З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет17/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
 
?! 
1) Қоқан езгісіне қарсылық білдірген батырларды атаңыз? 
2) Майлықожаның адамгершілік сипаттағы ғибратты толғауларын атаңыз? 
3) Майлықожаның аллегория тәсілімен құрылған толғауларын атаңыз?
4) Мәделіні ұстаз тұтқан кімдер? 
 
 
7 Зар заман поэзиясы 
 
1927 жылы М.Әуезов әдебиет туралы тарихи мәселедегі аса мәнді жайлар 
есебінде мынадай күрделі сұрақтарға өз тұжырымын ұсынды. Зар заман деген 
бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кімдер? Әдебиетте бұл дәуір 
қандай орын алады? 
М.Әуезов жүз жылдық дәуір аталған зар заман әдебиетіне байланысты 
бірнеше тұжырым жасады. 
1. Зар заман әдебиетін туғызушының бірі – жырау. Оның қазақ 
әдебиетіндегі орны, өнері, өлеңі несімен ерекше. 
2. Тарихи жыр - зар заман әдебиеті тұсында туған түр. 
3. Зар заман кімнен басталып, кімнен аяқталады. 
4. Зар заман әдебиетінің негізгі сарындарына айғақтар. 
5. Зар заман әдебиетінің жанр, түр, өлең үлгісі. 
Осы тұжырымдамалардың ішінде әлі де ілгері дамытуды, ашуды күтіп 
жатқаны аз емес.Соның жырау өнернамасы, ауызша әдебиет пен жазба әдебиет 


41 
арасындағы өтпелі кезең ерекшеліктері, зар заман әдебиетінің жанр, түр, өлең 
үлгісі, қай ақын қай сарынмен сөйледі дегендей жайлары әсіресе көкейкесті сол 
әдебиеттің ғылыми-көркемдік негіздерін нығайта түсуге қажет шарттар. 
Жыраулық - қазақтың сөз өнер топырағындағы өзгеше бір құбылыс. Дулат, 
Мұрат, Шортанбайлардың заман күйін жырлаған толғаулары сол үлкен өнердің 
бір қыры. 
Әрине, әдебиеттегі зар заман ағымы мәселесіне М.Әуезовтың ғасыр 
басындағы пікірлері арқау болып қала береді. Бүгінгі әдебиеттану ғылымы 
жеткен меже, таным деңгейінен арғы-бергіні саралап, елеп- екшелеу ғана бұл 
ағымды қазақ әдебиетінің тарихындағы бір арна есебінде түпкілікті 
орнықтыруға, ғылыми негіздеуге мүмкіндік бермек. Себебі, зар заман ұғымы 
бірде ақиқаттың баламасы болды, бірде, жат пиғылдық атауы болды, бір 
кездерде әдеби, ғылыми айналымда мүлде «ұмытылды». 
Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері түрлі саяси науқандар тұсында көптеген 
бұрмалауды, бұралаң жолдарды бастан кешті. Әдебиет тарихында кімдер 
қалып, кімдер аталмауы керек деген мәселе төңірегінде ұзақ жылдар бойы 
айтыс-тартыс үзілмеді. 
Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесінде «зар заман» аталған дәуірге 
байланысты айтылған ой-пікір, солардан туындаған ғылыми, танымдық 
мәселелер аз емес. М.Әуезов зар заман, отаршылдық дәуір әдебиетіндегі уақыт 
мерзімін іштей ХYІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасыр әдебиетіне жатқызады. 
Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесінде ең әуелі қай дәуірден 
бастаймыз, әдебиет тарихына кімдер енуі керек деген жайлар тұрды. 
М.Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлудің 
алғашқы айғақтарын жасап, әдебиетімізді халық ауыз әдебиеті және зар заман 
ақындары деген межелерге бөліп қарастырады. Зар заман әдебиеті жасаған 
дәуірді жүз жылдық дәуір деп бөледі. 
«Әдебиет тарихы» оқулығының жүйесін саралай отырып, ғалым Мекемтас 
Мырзахметов жүз жылдық кезеңді отаршылдық дәуір әдебиеті деп атауды 
ұсынды. 
Зар заман ағымы отаршылдық дәуірдің көп өзгешелігін қамтыған үлкен 
әдеби ағым. Ол дәуірде өзіндік саяси, теориялық өзгешелігімен жаңа сипатты, 
әлемдік деңгейдегі, европалық мәндегі профессионал әдебиеттің де туып, 
жасағаны мәлім. Бір дәуірдің әдебиеті, оның негізгі сарын-бағыты, түр, мазмұн 
өзгешелік-ерекшелгі жөнінен Дулат, Мұрат, Шортанбайлар өмір сүрген кезең 
белгілі бір деңгейде сараланып ,бағаланды. Мысалы: 
Мына заман қай заман!? 
Азулыға бар заман, 
Азусызға тар заман... 
Мұның өзі зар заман... 
Зар,зар заман, зар заман ... 
Зарлап өткен бір заман ... 
Зар заманның аяғы –
Заманың кетті баяғы..., деп Шортанбай нақтылай түседі.


42 
1731 жылы Кіші жүз қазақтары Әбілхайыр ханның бастауымен орыс 
патшасы Анна Ивановнаға ант беріп, бағынған болатын. Орта жүз қазақтары 
Ресей патшасына бұдан 35-40 жыл кейін – ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында 
Абылай хан заманында бағына бастаған еді. Ұлы жүз қазақтары орыс 
патшасына ХІХ ғасырдың 60-жылдарында бағынды. Сөйтіп, қазақ даласының 
Ресейге бағынуы 130 жылға созылды. Ресей патшасы отарлау саясатын 
біртіндеп жүргізді. Оны қазақ даласына бекіністер салып, Ресейдің түпкір-
түпкірінен казактар мен Украинаның жерсіз қалған шаруаларын көшіріп әкеп, 
қазақтардың суармалы шұрайлы жерлерін тартып әперуден бастады. 1743 
жылы Орынбор қамалы орнады. ХҮІІІ ғасырдың 30-40 жылдарында 
Верхнеуральскіде ұзындығы 770 шақырым УЛСК бекініс шебі салынды. Осы 
шептің бойында Қарағай, Қаракаль, Крутоянск, Уст-УЛСК қамалдары салынды. 
1770 жылдары Тройцк, Семей, Орал қалалары ірге көтерді. Қамалдарды орыс 
армиясы күзетіп тұрды. Әскерлерді ұстау үшін патша үкіметі жергілікті 
халықтардан ақшалай, заттай алым-салық жинап отырды. Бұл алым-
салықтардың ауыртпалығы еңбекші халықтың мойнына түсті. 1822 жылы 
патшалы Ресейдің қазақ даласын бөлісу жөніндегі жаңа Ережесі шықты. Бұл 
Ереже бойынша бұрынғы ел билеудің хандық жүйесі жойылып, оның орнына 
округтер құрылды. Округтердің басына патша үкіметінің қолдауымен сайланып 
қойылған қазақтың хан, төре тұқымдарынан шыққан аға сұлтандар 
отырғызылды. Аға сұлтанның екі орынбасары тағайындалды. Оның біреуі 
ақсүйек тұқымынан шыққан тақты билерден болса, ал екіншісі орыстың әскери 
майор шенді офицері болды. Округтер – үйездерге, үйездер – болысқа, ал 
болыстар – старшиндерге бөлінді. Болыс старшиндер сайланып қойылды. Билік 
басына келу үшін жоғарғы шенді орыс әкімдеріне пара беру керек еді. Сөйтіп, 
патша үкіметі қазақ байларын билікке таластырып қойып, өздері қойған сенімді 
адамдары арқылы басқарып, өздері олардың ел билеудегі іс-әрекетін бақылап 
отырды. Ел ішінде пара алып дау-дамайды шешу, өтірік-өсек айтып бір-біріне 
жала жабу, өтірік арыз беру, жесір дауы, жер дауы, барымта, тонау етек алды. 
Осы әділетсіздіктерді көріп күйінген Дулат, Мұрат, Шортанбай секілді ақындар 
өткен хандық дәуірін көксеп, жаңа заманның бұзылуын, орыс әкімдерінің
озбырлығын сынады. 
Қазақ әдебиеті тарихындағы ағым, бағыттарды саралау, бекіту жайы, 
сарындарын жіліктеп-жіктеу жайы ХІХ ғасырдың соңынан бері сөз болып келе 
жатыр, ғылыми жүйеге біртіндеп түсуде. Сөз етіп отырған зар заман әдебиеті, 
зар заман бағыты, зар заман ағымы, зар заман сарыны деп санамызға әбден 
қалыптасып, сіңіп кеткен ұғымдардың ғылыми-теориялық негіздері тұтастай 
аяғына дейін сараланып болмағанын дәлелдеу. 
Жалпы, қазақ әдебиетіндегі бағыт, ағым атаулының ажыратылып айта 
бастауы ХІХ ғасырға жатқанымен, ғылыми негізде қарастырылуының өзі зар 
заман әдебиетінің негізін қалап, әдебиеттегі ағымды айғақтаушымен бірге ғана 
басталған, жазба әдебиетінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ендеше, 
бағыт, ағымдардың айқындалуы, әдеби өмірге енуінің шартының бірі - 
әдебиеттің жазбаға көшуі. Зар заман- қазақ әдебиетінің «кезең асқан дәуірі». 
Ағым, бағыттар онымен бірге туды. Ендеше, зар заман ағымы- қазақ 


43 
әдебиетіндегі бар ағым атаулының, бұрын –соңды байқалып, бекіген ағымның 
басы. 
Академик Зейнолла Қабдолов ағым, бағыт ұғымдарын жан-жақты 
негіздейді. 
Әдеби ағым- идеялық-көркемдік бірлік, әрбір әдеби ағым-әр дәуірдегі 
идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі, әдеби ағым – тарихи категория: 
белгілі бір қоғамдық жүйенің бөлімі кезеңдегі, белгілі саяси әлеуметтік 
сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет