З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

«Алатаудың сұңқары» əңгімесі
1941  жылдың  ноябрінде  маршал  К.К.  Рокоссовский  Б.  Момыш-
ұлын  полк  командирі  етіп  тағайындайды.  Онда  оның  жасы  отызда 
еді  де,  əскери  дəрежесі  аға  лейтенант  екен.  Айтуына  қарағанда,  ол 
кезде  партия  қатарында  жоқ  болса  керек.  Полк  командирі  болу 
оңай  шаруа  емес,  оны  соғыстың  барысы  көрсетеді.  Өйткені  ба-
тальон  командирі  болып  көрген  Бауыржан  Момышұлы  енді  бір  са-
тыға  көтеріліп,  полк  командирі  болғаннан  кейін  жауапкершілігі 
одан  əрі  қарай  еселенеді.  Бес  рет  жау  қоршауынан  аздаған  шы-
ғынмен  бұзып  шыққаны  туралы  генерал  Панфилов  маршал  Рокос-
совскийге  құлағдар  еткен  болуы  керек.  Сол  кезде  партия  мүшесі 
емес  командирді  полк  командирі  етіп  тағайындау  сирек  кездесетін 
оқиғаның  қатарындағы  нəрсе,  үлкен  сенім.  Сол  кезде  полк  шта-
бының  бастығы  подполковник  Сорокин  деген  азамат  екен.  Ол  өзі-
нің  шенінің  үлкендігіне  қарамай,  аға  лейтенанттың  қол  астында 
қызмет  ететіндігіне  іштей  қынжылса  да,  сырттай  сыр  білдірмей 
полк  командирінің  бұйрықтарын  екі  етпей,  бұлжытпай  орындауға 
тырысып  бағатын-ды.  Бұл  қатаң – əскери  тəртіп.  Полктің  партия 
жағынан  комиссары – батальондық  аға  комиссар  П.  Логвиненко 
екен.  Батальон  командирлерінің  əскери  дəрежелері  шетінен  майор-
лар,  түптеп  келгенде  үлкен  ұлттың  өкілдері.  Осы  жерде  Бауыр-
жан  Момышұлының  соғысты  жүргізу  методикасы,  тактикасы  мен 
стратегиясы,  адамдармен  тіл  табысу  амалдары,  талап  қою  стилі, 
жауапкершілігі,  өзінен  шендері  жоғары  əскерилерден  сапалы  бол-
ғандықтан,  Бауыржан  Момышұлына  үлкен  сенім  жүктелгені  көрі-
ніп  тұр.  Маршалдың  қазақ  ұлтының  өкіліне  сеніп  тапсырған  дə-
режесінің  үдесінен  шығу  нардың  жүгіндей,  зор  жауапкершілікті 
арқалауға  мəжбүр  етті.  Оны  Бауыржан  Момышұлы  керемет  ақтап 
шығуға тырысты, ақтап шықты да.
Бауыржан  Момышұлы  полкты  қабылдағанда,  полк  штабы  Тру-
сово  деревниясының  түбінде  тұр  екен.  Штабты  қабылдағаны  сол 
екен,  бір  сағаттан  кейін  немістер  күтпеген  жерден  Трусово  дерев-
нясына  пəрменді  шабуыл  жасайды.  Бауыржан  Момышұлы  бай-
қайды,  немістердің  күші  басым.  Қарсыласуға  шамасын  келтірмей, 
састырады.  Табан  тіреп  соғысуға  болмайтынын  сезген  полк  коман-
дирі  шегінуге  мəжбүр  болады. «Қашқан  елге  қатын  жау»  дегендей 
шегіну  жəй  қарапайым  нəрсе  емес,  онда  міндетті  түрде  ұтылатын 
жағдайлар  жетіп  жатыр.  Бірақ,  шегіну  шығынын  максималды  түр-
де  азайтуға  тырысу,  ұтымды  тактика  мен  біліктілікті  талап  ететіні 
рас.  Мұндайда  лезде  шешім  қабылдау  керек.  Соғыс  тактикасында 
ұтымды  шегіну  үшін  тосқауыл  (прикрытие)  қажет.  Ол  үшін  комис-
сар  Логвиненконың  қарамағына  бір  ротаны  тосқауыл  ретінде  қал-
дырып,  полкты  тез  алып  шыққанша,  жасыратыны  жоқ  полктың 
быт-шыты  шығады.  Немістер  үсті-үстіне  шабуылын  бастырмала-
тып  қыратын  болған  соң  қашуға  тура  келеді.  Обалы  не  керек,  ко-
миссар  бұйрықты  орындап  шегедей  болып,  бір  ротаның  күшімен 
сіресіп  тұрып,  тосқауыл  функциясын  үлкен  жауапкершілікпен  не-
містердің  екпінін  тоқтатып,  оларды  алға  жібермепті.  Қарша  борап 
тұрған  оқтың  астында  тұрып  жаудың  жүрісін  толастату  оңай  бол-
мапты. Дегенмен, Логвиненко ротасымен полкке келіп қосылады. 
Бауыржан  Момышұлының  полкі  Соколов  деген  деревняға  же-
теді.  Енді  осы  жерде  есті  тез  жиып,  қорғаныс  мəселелерін  ұйым-
дастыруға  кіріседі.  Бауыржан  Момышұлы  байқайды,  немістер  ора-
сан  зор  күшпен  бізді  тықсырта  жақындап  келеді.  Полк  те  қорқы-
ныш  сезімін  жеңіп,  бедірейіп  қарсыласып  тұрып  алады.  Полкте 
тек  қана  алты  зеңбірек  бар.  Соларды  алғы  шепке  қойып  қарсылас-
пақ.  Немістердің  сегіз  танкісі  ентелеп  келе  жатады.  Олар  танктер-
ге  орнатылған  зеңбіректерінен  құсып-қақалып  оқ  жаудырып  ке-
леді.  Лезде  əлгі  алты  зеңбіректің  бесеуінің  тас-талқаны  шығады. 
Енді  бізде  бір  зеңбірек  қана  қалады.  Полк  командирі  шыдай  ал-
май, қалған бір зеңбіректің қасына жүгіріп барады. Қараса, еңгезер-
дей  қырғыз  жігіті  əлгі  зеңбіректердің  командирі  екен,  шені  стар-
шина. Əрі қарай полк командирі шыдай алмай былай жалғастырды: 

24
25
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
– Ат! – деп айқай салады.
– Атып жатырмыз, командир жолдас, – деді.
Соғыста  сəтті,  сəтсіз  нəрсе  болады.  Атқан  оғың  əркімге  тие 
бермейді.  Сол  жолы  (əлгі  қырғыз  жігітінің  фамилиясы – Тоқтағұ-
лов,  аты – Сатыбалды  екен)  оның  зеңбірегінің  сəті  түсті.  Əр  атқан 
снаряды  далаға  кеткен  жоқ.  Сегіз  танктің  бесеуін  қиратты.  Неміс-
терге жан керек. Қалған үш танкі шегінуге мəжбүр болды...
30  ноябрь  күні  Крюковоға  шегініп  қайттық.  Ол  Москвадан 
отыз-ақ  километр  жерде.  Москваның  іргесі  дірілдеп,  қалтырап  тұр-
ған  кезі  еді.  Крюковода  алты  күн  соғыстық.  Қолма-қол  Крюко-
воны, біресе немістер бізден тартып алады, немесе біздер немістер-
ден тартып аламыз...
Мен  соғыс  кезінде  батальон  командирі  де,  полк  командирі  де, 
дивизия командирі де болғандардың біреуімін. Бірақ та үлкен дəре-
жеме  қарамастан  (ол  кезде  жас  едім  ғой)  солдаттармен  қатар  жүр-
ген  командирдің  бірі  болдым.  Əр  уақытта  алдыңғы  шепте  жүрген-
дердің  біреуі  болатынмын.  Немістер  бізді  Крюководан  қуып  шық-
ты.  Есімізді  жинап  алғаннан  кейін  біз  күш  жинап,  тағы  да  қарсы 
шабуылға  шықтық. «Отан  үшін,  Сталин  үшін!»  деп  айқайлап,  ұран 
салып бара жатырмыз.
Мен  де  алдыңғы  шептің  қатарында  жүгіріп  бара  жатырмын. 
Немістердің  бірнеше  минометтері  бізді  атқылай  бастады.  Сол  бір 
шақта  минаның  жаңқасы  менің  алдымда  кетіп  бара  жатқан  жа-
уынгердің  қолына  тиіп,  білезігінен  жұлып  кетіпті  де,  оның  қолы 
екі-ақ  елі  теріге  ілініп  қалыпты.  Менің  көзімше  жаңағы  жауынгер 
теріге  ілініп  тұрған  қолын  жұлып  алып,  қарға  лақтырып  жіберді. 
Соны көрген мен есімнен танып қала жаздадым.
– «Атаңның,  гөрі  қоқи!» – деп  мылтығын  оқтап  алып,  сермеп 
атып, алға тұра жүгірді. Соғыс заңы бойынша ол ауыр жараланған-
нан  кейін  шетке  шығып  тұрып  қалуы  керек  еді,  бірақ  ол  өйтпеді. 
Ол  қайта  ызаланып-өршеленіп  алға  жүгіріп  барады.  Мен  тағы  таң 
қалдым. Мен оны қуып жетіп, түріне қарасам, əлгі жауынгер баяғы 
старшина Тоқтағұлов Сатыбалды екен.
Мен  соғыста  қорқақтықты  да,  батырлықты  да  көп  көрген  кісі-
лердің  біреуімін. «Шын  Алатаудың  сұңқары  екенсің  ғой!», – деп 
ердің  ерлігі  алдында  жүрегіммен  басымды  идім («Көз  алдымда 
бəріңсің», 81-82-бб.).
Бауыржан  Момышұлы: «Шын  Алатаудың  сұңқары  екенсің 
ғой» ... деп  басымды  идім  деген  тағзымда  үлкен  мағына  жатқан 
сияқты.  Бұл  Москва  түбіндегі  Крюково  қолдан-қолға  өтіп  жатқан 
кез.  Жұлынып,  екі  елі  ілініп  тұрған  қолын  жұлып  қарға  лақтырған 
солдат қырғыз еді.
Бұдан  біз  Б.  Момышұлының  батальонының  құрамы  əртүрлі 
ұлттардан  тұрса  да  олардың  ұран  мақсаты:  Отан  үшін  өлуге  да-
йын болды. Осы жерде біз жауды қалай жеңдік, жеңудің түпкі тəсілі 
неде  болды  десек,  солдаттар  Отаннан  жанын  артық  санамады,  оған 
пида  етуге  əзір  тұрды.  Қазақта  «малым – жанымның  садақасы,  жа-
ным – арымның  садақасы»  деген  мақал  ғасырлардан  бері  қарай 
келе  жатқан  азаматтық  құндылық.  Намыс  кернеген  солдат  жеңісті 
қолдан  бермеуге  тырысты.  Түптеп  қарасақ,  олар  орыстың  жерін, 
орыстың  қаласын  қорғауға  он  екі  мүшесін,  онан  қала  берді  жа-
нын  құрбан  етуге  даяр  болғанын  байқаймыз  (бұл  жөнінен  орыс 
халқы  қазақ  сияқты  кішігірім  халықтарға  борышты).  Мұхиттың 
майданнан жазған хатында: 
Оң қол мен аяғымды кетті жұлып,
Жатырмын госпитальда көзім шығып.
Мал болар-болмасым екіталай,
Жатырмын халқым үшін жанды қиып.
Жиырма бір-жиырма екіде қазір жасым,
Артымда Гүлзахира қарындасым.
Ағаңның саған берген зор міндеті 
Анашым «Мұхитым» деп зарламасын.
Осымен барлық назым болды тамам,
Сіздерге көп айтуға келмес шамам.
Тағдырдан күндіз-түні тілеу тілеп,
Бет алды о дүниеге Мұхит балаң ...
Жауды  жеңуіміздің  басты  себебі,  біздің  пайымдауымызша, 
техниканың күші емес – комунистік идеология, рухани-патриоттық, 
отансүйгіштік  жағы  басым  болды  десек  қателеспейміз.  Өйткені, 
жаудың  қаптап  келе  жатқан  танктерін  (кейбір  кезде  олардың  са-
ны 80-100-ге  дейін  жеткен)  тоқтату,  жару  үшін  біздің  солдаттар 
жанкештілікпен  бауырына  танкіге  қарсы  жанғыш  гранаттарды  қы-
сып алып, келе жатқан танкінің астына түсіп жатты. Сонда бір танкіге 
бір  адам  жанын  құрбан  еткен  десе  де  болады.  Ал,  немістер  ондай 
ерлікке барған емес, бармайды, өйткені олар агрессорлар, басқаның 
жері  мен  елін  əділетсіздікпен  жаулап  алушылар.  Олар  діттеген 
нысанасын  алу  үшін,  Совет  солдаттарына  қарсы  шабуылда  қойны-
на  граната  салып  алып,  біздің  танкілердің  гусеницасына  жатып 
оларды  жарған  жоқ.  Ондайға  батылы  да  жетпеді.  Олар  ондай  рух-
та  тəрбиеленбеген-ді.  Оның  бергі  жағында  басқыншылардың  бо-
йын  əлдебір  үрей-қорқыныш  сезімі  билейтіндей  еді.  Олар  түскі 

26
27
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
тамағын  уақытында  ішетін,  ыңғайлылықта  ұйықтайтын,  жылы 
жерде жатуға  тырысатын.  Ал, біздің жауынгерлер əділеттілік үшін, 
тəуелсіздік  үшін  бастарын  өлімге  тікті.  Намысты  қолдан  бермеу-
ге  жан-тəнін  салып  тырысты.  Сондықтан  да  тарихта  басқыншылар 
қорқау,  олақ,  арты  бос  келеді.  Тəуелсіздігі  үшін  күрескен  халықты 
жеңу  мүмкін  емес.  Бұл – тарихтың  бұлтартпас  шындығы.  Мысалы: 
басқыншы  АҚШ  əскері  тəуелсіздігі  үшін  күрескен  Кореяны,  Вьет-
намды, Ауғанстанды, т.б. жеңе алған жоқ. Өйткені еркіндігі, Отаны 
үшін  күрескен  халықтың  рухы  үстем,  құдіретті  келеді,  елін-жерін 
ашынып  қорғайды,  агрессорларға,  шет  адамдарына  деген  өшпенді-
лігі  еселене  түсіп,  қарсылық  қуатына  қуат  қосылады.  Ал,  агрессор-
дың  мақсаты  жаулап  құл  ету  болғандықтан,  ол  ел  көнсе  көнер, 
көнбесе  менің  ұтыларым  шамалы  деген  психологиямен,  мақсатына 
немқұрайдылау  қарайды.  Олардың  жеңілісінің  көзі  осында.  Бауыр-
жан  Момышұлының  күнделігіне  үңілсек,  азапты  жеңістер  мен 
жеңілістер,  ауыр  түндер  мен  күндер  бастарынан  өтіп  жатады. «Əрі 
қарай  қалай  болар  екен»  деген  уайым  ойды  шарлап  маза  бермейді. 
Бірақ, жарқын үміт бізді алға жетелейді дейді. 
Бауыржан Момышұлы былай деп көңіл-күйін білдіреді:
Ауыр бір түн өтті бастан,
Құйды нөсер аямастан,
Өңменімнен жел өтті.
Суға ағып,
Оқты қағып,
Бірнеше жас қыршын кетті.
Ішім күйді,
Көңілім мұңлы
Тəлтіректеп,
Тайғанап,
Қырдан ойға мен келем.
Қорегім жоқ,
Күні-түні 
Тыным алмай,
Қарны ашып
Сапта тұрған
Жауынгерге не берем?
* * *
Сөздің  қысқасы,  жан-тəнімен  қарсыласқанына  қарамастан,  не-
містер  үлкен  күшпен  Қызыл  əскерді  тықсырып,  Волокаламск  тас 
жолымен  қаланы  алмақ  мақсатымен  лап  береді.  Бауыржан  Мо-
мышұлының  айтуынша,  немістер  бар  күшімен:  артиллерия,  само-
лет, танк, жаяу əскерімен дүниені алай-дүлей етіп, түтін шаңнан кө-
рінбейтін  етіп  шабуылды  үдетеді.  Волоколамскіні  немістер  алыпты 
деген хабар да келіп жетті. 
Осы  бір  Москваның  тағдыры  қыл  үстінде  тұрған  шақта  Жо-
ғарғы  Ставка  неміс  басқыншыларын  тоқтатудың  бар  амалдарын 
ойластырады.  Өйткені  соғыс  басталғаннан  бері  Қызыл  əскер  артқа 
шегінуден  көз  ашпады.  Нəтижесінде  №227: «Бір  адым  да  артқа 
шегінуге  жол  жоқ!»  деген  бұйрықты  жауынгерлер  аруақтай  есте 
сақтады.  Сол  бір  кезде  əлем  демін  ішіне  тартып: «фашистерді  тоқ-
татуға  Совет  Одағының  күші  жетер  ме  екен»  деген  сұрақты  көп-
теп  қойды.  Осы  кезде  политрук  Клочковтың  «Артқа  шегінуге  жол 
жоқ,  артымызда  Москва!»  деген  ұранды  сөзі  солдаттар  мен  офи-
церлердің құлағында ылғи шыңылдап тұрғандай болды.
Екінші  қатерлі  сын  Сталинградты  қорғауда  болды.  Өйткені 
Москваны  ала  алмаған  Гитлер  басқыншылары  Совет  Одағының 
екінші  діңгегі  деп  тапқан  Сталинградты  шабуылмен  алуға  бет 
бұрды.  Осы  бір  аса  сын  сағатта 1942 ж. 9 октябрьде  «Казахстан-
ская  правда»  газетінде  ҚазCCР  Жоғарғы  Советі  Призидиумының, 
Совнаркомның,  Каз.  ЦККП  (б)-ның  Волга  бойындағы  шайқасқа 
қатысушы  Қазақстан  фронтовиктеріне  қобалжуға  толы  үндеу  жа-
риялады: «Воин казах! Знай, что отступать дальше некуда... Братья 
товарищи,  сыны  казахского  народа,  защищающие  в  рядах  красный 
армии  героический  Сталинград.  Сокрушайте  фашистскую  нечисть 
истребляйте  гитлеровские  орды,  не  пропускайте  врага,  вперед,  от-
бросьте его от Сталинграда, как в дни напряженных боев за Москву 
в  ноябре-декабре  прошлого  года  это  сделали  славные  защитники 
Красный  столицы,  деритесь,  как  дрались  бойцы 8-ой  гвардейской 
дивизии,  как  дрались 28-героев  панфиловцев».  Это  обращение  за-
читывали  как  на  казахском  и  русском  языках  во  всех  воинских 
подразделениях  дивизии.  Воины  бойцы  выполнили  с  честью.  Они 
не оступали ни на шаг удерживая свои позиции. 
Сол күндері дивизия газеті «За нашу победу!» бетінде Н. Раков 
деген ақынның мынадай өлең жолдары жарық көрді:
Пробивая путь на запад,
Дружно дрались как один.
Русский воин, сын казаха,
Украинец, армянин.
За  стойкость  и  мужество  личного  состава  в  оборанительных 
боях,  упорство  в  наступлении 73-гвардейской  дивизии  было  при-
своено  почестное  наименование  Сталинградская.  С  победным  ра-
портом в Алма-Аты была направлена воинская делегация.

28
29
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Өкінішке  қарай,  Совет  Одағы  тарағаннан  кейін,  бұл  Ұлы  Же-
ңіске  Одақты  мекендеген  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  қатысы 
болғанын  уақыт  тарапынан  жады  тоқырауға  ұшыраған  кейбір  орыс 
өкілдері  оның  ішінде  мемлекет  қайраткерлері  де  ұмыта  бастаған 
сияқты.  Бұлар  Жеңісті  үйіп-төгіп  орыс  ұлтына  беруге  бір  иығын 
бұрып  тұруға  бар.  Мысалы, 2013 жылы 2 февральда  Сталинград 
шайқасының 70 жылдығын  тойлауға  келген,  Ресей  Федерациясы-
ның  Президенті  В.  Путин  Волгоградта  сөйлеген  сөзінде, «Бұл  ұлы 
шайқастың  авторы  орыс  əскері  болды», – дегендей  ой  айтты.  Бұл 
сөздерде  ұлы  державалық  шовинизмнің  лебі  есіп  тұрғандай.  Бұған 
тəуелсіздік  алған  басқа  ұлттық  республикаларды  былай  қойғанда, 
Ресей  Федерациясын  мекендеген  ірі-ұсақты  ұлттар  қалай  қарар 
екен.  Бұл  Ресей  Федерациясының  біртұтастығына  шоқ  тастаумен 
барабар  болса  керек.  Өйткені,  бұл  іріткі  идеяның  авторы  жай 
қатардағы  орыс  өкілі  емес,  ел  президентінің  аузынан  шыққан  сөз. 
Осы  сөз  үшін  В.  Путин  жеңіс  үшін  шейіт  болғандардың  аруағы-
ның  алдында,  соғыстың  ауыртпалығын  бастан  кешірген  адамдар 
мен  ұрпақтарынан  кешірім  сұраса  артық  болмас  еді.  Өйткені  бұл – 
саяси қате.
Сталинград  шайқасының  нəтижесінде  генералдар  Чуйков  пен 
Шумилов  фельдмаршал  Паулюстың 300 мыңдық  армиясын  тұт-
қындағанын  білеміз.  Сол  кезде  Гитлер  трагикалық  жағдайды  тез 
түзеткісі  келді  ме,  Паулюске  генерал-фельдмаршал  деген  əскери 
атақ  бергені  туралы  телеграмма  жолдайды.  Ол  фюрерге  рақмет  ай-
тып  қуанудың  орнына,  күңгірттеніп  тұрып: «Бұл  мені  өзімді-өзім 
өлтіруге  шақырғаны», – дейді.  Тұтқындауға  келген  совет  офицері 
мына  бір  фактіні  еске  алады: «53 жастағы  Паулюс  дайындалуға 
20  минут  жəне  өзін-өзі  тəртіпке  келтіруге  тағы  да 20 минут  уақыт 
сұрайды.  Сонымен  қатар  өзінің  солдаттарына  гуманистік  қаты-
насты  сұрайды.  Сол  кезде  Паулюс  өзінің  бізге  жасаған  асқан  қия-
наттығы,  хайуандығы  мен  жауыздығын  естен  шығарғандай  болып 
көрінді».
Дегенмен,  көптеген  қарсылықтардан  кейін  ол  біздің  радиодан 
Гитлер  режимінің  қанқұйлы  қылмыс  екені  туралы  неміс  халқына 
үндеу тастап сөйлейді. Паулюс тұтқында 10 жыл отырып, 1957 жы-
лы  қайтыс  болады.  Ол  əрдайым  Сталинградқа  шабуылдың  мүлдем 
қате  болғанын,  бұдан  былай  қарай  енді  неміс  жерінен  соғыс  оты 
тұтанбасын,  бұл  менің  Совет  халқына  жасаған  қастандығым  үшін 
өкінішім...  Мен  Россияға  жау  болып  келіп,  енді  оның  досы  болып 
аттандым», – дейді. 
Біздің  ақмолалық  жерлесіміз  С.  Сибгатулин  Чуйковтың  Ставка-
сында  болған  мына  жайтты  еске  алады: «...Генерал  вызвал  свое-
го  адьютанта  и  приказал  ему  принести 2 ведра  спирта.  Ведра 
поставили  на  стол,  заблестели  кружки,  Чуйков  зачерпнул  спирта  и 
выпил.  А  выпив  расплакался.  Когда  солдаты  спросили,  от  чего  он 
плачет, генерал сказал, что от радости: приказ Сталина был выпол-
нен  «Сталинград  остался  в  наших  руках».  Так  что  мои  милые  сол-
даты  пейте,  гуляйте,  танцуйте!», – сказал  генерал  Чуйков.  Бұдан 
шығатын  қорытынды:  Сталиннің  қатал  да  жүйелі,  орынды  да  дə-
лелді тəртібі, бұйрығы көптеген Жеңістің кілті болған сияқты.
Қоршауда  қалған  Паулюстің  армиясы  тамақ  пен  қару-жарағы 
таусылып, аяздан азаптанып, мүшкіл, бейшаралық хал кешті. Азап-
ты  кезеңді  бастарынан  кешірді.  Немістер  бұндай  аязды  көрмеген. 
Пленге түскен немістерге қараудың өзі аянышты сезім тудырды. Ке-
шегі өктемдіктің жұрнағы да қалмаған, əншейін бейшара пенде бо-
лып қалған, əйтеуір тірі қалғанына разы сияқты көрінеді. 
Сталинград  шайқасының  маңызы  туралы  О.  Сүлейменов  былай 
дейді: «2 февраля 1943 г. Мы добили армию Паулюса. Мы помним, 
что  значил  Сталинград  для  страны.  Если  бы  Гитлер  перешел  Вол-
гу, то вал войны прокатился бы и по Казахстану. Хотя и так не обо-
шел нас.
Ныне  все  реже  напоминаем  об  уроках  той  войны,  поэтому  ис-
тинный подвиг поколения и дедов и прадедов не доносится до созна-
ния юных граждан, родившихся уже в Республике Казахстан.
Нет новых книг, не появилось не одного фильма об участии ка-
захстанцев  в  той  войне.  Около  миллионов  жизни  из  них 350 тысяч 
только казахов. Почти 100 казахов – Героев Советского Союза, вы-
жившых, погибших. Среди них наши девушки – Алия Молдагулова и 
Маншук Маметова.
Я писал проект доклада, с которым должен был выступить пер-
вый  руководитель  республики  (Д.А.  Конаев – первый  секретарь 
ЦК КП Казахстана) на торжественном собрании, посвященным 30-й 
(1975 г.) годовщине Победы. И цифры материалов подготовленных 
к докладу, показали масштабы трудового вклада Казахстана в побе-
ду. В первый же год войны немцы захватили в западный части стра-
ны все месторождения цветных и черных металлов. В Сибири и на 
Урале новые месторождения еще не были открыты и казахстанские 
недра оказались единственно способными пополнять металлом еще 
действовавшие  у  нас  заводы. 93% меды,  олова,  свинца  из  которых 
казахстанские  рабочие  делали  гильзы  и  пули  добывались  тогда  в 
нашей  республике.  Самые  легированные  стали  из  которых  отлива-
ли  стволы  пушек  и  автоматов,  также  производил  Казахстан.  Узнав 
эти цифры, я изложил их в краткой формуле, которая потом прозву-

30
31
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
чала в докладе: «Девять пуль из десяти, выпущенных по врагу, были 
сделаны  в  Казахстане».  Этот  трудовой  подвиг  казахстанцев  еще  не 
описан ни в литературе, не изложен в трудах историков и социоло-
гов, не показан в кино. Очень немного сказано обо всем этом в кни-
гах  писателей-участников  войны.  К  тому  же  они  теперь  не  пере-
издаются».
О. Сүлейменовтың ойын жалғастырсақ, сол сұрапыл соғыс күн-
дерінде  Қазақстан  жұмысшылары  мен  инженерлерінің  қолынан 
шыққан  оқтарды  батырларымыз  Б.  Момышұлы,  М.  Ғабдуллин, 
Ə.  Молдағұлова,  М.  Мəметова,  т.б.  жауға  атып  жаусатып  жатты. 
Қазақстаннан  қорытылып  шыққан  металдардан  танк,  самолет,  бом-
балар,  пулеметтер  жəне  т.б.  қару-жарақтар  жасап,  жауды  жайпап 
жатты.
«Шабуыл  жасаған  жау,  батальонды  қууды  тиып  қалаға  қарай 
бет бұрады.
... батальон болса қырдағы орманның ішінде демін алып отырған 
кез  еді.  Соларға  жақындай  бергенде,  Бозжанов  пен  комбаттың  ара-
сында мынадай диалог өрбіді.
Бозжанов: Сізге бір сыр айтсам ұрыспайсыз ба?
Момышұлы: Кейін болмаса, қазір ұрыспаймын.
Бозжанов: Жоқ, онда айтпаймын.
Момышұлы: Ұрыспаймын, айта қойғын, не айтатын едің?
Бозжанов: Мен финдермен соғысқа қатысқандардың бірімін. Сол 
соғыста  біздің  көп  командирлерден  бекерден-бекерге  айырылған 
жағдайларымыз  болды.  Меніңше,  бүгін  сіз  көзсіз  батырлық  көрсе-
тіп  орынсыздан-орынсыз  басыңызды  қатерге  тіктіңіз.  Вы  сегодня 
бравировали (қауіпке қарсы батырсыну).
Момышұлы: Қалайша?
Бозжанов: Ал, Краев пен Брудныйға ілеспегеніңіз дұрыс-ақ бол-
сын.  Филимоновтың  соңынан  жүру  деген  батальон  командиріне 
келісе қоймайтын-ақ қылық.
Момышұлы:  Əй,  сен  маған  ақыл  айтатын  менің  əкембісің,  əлде 
ағамбысың?
Бозжанов: Тұра тұрыңыз, сабыр етіңіз ақсақал, жаңа ғана ұрыс-
паймын деп уəде беріп едіңіз ғой, – деді күлімсіреп.
Момышұлы: Ендеше, айта бергін.
Бозжанов: «Жаман  айтпай,  жақсы  жоқ»  дегендей,  жаңағы  жер-
де бір қаңғыған оққа ұшсаңыз... Біз сіздің төбеңізді көргеннен кейін 
сізді күтіп топтала жиналып отырмыз. Егерде сіз жазатайым болған 
жағдайда,  батальонның  басын  қосу  оңайға  түспес  еді.  Жай  жауын-
гер... (Жай  жауынгер  командир  бар  жерде  қауіп  аз  деп  ойлайды. 
Ол  менің  басымнан  өткен  тəжірибе).  Командирдің  кетуі  мен  өлімі 
қиын  жағдайда  істі  теріске  айналдырып  кетуі  де  мүмкін...  жауын-
гер командирге ерік беріп оның соңынан ереді...
Жауынгер  қашқанда  да,  қуғанда  да  көзімен  командирді...  іздей-
ді.  Оның  төбесін  медет  көреді...  Ор  жағалаған  бірде  болмаса  бірде 
құлайды... Сақтанған сақталады деген емес пе.
Мен  Бозжановқа  жауап  қатқаным  жоқ,  бірақ  та  оның  сөзі  мені 
көп  ойға  салды. «Мынаның  сөзі  ойланатын  нəрсе  екен»  дедім  де 
қойдым ішімнен.
Біз  орман  ішінде  отырмыз.  Жаудың  бір  тобы  біз  тастап  кеткен 
рабочий  мен  племхозға  келіп  тоқтады.  Оның  да  діңкесі  құрыған 
білем – біздің соңымызға түскен жоқ. Соғыс дабылының сарынына, 
самолеттердің  бет  алысына  қарағанда  қала  алынып,  оның  көршілес 
қыстақтарының маңында қызу ұрыс жүріп жатқанға ұқсайды.
Рахимовтың айтуы бойынша, Шехтман полкының бізбен көрші-
лес  батальоны  жақын  арада  орман  ішінде  жиналып,  түскі  тамаққа 
дайындалып  жатқанға  ұқсайды.  Олардың  төрт  түлігі  сай  көрінеді. 
Бізде ішерге ас, тартарға темекі де жоқ. Жауынгерлер мүлгіп ағаш-
тарға сүйеніп отыр.
– Енді не етпекпіз, жолдас комбат, – деп сұрады Рахимов.
– Тағы да баяғыша өзіміздің дивизияға қарай тартып, үйірімізге 
қосылу керек.
– Жарақаттанғандарды қайтеміз?
–  Оларды  Быки  қыстағына  жөнелту  керек.  Онда  Шехтман  пол-
кының дəрігерлік пункті болуға тиісті.
–  Мына  қала  арқылы  жіберген  жарақаттанғандар  өте  алды  ма 
екен? Ай, тəңірім-ай, солар өте алмады-ау, неге десеңіз, оларды ер-
тіп кеткен кісілердің бірде-бірі əлі қайта оралған жоқ, – деді Киреев 
күрсініп.
–  Киреев,  сіз  жарақаттанғандардың  қасына  барып  комбаттың 
айтқанын орындаңыз, – деді оған Рахимов қамыққан дауыспен. Ки-
реев үн қатпай тұрып кетті. Біздер үндемей біраз отырдық.
– Бəлкім дұшпан қаланы алғанша олар өтіп те кеткен болар, а? – 
деді  өзіне-өзі  төмен  қарап  жер  шұқылап  отырған  Бозжанов.  Содан 
кейін маған қарап, лейтенант Беляков пен Аалы Жиенішбаев қатты 
жарақаттанғандардың  ішінде  еді, – деді.  Мен  үн  қатпадым.  Краев 
тықыршып  отыра  алмастан  орнынан  тұрып  кетті...  Синченко  маған 
бір пачка «Беломор» мен екі бөлек сухари ұсынды. 
– Қалғаны осы ма?
– Қоржын түбінде қалғаны осы-ақ, жолдас комбат. Алғандарым-
ды  қолыма  біраз  ұстап  отырдым  да,  алаңға  қарай  лақтырып  таста-
дым. – Встать! Строиться! – деп команда бердім. Роталар сапқа тұрды.

32
33
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
–  Шагом  марш! – деп  артыма  бұрылмастан  сап  алдына  түсіп 
жүріп кеттім.
–  Жолдас  комбат,  ешкім  бұрылмады, – деді  қуанған  дауыспен 
мені қуып жетіп Бозжанов.
– Не айтып келесің тағы да?
– Əлгі папирос пен сухарларға ешкім бұрылмады.
– Сен соларды қарауылдап қалып па едің?
– Жоқ. Қатарда келе жатып көзімнің қырын сала жүрдім...
Бозжановтың бұл хабары менің ойымды орнына салғандай бол-
ды.  Біздің  қызылəскердің  мықты  белағаш  тіреуі  адамгершілік  сезім 
билеген  тəртіп.  Тəртіпсіз  ер  болмайды.  Ер  жүректі  жауынгерлердің 
басын  біріктіріп,  бірің  мың  үшін,  мыңын  бір  үшін  тар-қысылтаяң 
соғыс  жағдайында  отқа  да,  суға  да,  аштыққа  да,  соғыстың  қауіпті 
жағдайына да, жорықтың қиыншылықтарына да əдеттендіре алмай-
сың, бірақ та борышын атқару үшін оған көнеді. «Тапшылыққа көне 
білген жоқшылыққа да көнеді» деген рас екен-ау деп ойладым.
Оларға көндіретін күш тəртіптілік. «Көп жасағаннан сұрама, көп-
ті көргеннен сұра» дегендейін, кейінгі аз күндердің ішінде біз көпті 
көрдік,  талай  қиыншылықтарды  бастан  өткіздік,  батальонның  тобы 
бұзылған  жоқ.  Жауынгерлер  шыдамдылық,  табандылық  көрсетті. 
Мен олардың командирімін.
Мен жаңағы Бозжанов айтқан кішкентай, сырттан қарағанда бо-
лар-болмас  фактіге  өте  қуандым,  тыныққандай  бойыма  күш  пайда 
болды,  аяғым  жеңілдеді,  сенімім  бұрынғыдан  да  нығайды,  бойым 
сергектеніп,  адымым  ұзарғандай  болды  (Б.  М. «Москва  үшін  шай-
қас». А., 2004. 66-68-бб.).
Бозжановтың командиріне айтқанының жаны бар. Қол бастаған, 
мемлекет басқарған, отағасының жүріс-тұрысы, өмір салты, сөзі, іс-
əрекет  қимылы  жан-жағындағыларға  үлгі  болуы  ғасырлар  дəлелде-
ген  шындық,  асқан  құндылық. «Батырға  да  жан  керек»  деген  сөз 
бар.  Ол – басқаруда  біліктілікті,  қаһармандықты,  көрегендікті,  сақ-
тықты  синтездей  біліп  басқару  керек  деген  сөз.  Егер  дене  бассыз 
қалса, құр дене жансыз қалмақ. Дене дегеніміз бұл жерде командир-
сіз  қалған  батальон.  Əлбетте,  ондайда  батальон  қалжырайды.  Қа-
зақтың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ол бір орталыққа 
бағынған жағдайда, ол орталықты бір білікті табанды, адамгершілігі 
мол  адам  басқарғанда  ғана  келелі,  айтарлықтай  табысқа  жетпек. 
Мысалы:  Б.э.д. V ғасырда  Парсы  патшасы  Кирдың  басын  алған 
Томирис  патшайым,  жарты  əлемді  жаулап  алып  империя  құрған 
Шыңғысхан, Батый хан, əлемнің төрттен бірін бағындырған А. Ма-
кедонский,  Совет  Одағын  басқарып,  ұлы  жеңісіміздің  архитекто-
ры  болған  И.  Сталин,  Абылай  хан,  батыр  Б.  Момышұлы,  т.б.  олар 
өздерінің  шын  болмысымен  айналасындағыларға  үлгі  бола  білген, 
сөйтіп  соңына  ілестірген,  былайша  айтқанда,  басшының  елге,  қол 
астындағыларға  үлгі  болатындай  ақылы,  келбеті,  табандылығы, 
даналығы,  жауапкершілігі,  көрегендігі,  өмір  салты  сияқты  т.б. 
қасиеттері болуы керек.
Б.  Момышұлының  қарамағындағы  офицерлер  мен  солдаттардан 
қатал  тəртіп  талап  еткенімен,  олардың  барлық  жағынан  жағдайын 
ыңғайластыратын  ағалық  қамқоршы  да  болды.  Қатал  талап  қояды 
дегеннен  шығады.  Немістердің  қоршауында  қалып  оны  бұзып  шы-
ғу  асқан  əскери  ережелерді  бұлжытпайтын  арнайы  əскери  білімі 
болмағанмен  соғыс  жүргізудің  тактикасы  мен  стратегиясын  қол-
дана  отырып  қоршаудан  мың  адамды  алып  шығу  əр  шендегі  офи-
церлердің  қолынан  келе  бермесе  керек.  Біз  білетіндей  талай  гене-
ралдар  мен  полковниктердің  пленге  түскенін  еске  алсақ,  Бауыржан 
Момышұлының  іс-əрекетіне  баға  берерде  оған  «самородок»  деп 
атақ беру лайық. Оған ең алдымен өзіне-өзі қатаң талап қоя білетін, 
соған барып жан-жағындағыларға үлгі ретінде қатаң талап қоя оты-
рып,  уставты  орындататын  да.  Бірақ,  жоғарыдан  қойылатын  қи-
сынсыз  бұйрықтар  мен  талаптардың  кейбірін  орындаудан  бас  тар-
татын, қатесін батыл айтатын болған, əділетсіздікке төзбестік таны-
татын. Өзі комбат қызметін атқара отырып, полк командиріне: «Сіз-
дің  айтқан  бұйрығыңызды  орындаймыз,  бірақ  біз  азық-түлік  жағы-
нан  өте  мұқтаж  халдеміз,  шынын  айтсақ  ашпыз,  оқтарымыз  тау-
сылды...  Осыдан  кейін  мынадай  образды  сөздерді  келтіреді:  қой-
шыны  жұмсағанда  да  қарнын  тойдырып,  керек  заттармен  қамтама-
сыз етіп жұмсайды...», – өз уəжін ашық айтатын. 
Ол  əділетсіздікті  де  батыл  сынады: «Бүгін  күні  бойы  бізге 
жəрдемдерің тиместен бізді қалқандап бір оқ атпастан шегіндіңдер, 
ал енді болса бізді ашық далалы жерге жұмсап, өздерің орман ішін 
паналап отырсыңдар. Адамдар 23 октябрьден бері мандыртып көзін 
ілген жоқ. Кешелі бері нəр татқан жоқ, титықтадық». 
Бауыржан  Момышұлының  қол  астындағы  адамдарға  қамқорлы-
ғын  айтқанда,  тарихи  параллель  еске  орала  береді:  Төле  би  де  хал-
қымыздың  жетім,  жесіріне  немесе  қол  астындағы  халыққа  қамқор-
лық  танытып,  қайырымдылығын  аянбай  көрсеткен.  Сондықтан  да 
еңсесін  көтере  алмай  жүрген,  бірақ  генофондында  батырлық  пен 
даналық  бар  талай  кембағалдар  тəрбиеден  өтіп,  кейін  олардан  көп-
теген  ел  намысын  қорғайтын  қолбасшылар,  батырлар  шыққан. 
