З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


 ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарын



Pdf көрінісі
бет15/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
 
6 ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарын 
 
Мәделі Жүсіпқожаұлы. 1816-1888 жылдар аралығында өмір сүрген. 
Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, Қосжарсуат мекенінде туған. Қазіргі 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс өңірі. Ол қазақ топырағындағы әрі батыр, әрі 
ақын азаматтардың бірі. Арғы атасы Желқожа, өз әкесі Жүсіпқожа елге мәлім, 
дәулетті адамдар болған. Сол дәулетті пайдаланып Мәделі діни медреседе 
оқыған. Ескіше хат танып, өлең-жыр жазып,ауызша да айтып, шығарып та 
жүреді. Ол әр нәрседен хабардар болып, кітап оқып, өлең айтып, сал-сері босып 
өседі. Құран жаттау оның діни қабілетін жаскезінен ақ дамытады. Сол кездегі 


38 
Шығыс әдебиетінің көркем үлгілерін, әсіресе қиса дастандарды жатқа айтады. 
Халық творчествосын, Шығыс классикалық әдебиетін игерген. Оқудан қолы 
босаған сәттен ескіше жазумен, өлең жазумен айтсқа түседі. Он бесжасынан 
бастап суырыпсалмалық өлеңге жаттығады. Әсіресе, өзіл-оспақ, тақпақ, 
домбыраға қосып өлең шығарып, айтатын болған. Сол меңгерген өнері 
ақындық өнерін қойып, молдалық құрған кезінде де ешкімге сөзбен 
шалдырмауға көмектесіп отырған. Өзі тұстас талай ақын – жазушылармен 
айтысқа түскен. 
Мәделінің Айым деген қызға жұмбақ айтысынан үзінді келтірейік: 
Бауырым деп күймеген, 
Бауыры бүтін бар ма екен. 
Алыс пенен жақынды, 
Жоқтай білген бар ма екен. 
Ащы менен тұщыны, 
Татпай білген бар ма екен. 
Жақсы менен жаманды 
Айыра білген бар ма екен. 
Жақсы менен жаман сөз, 
Айтыспай білген бар ма екен, - 
деп, сөзге де, ойға да бай екені көрінеді. Ол толғау ақыны. Оның бізге 
жеткен мұрасы бас-аяғы мың жарым жолдай толғау. Атап айтсақ, «Ахмет 
төреге», «Майлы ақынға», тағы басқа толғаулары бар. «Мәделінің елімен 
қоштасқаны», «Бір жан жақ болыстыққа талас емес», «Еш нәрсе бұл дүниеге 
болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» т.б. өлең-
жырларында өз кезеңінің алуан шындығын көрсеткен. 
«Бір жан жақты болыстыққа талас емес» тоқсан алты жолдық өліңінде 
болыстыққа таласқан атаққұмар қулар мен ақылсыздығын, олардың ел қамын 
ойламай дауды қоздырып жүргенін ашына жырлайды. Ақынның осы толғауы 
1778 жылы «Түркістан уаляті» газетінің үшінші санында басылған. 
«Арыстанбайға» атты арнау өлеңі «Жас қайрат» журналында 1924 жылы 
жарияланған. 
Мәделі дәулетті ортадан шыққаннан кейін, ешкімге тәуелді болмаған, 
ешкімнің сойылын соқпаған. Ақынның нағашысы атақты Шаншар руының 
белгілі шешені, Қызыл би, әйелі Абылай ханның тұқымы, өмірі соғыспен өткен 
Кеңесарының қарындасы Қанипа болған. 
Мәделі өте алғыр, өжет, қайратты, тілі қатар жүретін адам болған. Ер жете 
ел қамы үшін атқа мініп, Қоқан өктемдігіне қарсы күрескен. Әрі батыр, әрі 
ақын ретінде танылған. Патша отаршылдығына да наразылық білдірген. Елдегі 
алауыздыққа, жағымпаздыққа қарсы күрескен. 
Ақынның көптеген өлең-жырлары, толғаулары, айтыстары қолжазба 
күйінде Қазақстан Республикасы Орталық Ғылыми кітапханасының қорында 
сақталған. Мәделінің шығармашылық қызметіне алғаш баға беріп, мақала 
жариялап, оқулыққа енгізген профессор Х.Сүйінішәлиев. Кейін ақынның 
аздаған шығармалары М.Ө.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты 


39 
қызметкерлері құрастырған «ХІХ ғасыр қазақ поэзиясы» атты жинақта басылды 
(1985ж). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет