"Көрсетуге арналған портфолио" (демонстрационное портфолио) -
оқушылардың жетістіктері мен табысын көрсететін, жұмыстарын сақтайтын
папка, Оған "жалпы портфолиодан " алынған ең жақсы деген жеке жұмыстары,
баланың өзінің жетістіктері туралы ойлары, бұл жұмыстарды таңдап алу
негіздемесі кіреді.
Кіріктірілген курс - бірнеше пәндерді бір пәнге біріктіріп оқытатын курс.
Кіріктірілгеноқу жоспары- бірнеше тақырыптык, саланы қамтитын, нақты бір
топқа арналып жоспарланған сабақтар тізімі.
Кинестетика (гректің. kinema- қозғалыс, aisthesis-сезу деген мағынаны береді)
дененің барлық органдарының қозғалысы мен сезуін бас миына жеткізетін және
оларды талдайтын анализатор.
Күрделі кемістік- екі немесе одан да көп дене және психикалық кемістігінің
ұштасуы.
Қ Қалыптастыру - ішкі, сыртқы, табиғи және әлеуметтік, объективтік және
субъективтік факторлардың жиынтықтығының әсер етуімен болатын жеке
адамның немесе оның жеке қасиеттерінің дамуындағы өзгерістер.
Қарым-қатынас - ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және
байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді біріктіру және үйлестіруге
бағытталған адамдардың өзара әрекеті.
Қарым-қатынас шеберлігі - жеке немесе топтағы барлық балалармен, олардың
ата-аналарымен, жұмыстағы әріптестермен, мекеменің әкімшілігімен лайықты
қарым-қатынас құру кезінде көрінетін шеберлік.
Қатар әңгіме - бала бірнәрсемен шұғылданып жатқанда, үлкен адамның оны
баяндап тұруы. Қатар әңгіме- баланың тілін дамытып, нақты бір істі немесе
ортаны сипаттауы үшін сөздер таңдап алуына, оны дыбыстай алуына көмектеседі.
Қатар ойын - балалардың бір-бірімен қатар ойнауы немесе басқа балалардың
ойынына қатыспай оларды сырттай бақылауы.
Қатер тобындағы балалар - ерте қолға алынбағандықтан әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен, дене және
психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа
дейінгі балалар.
Керек жарақтар - ойын кезінде балалар қолданатын материалдар мен заттар (бас
киімдер, драмалық ойындарға арналған костюмдер, ойыншық жол белгілері,
құммен, сумен ойнауға қажет қалақшалар мен шелектер, суқұйғыштар, әртүрлі
кубиктер және т.б. заттар).