Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы
З.Г. Жокушева
Адам мүшелерінің эволюциясы
бӛлімі бойынша оқу-әдістемелік құрал
5В060800-Экология
Қостанай, 2015ж
2
ББК
Автор:
Жокушева Зайда Габбасовна экология кафедрасының аға оқытушысы
Сын пікірші:
Блисов Тилеубай Матайулы,экология кафедрасының а/ш.ғ.к, доцент
Конысбаева Д.Т б.ғ.к, доцент, жаратылыстану кафедрасының менгерушісі,
ҚМПИ
Биосфераның эволюциясы жіне тегі: Бӛлімі бойынша оқу-әдістемелік құрал.
– Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университеті.
Бұл бӛлімдер бойынша оқу-әдістемелік кешенде 5В060800-Экология
мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған дәріс, бақылау
сұрақтары, пайдаланған әдебиеттер енгізілген.
ББК
Аграрлық-биологиялық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді
№ хаттамасы « »
2015
© А. Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемелекеттік
университеті,2015
3
Тақырыбы: Мүшелер жүйелерінің эволюциясы
Мақсаты:
Жоспар:
1. Тері жабыны
2. Қаңқасы
3. Ас қорыту жүйесі
4. Тыныс алу жүйесі
5. Қанайналым және лимфа жүйелері
6. Ыдырау ӛнімдерін шығару жүйесі
7. Жүйке жүйесі
8. Эндокриндік жүйе
9. Кӛбею жүйесі
Тірі организмдердің әртүрлі ортада ӛмір сүруі тек олардың ӛздерінде
болатын эволюция нәтижесінде ғана емес, олардың мүшелер жүйелерінің
эволюциясы арқылы жүзеге асады. Тӛменде біз осы тұжырымды
қарапайымдылардан бастап сүтқоректілерге дейінгі жануарлардың мүшелер
жүйелерінің эволюциясын мысалдармен түсіндіреміз.
1. Тері жабыны
Жануарлардың сыртқы дене жабыны (тері немесе интегумент) денеден артық
суды жоғалтпай жэне дене температурасын реттеп қорғаныштық қызмет
атқарады. Сонымен бірге, кӛптеген организм-дерде зат алмасуға (тыныс алу
жэне зәр шығару) қосымша дене мүшесі қызметін атқарады.
Омыртқасыздарда дене жабыны онша жетілмеген, ол эктодер-мадан жэне
соның қосалкьі туындыларынан тұрады. Бұларда дене жабынының
эволюциясы тербелмелі эпителийден жалпақ эпителий бағытында дамыды,
осылай даму турбеллярий жэне басқа жалпақ құрттар, сонымен бірге жұмыр
жэне буылтық құрттарда байқалады. Тербелмелі эпителий қарапайым қозғалу
мүшесі болып саналса, ал жалпақ эпителий ондай қызмет атқармайды.
Буынаяқтыларда эпителийдің сыртқы қабаты хитинделген кути-кулага
айналса, ал шаянтектестерде сауытқа айналған. Моллюска-лардың сыртқы
эпителий қабаты құрамында ізбесі бар бақалшақ дамиды. Жануарлардың
кейбір топтарының (буылттық құрттар, буынаяқтылар жэне моллюскалар)
эпидермистерінде бір немесе кӛп клеткалы бездері (сілекей, ӛрмек, улы жэне
басқалары) болады.
Хордалыларда тері жабының эволюциясы бір қабатты эпителийден кӛп
қабатты эпителийге ауысу бағытында жүрді, ягни екі қабатты жэне оның
дамуы нағыз тері (кориум) қабатының түзілуін қамтамасыз етті.
Хордалылардың тері жабынының сыртқы қабаты эктодерма немесе
эпидермистен түзіледі, кейде оны кутикула деп атайды жэне оның астыңгы
қабаты мезодерманың түзілген нағыз теріден (кориумнан), немесе дермадан
тұрады. Түникаттарда (асцидий, пиросом және басқа теңіз жануарлары)
сыртқы тері қабаты қоймалжың немесе шеміршекті қабыктан тұрады, ол
4
эктодермальды эпителийлерден түзіледі, оның арасында мезодермальды
клеткалар мен тамырлар орналасады. Ланцетниктердің (қаңдауырша) тері
жабының құрылысы екі қабатты. Бірінші қабаты эктодерман пайда болады,
ол цилиндр пішінді бір қабатты эпителийден, екіншісі - қоймалжың дэнекер
үлпадан тұрады және кориумның қызметін атқарады.
Омыртқалылардың жабыны күрделі дамып, олар екі әртүрлі қабатты теріден
тұрады. Оның сыртқы қабаты эктодермадан түзілш кеп қабатты эпителальды
эпидермистен, екіншісі - астыңғы қабаты, нағыз тері, ол тері асты үлпасьша
жанаса орналасады. Тері асты ұлпа қабаты бұлшық еттер сүйектерге бекиді.
Қосмекенділердің терісі қосымша тыныс алу мүшесінің қызметін
атқаратындықтан, олардың терісінде кӛп қабатты бездер болады, олар
шырыш бӛліп сулы жарғақ түзіп, теріні құрғап кетуден сақтайды.
Қосмекенділердің терісінде болатын улы бездер қорғаныш қызмет атқарады.
Сүтқоректілерде тері ясабыннан қосалқы туындылар дамып жетіледі (мүйізді
қабат, түк, тұяқ жэне мүйіз), олардың организмдер тіршілігінде маңызы зор.
Теріде болатын тер бездері денедегі жылуды реттеуде орны ӛте зор.
2. Қаңқасы
Қаңқа-тіректік және қорғаныштық қызмет атқарады.
Омыртқасыздардардың қаңқасының құрылымы ригидті, әртүрлі болып келеді
және олар эндоқаңқа және экзоқаңқа деп бӛлінеді (185-сурет).
Эндоқаңқа органикалық фибрилдардан немесе бейорганикалық қосылыс
кристалдардан тұрады. Қарапайымдардың эндоқаңқасы аксостильдер, кейбір
талшықтар фибрилдерден, радиолярилар және фероминфералардың
эндоқаңқасы бейорганикалық қосылыстардың кристалдары, губкаларда-
спикулалар (карбонат кальцийден түзілген инелерден немесе клетка
маңындағы фибриллдерден түзілген силиконнан), ал теңіз жүлдыздары -
шеміршектәрізді ұлпалардан тұрады. Ал кейбір буынаяқтылтрдың
эндоқаңқасы жақсы дамыған оларға еттер бекиді. Тікенектілердің қаңкасы
мезодермадан пайда болған ізбесті тақтай-шалардан және инелерден тұрады.
Омыртқасыз организмдердің кӛпшілігінде экзоқаңқа болады және ол алуан
түрлі, пеликулладан бастап (клетка қабырғаларының қалыңдауы)
кӛбелектердің қанаттарының түзілістері де осыған жатады. Экзоқаңқаның
бейорганикалық тұздармен түзілуі оның беріктігін күшейтеді. Экзоқаңқаның
иілгіштігінің
нәтижесінде қозғала алады, нематодтарда (жұмыр құрттарда
кутикуланың иілгіштігі байқалса, ал буынаяқтыларда кутикулаңың иілгіш
буындары
мен
қатты
бӛліктерінің
нәтижесінде
жүзеге
асады.
Буынаяқтылардың кутикуласы эпидермис клеткасының туындысы және ол
сыртқы жұқа эпикутикуладан және хитин және белокты қалың
эндокутикуладан тұрады.
Тӛменгі сатыдағы хордалыларда хордадан дамыған білікті қаңқа дамыған.
Бассүйексіздерде эндоқаңқасы - хорда, ал экзоқаңқасы ұзын ӛзек тәрізді
қоймалжың зат (сыңар жүзбе қанаттары мен желбезек аппаратының тірегі).
Дӛңгелек ауыздыларда хорда онтогенез бой сақталады. Бірақ, хорданың
астында шеміршек тәрізді омыртқаларды жұп нышаны (жоғарғы доға)
байқалады. Омыртқасыздарда кальций қаңқасы кальциттен тұрады.
5
Омыртқалылардың эндоқаңқасы жақсы дамыған, ол; шеміршекті және
(немесе) сүйекті қаңқадан түзілген. Бұлар білікті қаңқа, ол бассүйек қаңқасы
(ми сауыты және висцеральды қаңқа) және аяқтардың қаңқасы деп бӛлінеді.
Экзоқаңқаға түктер, қауырсында қабыршақтар, мүйіздер, мүйіз ӛскіндері,
түлқтар, тырнақтар, теріде сүйекшелер жатады.
Қарапайым балықтарда омыртқалылардың жоғарғы доғасымен бірге тӛменгі
доғасының нышандары байқалады. Жоғарғы сатыдағы балықтарда хорданы
қоршап жатқан ұлпалардан (ткандардан) және жоғарғы, тӛменгі доғалардан
омыртқа жотасы пайда болады. Омыртқа жотасы тұлға және құйрық
бӛлімдерінен тұрады. Омыртқаның жоғарғы доғасының бірігуінен жұлын
ӛтетін ӛзек пайда болады. Тӛменгі доғаларға қабырғалар бекиді.
Қосмекенділерде хорданың омыртқалармен алмасуы даму кезеңдерінде
алғашқы сатыларында жүреді. Омыртқа жотасы тӛрт бӛлімнен - мойын,
кеуде, сегізкӛз және құйрықтан тұрады. Мойын омыртқасы (бір омыртқа) ӛте
кысқа, тұлға омыртқасы бесеу, олармен бос аяқталатын қабырғалар (тӛске
жетпейтін) байланысады, сегізкӛз бұл да бір омыртқадан тұрады, оған
жамбас сүйектері бекиді. Құйрықты қосмекенділердің құйрықтары бірнеше
омыртқадан тұрады, құйрықсыздарда - уростиль деп аталатын бір
омыртқадан тұрады.
Амниоттарда (бауырымен жорғалаушыларда, құстар және сүтқоректілерде)
біліктік қаңқа, бас қаңқасы (бассүйек) жэне аяқтарының қаңқасы деп
бӛлінеді. Біліктік қаңқа - мойын, түлға, бел, сегізкӛз және құйрық
бӛлімдерінен тұрады.
Мойын омыртқалыларының саны 1-ден (қазіргі қосмекенді-лерде) 76-ға
(қазба қалдықтарындағы - теңіз плезиозаврларда) дейін болады. Мниоттар
мен лабиринтодонтарда алғашқы екі мойын омыртқа басты ұстап тұруға
жэне оны қозғалтуға бейімделген. Мойын омыртқаларының саны мойынның
ұзындығына байланысты. Кейбір бауырымен жорғалаушыларда оның саны 8-
ге дейін, ал құстарда- 25. Қазіргі сүтқоректілердің 7 мойын омыртқасы бар.
Арқа омыртқаларының саны эртүрлі омыртқалылар тобында эртүрлі.
Тасбақаларда 10 арқа омыртқасы, сіңірлер мен сүйектері бір-бірімен бірігіп
сауыт түзеген, ал бауырымен жорғалаушыларда арқа омыртқаларына
қабырғалар бекіп, кеуде қуысын қүрайды. Құстарда 4-6 арқа омыртқасы бар.
Ал сүтқоректілерде кӛбіне, 10-20 арқа омыртқасы болады. Адамдардың кеуде
торын қабырғалар (12 жұп) және тӛс сүйек қүрайды.
Омыртқа
жотасының
бел
бӛлімі
эртүрлі
дамыған.
Бауырымен
жорғалаушыларда бел бӛлімі нашар дамыған. Құстардың бел омыртқалары
арқа омыртқаларымен, сегізкӛз жэне сегізкӛзмаңы омыртқаларымен бірігіп
күрделі сегізкӛз құрайды. Сүтқоректілерде бел омыртқаларының саны
түрлеріне байланысты 3 тен 24-ке дейін болады.
Құйрық омыртқаларының саны құйрықтың ұзындығына байланысты.
Мысалы, бақаларда қүйрық омыртқалары бір сүйекке айналып кеткен
(уростиль), кұстарда 4-6 құйрық омыртқалары бар,
оларда бірігіп уростиль құрайды. Кейбір қазба қүстар (археоптерикс) 20
омыртқадан
тұратын
үзын
құйрықтары
болған.
Сүтқоректілерде
6
қүйрықтарындағы омыртқаларының саны түріне байланысты. Адамдардың
тік жүруі омыртқалардың иілгіш болуына эсер етті, яғни бүл тік жүруге (186-
сурет) бейімделуінің нэтижесі деп тусіну керек.
Бассүйек ми қаңқасының сауытынан және висцералды бӛлімнен тұрады.
Жануарлардың ми сауыты тек сыртқы тұрпаты бойынша ғана емес, соны
құрайтын сүйектердің саны бойынша және оның қай класқа жатанына қарай
да бӛлінеді. Мысалы, сүйекті балықтарда ми сауытының сүйегінің саны 100-
ден асса, ал қосмекенділерде бар болғаны 15-19, бауырымен
жорғалаушыларда
-40-тан
70-ке
дейін,
қүстарда-20,
қарапайым
сүтқоректілерде - 48, шимпанзеде - 22, адамда – 27. Эволюция барысында ми
сауыты сүйектерінің балықтардан сүтқоректілерге дейін азаюы жеке
сүйектердің жойылуынан немесе олардың бір-бірімен басқа сүйектермен
бірігіп кетуіне байланысты.
Висцеральды қаңқаның эволюциялық дамуының бағыты оны редукцияға
ұшырауына эсер етті. Ӛкпемен тыныс алатын тӛрт аяқты омыртқалыларда
ете азайган. Висцеральды доғалардың алғашқы қызметі желбезектерге тірек
болды. Оған тӛменгі сатыдағы балықтарда (кроссоптериг, бекіре және т.б.)
желбезек саңылауларының бар болуы дэлел. Бауырымен жорғалаушыларда
жэне құстарда бірінші желбезек доғасынан кӛмекей қаңқасы дамыды.
Желбезекті жауып тұрған желбезек қақпақ сүйегіне айналған жэне кӛптеген
желбезектер құрлық омыртқалыларында жойылып кеткен. Тӛменгі сатыдағы
тӛртаяқтылардағы ми сауытының кӛптеген сүйектері сүтқоректілерде бірігіп
кетті. Сүтқоректілер басқа жануарлардан ортаңғы қүлақтағы шағын үш
сүйегімен ерекшеленеді. Соның бірі - үзеңгі сүйек балықтың екінші
висцералдық доға сүйегінің гомологы, ал тӛссүйегі басқа омыртқалылардың
астыңғы жақ сүйегінің гомологы, үшінші - балға сүйек басқа
омыртқалылардың үстіңгі жақ сүйектерінің гомологына сәйкес келеді.
Аяқ қаңқаларының ӛз ерекшеліктері бар, ең бастысы, жүзбе қанаттарының
аяқтарға айналуы ерекше орын алады. Жалпы аяқтар тақ жэне жұп аяқтар деп
бӛлінеді. Тақ аяқтардың мысалына, балықтардың арқа жэне құйрық жүзбе
қанаттары жатады, жүп аяқтар, бұлар бос келеді, оған балықтардың кӛкірек
жэне құрсақ жүз-беқанаттары және жерде жүретін қүрлық жануарларының
бес башпайлары жатады. Сэулеқанатты балықтардың жұп жүзбе қанаттары
бес башпайлы құрлық омыртқаларының тоқпан жілік, шынтақ және кәрі
жілік сүйектерінің гомологы, яғни құрлық омыртқаларының аяқтары
сәулеқанатты балықтарының жүзбе-қанаттарынан шыққанын кӛрсетеді. Тӛрт
аяқтылардың бос аяқтары үш бӛлімнен түрады, оның ӛзі эр түрде эртүрлі
орналасқан. Ең тоқпан жілік пен ортан жіліктерінің орналасуымен
ерекшеленеді. Мысалы, дельфиндерде және кейбір қазба қаңқа
сүйектерде(ихтиозаврларда)токпан жілік пен ортан жілік қыс-қарған.
Алақан (алдыңғы табан) және артқы табан сүйектерінің сандарында ерекше
айырма-шылық бар екені байқалады, Қарапайым қаңқа қалдық-тарындағы
қосмекенділердің осы бӛлімдеріндегі сүйектері 20-дан
30-ға дейін болса, қазіргі қосмекенділердің алақан сүйектері 3-тен 9-ға дейін
жэне табандарында 3-тен 12-ге дейін сүйектер бар. Әртүрлі омыртқалыларда
7
башпай сүйектерінің саны да эрқилы. Қазіргі қосмекенділердің тӛрт
башпайының формуласы (бірінші башпайынан бастап соңғы башпайына
дейін кездесетін сүйектердің саны) саламандраларда - 2-2-3-3, 2-2-3-3
(бақаларда). Ихтиозаврлардың үш-тен сегізге дейін башпайлары болған.
Қазіргі құстардың қанаттарында үш саусақ гана бар (саусақ сүйектерінің
саны азайған).
Адамныц бас сүйегі
1 - төбе сұйек, 2 - кабыршакты сүйекпн жігі, 3 - самай сүйек, 4 - төбе
және шүйде сүйегінің (лямокидный) жігі, 5 - шүйде сүйек, 6 - есту тесігі, 7
- самай сүйегінің шеміршек тәрізді өскіні, 8 - шыкшыт доғасы, 9 –
астыңғы жактар, 10 - үстінгі жак, 11 - бет сүйегі I. 12 – мұрын сүйегі, 13 -
сына тәрізді сүйек, 14 - көз үсті жиегі, 15 -маңдай сүйек, 16 . венозды жік
Адамның жалпы сүйектерінің
саны 206. Эволюция барысында
эмбриондардың қаңқаларының сүйектенуі жүреді, оған кальций, фосфор, Д
дэрумені және басқа ферменттер қатысады.
Омыртқалылардың кальций қаңқасын түзуге кальцит қатыспайды, оған
гидроксиапатит қатысады.
Эволюция барысында қаңқа бүлшық етері едеуір дамыды. Даму барысында
тағамның химиялық энергиясын (жалпы энергияның 20-35%-ы) бүлшық
еттердің жиырылып жұмыс жасауына жол ашты жэне одан қалған энергияны
организм денесінің тұрақты ұстауға пайдалану жолдары пайда болды.
3. Ас қорыту жүйесі
Қарапайымдарда ас қорыту қызметін ас қорыту вакуольдары атқарады. Осы
жануарлардың ас қорытуы клетка ішінде жүреді және ол алғашқы ас қорыту
жүйесі болып есептелінеді.
Ішекқуыстыларда жэне құрттарда ауыз қуысы эмбрионның бластопорынан
дамиды. Ішекқуыстыларда ауыз қуысы гастральды қуысқа ашылады, ол
алғашқы ішек қуысы больш саналады да жэне тұйық аякталады (аналь тесігі
болмайды). Осы қуыста клетка ішінде жүретін ас қорытумен қатар, клеткадан
тыс ас қорыту жүзеге асады. Эволюцияның жоғары сатысында клетка ішінде
жүретін ас қорыту жүйесі жойылып, прогрессивті тэсіл арқылы клеткадан
тыс (қуыстық) ас қорыту жүйесі пайда болады. Бірақ клетка ішінде жүретін
ас қорыту жүйесі фагоцитоз күйінде организмдердің барлық даму сатысында
сақталады, олар қорғаныштық қызметін атқарады.
Кірпікшелілердің жэне жалпақ қүрттардың ас қорыту жүйесі элі де болса,
ішек қуыстылардың ас қорыту жүйесіне ұқсастығы сақталған. Аналь тесігі
болмайды, сондықтан қорытылмай қалған ас қорытудың ӛнімдері ауыз
қуысы арқылы сыртқа шығарылады. Ал жұмыр құрттарда ас қорыту жүйесі
8
күрделеніп, ас қорыту жолы алдыңғы, ортаңғы жэне артқы бӛлімдерге
жіктелген, олардың алдыңғы жэне артқы бӛлімдерінің шығу тегі
эктодермальды, ортаңғы бӛлімі -эндодермальды. Алғаш рет аналь тесігі
пайда болады, ол эктодерманың дененің құйрық бӛлігіне қарай бӛлінуінен
пайда болды және алғашкы ішек қуысымен байланысқан. Буылтық
құрттардың ас қорыту жүйесі жұтқыншақтан, ӛңештен, жемсаудан,
қарыннан, ортаңғы жэне арткы ішектен тұрады. Буынаяқтылар мен
моллюскаларда ас қорыту жүйесі кұрделене түседі, олардың ауызының
маңында қосалқы ауыз пайда болады, онымен олар қорегін майдалайды, ал
ішегінде ӛсінділер пайда болады, ол ішектің кӛлемін ұлғайтады. Ас қорыту
бездері дамиды, ол омыртқалылардың бауырына ұқсас қызмет атқарады.
Хордалыларда эволюция барысында ішек түтігі әрі қарай жіктеле түседі,
соның арқасында ас қорыту кезінде қоректі жақсы сіңіру үшін ішектің кӛлемі
ұлғая түседі. Ас қорытуға қатысатын бездер пайда болады. Барлық
хордалылардың ас қорыту жүйесі кӛбінің шығу тегі эндодермальды (тек ауыз
бӛлігі мен ішектің артқы бӛлімдері шығу тегі бойынша эктодермальды).
Омыртқалыларда ішек түтігі ауыз қуысына, жұтқыншаққа, ӛңешке, қарынға,
ащы және тоқ ішекке жіктелген, бірақ та кейбір организмдерде (кластарда)
әлі де болса, толық жіктелмеген. Омыртқалыларда, соның ішінде дӛңгелек
ауыздылардан
бастап
бауыр, ал балықтарда - ұйқыбезі пайда болады. Балықтарда сүйекті
тақташалар және тістер дамиды. Қосмекенділерде алғаш рет сілекей бездері
пайда болып, қарынның, ащы жэне тоқ ішектің, клоаканың дамуы аяқталады,
біркелкі тістер шығады. Тіл ӛте жақсы жетіледі. Бауырымен жорға-
лаушылардың тістері жетіле түседі, сілекей бездерінің бір бӛлігінен улы без
дамиды, қарны дами түседі, ішегінде соқыр ішектің нышаны пайда болады.
Құстардың ұшуына байланысты, олардың ас қорыту жүйесінде кӛптеген
ӛзгерістерге ұшырайды. Ауызының жағы мен тістерінің орнына тұмсық
пайда болады, ал ӛңеште үлкен созылмалы қалта сияқты жемсау болады.
Қарны безді жэне етті екі бӛлімге жіктелген, безді қарында қорек химиялық,
ал етті қарында механикалық озгеріске ұшырайды. Тоқ ішегі үзарып, тілі
редукцияға ұшыраған.
Сүтқоректілерде ас қорыту жүйесі ӛте жақсы даму деңгейіне кӛтерілген. Ас
қорыту жүйесінің үзын болуына қарамастан, олар анық жіктелген. Тістері
жіктелген, ӛңеш жақсы дамыған. Қарны бірнеше болімдерден және кӛптеген
ас қорыту бездерінен тұрады. Кӛптеген шӛппен қореқтенетіндер (күйіс
қайыратьш тұяқтыларда) қарны кеп қуысты болып келеді. Ішектері ащы, тоқ
жэне тік ішектер деп жіктелген. Әсіресе, бауыр, ұйқы безі толық жіктелген,
олардың озектері ащы ішекке ашылған. Тоқ ішегі ұзарған, соқыр ішек және
апендикс ӛскіні пайда болған. Кӛптеген сүтқоректілерде соқыр ішегі жақсы
дамыған, оның үзындығы ішектің жалпы ұзындығының 3/1-не жетеді. Тоқ
ішек аналь тесігімен аяқталады да, зәр-жыныс жүйелерден аралық тесік
арқылы бӛлінген. Жұмырткд салушыларда тоқ ішегі клоакамен аяқталады.
Адам ас қорыту жүйесіне ауыз қуысы, жұтқыншақ, ӛңеш, асқазан, ішектер,
сілекей бездері, бауыр, ӛт жэне ұйқы бездер жатады. Адамда асқазан-ішек
9
жолдары тӛрт қабаттан тұрады.
Адам тагам талғамайды, олардың ас қорыту жүйесі ӛсімдіктерді де және
жануарлар етінде қорыта апады.
Ӛсімдіктектес қоректің басты кӛмірсулары - крахмал мен целлюлоза болса,
ал жануартектес қоректе - гликоген болып саналады.
Кӛмірсулар ауыз қуысынан бастап, сілекей бездеріндегі амилаза (птиалин)
арқылы крахмал жэне гликоген қорытыла бастайды, бұл жерде күрделі қоспа
Д-глюкозалар, мальтозалар және олигасахаридтер түзіледі. Кӛмірсулардың
сіңірілуі ащы ішекте аяқталады, ол жерде птиалиннің әсерінен крахмал
панкреаттик амилаза айналып, одан мальтоза түзіледі. Ең соңында, мальтоза
мальтазаның эсерінен глюкозаға айналады.
Барлық реакциялар су (гидролиз) және ферменттердің кдтысуымен жүреді:
Қорытылмаған целлюлоза сүтқоректілердің ішектерінің толқын тәрізді
қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Майлардың қорытылуы ащы ішектен басталады, панкреативті липаза от
қышқылы жэне колипаза белогымен бірге майды глицеролға жэне май
қышкылына ыдыратады. Майдың бір молекуласы бір глицерол жэне май
қышқылының үш молекуласын береді:
панкреатияті липаза. (С,
7
Н
35
СОО)
3
С
3
Н
5
(стеарин) + 3 Н
2
О -
3 С
17
Н
35
СООН (стеарин қышқылы) + С
3
Н
5
(ОН)
3
(глицерол)
Ащы ішекте липидтерді сіңірілуіне полевой қышқылының туындысы ӛт
қышқылының түзы арқылы жүреді. Бү_л тұздар бауырда түзіліп ӛтке етеді,
одан ащы ішектің алдыңғы бӛлігіне барып қүйылады.
Белоктар асқазанда пепсин мен тұз қышқылының эсерінен қорытылады
(гидрозделенеді), оларды қарынның клеткаларындағы гормон- гастрин
боледі. ¥йқы безінің клеткаларындатүзілген онімдер қайтадан трипсин жэне
хемотрипсин арқылы полипептидке дейін гидролизденеді, ол одан кейін
пептидазамен амин қышқылдарына дейін гидролизденеді. Бірақ адамның
асқазанында белоктардың барлығы толық қорытылмайды. Мысалы, кератин
белогы
жарым-жартылай
қорытылады.
Астық
тұқымдастарыньщ
белоктарының сыртқы қабаты целлюлозадан тұғандықтан олар толық
қорытылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |