Байланысты: 8 АКТ 1 ЮНЕСКО әзірленген АКТ құзыреттілігі стандарттары
Білім беру бағдарламас ы және бағалау ХХІ ғасыр дағдылары. Бұл тәсіл
барысында білім беру
бағдарламасы мектепте
оқытылатын пәндерді білу аясынан
тыс қарастырылады, яғни оған
проблемаларды шешу, қарым-
қатынас жасау, ынтымақтастық
орнату қабілеті және сын
тұрғысынан ойлау сияқты 21 ғасыр
дағдылары кіреді. Сондай-ақ
оқушылар өз мақсаты мен
болашақтағы жоспарларын
анықтай алуы тиіс. Бағалау осы
үдерістің бір бөлігі болып
табылады; оқушылар өзінің және
өзгенің өнімінің сапасын бағалай
алуы тиіс.
Мұғалімдер күрделі танымдық ойлау
үдерісін, оқушылар қалай білім
алатынын біліп, олар кездесетін
қиындықтарды түсінуі тиіс.
Мұғалімдер осы күрделі үдерістерді
қолдау үшін қажетті дағдыларды
меңгеруі керек.
Педагогика Өзін-өзі басқару. Оқушылар білім
алушылар қоғамдастығында жұмыс
істейді, онда олар өз білімінің
өнімін құруға, жаңа білім алуға
және бір-бірінің білімін дамытуға,
сонымен қатар оқыту дағдыларын
игеруге үнемі ынталандырылып
отырады.
Бұл тәсілдегі мұғалімнің рөлі оқу
үдерісін модельдеуден, оқушылар
өздерінің танымдық дағдыларын
қолданатын жағдайларды
құрылымдаудан және оқушылар жаңа
білімді игеру кезінде оларға көмек
көрсетуден тұрады.
АКТ Көптеген техникалар мен құралдар.
Білімді меңгеру, сондай-ақ бірлесе
білім алу кезінде кез келген
уақытта, кез келген жерде
қоғамдастық құру және оған қолдау
көрсету үшін түрлі желілік
құрылғылар, сандық ресурстар
және электрондық қабықтар мен
қабаттар пайдаланылады.
Мұғалімдер оқушылардың білім алу
қабілетін дамытуға қолдау көрсету
үшін, сонымен қатар олардың үздіксіз,
рефлексиялық оқуына ықпал ету үшін
білімге және АКТ-ны қолдануға
негізделген қоғамдастық құра алуы
тиіс.