№4 – дәріс. Термин адам қызметінің ғылыми саласының негізгі бірлігі
және ғылыми сөйлеу стилінің негізгі лексикалық компоненті. Ғылыми-
техникалық терминология жоғары мамандандырылған терминдер.
Кәсіби терминология ғылыми стильдің негізгі белгісі ретінде.
Терминді айтпас бұрын терминология дегеніміз не екеніне тоқталуды
жөн көрдім.
Терминология
–
белгілі бір білім саласында қолданылатын
терминдердің жиынтығы.
Термин - (лат. тerminus - шек, шекара) – ғылым, техниканың, өнердің
және қоғамдық тұрмыстың т.б. саланың белгілі бір ұғымының немесе
заттың дәл (ауыспалы немесе бейнелі түрде емес) мағынасын білдіретін
немесе нақты мән-сипатын аңғартатын сөз немесе сөз тіркесі.
Терминдердің басқа сөздерден айырмашылығы,
олар бірмағыналы,
қысқа болады, эмоциялылық және экспрессия жоқ, стилистикалық бейтарап.
Кейбір терминдер өзінің ерекше сипатын жоғалтып, әр түрлі сөйлеу стилінде
кеңінен қолданылады. Терминология білімнің белгілі бір саласы
терминдерінің жиынтығы ретінде кез келген тілде
кәсіби қызметпен
тығыз
байланысты. Адам қызметінің белгілі бір саласында жұмыс істейтін маман
терминологияны меңгермей, өз мүмкіндіктерін
толыққанды іске асыра
алмайды. Терминдердің арасында термин-синонимдер де кездеседі, мысалы,
пневмония-өкпенің қабынуы
, грамматикалық модель
–
грамматикалық
құрылым, дисфазия
–
афазия. Терминологияда пәнаралық терминологиялық
омонимия таралған. Бір термин осы тілдің түрлі терминологиясына кіре
алады. Мысалы,
реакция
термині химия, саясат, физиологияда кездеседі.
Терминологиялық лексика екі топқа бөлінеді:
тарсалалық
және
жалпы
ғылыми
терминдер.
Тарсалалық терминдер жекелеген ғылым шеңберінде ғана кездеседі:
математика, физика, химия, информатика және т. б.
Тарсалалық
терминдер ерекше функционалдық оқшаулығымен сипатталады,
көбінесе
мамандарға ғана белгілі. Олардың басқа стильдерде қолданылуы шектеулі.
Жалпы ғылыми терминдер
ғылымның әртүрлі салаларында кездеседі,
олар барлық адамдарға түсінікті, оларды жалпыға түсінікті деп аталады.
Термин тек бір терминологияның құрамына кіруі мүмкін, және де әртүрлі
терминологияларға, мысалы,
операция
(ота
) – медицинада, қаржы
саласында, әскери істе;
ассимиляция
–
биологияда, этнографияда,
лингвистикада кіруі мүмкін. Терминологияда
детерминологизация
және
терминдену
үрдісі кездеседі.
Детерминологизация дегеніміз терминнің
жалпы қолданылатын лексикаға ауысуы) және терминдену жалпы
қолданылатын сөздің терминге ауысуы, мысалы, «жалғау – окончание»).
Қазіргі жағдайда терминге қойылатын
маңызды талап оның
халықаралық сипаты, халықаралық стандарттарға сәйкестігі болып
табылады.
Сондықтан кез-келген сөзді термин деп тани алмаймыз. Осы орайда
академик Ә.Қайдардың: «Терминнің бәрі – сөз, ал сөздің бәрі – термин емес»,
- деген пікірі, М.Ізімұлының: «Термин қалыптастыру – көзсіз аудармалау,
жасанды сөзжасам тудыру, «қазақы» балама жапсыру емес»
деген
ойларының астарында үлкен мән жатқандығы ескерілу қажет.
Терминдерді оқытудың басты мақсаты:
болашақ маманға
мамандыққа байланысты ана тіліндегі сөздерді үйретіп, сөздік қорын байыту.
Термин сөздерді келешекте қызмет барысында қолдану олардың білімді де,
іскер, өз саласын жетік меңгерген жан-жақты терең білімді маман болуына
аса қажет. Сонымен қатар, студенттер термин жүйесін үйреніп, кәсіби
сөздерді
меңгеру
үшін
ғылыми-техникалық
стильде
жазылған
шығармалармен
жұмыс істеуі қажет, яғни оқытушы студенттің ғылыми
әдебиетпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, сол арқылы ғылыми –
зерттеу жұмыстарына икемдеуі қажет. Себебі, мамандыққа байланысты
термин сөздерді меңгертуде сақтық қажет. Бұдан шығатын қорытынды:
термин
сөз бұл логикалық жіктеу ережесіне бағынуы шарт. Сонымен қатар
терминнің құлаққа сіңімді, көкейге қонымды болуын қадағалап отырған жөн.
Ғылым мен техникада терминдердің мәні күшті. Ғылым мен
техниканың белгілі бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің
мағынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете түсіну қажет.
Термин жасауда негізгі мынадай тілдік
тәсілдердің басты нысанаға
алынатындығы баршамызға аян.
Біріншіден, қазақтың өз сөздерін термин қатарына тарту;
Екіншіден, туыстас түркі тілдерінің сөздік қорын және озық
тәжірибелерін пайдалану;
Үшіншіден, халықаралық терминдерді алғанда тіліміздің дыбыстық
ерекшеліктерін ескеру.