиналарда 100 пайыз. Алайда, олардың беріктігі мен қаттылығы аз. Органикалық материалдардың механикалық қасиеттерінің жалпы сипаты бастапқы материалдың физикалық күйімен, олардың макромолекулаларының иілгіштігі, молекула үстілік құрылымның бар немесе жоқ болуы, сондай-ақ мақсатты қоспалармен (толықтырғыштар, пластификтер, стабилизатор және т.б.) және сыртқы әсерлермен (температуралар, электромагнитті өріс, сәулелену және басқа факторлар) анықталады.