Ювенильді кезең


лекция Әртүрлi психотерапиялық бағытта жұмыс жасау бойынша жобаны құрастыру



бет40/41
Дата06.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#15018
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

15 лекция Әртүрлi психотерапиялық бағытта жұмыс жасау бойынша жобаны құрастыру.

  • Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық импровизация қолданылады және клиентке деген маңызды проблемаларымен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген.
  • Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Леви Морено (1892- 1947) соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркінде қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды.
  • Психодраманың мақсаты- адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу, өзін- өзі тануды тереңдету. Қайғы- уайымдарды сөздік бейнелеуге негізделген басқа әдістемелерге қарағанда, психодрама клиентке тереңде жатқан эмоцияларын ашық және әрекетті формада шығаруға көмектеседі. Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі психологиялық проблемаларды (күнделікті тұрмыстықтан бастап, экзистенциялдыға дейін) шешудің эффективті жолдарын іздеу жүзеге асырылады. Клиент жүргізушінің және топтың көмегімен өзінің өміріндегі маңызды жағдайларды драмалық әрекетпен көрсетеді, оның проблемасына қатысы бар көрсетілімдерде ойнайды. Іс- әрекеттер проблеманы анықтау және нақтылау үшін ықпал ететіндей құрылады. Жаңа рөлдер, альтернативті, аффективті және қылық- әрекеттік стильдер анализделеді, проблеманы шешудің конструктивті моделін іздеу және апробирлеу жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет