З. А. Абдрахманов А. Ш. Смаилова


Жүгіру және жүгіру жылдамдығы



Pdf көрінісі
бет13/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,47 Mb.
#125818
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83
Байланысты:
Abdrahmanov (2)

Жүгіру және жүгіру жылдамдығы. 
«Сӛреге!» бұйрығы 
бойыншы сӛре сызығында желаяқ ӛзіне берілген орында тұрады. 
Итерілетін аяқ сызық бойында, ауыстыратын аяқ 2-2,5 табан 
артта тұрады. Кеуде 40°-45° бүгілулі, аяқ жамбас пен тізе 
буынынан бүгулі. Желаяқтың тұрысы нық әрі ыңғайлы болуы 
қажет. Қолдар шынтақтан бүгулі әрі аяққа қарама-қарсы 
қойылуы керек. Желаяқтың кӛзі алдағы жүгіретін жолға 
бағытталуы міндет (3-4м алға). 
«Баста!» деген бұйрық берілген немесе тапанша дауысы 
шыққан кезде спортшы белсенді түрде жүгіруді бастайды. 
Сӛреден спортшы еңкейген күйде шығады, бірте-бірте жүгіру 
қалпына келеді. Ол уақытта белдің бүгілуі 5°-7°болады. Сӛреден 
шығу қашықтықтың ұзындығына байланысты. 800 м жүгіргенде, 
спортшылардың міндеті алғашқы 100 м ӛз жолдарында жүгіріп, 
жолдың шетінен бірінші болып орын алу. Бұл жерде айта кететін 
жайт: 
1)
15-20 м созылатын сӛреден тез шығу; 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


29 
2)
Желаяқтың жалпы жолға шығудағы белсенді жүгіруі, 
жүгіру жылдамдығы қалыпты жылдамдыққа ауысатын кез. 
Әдетте, 800 м қашықтықтабірінші 100 м жылдамдық 
қарқынды ӛтеді,басқаларға қарағанда, мәреге жеткенде де солай 
болады. 
Басқа қашықтықтарда сӛреден жүгіріп шығу белсенділігі аз 
10-15м, бұл жерде ең бастысы, екінші жолақта жүгірмеу үшін 
басын тез бастау арқылы шеткі жолақтан орын алу. Ал, содан 
кейін қалыпты жылдамдыққа оралу. 
Қашықтық бойынша жүгіру.
Тік жолақтағы жүгіру 
техникасы 
мен 
бұрылыстағы 
жүгіру 
техникасының 
қашықтығында айырмашылық бар. Жақсы жүгіру техникасы 
келесі негізігі белгілерге сүйенеді: 
-
дененің алға қарай аздап еңкеюі (4 - 5°); 
-
иық бойы босатылған; 
-
жауырын аздап шығыңқы; 
-
бел сәл бүгілген; 
Осындай белгіде тұру- жүгірудің ең негізгі тәсілі, бұлшық 
еттердің шамадан тыс салмаққа ие болуына мүмкіндік бермейді. 
Жүгіру уақытында қолдар 90° бүгілген, саусақ бүгулі. 
Қолдың қимылы маятниктің қимылына ұқсайды, бірақ осы 
тұрғыда иықты кӛтерудің қажеті жоқ. Қолдың қимылының 
бастауы: 1) алға – ішке, қол алға қарай қимылдағанда кеуде 
тұсына жетеді; 2) артқа – сыртқа, қолды жан-жаққа немесе артқа 
жібермеу. Негізі қолдың барлық қимылы арқылы жүгіру бағыты 
айқындалады, жоғарыда айтып кеткендей қолдың қимылы жан-
жаққа немесе артқа жіберілген жағдайда дене бұрылып, уақыт 
және күш жағынан ұтылып қалады. Иық сүйектерінің қимылы 
жүгіру жылдамдығына байланысты. Жылдамдық жоғары болған 
сайын иық қимылында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет