Юнисеф модульдері Пән атауы: «Мейіргер ісіндегі әлеуметтік жұмыс»



бет1/4
Дата09.06.2023
өлшемі0,78 Mb.
#100296
  1   2   3   4
Байланысты:
ЮНИСЕФ слайд

ЮНИСЕФ модульдері

Пән атауы: «Мейіргер ісіндегі әлеуметтік жұмыс»

Мамандық: «Мейіргер ісі»

Жоспар

Кіріспе

ЮНИСЕФ тарихы

Негізгі бөлім

ЮНИСЕФ мақсаты мен міндеті

Қазақстандағы ЮНИСЕФ қызметінің негізгі бағыты

Патронаждық медбике жұмысының ресурстық модульдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

ЮНИСЕФ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. БҰҰ-ның негізгі мекемелерінің бірі,екінші жаһан соғысы тауқыметін тартқан Еуропа балаларына гуманитарлық көмек қоры. 

Тарихы

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шеккен балаларға көмек көрсету негізінде 1946 жылы 11 желтоқсанда Испанияда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық төтенше жағдайлар қоры (ЮНИСЕФ) атымен құрылды. Қор уақытша жұмыс жасайды деп жоспарланды, бірақ 1953 жылы БҰҰ ұйымның қызмет аясын кеңейтіп, оның өкілеттік мерзімін белгісіз мерзімге ұзартып, өзінің бастапқы аббревиатурасын сақтай отырып қазіргі UNICEF атауын алды. Ұйымның Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан.

Бүкіл әлемдегі серіктестерінің күшін біріктіре отырып, ЮНИСЕФ оларды өмірлік қиын жағдайда қалған аса ұрымтал балаларға және отбасыларға қолдау көрсетуге бағыттайды.

ЮНИСЕФ Қазақстанда

  • 16 ақпан 1994 жылы тәуелсіз Қазақстан алғашқы халықаралық құжаттардың біріне – Бала құқықтары туралы конвенцияға - қол қойды.
  • 1992 жылдың ақпанында БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы балалардың жағдайына баға беру үшін жас тәуелсіз республикаға алғашқы миссиясын ұйымдастырды. Осыдан кейін жүзеге асырылған барлық балаларға қызылша мен полиомелитке қарсы екпе жасау жобасы ЮНИСЕФ үшін Қазақстандағы тұңғыш жоба атанды.
  • Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт бойы жасаған жұмысы аясында ЮНИСЕФ мандаты айтарлықтай өзгерді: екпе, дәрі-дәрмек және басқа да материалдық көмек жеткізуден бастап, біз қоғам әлеуетін нығайтуға және балалар мен отбасылардың ең игі мүдделері үшін озық әлеуметтік технологиялар енгізуге көштік. ЮНИСЕФ Үкіметпен, жергілікті билік органдарымен және азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастықта Қазақстандағы балалардың жағдайын жақсарту үшін жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет