З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет32/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Жасты кезеңдерге бөлу - анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік-
психологиялық белгілеріне қарай адамның өмірін кезеңдермен бөлу: кезеңдерге 
бөлудің келесідей көрсетілген түрлері қабылданған: сәбилік кезең (0- ден 1-ге 
дейін); балалық шақ (1-ден 3-ке дейін); мектепке дейінгі кезең ( 3-тен 6-ға дейін); 
кіші мектеп жасы ( 6-дан 10-ға дейін); жеткіншек кез (10-нан 15- ке дейін); 
жасөспірім шақ (15-тен 21-ге дейін); кемелденген шақ (21 -ден 60-қа дейін); егде 
жас (60- тан 75-ке дейін); қарттық шақ (75-тен 90-ға дейін); ұзақ өмір сүрушілер 
(90 жастан ары). 
Жеке адам (индивид) - адам табиғаттың ерекше бір жаратылысы, биологиялық 
түрдің өкілі, өзіндік сипаттар кіргізуші. 


83 
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас диагностикасы - бір-бірімен үнемі 
байланыстағы адамдар тобындағы стихиялы түрде, формалдық емес қарым- 
қатынастың пайда болуын ашуға бағытталған диагностика. 
Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы - адамның өзін-өзі қоғамда жеке тұлға 
ретінде сезіну процесі, 
Тұлғаның белсенділігі- адамның шығармашылықта, қарым- қатынаста рухани
және материалдық байлықты иелене отырып, қоғам үшін маңызы зор әлемдік 
өзгерістер жасауға қабілеті. 
Жеке тұлғаның дамуы - жеке адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеу 
нәтижесінде, жеке адамды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру процесі. 
Жекешелендіру (индивидуализация) - әр баланың оқу стилін, қарқынын және 
басқа да ерекшеліктерін есепке алу. Баланың күшті жақтарын дамыту, осал 
жақтарын барынша нығайтуға мүмкіндік беретін процесс. 
Жетекші қызмет - балалық шақтың әртүрлі кезеңдеріндегі психикалық дамудың 
сипатын анықтайтын қызмет. 
Жинақтау қорытындысы - баланың өзі ашқан жаңалықтарға негізделген түсінік 
пен тәжірибені байланыстыра білу қабілеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет