Южно-Казахстанская область



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#7951
1   2   3   4   5   6   7

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Қазақстан  —  Қазақ  халқының  ата-баба  мекені,  ежелгі  қонысы.  Бұл 

жерде  ата-бабамыз  туды,  тұрды,  өмір  сүрді,  оның  топырағында  ата-

бабамыздың  кіндігі  кесілген  кең  жазира  жері.  Бұл  жерді  мекен  еткен 

көшпелілер  мен  отырықшылардың  бір-бірімен  шендескен  әлемі  ғасырлар 

қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті 

мен  діні  жаңғыра  түлеп,  әйгілі  күре  жолдардың  үстінде  саудасы  қызып, 

Шығыс  пен  Батыс  арасы  тұтастанып  жататын  болған.  Біздің  еліміздің 

жерінен  Жерорта  теңізінен  Қытайға  дейін  Еуразияны  көктей  өтіп  жатқан 

«Ұлы  Жібек  жолының»  керуендері  тоғысқан  кіндік  Азияны  басып  өтетін 

Қазақстандық телімі болған.  

Қазақстанның  табиғаты  таңғажайып:  мұнда  аспанмен  тілдескен 

мұзарт  шыңдарды,  тұңғиығы  тұнжыраған  жұмбақ  көлдерді,  ақ  жал 

толқындары  асау  арғымақтардай  көкке  шапшыған  шалқар  теңізді,  күні  от 

шашқан  шөлейтті,  арналы  өзен,  ну  орманды  көруге  болады.  Қазақстан 

картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы 

қазыналы.  Қазынаның  барлығы  да  Қазақ  жерінің  топырағында  тұнып 

жатқанын екінің бірі айтпай-ақ біледі. 

 Дегенмен,  жер  бедерінде,  негізінен,  жазық  далалы,  шөлді  және 

шөлейт  аймақтар  басым.  Олардың  арасында  Сарыарқа  мен  Үстірт,  Тұран 

ойпаты  мен  Батыс  Сібір  ойпаты,  Мойынқұм  мен  Бетпақдала  ұлы  өңірлері 

бар.  Таулы  аймақтар  республиканың  оннан  бір  бөлігін  алып  жатыр.  Оларға 

Алтай,  Жоңғар  Алатауы  және  Тянь-Шань  тау  жоталары  кіреді.  Ірі  өзендер: 

Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл. 

  Қазақстан 

Республикасы 

Еуразия 

құрлығының 

түкпірінде 

орналасқан.  Қазақстан  батыста,  солтүстік-батыста  және  солтүстікте 

Ресеймен,  оңтүстікте,  оңтүстік-батыста  Орта  Азия  республикалары 

Түрікменстан,  Өзбекстан  және  Қырғызстанмен,  оңтүстік-шығыста  және 

шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының 

жалпы ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі – 2 млн. 714,9 мың 

шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, 

Греция,  Норвегия  және  Финляндия  мемлекеттері  түгел  сыйып  кетер  еді. 

Міне,  Қазақ  даласы  –  кең  байтақ!  Қазақстан  жер  көлемі  жөнінен  Ресей, 

Қытай,  АҚШ,  Австралия  мен  Үндістаннан  кейін  алтыншы  орын  алады. 

Сондығынан  ғой,  күмбір  –  күмбір  көне  күй  мен  толғауы  тоқсан 

жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, 

Атырауы  –  айшылық,  Қаратауы  –  күншілік,»  —  деп  толғаған.  

Дала  төсінде  жаңа  өмір  шуағын  төгеді.  Оның  бауырындағы  буырқанған 

жасампоз  өмір  тіршіліктің  тоқтаусыз  соғып  жатқан  жүрегіндей.  Еңбеккері 

маңдай терін тамшылата төгіп жатса, сыршыл ақыны: 

 

                                Боз жорға, боз інгенді, боз торғайлы,  



                                Боз дала, ием саған, боз басымды! 

VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

  

– деп жүрек лүпілімен суарылған ақ қанатты жырына қосады. Ғылым 



адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. 

Соның  куәсі  –  адам  көкзеңгір  ғарышқа  қадам  басты,  айға  қонды,  жұмыр 

жерді  аялай  айналып  ұшты.  Ал  ғарышқа  жол  –  Байқоңырдан  от  алғанын 

мақтан  етпейтін  кім  бар?  Ғарышқа  қадам  жасаған  елдер  қатарында  біздің 

еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп 

мерейін  асырған,  Тоқтар  Әубәкіров  пен  Талғат  Мұсабаев  егеменді  елдің 

ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі 

ең  қымбатты,  ең  қасиеттісі,  ең  аяулысы  –  Анасына  балайды.  Ғаламындағы 

ғажап  тіршілігінің  қасиетті  мекенін  сүймейтін  адам  болмайды.  

«Отан  –  оттан  ыстық»,  «Ер  ел  үшін  туады,  ел  үшін  өледі»  —  деп  түйген 

халықтың  қаһарманы  Бауыржан  батыр:  «Отаның  үшін  отқа  түс  күймейсің», 

— дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр 

ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, 

ата-бабаларының  ерлік  дәстүрін  сақтау  арқылы  өздерінің  өшпес  даңқын 

шығарғандар.  

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін 

туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің 

жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Батырлар жырындағы: 

 

                               Атам күйеу болған жер,  



                    Анам келін болған жер,  

                   Кіндік қаным тамған жер

  

-  деген  қарапайым  жолдарда  адамның  туған  жерге  деген  шексіз 



сүйіспеншілігі  мен  терең  де  ыстық  сезімі  тамаша  бейнеленген.  

Қазақ  батыр  халық,  ержүрек  халық,  намысшыл  халық.  Ел  басына  қиын  – 

қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны 

қалғанша  қорғағанына  өткен  тарих  куә,  кешегі  сұрапыл  заман  куә.  

XX  ғасырдың  сүргінін  бастан  кешіп,  жаңа  мыңжылдықтың  табалдырығын 

жаңғырған  қалпында  аттаған  Қазақстан  өзінің  барша  төлтума  болмысын, 

жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, 

қызық  та  қилы-қилы  тарихын  әлем  халықтарының  алдына  жайып  салып, 

құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті 

жарастыру  үшін,  сұлулық  пен  парасаттың  салтанат  құруы  үшін,  жаппай 

келісімі  жарасқан  прогрессивті  адамзатпен  бір  сапта  болу  үшін  жаңаша 

өмірге қадам басты. 

 Байтақ  ел,  күн  сәулетті  Қазақстан  бүгінде  дамудың  даңғыл  жолына 

түсті.  Өлшеусіз  табиғат  байлығымен  ғана  емес,  ең  алдымен  сан  түрлі 

ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан 

—  өзі  орналасқан  аймақтың  ғана  емес,  бүкіләлемдік  проблемаларды 



VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

талқылауда  және шешуде  ықпалды рөл  атқаратын ел.  Қазақстан  Президенті 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  пікіріне  әлем  саясаткерлері  ықылас 

қоятын болды. 

 Егемендік  алған  жылдар  ішінде  өзіне  тән  барлық  институттары  бар, 

әлемдік  қауымдастықтың  ықпалды  мүшесі  болып  табылатын  мемлекет 

құрылды, 

оның 


қауіпсіздігі 

мен тәуелсіздігі 

қамтамассыз 

етілді. 


Конституциялық  жолмен  мемлекеттік  және  саяси  билік  құрылымдарын 

жаңарту  негізінде  елдің  демократиялық  жолмен  дамуының  берік  іргетасы 

қаланды.  Елдің  ішкі  экономикалық  жүйесі  түбірімен  өзгеріп,  дамыған 

өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен 

институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада 

өз орны бар елге айналды. 

 Он бес жыл ішінде Қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін — 

өзі  тану,  өзінің  бай  ежелден  қалыптасқан  тарихы  мен  ұлттық  дәстүрлерін 

құрметтеу,  ұлы  тұлғаларын  бүкіл  дүниеге  таныту,  бай  рухани  қазынасын 

әлемдік  өркениетпен  ұластыру  бағытында  қыруар  шаруалар  атқарылды.  

Ең  бастысы,  Қазақ  халқымен  бірге  әр  түрлі  этностардың  да  отаны  болып 

табылатын  біздің  еліміз  бүкіл  әлемге  қоғамдағы  татулық  пен 

ынтымақтастықты  сақтаудың,  әр  түрлі  ұлттық  мәдениеттер  мен  діндердің 

үйлесімді  дамуына  қамқорлық  жасаудың  жарқын  үлгісін  көрсетіп  берді.  

Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын Қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян 

халықтарының  өкілдері  орыс  және  украин  халықтары.  Сонымен  қатар  ең 

елеулі  этносты  құрайтындар  өзбек.  немістер  және  татар  халықтары.  Осы 

біздің  елдегі  халықтар  басын  біріктіріп,  олардың  ұлттық  тегіне  қарамастан, 

теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.  

Қаншама  рет  туы  тігіліп,  қаншама  рет  туы  қайта  қисайған,  қаншама 

мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі 

жас  Қазақ  халқы  қайтадан  әлемдік  дүбірге  қосылып,  әлем  елдерімен  иық 

тіресуде.  

 

Тәуелсіздік –  ең  алдымен  Қазақ  халқының  бостандыққа  ұмтылған 



асқақ  армандары  мен  қайсар  рухының  жемісі.  Сондықтан  да  біз 

үшін Тәуелсіздіккүні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес 

мемлекет  ретінде  әлемге  танылды.  Елбасының  «Қазақстанның тәуелсіздігі 

қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді 

бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү 

бұл  даусыз  және  саяси  фактіге  ешкім  күмән  келтірмеуі  тиіс»,  —  деп  атап 

көрсетуінде үлкен мағына жатыр. 

 Осы  жылдар  ішінде  елімізде  қыруар  істер  атқарылды.  Атап  айтсақ 

тарихи  жеріміздің  шекарасы  халықаралық  шарттарға  сай  бекітілді. 

Мемлекеттік  рәміздеріміз,  Ата  заңымыз,  ұлттық  валютамыз  және 

Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

таң  қалдырып,  жаңа  Астанамыз  дүниеге  келді.  Әлемдік  қауымдастық 

алдында  «Қазақстан  Республикасы»  деген  асқақ  рухты  елдің  екенін 

мойындаттық.  Ел  экономикасы  да  жылдан-жылға  нығайып,  мәдени,  рухани 

даму  деңгейі  белеске  көтерілуде.  Өзіне  тәң  барлық  институттары  бар, 

әлемдік 


қауымдастықтың 

ықпалды 


мүшесі 

болып 


табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.  

Жыл  сайынғы  ел  Президенттің  халыққа  арналған  Жолдаулары  мен 

қабылданған  мемлекеттік  бағдарламалар,  стратегиялық  бағыттардың 

барлығы  да  қарапайым  халықтың  тұрмысын  жақсартып, тәуелсіздігімізді 

нығайтуға  бағытталды.  Елбасы  өз  Жолдауында  ішкі  саяси  мен  ұлттық 

қауіпсіздіктің  2020  жылға  дейінгі  негізгі  мақсаттары  қоғамда  келісім  мен 

тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені 

жетілдіруде  құқықтық  реформаның  маңызды  рөл  атқарылатының,  құқық 

қорғау  жүйесін  реформалау  бойынша  құқық  қорғау  органдары 

функцияларындағы  орын  алған  жағымсыз  факт  орлардан,  сондай-ақ  құқық 

қорғау  жүйесі  қызметіндегі  мөлдірлік  пен  бақылаудың  жоқтығынан 

туындаған 

проблемалардан 

арылудың 

қажеттігін 

атап 


көрсетті.  

Елбасы  өз  Жолдауында  құқық  қорғау  жүйесін  реформалаудың  бағыттарын 

көрсетіп  берді,  олар  –  құқық  қорғау  жүйесін  оңтайландыру,  әрбір 

мемлекеттік  органның  нақты  құзыретін  белгілеу,  заңдарды  ізгілендіре 

отырып  сапасын  арттыру,  құқық  қорғау  жүйесінің  қызметінде  ішкі 

ведомстволық  мүддеден  азаматтардың  құқық  пен  мемлекеттің  мүддесін 

қорғауға  ауыстыру.  Парламенттік  және  қоғамдық  қатал  бақылауды 

қамтамасыз  ету,  құқық  қорғау  органының  қызметінде  есептілік  пен  бағалау 

жүйесін  жетілдіру.  Сондай-ақ,  қазіргі  күнде  жүзеге  асырылып  отырған 

қамауға  алу,  үйде  қамауда  ұстау  түріндегі  бұлтартпау  шараларын 

қолданудың  сотқа  берілуі  азаматтардың  конституциялық  құқықстарының 

сақталуының 

кепілі 

болып, 


сот 

жүйесінде 

қолдануда 

жақсы 


қорытындыларын көрсетуде.  

Жолдауда  айтылған  бағыттарды  жүзеге  асыру  сот  жүйесіне  деген 

халықтың  сенімін  арттыру  біздің  міндетіміз.  Жиырма  жылдық  бізге  тек 

бақыт  пен  ырыс  алып  келсін.  Еліміз  аман,  жұртымыз  тыныш  болсын. 

Еуразияның кіндігі қасиет қонған Астана гүлденіп жайнай берсін. 

 

 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Түгелкелді Арайлым 

6 «а» сынып оқушысы 

ОҚО Бәйдібек ауданы Шаян ауылы 

«М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп»МКМ                          

                                          Жетекші: Садыбек Дина 

 

 

Еңселі елден – мәңгілік елге 

 

Ұшы  қиырына  көз  ілеспес  мына  кең  алқапта  –  желден  жүйрік 

тұлпардың  құлағында  ойнаған,  сұңқардай  қос  қанатын  көкке  еркін 

қалықтатқан азат елім – қазақ елінің мекен еткен көк жазира жайлауы. Көрсе 

көз  тойғысыз  табиғаты  небір  жанарды  өзіне  еліктірді  десеңші?!  Кенді 

шығысы  мен солтүстігін Ресей империясы, шөбі шүйгін, Жетісуын жоңғар-

қалмақ  жұрты,  шырайлы  оңтүстігіне  көз  сүзген  Қоқан  хандығы  көркем 

болмысты иемденбек болды. 

Әбілқайыр  иелігіндегі  қазақ  жерін  Керей  мен  Жәнібек  басқарып 

отырған.  Тұтқиылдан  жасалған  шабуылдар халық  мазасын  алды.  Керей  мен 

Жәнібек бастаған, хан озбырлығына көнбеген 200 мың халық Шу мен Талас 

бойына қоныс аударды, сөйтіп 1465 жылдан бастап Қазақ хандығы құрылды. 

Билеушісі  Керей  хан  болып  сайланды.  Сол  айтулы  күннен  бастап  Қазақ  елі 

жеке бір хандық болып, тарих төрінен орын алды. 

Қазақ хандығының  пайда болу тарихын айтып кеттім. Әрине, хандық 

болғаннан кейін,  хандық билікте болуы  тиіс.  Керей  мен Жәнібек хандардан 

кейін қазақ еліне көп пайдасы тигізген хандардың бірі  – Қасым хан. Қасым 

хан  бүкіл  Дешті  Қыпшақтың  толық  билеушісіне  айналды.  Оның  тұсында 

халқының  саны  1  миллионға  жетті.  Абдаллах  бен  Мұхаммед  бен  Әли 

Насруллах:  “Қасым  хан  бүкіл  Дешті  Қыпшақтың  падишасы  болды.  Ол  ұлы 

істер жасау үшін туған еді. Қасым ханның қисапсыз көп әскері қазақтар мен 

ноғайлардан  құралған”,  -  деп  оны  халқының  бағына  туған  ерекше  тұлға 

ретінде  бағалайды.  Қасым  хан  өзінің  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»  атты 

заңдар  жинағын  шығарған.  Бір  сөзбен  айтқанда  бұл  заң  –  қазақ  халқының 

елдік  санасын  негіздеуге  шешуші  қызмет  атқарған  ерекше  құжат  болған.Ол 

сол  кездегі  мұсылман  елдерінде жаппай  қолданып  жүрген  шариғат  заңынан 

өзгеше  қазақ  өміріне  үйлесімді  заң  болды.  Қасым  ханның  өлімінен  кейін 

Қазақ хандығында ұзаққа созылған дағдарыс басталып, қазақ елі шашыраңқы 

бола бастады. 

Қазақ хандығының дүрбелең кезеңінде билікке келген Жәңгір ханның 

баласы Тәуке хан елдің күш-қуатын арттыру, хандықты нығайту үшін  саяси 

реформа жасады. Қоғамдық-саяси өмірде бұл тәртіп «Жеті жарғыда» көрініс 

тапты.  Тәуке  хан  Ресей  және  Жоңғария  мемелекеттерімен  тығыз 

дипломатиялық әрі сауда қатынастарын орнатты. А.И.Левшин «Қазақтардың 



VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

алтын  ғасыры,  ол  әйгілі  Тәуке  хан  билік  құрған  жылдар»,  бұл  «қой  үстіне 

бозторғай жұмыртқалаған заман» деп атап көрсеткен. Тәуке ханның ел үшін 

сіңірген  еңбегі  мына  қырынан  ерекше  көрінеді.Ол  елдің  іргесін  аман 

сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп,  сыртқы дұшпанға тойтарыс 

берді,  елдің  ішкі  жағдайын  реттеу  үшін  саяси-құқықтық  тәртіпті  күшейтіп, 

мемлекеттік  Кеңес  және  билердің  қызметін  қолдады,  елдің  шаруашылық 

өміріне  көңіл  бөліп,  қала  мен  даланың  үйлесіп  тіршілік  жасауына  ұйытқы 

болды.  Тәуке  ел  билеген  кезеңде  сауда  саттық  өсіп,  хандықтың  қалалары 

нығая түсті. 

Тәуке ханнан кейін Қазақ елінің өркеюіне себепкер болған  - Абылай 

хан.  Абылай  өз  заманының  көреген,  ақылды  саясаткері,  жаужүрек  батыры, 

өткір  ойлы,  дарынды  дипломаты  болған.  Абылай  сынды  ханның  шебер 

дипломатиялық саясаты нәтижесінде XVIII ғасырдағы көшпелі этностардың 

ішінде  қазақтар  алдынғы  орынға  шықты.  Осы  кезеңге  Ш.Уәлиханов: 

«Абылайдың  ғасыры  –  қазақтың  ерлік  ғасыры  болып  табылады»  деген  баға 

берді.  Оның  мемлекеттік  қайраткерлігі,  жеке  басының  ерлігі  мен 

данышпандығы  күрделі  заманда  айқын  көрінді.  Абылай  қазақ  хандығын 

қуатты  мемлекетке  айналдыруды  мақсат  етті.  Өзінің  ақылдылығымен, 

парасаттылығымен  жүргізген  ішкі  және  сыртқы  саясаты  барысында  Қазақ 

хандығы  қуатты,  біртұтас  мемлекетке  айналды.  Абылай  ханның  тұсында 

қазақтардың саны 3 миллионға жетті. Қазақ халқының рухы көтеріліп, мерейі 

үстем болды. 

Әр жанға болашағына деген жарқын үміт сыйлар мерейлі жеңістермен 

қатар еліміздің басына қара бұлттай қарпыған сұм, әрі суық күндер де өзінің 

белгісін  бере  бастады.  Сондай  күндердің  бірі  еліміздің  бодандық  заманына 

енуі еді. Еліміздің еңсесін түсірер, жан түршігерлік қатулы заманда ел болып 

қалу,  әлде  құрдымға  кету  мәселелері  аштық  кезеңдерде,  сұрапыл  соғыс 

заматтарында  әр  көкейді  толғандырғаны  да  анық.  Алайда  «елім,  жерім, 

атамекенім»,  деген  жастардың  өзі  де  болашақ  ұрпақтың  алдындағы  терең 

жауапкершілікті сезіне білді. Солардың бірі - Алашорда қайраткерлері.  

Алаш  зиялылары  қазақ  халқының  ұлттық  мүдделерін  қорғады,  оның 

мәдениеті мен тілін қайта түлетуді мақсат етті. Ол өз еңбектерінде алдыңғы 

қатарлы  озық  халықтардан  қазақтардың  қаншалықты  артта  қалып  қойғаның 

көрсетіп,  ұлтты  «оянуға»,  қазіргі  мәдениет  пен  білімді  меңгеруге,  ел 

тәуелсіздігі үшін күреске шақырды. Жалындаған жүректерден шыққан Отан 

мәселелері,  толғаулары,  сағыныштары  әр  азаматты  бостандыққа  жетеледі. 

Елінің егемендігі, тәуелсіздігі – олар үшін ең құнды асыл болды. 

1991  жылы  16  желтоқсанда  Қазақстан  өз  тәуелсіздігін  жариялады 

және  ғасырлар  бойы  қоғажу  көріп,  ұмыт  бола  бастаған  тілін,  салт-дәстүрін 

қайта  жаңғыртып,  тәуелсіздік  туын  биікке  көтерді.  Республика  өз 

тәуелсіздігін  жариялағаннан  кейін  мемлекет  басшысын  сайлау  заңдылық. 

Осы мақсатпен 1991жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

өткізіліп,  халықтың  бірауыздан  қолдауымен  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстанның 

Тұңғыш Президенті болып сайланды. 

Міне, қазір арадан небәрі 24 жыл өтсе де, жұртымыз сол кезеңдерден 

бері  орасан  зор  белестерге  жетуді  армандады.  Жұртымыз  аман,  еліміз 

тыныш,  осынау  күндер  –  ата-бабаларымыздың  нағыз  еңбектерінің  жемісі, 

мәңгілік елдің негізі.  

1997  жылы  мемлекет  Президентінің  Қазақстан  халқына  “Қазақстан-

2030”  жолдауы  жарияланды.  Онда  республиканың  қазіргі  жағдайына  жан-

жақты  талдау  жасалады,  болашақ  дамуы  ашылып  көрсетілді.  Ұлттық 

қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі, жоғары деңгейдегі 

шетелдік  инвестициялар  бар  дамыған  нарықтық  экономикаға  негізделген 

өрлеу,  Қазақстан  азаматтарының  денсаулығы,  білімі  және  игілігі, 

энергетикалық  ресурстар,  инфрақұрылым,  әсіресе  көлік  және  байланыс 

сияқты“ұзақ  мерзімді  басымдылық  мақсаттары”  нақты  айтылған. 

Бағдарламаның ерекшелігі – әрбір басымдық нақты және ерекше міндеттерді 

шеше отырып, жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.  

Н.Ә.  Назарбаев    “Қазақстан  –  2030”  бағдарламасының  табысты 

орындалуын қорытындылай келе, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған жаңа 

“Мәңгілік ел – 2050” стратегиясын ұсынды. Бұл 2014 жылы 17 қаңтардан бері 

жүзеге  асырылып  келе  жатқан,  мемлекетімізді  ілгері  ұмтылдыратын 

жолдаулардың  бірі.  “Мәңгілік  ел”  жолдауында  көрсетілгендей,  біздің  басты 

мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттердің қатарына қосылумен 

қатар  дамыған  экономиканың  және  жалпыға  ортақ  еңбектің  негізінде 

берекелі  қоғам  құру.  “Бұл  үшін  елімізде  барлық  мүмкіндіктер:  ресурстар, 

білімді  адамдар,  жұдырықтай  ұлт  бар”  -  деді  өз  сөзінде  Қазақстан 

Республикасының Президенті. Бүгіннің биігінен қарап, 24 жыл ішінде жеткен 

жетістіктерімізді  сараласақ,  Қазақстан-2030  стратегиясында  белгіленген 

негізгі  міндеттер  орындалды,  қалғандары  орындалу  үстінде.  Ең  бастысы  – 

біз,  егеменді  ел  болып,  тәуелсіз,  әлем  елдері  мойындаған  мемлекетке 

айналдық, халықтар достығы мен саяси тұрақтылығы берік ел атандық. 

Жолдаудың ең басты бір тармағы  – “туған тіл” болып табылады. Тіл 

адамдардың  өзара  байланысқа  түсуі  үшін  қажет  құрал.  Саяси  мәселелер, 

әлемдік  жағдаяттар  мен  жаһандық  даулардың  бәрі-бәрі  осы  тіл  арқылы 

шешімін  табады.  Шетелде  жүрген  қазақ  жерлесін  түр  әлпетінен  емес,  туған 

тілін естіген соң таниды. Дәл осы бабаларымыздан келе жатқан, сан ғасырлар 

ағынымен  қазіргі  таңға  жеткен  ұлы  қазақ  тілі  –  күллі  алаштың  аса  бағалы, 

мақтан  тұтар  байлығы.  Тұғыры  биік,  талғамы  жоғары  Ұлы  дала  ұрпағы 

мемлекетімізді  Мәңгілік  елге  айналдыру  жолында  өткенін  ұмытпай,  тілін 

қастерлеп қана келешекке аттана алады. Елбасы бұл ұранды ұстана отырып, 

стратегиясының  басты  шартына  жас  буынға  ұлттық  тілімізді  насихаттауды 

ерекше  көздегелі  отыр.  Оған  қоса  білім  ордаларында  оқыту  ісін  3  тілде 

жүргізуді  заманауи  талап  дейді.  Мен  Айша  бибі  атындағы  дарынды  қыз 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет