З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Б. Момышұлы – Ж. Ташенов
1961ж.
Баукең  Ж.  Ташеновты  адами  ары,  əділ  мінезі  бар  тұлға  ретінде 
бағалайды.  Ж.  Ташенов  Қазақстан  Жоғары  Советінің  Председа-
телі (1961 ж.)  қызметін  атқарып  жүрген  кез  еді.  Бұрын  таныс  бол-
маған,  тек  оның  қабылдауында  болғандағы  əсері  мына  тұрғыда 
диалогтан байқауға болады.
Кең кабинеттің төрінен орта бойлы тығыншақ сары жігіт орны-
нан тұрып жеңіл қадаммен алдымнан шықты. 
Амандастық. «Тақтың»  алдындағы  столға  қарама-қарсы  отыр-
дық.
– Бауке, халіңіз қалай? – деген сұрақтардан сөзін бастады пред-
седатель. – Денсаулық қалай?
Мен жауап қаттым.
–  Онша  мақтанарлық  емес..., – деп  бастай  бергенімде,  ол  стол-
дағы бір седеп түймені басты. Помощнигі жетіп келді.
–  Немедленно  позвоните  Ерастову.  Чтоб  он  прикрепил  полков-
ника к больнице Совета министров...
– На Ерастова не жалуюсь...
–  Если  нужно,  пусть  его  положат  в  больницу  в  правительст-
венную палату. Идите.
Помощнигі кетті. Мен не айтарымды білместен, сасқалақтап:
– Благодарю, Вас, – деппін.
– Сіз арақ ішесіз бе?
– Ішемін.
– Сізге пиво да ішуге болмайды. Темекі тартасыз ба?
– Тартамын.

152
153
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
– Көп тартасыз ба?
– Көп тартамын.
–  Оныңызды  қойыңыз.  Сіз  бізге  өте  керек  адамсыз.  Не  істеп 
жүрсіз?
– Жазып жүрмін.
– Не жазып жүрсіз?
– Көрген-білгендер мен өткен-кеткендер. Менің темаларым...
–  Ол  өте  дұрыс  екен.  Ол  да  бізге  өте  керек, – деп  бастырмала-
тып сөзімді аяқтатпады.
– «Е,  бұл  кісі  асығып  отыр  екен  ғой», – деген  оймен  тілімді 
тарттым.
Председатель маған Рақымжан Қошқарбаевтың арызын көрсетті.
–  Мен  сізбен  осы  жағынан  ақылдасайын  деп  шақырып  едім, – 
деді мен оқып шыққан соң. – Его личное заявление не служит осно-
ванием...
– Қазақшалап сөйлеңіз.
–  Архивтен  дəлелдейтұғын  материалдар  керек.  Оларсыз  килік-
сеңіз, ұялып қалуыңыз мүмкін, – деді Ташенов.
– Мұныңыз өте дұрыс ақыл. Оны қалай табамыз?
– Іздеу керек.
– Сіз іздесеңіз қайтер еді?
– Іздеймін.
– Қаражатты мен бергізейін.
– Жоқ. Мен қаражат алмаймын.
– Мұныңыз не?
– Таба алмасам ше?
– Жоқ. Сіз табасыз. Сіз таппағанда, кім таппақ оны?
–  Мен  іздестірейін.  Тапсам  дұрыс,  таппасам – ешқандай  мін-
деттемені мойныма алғым келмейді...
– Келістік. Сіз іздестіресіз, сіз табасыз.
– Жарайды. Бірақ та мен ақшадан аулақпын.
–  Жарайды.  Ал  енді  сіз  туралы  да  көп  хаттар  бар.  Сізді  неге 
Герой Советского Союза емес деп жазады менің атыма...
– Это компетенция правительства.
– Мен үкімет бастығымын...
–  Вы  всего  лишь  Председатель  Президиума  Верховного  Совета 
Республики...
– Я заместитель Ворошилова.
– Мен оны білемін.
–  Сіз  менің  атыма  арыз,  өмірбаяныңызды  толық  етіп  жазыңыз. 
Барлық  көрсеткен  ерліктеріңізді  жазыңыз.  Мен  ол  мəселені 
Ворошиловтың алдында көтеремін...
–  Жоқ.  Мен  ешнəрсе  жазбаймын.  Мен  туралы  жазылғандар  аз 
емес.
– Онда соларды қарастыралық. Оларды қайдан табуға болады?
– Мен ол жағын білмеймін.
Тағы біраз сөйлестік.
Қашанда  тарихи  қақтығыстар,  халықтың  тағдырының  сыртқы 
күшке  бағынышты  ахуалы,  еркіндіктің  тапшылығы,  əл-ауқаттың 
деңгейінің  сыртқы  фактордан  (орталықтан – Москвадан)  тəуелді 
болуы жəне т.б. жағдайлар ұлт мүддесін қорғауда үлкен жүректілік 
танытқан – ұлы  тұлғаларды  туындатады.  Əрине,  сыртқы  күшке 
тəуелді  адамның,  халықтың  жүні  жығулы,  тереңнен  нəр  алатын 
көңіл-күйі  ойдағыдай  болмайтыны  да  анық.  Бірақ  ғасырлар  бойы 
жиналған  теперіші,  ыза-кегі  садақтың  атылар  алдындағы  тетігін-
дей  жағдайға  келген  кезде  халық  мүддесін  қорғайтын  тұлғалардың 
серпіліп  алға  шығуы  заңдылық. «Қысыла-қысыла  қыз  болдым» 
дегендей,  желтоқсаншылардың (1986) бірден  атылуы  кернеген  ыза-
кектің  салдары  болса  керек. «Қазаншының  еркі  бар,  қайдан  құлақ 
шығарса»  дегендей,  империя  «тышқанмен  ойнаған  мысықтай», 
бұратана  халықтардың  тағдырымен  допша  ойнады.  Оның  тарихи 
дəстүрімен,  мəдениетімен,  территориясының  біртұтастығымен,  кө-
ңіл-күйімен,  тілімен,  т.б.  ісі  болмады  да,  санаспады.  Қайта  оны 
бөлшектеп,  халқын  əлсіретіп, «бөліп  ал  да,  билей  бер»  принципін 
кеңінен  қолданды.  Түпкі  мақсаты  орыстандыру  идеясынан  тан-
бады.  Бірде  тағдырлы  кезеңнің  бұлты  қазақ  халқының  террито-
риясының  біртұтастығының  басына  үйірілді.  Мəселе  мынада  бол-
ды.  Империя  қазақ  халқының,  бабалардың  найзасының  ұшымен, 
қылышының  жүзімен,  білектің  күшімен  қорғап  қалған 2,7 млн.  км² 
(бұрын  Тұран  даласы 6,5 млн.  км²  болған)  территориясын  бөлшек-
теп  Ресейге  қосу  күн  тəртібінде  тұрды.  Сол  кезде  Совет  Одағы-
ның  бірінші  басшысы  Н.С.  Хрущев  аталмыш  империялық  саясат-
ты  жалғастырды.  Ең  алдымен  Қазақстан  басшыларын  оңтүстік 
Қазақстанның  сүбелі  үш  ауданын  мақта  өндіруді  «спецификация-
лау»  деген  желеумен,  Өзбекстанға  беруге  мəжбүрледі.  Бұл  сол 
кездегі Қазақстанның басшысы ұлты ұйғыр Юсуповтың жаны ашы-
майтын,  отансыздық  космополиттік  саясатының  нəтижесі  еді.  Əл-
бетте,  өз  айтқанына  жеңіл  көндіру  мақсатында  бірінші  басшыны 
басқа  ұлт  өкілдерінен  қою  оңтайлы  болған-ды.  Биліктің  ішкі  бас-
шының  айтқанына  көніп,  айдауына  жүретін  болғандықтан,  космо-
полит  басшылары  (қазақ  ұлтына  бүйрегін  бұрмау)  əдейі,  террито-
рияны  бөлшектеуге  көнгіш  болғандықтан  таңдаған-ды.  Қазақ-
станды  бөлшектеп  əлсірету  саясатын  пайдаланып  қалғысы  кел-

154
155
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
ген  басшы  Юсупов  өзінің  этностық  мүддесін  іске  асырып  қалуды 
көздеген-ді.  Бұл  дегеніміз – Қазақстанның  астанасын  Қарағанды 
немесе  сол  кездегі  Целиноград  қаласына  көшіріп,  Алматы  қаласын 
жаңа  құрылатын  (Басшы  Н.  Хрущевпен  алдын-ала  келіскен – Ж.Т.) 
ұйғыр  автономиялық  облыстың  астанасы  етуді  жоспарлаған.  Бұл 
жымысқы  идея  Д.  Қонаев  республикаға  басшы  болып  келгеннен 
кейін  іске  аспай  қалды.  Содан  кейін  мұнай  өндіруді  біріздендіруді 
бетке  ұстап,  Атырау  мен  Маңғыстау  өңірлерін  Түркменстанға  қо-
суды  пəрмендегенде,  Д.  Қонаевтың  табандылық  көрсетуінің  арқа-
сында  «аман»  қалған-ды.  Н.  Хрущевтің  территорияны  бөлшектеу 
қажеттігі  туралы  «аппетиті»  мұнымен  тынбады.  Тағы  «приступы-
ның»  көзі  енді  Қазақстанның  солтүстігіндегі  Ақмола,  Петропавл, 
Қостанай, Павлодар, Қарағанды сияқты бай өңірлеріне түсті.
Ескі-жаңа  тарихтан  білетініміз – жер  (территория)  дауы  кез 
келген  мемлекеттің  ең  өзекті  саясаты  болып  есептеледі.  Ежелгі 
сақ,  ғұн,  түрік  тайпалары,  Рим-Египет  империялары,  Кир,  Маке-
донский,  Атилла,  ағылшын  империясы,  Гитлер  саясаты  да  терри-
тория  мəселесіне  келіп  тірелген.  Тарихтан  бір  тəсіл  келтірерлік. 
Ғұндардың  ұлы  мемлекетінің  іргесін  қалаушы  Модэге  (б.д.д. 
209  ж.)  дұшпандар  келіп,  одан  сəйгүлік  арғымағын  беруді  талап 
етіп,  сонан  соң,  ғұндардың  аса  сүйікті  əйелдерінің  біреуін  алып 
кетуін  емеурінмен  білдіреді.  Ол  сұрағандарын  береді.  Ал  олар 
жердің бір бөлігін алғысы келгенде, ол ашуға булығып: «Жер – ел-
дің  тұғыры,  оны  беруге  болмайды,  оны  қалай  беремін?» – дейді. 
Ол  өзіне  жерді  беру  жөнінде  кеңес  айтқандардың  бəрінің  бастарын 
алып,  жауына  тарпа  бас  салып,  оларды  талқандаған.  Бұл  ұрпақ-
тан-ұрпаққа  сабақтасып  келе  жатқан,  ата-бабаларымыздың  амана-
ты,  жердің  біртұтастығын  сақтау – ең  басты  абырой-міндет  болып 
саналады.  Өсиетті  жалғастырып  оны  орындау  намысшылдықтың 
бас  тұтқасы  болып  есептеледі.  Қазіргі  территория – екшеліп-екше-
ліп  қалған  жер.  Бүкіл  Сібірді  мекендеген  Шыңғыс  ханның  ұрпағы 
Көшім  ханнан  тартып  алған  Ресейге  есеміз  кеткен.  Орыстардың 
аппетиті  енді  қазақтың  кіндік  қаны  тамған  жеріне  ауды.  Бұл  жө-
нінде енді артқа шегінуге жол жоқ еді.
Шындығында  тың  өлкесі  деп  аталатын  құрылым  арқылы  өл-
кені  тікелей  орталыққа  (Москваға)  бағындырып,  іс  жүзінде  қазақ 
жерін  күштеп  бөлшектеуге  жанталаса  ұмтылған  кезде,  республика-
ның біртұтастығына қатер төнген шақ еді. 
Исі  қазақтың  бағына  қарамай,  осы  сəтте  Хрущевтің  буынсыз 
жерге  пышақ  ұрған  іс-əрекетіне  өжет  басшы  КСР  Министрлер  Ке-
ңесінің  Председателі  Ж.  Ташенов  қарсы  шықты.  Орталық  комитет-
тің  бас  хатшысы  Хрущев  Ташеновтен  пікірін  сұрағанда,  ол  ашық 
өз  қарсылығын  айтады: «Мен  өзім  Ақмолада  туып-өстім,  менің 
ата-анамның,  ата-бабамның  жаны  осы  жерде  жай  тапқан.  Енді  осы 
жерді  бізден  алып,  Ресейге  бергелі  отырсыздар.  Мұндаймен  ешбір 
қазақ  келіспейді.  Ойланыңыздар.  Мен  осындай  мəселені  шешу  тү-
гілі,  көтерудің  өзіне  қарсымын...», – дейді.  Бұған  шамданып  қал-
ған Хрущев «Совет Одағы – біртұтас мемлекет, сондықтан қай рес-
публикаға қандай жерді беру керектігін біз сізден, Ташенов жолдас 
сұрамай-ақ  шеше  аламыз!»  дегенде,  Ташенов  оған  қарсы: «Олай 
болса,  бұл  Совет  Одағының  Конституциясына  қарсы  шыққандары-
ңыз,  ал  онда  əрбір  республиканың  аумағы  оның  бұлжымас  мен-
шігі  делінген.  Егер  Конституцияның  бұл  талабы  өрескел  бұзыла-
тын  болса,  халықаралық  ұйымдардың  араласуын  сұрауға  хақымыз 
бар!» – дейді  тайсалмастан.  Оның  бұл  сөздеріне  ырза  болған 
Д.  Қонаев  өзі  Жұмекеңнің  батылдығына,  нар  тұлғалығына  таң  қа-
лып: «Сіздің  жүрегіңіз,  Жұмеке,  адамдікі  емес,  арыстандікі  шы-
ғар» деген екен. 
Сөйтіп  тарих  толқынының  жолында  кездейсоқ  қалқып  шыққан 
тоғышар,  таяз  басшы,  елдің  топалаңын  шығарып  əл-ауқатын  тө-
мендетіп  жіберген-ді.  Түкке  тұрмайтын  реформалардың  авторы 
атанды.  Сталинді  жамандап,  идеялық  рухымызды  түбегейлі  лайла-
ды.  Сталин  сияқты  Жеңістің  архитекторы  болған  ұлы  тұлғаның 
əруағын аяқ асты етті. 
Тарихта  босап  қалған  ұлы  басшының  билік  орнына  кездейсоқ 
адамдардың келуі көптеп кездеседі. Əр адамның өзіндік моральдың 
келбеті  мен  ақыл-ойының  өрісі  əртүрлі  деңгейде  болады.  Олар:  да-
нышпан  немесе  топас,  қажырлы,  қайратты  немесе  əлжуаз,  прог-
рессивтік  немесе  реакциялық,  т.б.  сатыда  болады.  Олар  тарихтың 
болмысы  мен  бағытына  əртүрлі  ықпал  етеді.  Керағар  адамдарды 
тарих  толқыны  екшеп-екшеп  қайраңға  шығарып  тастайды.  Бұл  та-
рихтың  прогресивтік  бағыттағы  доңғалағын  білімсіздіктің,  мəде-
ниетсіздіктің  нəтижесінде  кері  бұруға  мұрындық  болуға  тырысқан 
адамдар  туралы  болса  керек.  Осы  кейіпті  Хрущев  та  киді.  Ол 
1964  ж.  волюнтарист  жəне  субъективист  деген  айдармен,  орнынан 
тайдырылды.  Осындайда  К.Маркстің  мына  сөзі  тілге  оралады: «На 
гребне  исторической  волны  могут  оказаться  навоз  или  скорлупа 
от яйцо».
Хрущевтің  қопал,  орынсыз  əрі  жүйесіз  басқаруы  мен  сөздері 
туралы  əңгіме,  анекдоттар  ел  аузында  баршылық. «Халық  айтпай-
ды,  айтса,  қалт  айтпайды»  дегендей,  мұндай  басшылардың,  халық-
тың  көңілінен  шықпай,  ол  туралы  келеңсіз  əңгіме-анекдоттардың 
ел арасында айтылуы кездейсоқ емес-ті.

156
157
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Соның  бірі  өз  көзіммен  көріп,  құлағыммен  естіген  бір  жəйтті 
еске  алайын.  Өткен  ғасырдың 50 жж.  соңында  Индияға  мемлекет-
тік  визитпен  ұшып  бара  жатып  Хрущевтің  самолеті  Ташкентке 
аялдады.  Ол  кезде  біз  студентпіз.  Билік  «адамдар  дəлізін» («живой 
коридор»)  аса  ыждахаттылықпен  ұйымдастырды.  Ташкент  аэро-
портында  жастардан  ине  шаншыр  жер  жоқ,  бүкіл  қала  көтеріліп 
келгенге  ұқсайды.  Мен  Хрущев  самолет  тарапынан  түскенде  жа-
қын  жерде  тұр  едім,  оны  КГБ  адамдары  қолтығынан  демеп,  əрең 
дегенде  жерге  аяғын  тіреді.  Оның  қып-қызыл  келбетіне  қараған-
да  ішкені  көрініп-ақ  тұрды.  Біз  патшаның  мас  күйінде  халық  ал-
дына  шығар  деген  ұғым,  ойымыз  түгіл,  түсімізге  де  кірмепті. 
Оңай  дейсіз  бе,  алып  коммунистік  державаның  бірінші  басшысы 
«үлгі» көрсетіп аяғынан зорға тұрса. Біз ұялдық та, таң қалдық Өз-
бекстан  басшылары  аяғы  тəлтіректеп  келе  жатқан  Хрущевті  елпе-
лектеп қарсы алып жатыр. Арғы-бергі жағына шығып тыпырлауда. 
Ол  кезде  Хрущев  мыңдаған  халық  алдында  сөйлеуді  дəстүрге 
айналдырған.  Совет  Одағындағы  барлық  радио  мен  телевидение 
түгел қосылған, шетелге де трансляцияланды. 
Микрофонға  тұмсығын  тақай  беріп,  тілі  күрмеліп  қызара  бөрт-
кен  келбетімен: «Уважаемые  узбекские  саксаулы («аксакалы»  деп 
айтқысы  келген  болуы  керек),  надеюсь  вкусные  узбекские  шаш-
лыки  и  плов  готовы!».  Осы-ақ  мұң  екен,  Өзбекстан  басшылығы 
КГБ  қызметкеріне  «микрофонды  ажырат»  деп  ишарат  білдіргеннен 
кейін,  таратылып  жатқан  хабар  бірден  үзілді.  Оны  байқамаған 
Хрущев бұрынғысынша қолын ербеңдетіп, капитализмге лағнат ай-
тып  жерден  алып,  жерге  салып  жатты.  Тез  шаршағаны  да  белгілі 
болып  қалды.  Осы  мезетті  пайдаланып  ресми  адамдар  оны  алып 
кетті. Хрущевтің аталмыш қылығы əлемді таң қалдырған шығар, бы-
лайша  айтқанда,  Совет  империясының  басшысының  саяси,  адами 
сиқы осындай болды. 
Керісінше,  менің  білетінім,  Сталин  бүкілодақтық  радиодан  си-
рек  сөйлеген,  бірақ  мазмұнды,  салмақты,  перспективалық  тұрғы-
дан білімді, жауапкершілігі терең болған. Совет халқы алдында аса 
беделді  болған.  Оның  шетелде  де  беделі  жоғары  болған.  Соғыс  ке-
зінде  «жаулары»  У.  Черчилль  (Ұлыбритания  премьер-министрі), 
Ф.Д.  Рузвельт  (АҚШ  президенті)  қорықса  да,  сыйласа  да,  бəрібір 
оны  жоғары  бағалаған.  Гитлер  болса,  У.  Черчильді  «английская 
свинья»  десе,  Сталинді  «Джо» (Джугашвили)  деген  псевдоним-
мен атаған. 
Сонымен  ақылы  əлжуаз  басшының  келеңсіз  іс-əрекеттері  Со-
вет  халқының  заңды  наразылығын  тудырды.  Мұны  ұлы  держава-
лық  шовинизмнің  ақылсыз  басшының  баянсыз  саясаты  деп  баға 
берсе  əбден  болады.  Сол  кездегі  Қаз  ССР  Президиумының  Пред-
седателі  Жұмабек  Ташеновтың  арыстан  жүректілігінің,  батылды-
ғының  арқасында  солтүстіктегі  бес  облыс  Ресейдің  құрамына  кі-
ріп,  қолды  болып  кетуден  аман  алып  қалды.  Əңгіме  былай  болған: 
ЦК  КПСС  Политбюросының  отырысының  күн  тəртібінің  бір  сұ-
рағы  Қазақстанның  солтүстігіндегі  бес  облысты  Ресейдің  құра-
мына  енгізу  туралы  болған.  Хрущев  басшылық  етіп  отырған  оты-
рыста  бұл  мəселе  алдын-ала  күшпен  шешіліп  дауысқа  салу  проце-
дурасы  басталады.  Осы  сəтте  бұған  куə  болып  отырған  Ж.  Таше-
нов  (Совет  Одағы  Президиумының  Председателі  К.Е.  Ворошилов-
тың  Қаз  ССР-нен  орынбасар  болып  сайланған)  орнынан  ұшып  тұ-
рып: «Этому никогда не бывать. Земля, которая осталась нам от на-
ших отцов и дедов не подлежит к расчленению», – деп қасқайғанда, 
Хрущев  не  дерін  білмей  аңырап  қалады,  басқа  мүшелері  жалт  бе-
ріп Ташеновке бұрыла қарайды. Кім білсін, оларда одақтас респуб-
ликалардың  өкілі  ретінде  осындай  қопал,  əрі  əділетсіз  шешімнің 
аяқсыз қалғанына іштей қуаныш сезімі биледі ме, əйтеуір үндеспей 
тарағанды.  Бəлкім  осындай  қара  бұлт  «Өгізге  туған  күн  бұзауға  да 
туар»  деген  нақыл  сөздің  аясында  империя  басшысының  сағының 
сынғанына  іштей  қуанып,  шоқ-шоқ  дей  отырып,  жалпы  ұлы  дер-
жавалық  шовинистік  саясатқа  алғашқы  берілген  соққылардың  бірі 
деп  қорытынды  жасауы  əбден  мүмкін.  Өйткені  орталықтың  тізесі 
одақтас  республикаларға  да  зілдей  батып  жатқан  еді.  Əйтеуір,  им-
перияның  жіберген  көптеген  қылмыстарының  нəтижесінде  бола-
шақта оның тарауына себеп болған алғашқы соққылардың бірі бол-
ды деп болжаса да қателеспейміз.
Жұмабек  Ташеновтың  қаймықпай  айтқан  қайталанбас  ерлігін 
ұрпақ  тарихи  жадында  мəңгі  сақтап  келеді,  əлі  сақтамақ.  Бұл  жас-
қанбайтын  ерлік  желтоқсаншылардың  империяға  дегендегі  қасқа-
йып төсін тосқан қарсылығы, қайсар атасы Ж. Ташенов сияқты тұл-
ғалардың  рухынан  нəр  алса  керек.  Бұл  бабалардан  қалған  батыр-
лықтың,  жүректіліктің,  намысшылдықтың  заңды  жалғасы  деп  зер-
делеген  жөн.  Бабалардың  əруағы  қолдаған  желтоқсаншылардың 
көтерілісі  көп  ұзамай  əлемдегі  ең  үлкен  əділетсіз,  соңғы  империя-
ның  қабырғасын  шайқалтып,  шаңырағын  ортасына  түсірді.  Мұнда 
Ж.  Ташенов,  Б.  Момышұлы  сияқты  батыр  аталардың  киелі  рухы-
ның  дəні  өсіп  өз  жемісін  берді  деп  тұжырымдасақ  болады.  Бұл – 
ұрпақтың  патриоттық,  отансүйгіштік  сезімінің  ұшталуының  қоз-
ғаушы  күші.  Орындалатын  аманатының  қайнар  көзі  болды  десек, 
шындықтан  ауытқымаймыз.  Тарих  Ж.  Ташенов  пен  Б.  Момышұлы-

158
159
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
ның есімін мəңгілікке қалдыруға шақырады. Батыр тұлғалардың есі-
мін  мəңгі  ету  мақсатында  республиканың  ономастикалық  комис-
сиясы  оның  атын  мекен-жайларға,  көше-мектептерге  жəне  т.б.  бе-
руде.  Көптеген  кітаптар  да  жарық  көруде.  Б.  Момышұлы  мен 
Ж. Ташеновтың есімдері бір параллельдің бойында жатыр. 
Билікті  ұлы  державалық  шовинизммен  лайлаған  Хрущевтің  үл-
гісін  таңдап,  Мəскеуге  бұра  тартқан  Т.  Соколовтың  қылығын  бай-
қап  шыдай  алмай,  күйініп  кетіп,  арнайы  самолетпен  сол  кездегі 
Целиноградқа (Қаз ССР Министрлер кеңесінің председателі) Ж. Та-
шенов ұшып келіп: «Жолдас Соколов, келер жылдың бюджетін неге 
өткізбей  отырсыңдар?  Қазақстанға  бағынғың  келмесе, 24 сағаттың 
ішінде бұл жерден табаныңды жалтырат! Есіңде болсын, тың өлкесі 
ешқашан  да  Ресейге  берілмейді,  ана  жақтағы  бастықтарға  да  солай 
деп  айт!» – деген.  Əрине,  мұндай  сөздерді  бетің  бар,  жүзің  бар  де-
мей,  кім  болса  да  қасқиып  айтатын  біртуар,  елім  деп  еңіреген  Та-
шенов сияқты жүрегінің түгі бар ұлдар ғана айтар еді. Осындай ай-
тулы  тұлғалар  кез  келген  қарсыласының  мысын  басып,  қоғам  мүд-
десін əділеттілікпен қорғай алса керек. 
Елінің сүйсінген перзентін аузынан тастамай айтып, түрлі аңыз-
дардың  желісі  етіп  айтып  жүрген  Жұмекеңнің  ерліктерінің  бір  па-
расы  осындай.  Империяның  басшыларына  тайсалмай  қарсы  келіп, 
Қазақстанның  мəңгілік  мүддесіне  қызмет  еткен  Ташеновке  деген 
орталықтың  қарсы  көзқарасы  қоюлана  түскен.  Хрущев  сияқты  то-
ғышар  басшылар  кек  алмай  тұра  ма?  Одан  Ташеновтың  білгірлігі, 
тəжірибелігі,  асқан  жауапкершілігі,  патриоттық  сезімі,  батылдығы 
оны қорғай алмады. Халық пен туған жер үшін өлшеусіз еңбек етіп 
ерлікпен өрілген асқақ тұлға 1961 ж. əділетсіздікпен қызметтен бо-
сатылып,  бес  ай  жұмыссыздықтан  кейін,  Шымкент  облыстық  ат-
қару  комитеті  төрағасының  қатардығы  орынбасары  қызметіне  тө-
мендетілді. 
1975  ж.  алпыс  жасқа  толғанда  мемлекеттік  қызметтен  еңбегі 
сіңген дербес зейнеткерлікке босатылды. Жоғарыдан келген шешім-
ге сəйкес, заң бойынша берілетін 500 рубль зейнетақы орнына оған 
тек 180 рубль берілетін болды. Кейін 60 жастағы Ташенов ғылыми-
зерттеу институты директорының орынбасары, ғылыми-техникалық 
орталық  директоры  қызметтерін  атқарды.  Ордендер,  медальдармен 
марапатталу да аз болмаған. Ж. Ташенов 1986 ж. дүниеден озған.
Кез  келген  тарихтың  ұзын-қысқа  тарихы,  оның  айтулы  тұлға-
лармен  өлшеніп  жазылатындығы  ақиқат.  Халқымыз  халық  тағды-
рын  нарға  ұқсап  арқалаған  кемеңгерлерден  кенде  болмаған.  Солар-
дың  бірі  емес  бірегейі,  Ж.  Ташеновтың 100 жылдық  мерейтойы  да 
алыс емес. 
Ж.  Ташеновтың  шуағы  мен  жылы  алақаны,  жанашырлық  пат-
риоттық сезім сыйлаған жандар ондап-жүздеп саналса керек. Жоғар-
ғы  мемлекеттік  деңгейде  қол  ұшын  көптеген  адамдарға  ұсынған, 
солардың бірі Б. Момышұлы мен Р. Қошқарбаев болды. 
Жеңіс туын Рейхстаққа бірінші болып желбіреткен, бес жылдық 
қырғын  соғыстың  нəтижесінде  нүкте  қойған  адамға,  Совет  Одағы-
ның  Батыры  деген  атаққа  сол  кезде  ұсынылғанымен,  Батыр  атағын 
беру  осы  күнге  дейін  кешеуілдетілуде.  Осы  мəселеге  білек  түріп 
кіріскен де Ж. Ташенов болды. Ол кезде бұл кісі Қазақ ССР Жоғарғы 
Советі  Президиумының  Председателі  болып  қызмет  атқаратын. 
Қошқарбаевтың  Батыр  атағын  алуын,  жеңістің 15 жылдығына,  ма-
териалдар  тауып,  қозғаған  кісі  Б.  Момышұлы  болатын.  Баукеңнің 
айтуы  бойынша,  тиісті  материалдармен  қаруланған  Жұмекең  Мəс-
кеудегі  СССР  Жоғарғы  Советі  Президиумы  Председателінің  орын-
басары  ретіндегі  бір  айлық  кезекшілік  қызметінде  Р.  Қошқарбаев 
жөнінде Бас штабтың архивіндегі материалдарды көтереді. (Есіңізде 
болса,  осы  мақалада  Б.  Момышұлы  мен  Ж.  Ташеновтың  кабинетін-
дегі  Р.  Қошқарбаевтың  мəселесі  туралы  əңгіме  қозғалады – Т.  Ж.). 
Сөйтеді  де  оның  неліктен  өтпегені  жайлы  маршал  И.  Коневті 
шақыртып сұрайды. Өйткені, бұл адам соғыстан кейін Бас штабтың 
бастығы болған. Ж. Ташеновтың қатқылдау сұрағына маршал шам-
данып қалады. Екеуі қатты сөзге келеді. Бұл жайсыз хабар сол кез-
дегі  СССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Председателі  К.Е.  Во-
рошиловқа жетеді. Клемент Ефремович мəселені ушықтырмас үшін 
өзінің орынбасары мен əйгілі маршалды татуластыруға күш салады. 
Сөйтіп жүргенде даудың түйіні назардан тыс қалады. 
–  Бəрі  Клемент  Ефремовичтің  азусыздығынан  болды, – депті 
Жұмекең күйіне отырып Баукеңе.
–  Жұмекең  де  мен  секілді  қызба  ғой.  Екеумізді  құртып  жүрген 
сол мінез, – деді маған айтқан əңгімесінде Баукең. Сонымен, алғаш-
қы талпыныстар сəтсіз аяқталды. 
Дегенмен,  əділеттілік  үшін  күрес  бірде-бір  рет  толастамады. 
Баукең  (Б.  Момышұлы),  Ж.  Ташенов,  белгілі  жазушы-публицист 
К.  Қозыбаев,  т.б.  Жеңістің 15, 20, 30, 45, 50 жылдығы  қарсаңында 
Б. Момышұлына, Қ. Қайсеновке, Р. Қошқарбаевқа Совет Одағының 
Батыры атағын беру үшін күрестер өзінің жалғасын таба берді! 
Гитлер  Москваны  екі  айдың  ішінде  жаулап  алып,  Совет  Ода-
ғын  сөзсіз  тізе  бүктіретіндігіне  күмəнсіз  болды,  əлем  жұртшылы-
ғын  соған  сендірді.  Əлемге  үстемдік  ету  үшін  оған  негізгі  кедергі-
нің  бірі  Совет  Одағы  болатындығын  айдан  анық  білді.  Өзінің  көп-
теген  даурықпа  мəлімдемелерінде  Совет  Одағын  алғаннан  кейін, 

160
161
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Қытай  мен  Индия  жерінен  маршпен  өтетіндігіне,  Ұлыбританияның 
өзі  қол  қусырып  келіп  жеңілгендігін  мойындайтынына,  ал  АҚШ 
пен əлемді билейтіндігі туралы келісетіндігі туралы кəміл сенді.
Бірақ  ол  Совет  халқының  Коммунистік  партия  басқарған  ком-
мунистік  идеологияға  берік  екендігіне,  Одақ  басшысы  Сталинге 
халықтың  құдайдай  сенетіндігіне,  Ресейде  қыс  айларының  қатал 
болатындығына,  социалистік  экономиканың  жедел  дамитындығына 
мəн  бере  қоймады.  Экономика  дегеннен  шығады,  Ленин  бастаған 
большевиктер  билік  басына  келгенде,  Ресей  империясының  эко-
номикасының  жілігінің  майы  таусылған  «түртіп  қалса  құлайын» 
деп  тұрған  мемлекет  қатарында  болатын-ды.  Социалистік  өндіріс-
тік  қатынасты  бетке  ұстаған  большевиктердің  іс-əрекеттерін  капи-
талистік  елдердің  басшылары  қабылдаудан  бас  тартты.  Өйткені 
жеке  меншікке  негізделген  капитализм,  қоғамдық  меншікке  негіз-
делген социалистік экономика мен идеология ол елдердің халқының 
санасын  жаулап  алып,  капитализмнің  тамырына  балта  шабады 
деп  тұжырымдап,  социализм  идеясымен  қаруланған  Совет  Одағын 
бесігінде  тұншықтыруды  көздеді.  Бір  сөзбен  айтқанда,  ескі  капи-
талистік  идеология  мен  жаңа  социалистік  идеологияның  текетіресі 
капиталистік  елдердің  басшылары  гитлершіл  Германияны  қос-қос-
тап  Совет  Одағына  қарсы  айдап  салады.  Бұл  соғыс  қарама-қарсы 
екі  идеологияның  соғысы  іспеттес  болды. 1933 ж.  Германияда 
билік  басына  Гитлер  келісімен  ə  дегеннен  «шығысқа  жорық»  деп 
атой салды. Соғысқа дайындық бірден басталып кетті. Гитлерге Ба-
тыс  мемлекеттері  қаржылай  жəне  қарулай  жанталасып  көмектесті. 
Аз  уақыттың  ішінде  Германияның  экономикасы  милитаризация-
ланып,  соғыс  рельсіне  көшіп,  мұздай  қарулана  бастады.  Ғылым 
мен  техниканың  жетістіктеріне  негізделген  қару-жарақтың  ең  озық 
үлгілері  дүниеге  келе  бастады. «Миссершмит», «Хенкел»,  т.б.  жой-
ғыш  жəне  бомбадировщик  самолеттері, «тигр»  деп  аталған  танктер 
Германияның  соғыс  қуатын  еселеп  арттыра  бастады. 1938 ж.  қарай 
Германияда 5,5 млн. əскер сақадай сай етіп құрылды.
Біз  білетіндей, 30-жылдары  Совет  Одағының  қуаты  Германияға 
қарағанда  өте  төмен  еді.  Өнеркəсіп  пен  ауыл  шаруашылығы  ради-
калды  түрде  жаңаша  түрде  құруды  талап  етті.  Бұл  дегеніміз  тіпті 
модернизациялауға  да  келмейтін  деген  ұғым  еді.  Қоғамды  барлық 
жағынан:  өнеркəсіпті,  ауыл  шаруашылығын,  əлеуметтік  мəселе-
лерді,  т.б.  түбегейлі  жаңа  форматта  жасау  керектігі  күн  тəртібінде 
тұрды.  Совет  Одағының  басшысы  Сталин  ауыл  шаруашылығын-
дағы  астықтың  біразына  (бұл  «раскулачивание»  деп  аталды)  Ба-
тыстан  (Швециядан)  мың  паровоз  сатып  алуына  тура  келді.  Бұл 
өнеркəсіптің темір жол арқылы жылдамырақ қан жүгіртуге септігін 
тигізді.  Əрине,  бұл  процес  елдің  біраз  жерлерінде  ашаршылық 
ауыртпалығына  əкеп  соқтырды.  Бірақ  бұл  басқа  амалдың  жоқты-
ғынан  істелінген  шара  еді.  Билік  мұны  түсінсе  де,  соған  баруға 
мəжбүр  болды.  Кейбір  тарихшылар  билікті  қаралау  мақсатымен, 
себебін  есепке  алғысы  келмей,  мұны  қолдан  жасалған  ашаршылық 
деп  баға  беруге  тырысып  бақты.  Колхоз,  совхоздарды  ұйымдасты-
рудың  негізі  болған  коллективизация  процесі  де  басталып  кетті. 
Ауыл  шаруашылығындағы  майда  қожалықтар  ірілендіріліп  үл-
кейген соң, еңбек өнімділігі де тез артып, оның есесіне өнеркəсіпке 
жан бітіп, ол да жоғары қарқынмен дами бастады. 
Осы  кезеңде  сыртқы  жаулардың  анталағанына  тез  арада  төтеп 
беріп, мемлекеттің іргетасын нығайған өнеркəсіппен қамтамасыз ету 
үшін ауыр өнеркəсіпті (индустриализация) шұғыл жандандыру өмір 
талабына айналды. Бұл – объективтік негізі бар амал болды.
Əрине,  Совет  Одағының  экономикасын  шұғыл  көтерудің  екін-
ші  жолы – жеңіл  өнеркəсіптен  (ситцевая  промышленность)  бастау 
керек деген пікірлер де болды. Мұны мемлекет басшыларының бірі 
Троцкий қолдады. 
Бірақ  Одақ  басшысы  Сталин,  біздің  жағдайда  индустриализа-
циялаудың бірден-бір, тез арада өсудің, төте жолы екендігін дəлел-
деді.  Осы  бір  жанталасқан  кезеңде  елде  қатал  тəртіптің  арқасында, 
еңбек  өнімділігі 45% жетті.  Бұл  əлем  тарихында  көз  көріп,  құлақ 
естімеген  қарқын  еді.  Бұл  дегеніміз – əрбір  екі  жылда  бір  Совет 
мемлекеті  дүниеге  келеді  деген  сөз.  Қазіргі  жағдай  бұл 5-10%-тің 
арасында.  Елімізге  соғысты 1938 ж.  ашуды  белгілеген  гитлершіл 
Германия бізге аталмыш қарқынмен дамуды мəжбүр етті. 
Германия  мен  Совет  Одағының  алшақтығын  жойып,  қысқарту 
үшін жұмысшылар станоктарда сөткесіне 18 сағаттан, колхозшылар 
егіс алқабында таңның атысы мен батысын қуалап еңбектенді. 
Осы  кезеңде  Сталиндік  биліктің  өкпесі  үш  жағынан  қыспаққа 
алынып, ауыр кезеңді басынан кешіруге мəжбүр болды.
1917  ж.  октябрь  революциясының  нəтижесінде  Ленин  бастаған 
большевиктер  билікті  қолына  алғанда,  үкіметтің  құрамында 22 мү-
ше болды да (тарих осылай сөйлейді – Т. Ж.), оның ұлттық құрамы 
мынадай болды: үшеуі – Ленин ұлты орыс, Сталин – грузин, үшін-
шісі – армян  (аты  есімде  жоқ – Т.  Ж.),  ал  қалған 19-ы  еврей  ұлты-
ның өкілдерінен тұрды.
Біріншіден,  Ленин  кезінен  билікке  араласып  жүрген  еврей  ұл-
тының өкілдері: Троцкий, Зиновьев, Каменев, Рыков т.б. қайраткер-
лер  бірнеше  ұйым  құрып,  билікке  таласып  Сталинді  тайдыру 

162
163
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
мақсатымен  оның  өміріне  қауіп  төндірді.  Олар  əртүрлі  керағар 
идеялар айтып, ұйым құрып халықтың арасында іріткі салып социа-
лизм  идеясына  нұқсан  келтіріп,  түрлі  идеялық  ағымдардың  пай-
да  болуына  ықпал  жасап  социалистік  мемлекеттің  қауіпсіздігіне 
нұқсан  келтірді.  Сталин,  партия  төңірегіне  социализм  идеясына 
берілген,  сенімді  соратниктерін  топтастыра  отырып  «троцкизмді», 
«каменевті», «зиновьевті»  т.б.  идеялық  жағынан  əшкерелеп  түп-
кілікті  ұзақ  күрестің  нəтижесінде  қатал  бейтараптандырып  көзде-
рін жойды. Бірақ халық арасында олардың ықпалын жойған жоқ еді.
Еврей  ұлтының  бір  қасиеті  білім  мəселесіне  өте  көп  көңіл  бө-
летін-ді,  нəтижесінде  олардың  университеттік  білімдері  бар  еді. 
Сталиннің  тек  қана  діни  семинарияның  бір  кластық  білімі  болды. 
Сталиннің  еврей  соратниктерінің  көре  алмаушылығының  бір  жағы 
бір  кластық  діни  білімі  бар,  əрі  ұлты  грузин  (бұл  жерде  ұлттық 
кемсітушіліктің  де  астары  байқалып  тұрды – Т.  Ж.)  адамның  билі-
гінің  аясында  қызмет  ету,  олардың  антипсихологиялық  ұлттық  се-
зімін  жанығандай  болды.  Еврей  қауымдастықтары  тізе  біріктіре 
отырып,  Сталинді  биліктен  тайдырып,  Россияға  еврей  мемлекетін 
құруды жоспарлаған тəрізді. Мұның жаны бар еді.
Соғыстан  кейінгі  тарих  логикасынан  байқағанымыз,  жоғарыда 
айтқандай,  еврейлердің  Сталинге  дегенде  ұзыннан  кегі  сақталып, 
олардың  ұрпақтары  өсіп  жетіліп,  ат  жалын  тартып  мінгеннен  кейін 
барды-жоқты  шатып  Сталин  қайтыс  болғаннан  кейін,  оның  аты-
на  дақ  түсіріп,  оның  тарихтағы  рөлін  төмендетуге  бар  күшін  сал-
ды.  Оған  дəлел,  Хрущев  дүниедан  өткеннен  кейін,  оның  зираттағы 
мүсіні  бірнеше  рет  талқандатылғанда  оны  қалпына  əлденеше  рет 
келтірген  еврейлер  болған.  Өйткені  Хрущев  «жеке  адамға  табыну-
шылықты»  сынға  алған  билік  басындағы  адам  еді.  Бірақ  осылай 
боларын  болжаған  Сталин,  қайтыс  болар  алдында: «Мені 50 жыл-
дан кейін тарих өзі ақтап алар», – деп көрегендік танытқан.
Екіншіден,  жалпы  қоғамдық  меншікке  негізделген  социализм 
идеясы,  жеке  меншікті  жоюды  көздеген,  нəтижесінде,  социалистік 
мемлекет,  меншік  иелері – капиталистерді,  жер  иелері – латифун-
дистерді  жəне  де  жүздеген,  мыңдаған  меншік  иелерінен  иеліктерін 
тартып алып, оларды мемлекеттің қас жауларына айналдырған.
Жеке  меншіктен  айыру  идеясы  идея  батысқа  да  тарауы  ықти-
мал  еді.  Өйткені  социалистік  идеяның  түпкі  мақсаты  əлемдегі  бар-
лық  елдер  социалистік  формацияға  өту  керек  деп  тұжырымдады. 
«Барлық  елдердің  пролетарлары  бірлігінде»  деген  ұран  кездейсоқ 
емес  еді.  Бұдан  өлердей  шошынған  АҚШ,  Англия,  Германия  сияқ-
ты  т.б.  капиталистік  елдер  аталмыш  идеяны  таратушы  большевик-
тер  кінəлі  деп,  оларды  «бесігінде»  тұншықтырып,  жансызданды-
руды,  былайша  айтқанда,  Сталиндік  билікті  түп-тамырымен  жою-
ды мақсат етті.
Мұны  іс-жүзіне  асыратын  ел  ішіндегі  қомақты  күш  кешегі 
меншігінен айырылған адамдар еді. Сондықтан батыс елдері оларды 
қаржылай,  қарулай  көптеп  көмек  көрсетіп,  қарсы  қойып  террорлық 
жолмен  елдегі  өнеркəсіп  орындары  мен  мəдени  ошақтарын  қопа-
рып-қиратып  шаруалардың  жиған  тергендерін  өртеп  жəне  партия, 
мемлекет қайраткерлерінің өмірлеріне қастандық жасап қауіп төнді-
румен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірумен болды.
Үшіншіден, 1933 ж.  Германия  үкімет  басына  күшпен  ұлтшыл-
социалист  Гитлер  келді.  Ол  билікке  келісімен  «Шығысқа  жорық» 
деп  əлемге  жар  салды.  Оның  бұл  іс-əрекеті  мен  идеясын  Ұлыбри-
тания  бастаған  Батыс  мемлекеттері  қолдады.  Гитлердің  қолтығына 
су  бүркеп,  Германияның  экономикасын  милитаризациялап,  қару-
жарақтың  жаңа  үрдісімен  жасалынған  түрлерін  шығаруға  қомақты 
қаржылай  көмек  көрсетті.  Аз  уақыттың  ішінде  мұздай  қаруланған, 
қатарында  миллиондаған  əскері  бар  қуатты  армия  құрылды.  Гитлер 
ең басты қарсыласы Совет одағын екі айдың ішінде тізе бүктіремін 
деген  мақсатында  «Барбаросса»,  содан  кейін  əлемге  үстемдік  жүр-
гізетін  «Шығыс»  жоспарын  да  түзді.  Ол  бұлардың  іс-жүзіне  аса-
тындығына құдайдай сенді.
Аталмыш  кезеңдегі  жоғарыдағы  үш  ауыртпалық  əлі  бұғанасы 
қатып  үлгермеген  Совет  мемлекетіне  ауыр  тиіп,  келе  жатқан  қауіп-
қатермен  бетпе-бет  келді.  Сталин  басшылық  еткен  билік  Германия-
мен  алшақтықты  аз  уақыттың  ішінде  жою  үшін  экономиканы  ауыр 
индустрияландырудан  бастады.  Бұл  айтуға  оңай,  бірақ  іс-жүзіне 
асыру  аса  күрделі  де,  қиын  еді.  Совет  одағы  сырттан  көмек  күтпей 
тек  қана  өз  күшіне  сенді.  Не  керек,  арпалыс  кезеңі  басталды.  Сон-
дықтан  билікке  «бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас»  шығаратын  ішкі 
жағдайды  біріздендіріп,  қоғамда  тұрақтылықты  сақтап  фашистік 
германияға  қарсы  тұру  кезең  күттірмейтін  мəселеге  айналды.  Ол 
үшін  қаптап  кеткен,  ішкі  дүниесі  түзік  емес, «ішкі  жауларды» 
анықтап,  оларды  бейтараптандыру  аса  қажет  болды.  Мұны  халық 
«репрессия»  деп  атады.  Осындай  ауыр  кезеңде,  социалистік  мем-
лекеттің  қауіпсіздігіне  қауіп  төнген  шақта,  биліктің  «халық  жаула-
рынан»  елді  тазартуға  бел  буғаны  заңдылық  еді.  Сондықтан  билік 
қалыптан  тыс  шараларға  баруға  мəжбүр  болды.  Бұл  репрессияның 
объективтік  себептері  деп  аталды.  Өйткені  бұл  биліктің  еркінен 
тəуелсіз шаралары еді.

164
165
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Сыртқы  жау  өзінен  өзі  түсінікті  болса,  ал  ішкі  жауларды 
«адамның аласы ішінде» дегендей, мəселе адамның тағдырына бай-
ланысты болғандықтан, анықтау қиыншылықтар туғызды.
Дегенмен  «халық  жауы»  айдарымен  ниеті  бұзық  адамдарды 
сүзгіден өткізіп, қоғамды тазартуға жол ашылды. Билік адамдардың 
іс-əрекетінің  ақ-қарасын  ажыратып  барып  əділ  шешім  қабылдауды 
тапсырғанымен,  аласапыран  кезеңде,  өкінішке  орай,  жазықсыз 
адамдар да жапа шеккені шындық. Өйткені жергілікті билік басын-
дағыла,  орган  адамдары,  өздерінің  өкілеттілігін  асыра  пайдаланған. 
Мысалы,  С.  Сейфуллин  орган  адамдарының  тұтқындауынан  ойы-
сып,  Жамбыл  облысындағы  апасының  үйі  ауласындағы  жертөледе 
9  ай  мекендеген.  Апасы  түнде  тамақ  апарып  берген  сəтте  аңдыған 
орган  адамдары  «əшкерелеп»  ұлы  ақынды  жазалатып  жіберген. 
Керісінше,  армияның  көптеген  жоғарғы  шенді  генералдары  мен 
офицерлері  айыптары  дəлелденіп,  халық  жауларының  қатарында 
кеткен.  Өйткені  олар  ертеректе  патшаға  ант  беріп,  кейін  советтік 
билікке  қызмет  етуге  жалған  анат  беріп,  ниетінің  бұзық  екені 
дəлелденіп,  ауыр  жазаланған.  Солардың  бірі – генерал  Власов  та 
совет  өкіметіне  қызмет  етемін  деп  ант  беріп,  бірақ  ішінің  алалығы 
үстем  болып  кетіп,  бүкіл  армияны  Вермахтқа  тапсырып,  Минск, 
Киев,  Ленинград  бағыттарына  жол  ашып,  жаудың  Москва  түбіне 
тез  жетуіне  мүмкіндік  туғызды  немесе  Вермахт  басшыларының  ар-
бап-алдауына  түскен  маршал  Тухачевский  тобы  (Якир,  Гамарник, 
Егоров,  т.б.)  билікке  қарсы  мемлекеттік  төңкеріс  жасау  үстінде 
қолға  түсті.  Сталин  алғашқы  кезде  сеніп,  оны  Қорғаныс  министрі-
нің  орынбасары  етіп  тағайындады,  бірақ  сатқын  екендігін  анықтау 
үшін  ұзақ  уақыт  мұқият  тексерді.  Бұлтартпас  дəлелдер  мен  фак-
тілер оның кінəлі екендігін мойнына қойып берді. 
Сайып  келгенде,  билік  қоғамда  дендеп  кеткен  «халық  жаула-
рын», «Троцкистерді»  олардың  топтарын  əшкерелеп,  қателіктерін 
мойындатып,  түрлі  жазаларға  тартып,  қоғамды  мейлінше  «та-
зартты».  Көптеген  ниеті  бұзық  адамдарды  оның  ішінде  соратник-
тері болса да, бейтараптандырды. 
Репресияның  субъективтік  себептеріне  келсек,  ол  сол  кездегі 
билік  басанда  отырған  Сталинге  тікелей  байланысты  болған. 
1922  жылы  науқастанып  жатқан  Ленин  «Съезге  хат»  деген  мақала-
сында  өзінің  соратниктеріне  мінездеме  бере  отырып,  Сталиннің 
мынадай адами кемшіліктеріне назар аударады. 
Бірінші – кекшілдік  (біздің  пайымдауымызша,  ол  кавказ  ха-
лықтарынан  (ұлты  грузин)  шыққан  соң  мінезінде  қызуқандылық,      
оқыстау айтылған сөзге мəн беріп есте сақтауы).
Екінші  басқалардың  кемшіліктеріне  төзімсіздік  таныту.  Бұл 
қасиет  соратниктерінің  арасында  байқала  қоймағанымен,  халыққа 
жайсыздау  тиіп,  жалпықоғамдық  сипат  алып  кетуі  ықтимал.  Ленин 
көрсеткен Сталиннің кемшіліктеріне біздің қосатынымыз:
1. Сталин соғыста əскерлерге тұтқынға түсудің орнына сақтаған 
бір оғыңды өзіңе жұмса деп талап етуі.
2.  Еркінен  тыс  тұтқынға  түскен  солдаттар  мен  офицерлерді  Сі-
бірге айдап еріксіз жұмысқа жегуі;
3. «Халық  жаулары»  деп  айдар  тағылып,  жазаланған  басшы-
лардың  отбасы  мүшелерін  түрлі  лагерлерге («Алжир», «Карлаг») 
тоғытуы.  Бұлар  Сталиннің  жеке  басының  қатігездігін  сипаттайтын 
кемшіліктер болса керек.
Ол,  бұл  шараларды  тəртіптіліктің  талабы  деп  түсіндіріп,  мем-
лекетке  қарсы  пиғылдағы  адамдарға  сабақ  болсын  деген  ұста-
нымды  басшылыққы  алғаны  болса  керек.  Əрине,  бұл  кемішілікте-
рінің  қаты-гездікке  ұласуы  қоғамды  көптеген  шығынға  ұрындыр-
ғанын білеміз. 
Сайып  келгенде,  əділеттілікке  жүгінер  болсақ,  оның  жіберген 
субьективтік  кемшіліктерінің  нəтижесінде  қоғамға  келтірілген  шы-
ғындарды  безбеннің  бір  басына,  ал  советтік  мемлекеттің  тағдырын 
сақтап  қалып  Ұлы  Жеңістің  Архитекторы  болған  еңбегін,  екінші 
басына  салар  болсақ,  қай  басының  басым  түсетіндігін  байқау  қиын 
емес.  Гитлердің  Совет  Одағын  жеңгеннен  кейін  түрік  тектес  ха-
лықтарды  отқа  өртеп  күл  етіп  тыңайтқышқа  айналдырамын  деген 
хайуандық идеясының іске аспауы, Жеңістің нəтижесі болса керек.
Ленин 1924 ж. қайтыс болғаннан кейін партияның билігі И. Ста-
линнің қолына өтеді. Лениннің табытының басында оның соратник-
тері  көсеммен  қоштасу  сөздер  айтады.  Сталиннің  сөзі  Троцкий 
бастаған еврейлер тобына қарағанда аса ұтымды, өтімді шығады да, 
халықтың  көңіл-күйін  жұбатып,  болашақ  социалистік  мемлекетті 
нығайтып,  халықты  партияның  айналасына  топтастырып  ұлы  же-
ңістерге жетудің жолдарына тоқталып, үлкен үмітке жетелейді.
Сайып келгенде, ел бірлігін сақтап, біртұтастықты нығайтып, бір 
жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас  шығарып,  тастай  болып  Гитлер  сияқ-
ты  зұлымдықтың  символы  болып  келе  жатқан  алапат  күшке  қарсы 
дайындалып,  намысты  қолдан  бермей,  Совет  халқының  тəуелсіз-
дігін  сақтап  қалу  ең  басты  мақсат  болды,  сондықтан  қалғандары 
соған  бағындырылды,  Сталин  бастаған  билік  елді  осыған  жұмыл-
дырды. 
Соңғы  жаһандық  соғыста  немістер  «За  Гитлера!», «Гитлер  жа-
сасын!»  деп  соғысса,  Совет  солдаттары  мен  офицерлері: «Отан 

166
167
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
үшін!», «Сталин  үшін!»  деп  жанқиярлықпен  соғысқа  араласты. 
Аталмыш екі ұранның қарама-қарсы мағыналары бар еді. Гитлердің 
солдаттары  мен  офицерлері,  фюрердің,  неміс  халқы  əлемнің  би-
леушісі  ретінде  оны  құдай  жаратып  қолдаған,  сол  үшін  ең  алды-
мен  басты  кедергі  Совет  Одағын,  соның  ішінде,  орыс-славян  хал-
қын  құлдыққа  жегу  керек  екендігі  туралы  расистік  идеяны  іске 
асыру керек болды. Сол үшін, Гитлердің, оның жақтастарының бас-
ты  ұраны: «Аяушылық  деген  болмау  керек,  тек  өлтіру,  қыз-келін-
шектерді зорлап, содан кейін атып тастау, кездескен қарттар мен ба-
лаларды  да  тірі  қалдырмау  керек»  ұранымен  қаруланды.  Фюрерді 
жақсы көргендігін дəлелдеу үшін, сəулет өнерінің үлгісімен салын-
ған,  тарихи  мəні  мен  құндылығы  бар  ғимараттарды,  ұлы  худож-
никтердің  баға  жетпес  картиналарын  да  бетіне  қарамай  қирату  ке-
ректігін ұрандатты. Ең басты қару зорлық, зомбылық, өлтіру болды.
«Сталин үшін, Отан үшін!» деген ұранның гуманистік, патриот-
тық, адамгершілік, имандылық мəні бар еді. 
Біріншіден,  Сталин – біз  əділеттілікті  жақтаймыз,  елімізді,  кін-
дік  қаны  тамған  жерімізді  қасық  қанымыз  қалғанша  қорғаймыз, 
ешкімге  ұлтарақтай  жерімізді  бермейміз,  семсермен  келген  жау, 
сол семсерден өліп жер жастанады, «Біздің ісіміз əділетті! Біз жеңе-
міз!» – деді.  Сондықтан  біз  ешқашан  бірінші  болып  оқ  атпаймыз 
деген  адами  құндылығы  бар  принципті  ұстанды.  Бұл  əділеттілікті 
жақтаған  ұстанымның  саяси  мəні  бар  еді.  Əлемдік  жұртшылық  ал-
дында  бірінші  оқ  атып,  соғысты  бастаған  гитлершіл  фашизм,  əді-
летсіздік  танытып  оқ  атып  соғысты  бастағаны  үшін  агрессор  ата-
ғына ие болар еді, ал Отанын қорғаған Совет Одағы əділетті соғыс-
тың  авторы  атанар  еді.  Сондықтан  да: «Біздің  ісіміз  ақ,  біз  жеңе-
міз!»  деген  ұранның  қорғасындай  салмағы  болды.  Өйткені  оның 
қолдаушысы  да,  салмақ  берушісі  де  бейбітшілік  сүйгіш  дүние  жүзі 
халқы болар еді.
Екіншіден,  Совет  халқының  қайнар  күшін  коммунистік  идео-
логиядан  іздеу  қажет.  Коммунистік  партия  барлық  рухани-мате-
риалдық істердің бастаушы күші, қоғамның саяси ядросы болды. Ком-
мунист болу үлкен абырой мен атақтың, отаншылдық сезімнің иесі 
болу деген сөзге саяды. Соғыста да, тылда да барлық тыныс-тірші-
лік  иесі  коммунистер  болды. «Бауырлар,  біз  шегіне  алмаймыз,  ар-
тымызда  Москва!»  деген  жігер  беретін  ұранның  авторы  Клочков – 
коммунист  болатын.  Москваны  қорғауда  «Волоколомск  тас  жо-
лының»  бойында  немістермен  айқаста  бас  геройлардың  бірі  болған 
Б.  Момышұлы  да  коммунист  болған.  Жаудың  қаптап  келе  жатқан 
танкілерін  көріп, «Коммунист  басшы,  бауырлар!  Келе  жатқан 
танкілер  барлығы  отыз  екен,  ештеңе  жоқ,  біз  отызбыз,  біреуімізге 
бір-бірден  екен», – деп,  танкіге  қарсы  қуатты  жарылғыш  отыз  гра-
натты  қойындарына  тығып,  келе  жатқан  танкілердің  астына  түсу 
үшін  ұмтылған  солдаттардың  көбісі  коммунистер  болған  деседі. 
Совет  солдаттары  аштығына,  жалаңаштығына,  денсаулығының 
жоқтығына,  жараланып  қанының  аққанына  қарамастан  Жеңісті  жа-
қындату үшін, жаным пида деп төсін оққа төсеп, жауға қарсы атой-
лай  шапты.  Керісінше,  жаулап  алушы,  отарлаушы  неміс  солдатта-
ры  мен  офицерлері  жақсы  киінді,  мезгілімен  тамақтанды,  ұйықтап, 
тынықты,  ойындағысын  істеп  көңіл  көтерді,  өзін  қожайын  сезініп 
алшаң басты. 
Үшіншіден, Одақ құрамындағы кішігірім халықтар жаудан, ата-
бабалардан  ғасырлар  бойы  аманат  болып  қалған  жерін,  елін,  тари-
хын, су-бұлақтарын, тауын, т.б. көзінің қарашығындай қорғады. Бір 
кісінің  баласындай,  бір  қолдың  саласындай  тас  болып,  түйінделіп 
жаудың  жүзі  тайсалатындай,  əруағы  басатындай  мысын  қашырып 
қарсы  тұрып  шапты.  Шайқастан  кейін  неміс  генералдарының 
ұрыс  операцияларын  еске  түсіріп, «қара  түсті  адамдардың  өлімнен 
қорықпайтын  қайсар  халық  қазақтар  екеніне  көзім  жетті»  деп  мо-
йындауы  кездейсоқтық  емес.  Москваға  ентелеп  ұмтылған  жау  əс-
керінің  сүйір  тұмсығына  қарсы,  майдан  басшысы  дерлік  қазақтар-
дан  құралған  Панфилов  дивизиясын  қойды.  Бір  адым  да  жібермей, 
оның  бетін  қайтарғандардың  дені  қазақтар  еді.  Б.  Момышұлы  бас-
қарған  батальон  ерліктің  үлгісін  көрсеткен.  Москваның  тəуелсіз-
дігін  асқан  ерлікпен  қорғағаны  үшін  Б.  Момышұлының  соғыс  так-
тикасы  мен  стратегиясы  туралы  Сталин  естіді  ме,  əйтеуір  соғыс 
жеңіспен аяқталғаннан кейін, Б. Момышұлы жоғарғы əскери акаде-
мияда  оқып  жүрген  кезінде  Сталин  жеке  қабылдап: «Сенің  фами-
лияң Момышұлы емес пе, біз ержүрек тау халқымыз» дегендей сы-
ңай  танытқанда,  ешқандай  тайсалмастан, «Жоқ,  ата-бабамнан  ер 
атанған,  сөзге  шешен,  жаны  жомарт,  жүректі,  ешкімге  дес  берме-
ген,  кең  байтақ  сахарада  өскен  ұлты  қазақ  Момышұлы  Бауыржан-
мын», – деген.  Бұл  оның  ұлтжандылығын,  қайтпас  қайсарлығын, 
өжеттігін,  батылдығын  айғақтап  тұр.  Оны  бүйтіп  сөйлетіп  тұрған, 
өзінің  табиғат  берген,  атадан  балаға  тарап  жалғасқан  генофонды 
жəне ерлік пен жомарттықпен өрілген, тарихтан жалғасқан дала да-
налығы  болса  керек.  Біздің  пайымдауымызша,  аталмыш  күндері, 
1941  жылдың  октябрь-ноябрь  айларында  Москваға  төнген  қауіп 
шегіне жетіп, оның тағдыры қыл үстінде тұрғанда, неміс фельдмар-
шалы  əскерінің  сүйір  тұмсығына  асқан  ерлікпен  төтеп  беріп,  бетін 
қайтарған  қазақ  жауынгерлеріне  жасақталған  дивизия  болғанын 

168
169
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Сталин Жуков арқылы хабардар болмауы мүмкін емес еді. Өйткені 
өзі кішігірім ұлттың өкілі болғандықтан, шешуші айқаста қай гене-
ралдың  дивизиясы  басты  соққының  бетін  қайтарғаны  оның  дөкері-
нің  қай  жерде  жасақталғаны,  денінің  қазақтар  болғанын  іштей  жа-
ратып таңдауы да мүмкін екенін ұмытпау керек сияқты. Сталиннің: 
«біз  ержүрек  тау  халқынан»,  деген  сөзіне  Момышұлының: «біз 
жүректі Сахарада өскен қазақ ұлтынан» деген диалогінде екі кісінің 
ұлтаралық  мəселеге  жауап  алғаны  байқалады.  Мүмкін  грузин  мен 
қазақтың  Москваны  қорғай  отырып,  үш  ұлттың  (орыс,  грузин,  қа-
зақ)  мүддесін  қорғап  отырғаны  туралы  іштей  мақұлданған  сияқты. 
Соғыс  жеңіспен  аяқталғаннан  кейін, 1948 жылы  Жуков  пен  Мо-
мышұлының  арасындағы  жылы  қатынас  оның  полковник  Момы-
шұлына  майданның  (əскери  дайындық)  стратегиялық  операциясын 
жасауға  тапсырма  беруімен  жалғасын  табады.  Момышұлы  Алма-
тыға  қайтқанда  СССР  Қорғаныс  министрлігінде  отырып,  Момыш-
ұлына қамқорлық жасап оның пəтерінің бар-жоғы туралы көңіл бө-
ліп  сұрағаны  қазақ  халқына  дегендегі  жылы  сезім  мен  пікір  болса 
керек.  Гитлердің  опасыздықпен,  кенеттен  жасаған  шабуылы,  оның 
əскерінің 1941 жылы,  октябрьде  Москваның  түбіне  бірақ  келуіне 
жағдай  жасаса,  Сталин  басқарған  билік,  оның  Қызыл  армиясы 
1945  жылы  Гитлершіл  Германияның  астанасы  Берлинді  алып,  күл-
талқанын  шығарғанының  əлем  куəсі  болды.  Бұл  əділеттілік  үшін 
соғысқан Совет халқының ұлы жемісі мен Жеңісі еді. 
Сталин  ұлы  Жеңістің  негізгі  ұйымдастырушысы  жəне  ұйыт-
қысы  болды.  Тарих  оны  мəңгілікке  шақырады.  Мұндай  баға  Ста-
линге  өз  Отанында  оның  атын  да  мəңгі  сақталуы  керек  еді.  Бірақ 
олай  болмай  шықты.  Адам  аласы  ішінде  дегендей,  ұзақ  уақыт  Ста-
линнің  айналасында  жүріп,  оның  соратнигі  болған,  басқалардан 
оған  асырып  баға  беріп  мадақтап  жүрген,  шын  берілгендігімен 
«сыңай таныта білген Н. Хрущев, кейін кездейсоқ жылпос» адам бо-
лып  шықты,  сатқындық  əрекеттерге  бой  алдырды.  Əрине,  Сталин-
де  билік  кезінде  кемшіліктер  болды.  Ұлы  істердің  басында  тұрған 
соң  кемшіліктердің  орын  алатыны  сөзсіз.  Мысалы,  оған  репресси-
яны  біржақты  асыра  бағалап,  кемшілік  деп  айып  тағылуы,  тіпті  ол 
оны əдейі жасағандай, жала жабылды. Оның болуының объективтік 
негізі  болғаны  туралы  жоғарыда  айтылды.  Репрессия  ол  Жеңіс 
үшін  жасалынды,  олай  болса  репрессия  Жеңістің  көлеңкесінде  қа-
лып  қоятын  кішкентай  құбылыс.  Репрессия  Жеңістің  бағасын  тө-
мендете алмайды. 
Сонымен,  Хрущев,  Сталин 1953 жылы  қайтыс  болғаннан  ке-
йін, 1956 жылы  билік  басына  отырысымен,  Сталин  құрып  берген 
мемлекетті  одан  əрі  нығайтудың  орнына,  жеке  басының  қамын 
күйттеп Сталинді мұқатудың, оның атына кір келтірудің жағын ой-
ластыра  бастады.  Бір  себептен  ұлттарға  бөлетін  ұлы  державалық 
шовинистік  тұрғыдан  келді  ме  кім  білсін,  бірақ  шеңбері  тар  адам-
дарда ондай пиғылдың болуы да мүмкін. Сталинге сақтаған өкпесі, 
əлде  кекшілдік  пен  күншілдігі  басым  болды  ма  екен?  Бірде  Ста-
линнің  немістермен  соғыста  пленге  түскен  баласына  көмектесуді 
өтінген  Хрущев,  Политбюроның  шешімімен  теріс  жауап  алған-
ды. Ондай жанталас кезеңде Сталиннің ешкімді де аямағанын, қара 
қылды  қақ  жарып  əділеттілікпен  өз  баласы  Яковке  де  қол  созбаға-
нын  білеміз. «Генералды  солдатпен  алмастырмаймын»  деген  пат-
риоттық  сезімге  толы  пікірі  бүкіл  Армияға,  солдаттар  мен  офи-
церлерге  рухани  тірек  болғаны  рас.  Мəселе  былай  болған  еді:  Бұл 
1942  жылы  Сталинград  шайқасында  қолға  түскен  генерал  Пау-
люсті,  Гитлер  плендегі  Сталиннің  баласы  Яковпен  алмастыруды 
ұсынғанда,  оған  қарсы  Сталиннің  берген  жауабы  еді.  Бұл  сөздің 
əлемге  қанатты  сөз  болып  тарап  кеткені,  Совет  идеологиясының 
«Жеңіс үшін, Отан үшін!», деген ұғымнан қымбат ешнəрсенің жоқ-
тығын айғақтайды.
Хрущев 1956 жылы  партияның XX съезінде  «Жеке  адамға  та-
бынушылық» деген тақырыпта баяндама жасап, мұнда тарихи шын-
дықты  бұрмалап  Сталиннің  атына  күйе  жаққысы  келді.  Нəтижесін-
де,  Сталин  мен  Совет  халқының  арасындағы  мызғымас  сенімге 
сызат  түсті,  ырысы  мен  рухы  шайқалып,  қай  бағытқа  бет  бұрарын, 
кімге  сенерін  білмей  дел-сал  болды.  Соғыстан  кейінгі  тез  арада 
материалдық,  экономикалық,  рухани  жетістіктер  кері  кетті.  Соғыс-
тан  бұрынғы,  соғыс  кезіндегі  Сталиннің  атымен  байланысты  қуат-
ты  рух  құрдымға  кетті.  Соның  салдарынан  Совет  жүйесі  барлық 
жағынан  кеселге  ұшырап,  оңалмай,  ақыры  өткен  ғасырдың 90 жж. 
шаңырағы ортасына бір-ақ түсті. Сталин басқарған соғыстан кейін-
гі бірер жылдың ішінде Совет халқының ерні ақ нанға тиіп, халық-
тың  əл-ауқаты  едəуір  тез  көтеріліп  еңсесі  тіктеліп  қалған  Совет 
халқы,  Хрущев  басқарған 6-7 жылда  халық  қара  нанға  зар  болды 
да,  тақырға  отырды.  Ақыры  ол 1964 жылы  биліктен  тайдырылды. 
Сол  құлдырағаннан  құлдырап  Совет  империясы XX ғасыр  соңын-
да тарап бір-ақ тынды. 
Кремльдің  Қызыл  алаңында  партия  мен  мемлекет  қайраткерле-
ріне  арналған  галереяда,  Сталинның  басына  орнатқан  бюст  тұр. 
Бұл  Ленин  жатқан  мавзолейде,  оның  қасында  мəңгі  тыныштық  та-
уып  тұрақтаған  Сталинның (1953 ж.  қайтыс  болған)  сүйегін  орны-
нан қозғалтып қайта жерлеген Хрущевтің пəрмені еді. Керек болса, 

170
171
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
бұлай  етпей  Сталиннің  сүйегін  із-түссіз  етіп  жоғалтып  жіберер  ме 
еді, егер москвалықтар мен халықтың кейін іздейтінін ескермегенде.
Бюстің тұрысының өзінде саяси астар бар ма екен деп қаласың. 
Басқа  тұлғаларға  қойылған  бюстер  халыққа  ұялмай  қасқайып,  сі-
ңірген  еңбектерінің  жемісін  паш  еткендей  бейнеленсе,  Сталинді 
«ұялтып»,  халқының  жүзіне  тіке  қаратпай  мойнынан  жерге  еңкейе 
қаратып қойған. Сондағы мақсаты, біздің пайымдауымызша, халық-
қа  тіке  қарауға  дəті  шыдамағаны  десе  керек.  Өйткені,  оның  жүріп 
өткен  жолы  қателікпен  өрілген  деген  қорытынды  болса  керек.  Бұл 
Хрущевтің  оған  берген  субьективтік  жəне  волюнтаристік  тұрғыдан 
берген бағасы дегеннен басқа жауап жоқ.
Ал,  бірақ  Совет  жұрты  мен  дүниежүзі  халқы  оны  гитлершіл 
«қара  обадан»  аман  алып  қалған – құтқарушы  ұлы  адам  деп  баға 
береді.
Шынтуайтқа  келсек,  Совет  халқы  Хрущевтің  кезеңі  Совет 
Одағы  тарихында  қара  дақ,  өзі  «қара  сүйел»  болды  деп  есептейді. 
Қатардағы  зиратта  жерленіп,  бюстінің  симметриялық  бір  жағы 
ақ,  екінші  жағы  қара  етіп  қойылған.  Белгісіз  адамдар  бірнеше  рет 
бұзып,  еврейлер  қалпына  келтірген  деседі.  Хрущевтің  Сталинге 
жасаған  қиянаты  мен  жағымсыз  іс-əрекеттері,  бір  жағынан  пленге 
түскен  баласын  жақтамағаны  үшін  кекшілдік  амалы  болса,  екінші 
жағынан  кішігірім  ұлттың  өкіліне  баға  бергендегі  ұлы  державалық 
шовинизмнің  елесі  болса  керек.  Шындап  келсек,  Сталинді  Хру-
щев  сияқты  рухы  қаралы  адамдардан  қорғаудың  да  қажеті  жоқ,  ол 
қорғауды қажет етпейді.
Ұлы  державалық  шовинизм  дегеннен  шығады.  Ресей  Федера-
циясының  президенті  В.  Путиннің  психологиясында  да  аталмыш 
«кекіріктің»  салқыны  жоқ  емес.  Қайсы  бір  уақытта  оның  еркінен 
тыс,  инерциялық  қызды-қыздымен  шовинизмнің  балалық  «ауруы-
мен»  ауыруға  жол  береді.  Шындыққа  жүгінсек,  Ресей  саясаткер-
лерінің  екеуінің  бірі  осы  аурумен  ауырады.  Ертеректе  Совет  Ода-
ғының  сыртқы  істер  министрі  Вышинскийдің  бізді  сынаған  шетел 
саясаткерлеріне: «Караван  идет,  собака  лает»  деп  бір  сөзбен  қайы-
ратын  болған.  Сол  айтқандай,  Солженыцин,  Жириновский  сияқты 
саясаткерлерге, жоғарғы саяси мəні бар қанатты сөз дөп келеді. 
Жоғарыда  айтқанмын,  Путин, 2013 ж.  Сталинград  шайқасы-
ның 70 жылдығына  байланысты  сөйлеген  сөзінде, «Шайқастағы 
Жеңіс  тек  орыс  халқының  үлесінде»  деген  идеясын  бой  көрсетті. 
Мұнда басқа ұлттардың да үлесі бар екендігін біле тұра, шындықты 
бұрмалағаны көзге ұрып тұрды.
В. Путин 1941 жылы ноябрьде Москваны алуға үлкен сеніммен 
ентелеп  келген  немістердің  бетін  қайтарған  Панфилов  дивизиясы-
ның  дені  қазақтар  болғанын  жадынан  шығарып  үлгерген  тəрізді. 
Есеп  ашатын  болсақ,  Москва  сол  ауыр  сын  сағатта,  аман  қалғаны 
үшін басқаларға қарағанда қазақ əскерлеріне көбірек міндетті сияқ-
ты.  Қазақ  солдаттары  мен  офицерлері  «пушечное  мясо»,  былайша 
айтқанда, «қалқан»  ретінде  пайдаланылды.  Сондықтан  да  көбінесе 
қазақтардан аса көп шығын болғаны ащы шындық.
Жуырда  сол  Путин  мырза  Президент  Н.  Назарбаевқа  дейін  «қа-
зақтардың мемлекеттілігі болмаған» деп үлкен саясаттың бір шетін 
қылқитып  қойды.  Мұның  терең  немесе  терең  еместігін  біліп  не-
месе  білмей  айтты  ма,  бұл  бізге  беймəлім.  Білмей  айтса  кешіре 
салуға  болады.  Ол  дегеніміз – мемлекет  басқарудағы  ұстазы 
Н.  Назарбаевқа  комплимент  айтудың  есебіне  жатқыза  салуға  бо-
лады. Ал біліп айтса мынаны меңзегені деп болжап айтуға болады:
Шетелдерде  қалған  орыс  диаспорасының  қамын  жейтіндігі  ту-
ралы əлденеше рет жасырмай айтып жүр;
Реті  оңтайлы  болып,  Қырымды  Ресейге  қосып  алғаннан  кейін, 
енді  Қазақстанның  солтүстігіндегі  бес  облыстың  орыс  этностары-
на  құлаққағыс  ету  мақсаты  болды  ма  екен?  Не  де  болса,  реакция-
шыл орыс саясаткерлерінің қағып алып кетуіне қарағанда, аталмыш 
мəлімдеме үлкен резонанс тудырған.
Қазақта  ертеректе  айтылған: «досым,  досым  дейсің,  нанымды 
алдап  жейсің,  арпа-бидай  піскенде,  досы  құрсын  дейсің», – деген-
дей Н. Назарбаевты ұстазым дегенде, «уақытшасың» дегені ме екен?
Бірақ  қазақ  халқының  мемлекеттілігі  ертеректен  басталатынды-
ғын  еске  алып,  президент  Н.  Назарбаев  «Қазақ  хандығының  құ-
рылуының 550 жылдығын»  кеңінен  мемлекеттік  деңгейде  атап 
өтуді жоспарлап отыр. 
Бұл  жерде  тарихты  дұрыс  бағалау  керек  екендігі,  оған  қиянат 
жасаудың орны толмайтындығы туралы К. Маркстің бір терең ойын 
келтіру орынды: «Кто забывает свою историю, тот рискует ее зано-
во пережить» дейді. Бұл тарихты бағалай алмай, қалай болса солай 
піше  салатын  адамдар  туралы  айтылған  сөз,  сондықтан  тарихтың 
бұрылыстары  мен  қалтарыстарына  сақ  болуға  шақырады.  Олай 
болса,  адамдар  жіберген  қателіктерінен  зардап  шекпес  үшін,  жо-
ғары  деңгейде  иманды,  мəдениетті  адамгершіліктің  тұтқасын 
ұстай білуге ұмтылу қажет. 
Дегенмен,  Жеңістен  кейін  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  өтсе 
де,  кезінде  Сталиннің  ролін  соғыста  одақтас  болған  Англия  мен 
АҚШ-тың  лидерлері  У.  Черчилль  мен  Ф.Д.  Рузвельт  өте  жоғары 
бағаласа, керісінше, ол өз отанында тиісті шынайы бағасын ала ал-
май келеді. Оған соғыстан кейін СССР-да басшы болған Н. Хрущев-

172
173
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
тің  салқыны  тиді.  Сталиннің  атын  жермен-жексен  етті,  Кремльдегі 
өлі  денесін  басқа  жерге  жерлеп,  оның  атын  халық  санасынан  мүл-
дем  өшіріп  тастау  үшін  қолында  бар  амалдарды  жасады.  Кейде 
орыс  халқының  тарапынан  бірен-саран  өкілдері, «Соғыста  бізді 
Жеңіске жеткізген Г. Жуков» деген де керағар пікірлер айтылды. 
Мына  тарихта  кездесетін  парадокс  пен  əділетсіздігіне  назар 
аударуға  болады: 1812 жылғы  Отан  соғысында  Наполеон  бастаған 
француздарға  орыс  фельдмаршалы  Кутузов  Москваны  тастай  қа-
шып,  оны  отқа  орантты,  ал 1941 ж.  грузин  Сталин  бастаған  Совет 
халқы  мен  оның  Қызыл  армиясы  Москваны  гитлершіл  немістерге 
бермей, 1945 жылы Берлинде Жеңіс туын желбіретіп тікті. Кутузов-
тың  атымен  аталатын  Москвада  даңғыл  жол  бар,  ал  қалған  жер-
лерде  де  атаусыз  қалмаған.  Ал  Сталиннің  атында  еш  болмаса 
Москвада 100 м болатын бұрылыс көше де жоқ. Оның Жуков сияқ-
ты  ондаған  генералдарының  атында  көптеген  көшелер  бар.  Ке-
рек  болса,  Сталин  орыс  халқына  азаттық  пен  тəуелсіздік  сыйлады, 
немістердің  мəңгілік  езгісінен  құтқарды.  Гитлердің  «Шығыс»  атты 
жоспарына  сенсек,  ол  орыс  халқын  оқ  жеткенше  қырып,  қалғанын 
мəңгі  құлдыққа  жегуді  армандаған.  Сайып  келгенде,  бұл  Сталинге 
деген əділетсіздік, орыс халқының затына ауыр сын болса керек.
Сталин көптеген басшыларды, генералдар мен офицерлерді тəр-
биелеп  өсірді.  Ол  өзіне  де,  айналасындағыларға  да  қатаң  талап  қо-
йып,  жауапкершіліктерін  арттыра  білді.  Оның  қаталдығы  Отан  ал-
дындағы, əрі кетсе дүниежүзі халықтарын, гитлерлік «қара обадан» 
құтқару амалдарымен өлшенді. 
Черчилль  (соғыс  кезіндегі  Ұлыбритания  Премьер-министрі) 
Сталинге «Əлемде теңдесі жоқ қолбасшы» деп баға берді.
Жуков: «Он сделал невозможное возможным», – деді. Өкінішке 
орай, Ұлы Жеңісті сыйлаған адамның Отаны, онсыз тойлауда.
Мұндайда  АҚШ-тың  ұлы  президенті  Д.Ф.  Кеннеди  былай  дей-
ді: «Победа имеет сто отцов, а поражение сирота». 
Біз  білетіндей,  У.  Черчилль  Совет  Одағының  қас  жауы  болды. 
Соғыста  Сталин  бастаған  советтік  социалистік  мемлекетті,  бір  жа-
ғынан  «Жеңілсін!»  деп,  екінші  жағынан  «Жеңсін!»  деп  саясат  жүр-
гізді. «Жеңілсін!»  деген  тілегі,  іске  асса,  ертеңіне  Ұлыбританияны 
Гитлер басып алғалы отыр, мұндайда біз советтерге көмек беруіміз 
керек,  ал  советтер  жеңіп  бара  жатса,  Гитлерге  көмектесуіміз  керек 
деген  арам  пиғылдан  ешбір  таймады.  Черчильдің  екіжүзді  саясат 
жүргізуінің  түбінде  мына  ой  жатқанын  əлем  оның  өз  аузынан  ес-
тіді:  Гитлер  мен  Сталин – екі  жолбарыс.  Олар  бірін-бірі  қансырат-
сын, егер Сталин жеңіп бара жатса, Гитлерге көмектесеміз, ал Гит-
лер  басым  болып  бара  жатса,  Сталинге  қол  созамыз.  Біз  тың-тың-
дап,  əліптің  артын  бағып  отыруымыз  керек.  Сөйтіп  нəтижесінде 
жеңілген  жағын  басып  жаулап  аламыз.  Міне,  осындай  құйтырқы, 
əділеттілікке  салмақ  салмай  саясат  жүргізгені  үшін,  британ  халқы 
1945  жылы  парламенттік  сайлауда  Черчилльді  биліктен  тайдырып 
жібереді. Ол социализмнің де, социалистік мемлекеттің де көбінесе 
қас  жауы  болған.  Черчилль  Сталиннен  қатты  сескенетін  де  бол-
ған,  сондықтан  іштей  жүрексінеді  екен.  Дегенмен,  ол  Сталинге 
əділ  баға  берген  ұлы  адамдардың  бірі  емес,  бірегейі  болды  десек 
қателеспейміз, оған дəлел (орысша нұсқасын сақтаймыз):

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет