§ 5. Магнитттік қасиеттер
Заттар магнитттік қасиеттерге электрондардың қозғалуы кезінде (атомдық ядролардың магнитттік моменттері электрондардың магнитттік моменттеріне қарағанда мың есе кіші) пайда болатын магниттік моменттерінің арқасында ие.
Магнитттік моменттердің пайда болуына алып келетін екі негізгі электрондардың қозғалысының түрі: орбитальді (ядро айналасында орбита бойынша) және спиндік (өзіндік ось айналасында), сәйкесінше, орбитальді және спиндік магнит моменттері деп бөлінеді.
Спиндік магнитттік момент Бордың бір магнетонына тең, Дж/Т:
Мm сп = = 9,273 * 10-24, (1.39)
мұндағы, е, m – электронның заряды мен массасы.
Электронның осы екі негізгі қозғалысынан басқа ішкі магнит өрісін енгізгенде пайда болатын тағы біреуі бар. Бұл жағдайда тұйық орбита бойынша қозғалатын электрон өзінің қозғалыс траекториясын өзгертеді: сызықтың орнына спиральді болады.
Өзінің табиғатына байланысты магнитизмнің: диамагнетизм, парамагнетизм, ферромагнетизм, антиферромагнетизм және ферримагнетизм сияқты түрлерге бөлінеді. 1.5 – суретте магнит моменттерінің бағыттары көрсетілген.
|
↑ ↑ ↑ ↑
↑ ↑ ↑ ↑
↑ ↑ ↑ ↑
↑ ↑ ↑ ↑
2
|
↑ ↓ ↑ ↓
↓ ↑ ↓ ↑
↑ ↓ ↑ ↓
↓ ↑ ↓ ↑
3
|
↑ ↓ ↑ ↓
↓ ↑ ↓ ↑
↑ ↓ ↑ ↓
↓ ↑ ↓ ↑
4
|
1.5 – сурет. Әртүрлі магнитті орталардың заттардағы 0К кезіндегі көрші атомдармен магнит моменттерінің бағыттары: 1 – парамагнетик; 2 – ферромагнетик; 3 – антиферромагнетик; 4 – ферримагнетик
Негізгі магнитті сипаттарға тоқталайық. Дененің магнит моменті М дененің көлеміндегі V магниттелудің J туындысына тең:
Достарыңызбен бөлісу: |