Төле  бидің  болашақ  балаға  баға  беретін  асқан  сыншылдық  қасиеті 
де  болған. «Болар  бала  бесіктен»  деп  Төле  би  Сабалақтан  болашақ 

34
35
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
үлкен  кісіліктің  қасиеттерін  көре  білсе  керек.  Сабалақ  (болашақ 
Абылай  хан)  Төле  бидің  бас  жылқышысы.  Бір  күні  Төле  би  келе 
жатса,  Сабалақ  төрттағандап  ұйықтап  жатыр  екен.  Сонда  Төле  би 
қасындағыларға:  Мынау  Сабалақ  қалай  ұйықтап  жатыр,  мұны  біл-
діңдер ме? – депті. Жолдастары: Би біз қайдан білейік, – депті. Төле 
би: Бұл төрт ру елді билейді екен, – деп қорытындылайды. Төле би 
кешке  келгеннен  кейін  Сабалақты  түйеден  шығарып,  жылқы  бақ-
тырыпты.
Бір  күні  Төле  би  мал  сойып,  малдың  басын  Сабалаққа  беріңдер 
деп  үш-төрт  адам  жібереді.  Сабалақ  келген  адамдардың  алдынан 
шығып  сəлем  береді. «Біз  саған  Төле  би  берген  басты  жесін  деп 
алып  келдік», – деп  басты  береді.  Сабалақ  аттан  түсіп,  шапанын 
жайып,  аналарға  «өле  жегенше  бөле  же  деген»  жасың  үлкен  аға-
сың, келіңдер дейді, аналар аттарынан түседі. Сабалақ қолын жуып, 
пышағын  алып,  бір  құлағын  біріне,  екінші  құлағын  екіншісіне, 
екі  көзін  ойып  екеуіне  беріп,  тілін  өзі  жейді.  Басты  жеп  болғаннан 
кейін,  аналар  Төле  биге  болған  жайын  айтады.  Ол  кезде  Сабалақ-
тың жасы 18-де екен (С. Дəуітов. Төле би. А., 1991 ж. 76-77-бб.).
Абылайдың  болашақ  ел  билеуінің  алғышарты  Төле  бидің  көре-
гендігінде  болса,  оның  бергі  жағында  оның  асқан  дарындылығы-
ның, көзсіз батырлығының, қолбасшылығының көзін ашқан, серпін 
берген  ел  намысын  қорғау  үшін  жекпе-жекке  шығып  жеңіп,  оның 
алдағы тұрған жауды жеңуге шешуші үлес қосуында. Былайша айт-
қанда,  бойында  ұйықтап  жатқан  таланты  намыс  деген  шердің  шай-
қап шығаруында болды.
Жоғарыда  айтқандай,  комбат  орны  кеп  тұрғанда  ешкімге  жал-
тақтамай, тəуелсіз кейпін сақтап, сұраққа жауап беретін батыл адам 
болған.
– Жолдас комбат! Жолдас комбат! Тұрыңыз. Полк штабынан кі-
сілер келіп тұр, – деп Рахманов Бауыржан Момышұлын оятты. Мен 
ұйқымды аша алмай отырғанда:
–  Мұнда  батальон  командирі  кім  болады? – деп  киімі  олбыр-
солбыр аласа бойлы, сүйір мұрындау, бетін əжім басқан ақсары ка-
питан  күркешеге  кіріп  келді.  Оның  соңынан  кешегі  Блинов  енді. 
Мен  орнымнан  тұрып  ізет  көрсете  қарсы  алмағаныма  шамданған 
болуы керек, капитан маған тесіле қарап, зекіре сөйледі.
–  Неге  сіздің  батальонда  ешқандай  тəртіп  жоқ!  Не  деген  бей-
бастық?!
– Қандай бейбастыққа кез болдыңыз?
– Сіздің адамдарыңыздың барлығы ұйықтап жатыр.
– Ə, ұйықтамағанда, аласұрып жүгіріп жүрмек пе?
– Сіздер қай жерде тұрмын деп ойлайсыздар?
– Курортта жүрмегендігімізге бəріміздің де көзіміз жетеді. Оның 
несін  сұрайсыз, – дегенімде,  капитанның  артында  тұрған  Блинов 
мырс  етіп  күліп  жіберді.  Капитан  бұрылып  Блиновқа  ала  көзімен 
қарады.
– Жағдайды баяндаңыз, – деді маған капитан.
–  Алдымен  сіз  маған  кім  екеніңізді,  не  үшін  мұнда  келгеніңізді 
айтыңыз:  мен  сізді  бірінші  рет  көріп  отырмын,  жолдас  капитан. 
Маған  зекіріп  сөйлейтін  мен  сіздің  тоқалыңыздан  туған  бала  емес-
пін, – дегенімде,  Блинов  тағы  да  мырс  етті.  Капитан  ұялғандай 
біраз кідіріп тұрып:
–  Мен  полктың  химслужбасының  начальнигі,  капитан  Булатов-
пын. Біз Блинов екеуміз сіздің батальонды тексергелі келдік.
– Тексергенде немізді түзетіп, қай жерімізді қалыпқа келтірмек-
сіздер?  Сіздердің  тексеруіңізден  батальонның  хал-ақуалы  өзгере 
қоймас.  Кеше  кешке  мына  тұрған  Блинов  та  келіп,  тексеріп  кеткен 
болатын.  Батальон  аш!  Қорамсақтарымызда  оқ  аз!  Жағдай  осылай, 
жолдас капитан. Мына тұрған Блинов адал жігіт болып шықпады.
– Жолдас комбат, мен сіздің сөзіңіздің барлығын айтқам. Менде 
билік жоқ қой, – деп қапаланды Блинов.
–  Сіз,  жолдас  аға  лейтенант,  өте  қызбаланып  сөйлемеңіз, – деді 
капитан.
– Кімнің алдымен қыза сөйлегенін құдай бар болса көріп-ақ тұр-
ған шығар, – дегенімде, капитан да күліп жіберді.
–  Ақыл  айтумен,  зекіріп  сөйлеп  қысымға  салумен  батальонның 
қарны да тоймайды, қорамса да толмайды, жолдас капитан, – дедім 
мен  бастырмалап.  Батальонды  ашық  алаңға  айдап  тастадыңыздар, 
жағдаймен  жөндеп  таныстырмадыңыздар.  Əрі-беріден  кейін  түсі-
нікті  бұйрық  та  бермедіңіздер,  кешелі  бері  шаршап-шалдыққан  аш 
жауынгерлерге қандай қамқорлық істедіңіздер. Меніңше, екеуіңіз де 
зеріккеннен ғана бізді тексергелі келіп тұрған кісілерсіздер.
Капитан Блиновқа қарап бір нəрсе деді де:
– Бəрі түсінікті, жолдас батальон командирі, бəрі де түсінікті. Ал 
Блинов қайтпаймыз ба? – деді Блиновқа.
Олар  кеткен  соң,  мен  бұлақ  суына  жүзімді  шайып  алып,  алғы 
шепке  кеттім.  Таң  атты.  Күзгі  таң  сəрінің  суығына  жер  беті  күрең 
қырауланып жатыр.
Мен  взводтан-взвод,  ротадан-роталарды  аралап  келемін.  Біздің 
шала-шарпы  қазған  саяз  окоптарымыз  қыр  басынан  теңбілденіп, 
кейбіреулері  шоқпыттана  көрінеді.  Окоп  түбінде,  салқын  қара  жер-
де,  бүрсиіп,  екі  бүктеліп  бос  құрсақ,  шаршап-шалдыққан  жау-

36
37
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
ынгерлер  ұйықтап  жатыр.  Бақылаушылар  біресе  отырып,  біресе 
тұрып  тықыршып  тұр.  Мен  бір  шеттен  бір  шетке  қарай  келе  жа-
тып – əскери  атағы  да,  жасы  да  үлкен  капитан  Булатовпен  ренжісе 
қатты сөйлескеніме өкініп келемін. Ұялып келемін... (Б. Момышұлы. 
«Москва үшін шайқас». А., 2004. 73-74-бб.).
Москваны  қорғау  үшін  оның  түбіндегі  шайқас  пен  қырғын  та-
рихта  бұрын-соңды  болып  көрмеген  ғаламат  оқиға  ретінде  тарих 
беттерінен  ойып  орын  алды.  Оған  қатысқан  адамдардың  мəртебесі 
де  биік  болды.  Отызға  толар-толмас  қазақтың  қара  домалақ  бала-
сы  «осы  маған  ауыр  болады-ау»  деп,  қиындықтан  қашпай  өзінің 
бірден  батальонның  тізгінін  қолына  алып,  аз  уақыттың  ішінде  өзі-
нің қайтпас қайсарлығы мен жігерлілігінің арқасында өзі басқарған 
батальонды  əуелі  дивизияға,  армия  құрамында  үлгілі  етіп  шығар-
ды.  Жəй  ғана  үлгілі  батальон  емес,  батырлар  батальонына  айнал-
дырды.  Соғыста  жалғыз  Момышұлы  ғана  батальон  басқарған  жоқ, 
батальон  басқарғандар  армия  қатарында  көптеп  кездеседі.  Бірақ 
барлығыда аға лейтенант емес, азы капитан, майорлар еді.
Халықта  «Алтын  біз  қап  түбінде  жатпас  болар»  дегендей,  Мо-
мышұлының  батыр  болуының  ғылыми  тұрғыдан  сыры  неде  де-
ген  сұрақтың  түсініктемесі  бар  сияқты.  Батыр,  ғалым,  мемлекет 
қайраткері,  айтулы  ақын,  жазушы  болу  кез  келген  адамға  бұйыра 
бермейді. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей дарын иесі та-
рихи  толқындардың  биік  қырына  аса  күрделі  оқиғалардың  нəтиже-
сінде  көтеріледі.  Табиғат  берген  тегінде,  генофондында,  мінезінде 
ешкімге  ұқсамайтын  ерекшелігі  бар  адам  ғана  аса  күрделі  тарихи 
оқиғалардың  барысында  іштей  жасырынып,  ұйықтап  жатқан  та-
лантын  сыртқа  теуіп  шығарып  іс  жүзіне  асырады.  Оның  бойында 
ұйықтап  жатқан  асыл  қасиеттерін  қозғап  барып  дүниеге  келтіреді. 
Батырдың  шерінің  қайнар  көзі,  таусылмас  кені  туған,  кіндік  қаны 
тамған  жерді  жаудан  қорғау.  Жəй  адамды  қанша  шер  қозғаса  да, 
жылай-жылай, қанша тебіренсе де бəрібір дəрменсіз болып қала бер-
мек. Мысалы, Шыңғыс ханның ел басқаратын ұйықтап жатқан талан-
тын  əкесін  у  беріп  басқа  тайпа  өкілдерінің  өлтіруі,  оның  намы-
сын  қайрап,  ағайындары  қорлап,  шеттетіп,  кек  алу  жігерін  қайрат-
тандырды.  Тегін  адам  таз  болмайды  дегендей,  төңірегіндегі  тайпа-
ларды бір орталыққа біріктіруге ақылы, соғыс тəсілдері, айласы жет-
кеннен кейін күшін байқай келе əлемге көз сала бастады. Өйткені сол 
кезеңде моңғолдар орталықтандыруға пісіп жетіліп, оны басқаратын 
қайраткерге  зəру  болатын.  Ол  зəрулікке  замана  қажеттілігіне  Ти-
мучиннің табиғат берген таланты дөп келді. Момышұлының жағда-
йында  да  табиғат  пен  ата-анадан  мирас  болып  қалған  тегін  (гено-
фондын)  жан  берісіп,  жан  алысқан  қан  майдандағы  соғыс  оты  іске 
асырды.  Осы  тұрғыдан  келгенде  Момышұлы  əскери  мыңбасы  ре-
тінде  басқарудың  өзіндік  жолын  көрсеткен  талантты  адам.  Егер 
оның етегінен тартып шовинистік іс-əрекеттер жасалынбағанда, от-
андастары  аяқтан  шалмағанда  ол  əскери  генерал,  маршал,  Батыр 
атақтарына  ие  болуға  əбден  əзір  еді.  Ондай  кедергілерді  Бауыр-
жан  Момышұлы  өз  көзімен  көріп  қолымен  ұстағандай  болған  еді. 
Амал нешік айта кетсе орны бар, Одақты мекендеген кішігірім ұлт-
тардың ішінен армян Баграмян ғана маршал атағына ие болды.
Олай болса, Момышұлының басқа айтулы ерліктерін былай қой-
ғанда, жоғарыда айтқандай, бес рет жаудың қоршауын бұзып шық-
қан теңдесі жоқ ерліктері неге ескерілмей қалды деген заңды сұрақ-
тар  мазалайды.  Қоршаудан  шыққан  бір  ерлігін  баяндаудың  сəті 
түсіп тұр.
Жаудан  шегініп  келе  жатқанда  жоғарғы  штабтан  шегінуге  рұқ-
сат  жоқ,  қайта  ұмтылып,  жауды  шабуылдау  керек  деген  бұйрық 
түседі. Бұйрықтың аты бұйрық! Сөйткенше болмай Момышұлының 
батальоны  жаудың  қоршауында  қалып  қояды.  Бір  кезеңде  бірінші 
бұйрық  бұзылып,  енді  жау  қоршауын  бұзып  шығу  керек  деген 
бұйрық  беріледі.  Бұл  айтқанға  оңай  нəрсе.  Сəл  жау  көзіне  түссең 
болды,  қоршап  алып,  оп-оңай  қырып  салады.  Осындай  қиын  сəтте 
тез  шешім  қабылдау  үшін  асқан  сабырлылық  пен  тапқырлық  көр-
сетіп  қарамағындағы  мың  қаралы  солдатты  темір  қоршаудан  алып 
шығу  үшін  қаншама  ақылдылық  пен  қажырлылық,  тактика  ке-
рек  десеңізші.  Осы  мезетте  Момышұлының  жаудың  желкесінен 
тұтқиылдан  шабуыл  жасап,  немістер  есін  жиып,  ұйымдасып  атака-
ға  шыққанша  қоршау  шеңберін  бұзып  үлгереді.  Ол  мың  қаралы 
солдаттың біразы ауыр не жеңіл жараланған, өздігінен жүре алмай-
тындар.  Ол  кезде  оларды  тиеп  əкететін  машиналар  да  жетіспейтін. 
Олардың астына сабан төсеп, сығандарша ат-арбаға жатқызып, жау 
қолына  тастамай,  алып  шығудың  өзі  аса  адамгершілік  пен  ерлікке 
бағаланады.
Түптеп  келгенде,  қоршауда  жау  тылында  қалып  соғысқан  жал-
ғыз  Момышұлының  батальоны  емес.  Басқа  да  Советтік  əскерилер-
дің құрамалары да қоршауда қалып, бірен-сараны болмаса, қоршау-
ды  бұзып  шыға  алмаған.  Олар  қандайда  бір  себептермен  өз  бөлім-
шелерінен  ажырап  қалған  немесе  басшыларының  бұйрығымен  та-
ратылып,  жеке-жеке  қоршаудан  шығуға  талпынады.  Біразы  аман-
есен  өтеді.  Қайсы  біреулері  жау  тылында  қалып  қойып,  тұтқынға 
түседі.  Олардың  арасында  Момышұлынан  шені  жоғары  генерал-
дар,  полковниктер,  майорлар  болатұғын.  Осылай  жау  қоршауында 

38
39
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
қалған  генералдар  мен  полковниктердің  көпшілігін  орман  аралап 
жүрген  жерінен  кездестіріп  Момышұлы  оларды  қатаң  тəртіпке  ба-
ғындыра отырып, қоршаудан алып шығады. Олар секілді үлкен қол-
басшылардың қасында Момышұлының қоршауды бұзып шығу əре-
кеті  орасан  ерлікке  пара-пар.  Мұндай  аса  құнды  ерліктер  бірнеше 
рет қайталанады. Қанша ауыр жарақат алса да Момышұлы соғысты 
тастап кеткен жоқ. Өзіне тапсырған батальонды, полкті, дивизияны 
үлкен абыроймен басқарып отырған.
Имандылығы, жауапкершілігі төмен басшы қарамағындағы жақ-
сы қызметкерді көрмейді. Керісінше, ауырдың үстімен, жеңілдің ас-
тымен  жүрген  жылпос,  жағымпаздарды  қолдайды.  Ал,  тəрбиелі, 
жақсы  басшы,  керісінше,  қарамағындағы  жақсы  қызметкерін  көре, 
бағалай  біліп,  ылғи  қолдап,  жақсысын  асырып,  жаманын  жасырып, 
ылғи қолдап, сүйеп отырады. Б. Момышұлының И.В. Панфилов пен 
И.М.  Чистяков  секілді,  үлкен  обьективті  көзқарастары  бар,  екі  бас-
шылары,  əрі  ұстаздары  болған.  Үнемі  екеуінің  іс-əрекеттерін  үлгі 
тұтып,  олардан  тəлім-тəрбие  ала  отырып,  өз  жұмысына  баға  беріп 
отырған.
Б. Момышұлының бір мұңайып отырғанда, немесе екі жақтан да 
орасан  зор  шығын  болғаннан  кейін  бе  немесе  өткен  ата-бабалары-
нан  кейін  аруақтарын  еске  алған  кезде,  немесе  соғыс  басталғаннан 
кейін қаза тапқан майдандастарын көз алдынан өткізген бе, əйтеуір 
1947  жылы  Москва  түбіндегі  күзді  «мейірімсіз  күз»  деп  есептейді. 
Осы күзді жабырқап былай суреттейді: «Жыл мезгілінде күздің бəрі 
күз.  Бірақ 1941 жылғы  күз  Ресейдің  мəңгілік  есінде  қалар  сұрғылт, 
мейірімсіз күз еді. Ресейдің жерін шекарадан бастап бомба, снаряд, 
миналардың  орындарын  шешектей  ойып  таңбалаған  күз.  Орлар 
қазылып, танктердің жылан бауыр іздері жер жүзін тырнап тыртық-
таған күз. Шекарадан бастап Москваның дарбазасына дейін орақшы 
бау байлағандай жауынгерлер қабыры аяқ асты төмпештеле тізілген 
күз.  Асығыс  шегінуде  боздақ  кеткендердің  шала-шарпы  топтап  бе-
тін жапқан бейіттер толған күз.
«Өмірдің  рахатын  надан  ғана  көреді,  азабы  болса  ердің  сыба-
ғасы» деп ата-бабаларым айтып кеткендей сол күзде ел үшін, Отан 
үшін  азап  көріп,  көпке  шыдап,  борыштарын  қанмен  жуып,  май-
дан  алаңында  жантəсіл  еткен,  ананың  ақ  сүтін  ақтаған  адал  жол-
дастарымыз да көп-ақ еді: орыс – Иван Иванович Иванов, тунгус пен 
қазақ, кавказдықтар мен қырғыз, удмурттар мен өзбек, татарлар мен 
түрікмен,  молдаван  мен  украин,  тағысын-тағылар...  жер  жүзіндегі 
ең  аз  ру  халық  ұлы  Караим  Сұлтанмахмуд  Шапшал...  Олардың  қа-
бырларын  əлдеқашан  жусандар  басты.  Олардың  істері,  төккен  қан-
дары  болашаққа  игілікті,  нұрлы  жауындай  төгілді.  Бүгінгі  гүлдер 
солар  болмаса  өсер  ме  еді,  құлпырып  тұрар  ма  еді («Москва  үшін 
шайқас», А., 2004. 81-б.).
Өткен  ғұламалардың,  оның  бергі  жағында  Бауыржан  Момыш-
ұлының  əскер  жағдайындағы  ұстазы  əрі  генерал  командирі 
И.В.  Панфилов  та  шəкіртіне  оның  қызбалығы  туралы  айтқан  еді, 
ұлы  Ленин  де  дүниеден  өтіп  бара  жатып  партиялық  соратнигіне 
мінездеме  береді.  Сталин  дөрекі,  айналасындағылардың  кемшілік-
теріне  төзгісіз,  сондықтан  оны  отырған  орынтағынан  ауыстырып 
басқа жауапкершілігі шамалы, жауапкершілікті талап етпейтін қыз-
метке  ауыстыру  қажеттігіне  меңзейді.  Бірақ,  уақыттың,  талабына 
сай  Сталин  партияның  Бас  секретарь  қызметінде  қалып  өмір  бойы 
сол  қызметті  атқарды.  Оған  қоса  бүкіл  соғысты  басынан  аяғына 
дейін,  Ставканың  бас  қолбасшылығын  атқарып,  елімізді  Ұлы  Же-
ңіске  жеткізіп 1953 жылы  оның  өлімі  тамағына  баяу  əсер  ететін 
у  қосылып  берілгеннен  болған,  оны  істеген  сол  кездегі  НКВД  бас-
тығы Берия деп тарихи деректер айтады.
Кім  біледі,  тарихи  сарапшылар  бейбіт  кездегі  мінез-құлық  со-
ғыс  кездегіден  өзгеше  болатындығына  сілтеме  жасауына  да  бола-
ды. Мүмкін соғыс кезінде əр минут, əр сағат, сөтке, ай, жыл емес, əр 
минут, əр секунд та оқиғаның тағдырын шешетін кез бола береді. 
Немістерден  шегіну  кездерінде  шеккен  азаптардың  немесе  көз 
көрген  айналасындағы  жолдастарынан  əп-сəтте  айырылу  қайғысы 
ма,  немесе  табиғатындағы  лездік  мінез  бе,  немесе  соғыс  жағдайы-
ның  қатал  талабы  ма,  Момышұлы  жан-жағындағыларға  кейде  шап-
шаңдық  көрсететін  болған.  Оны  өзі  жасырмай  шындық  ретінде 
мына эпизодта келтіреді. Бір жолы Рахимовқа қатты ұрысады. Кей-
бір ұрысуы жөнсіз де болуы мүмкін. Момын, ақылды, əдепті Хаби-
булла маған көзін жыпылықтатып, сасқалақтап тұрып былай деді:
–  Сізге  не  болды,  жолдас  комбат. .. Кешіріңіз...  айтып  тұрған 
сөздеріңіз азырақ жөнге келмей тұрғандай...
– Сеніңше, мені əлдеқашан-ақ жындыханаға тапсыру керек екен 
ғой! 
– Жоқ. Ол сөз менің аузымнан шыққан жоқ қой, жолдас комбат...
–  Хаби!  Тыңдашы  мені!  Мына  батальон  маған  оңай  соғып  тұр-
ған жоқ!
– Рұқсат болса айтайын, жолдас комбат, біздің батальонға сіз де 
оңай соғып тұрған командир емессіз!
–  Демек,  мен  батальонның  соры  болып  шықтым  ғой...  Менен 
құтылу соғыс қызуында оп-оңай... оны сіз, лейтенант Рахимов жақ-
сы білесіз.

40
41
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
– Ойпырмай, сізге бір сөз айтудан қалып барамыз ба, осы. Ол не 
дегеніңіз, жолдас, комбат!? («Москва үшін шайқас». А., 2004. 83-б.).
Өзінің  айтуынша,  Момышұлы  соғыс  кезінде  не  көрмеген,  аш-
тық,  ұйқысыздық,  қан,  денеден  жұлынған  адамның  мүшелерін  қы-
лышпен кесіп тастап, ет қызуымен жауға атакаға шығу, мерт болған 
жауынгер  жолдастарын  жер  қойнына  беріп  қоштасу  қиынның  қиы-
ны  болса  керек.  Бір  қиян-кескі  соғыста  бірге  жүріп,  тамақты  бөлі-
сіп  ішкен,  алға  жылжу  мен  шегіністерді  бастан  кешірген  Брудный 
деген  аға  лейтенанттан  қалай  айырылып  қалғанын,  оны  қару-жа-
рағымен жерге табыс еткенін былай суреттейді.
...  Қайтадан  неміс  бізді  артиллериясымен,  минометтерімен  төм-
пештеуге  кірісті.  Оң  жақтан  қиян-кескі  атыс  болып  жатқанда  біреу 
жүгіріп  келеді.  Жүгіргенде  қисалаңдап  əдіске  салып,  біресе  құлап, 
біресе тұрып жүгіріп келеді.
Мен  оған  қарап  тұрып  «Бұл  кім  болар  екен?  Осынша  аласұ-
рып  ұшып  келе  жатқанының  себебі  не  екен?»  деп  тұрмын.  Жақын-
дай  бергенде  мен  сыртқы  пішінінен  Брудныйды  таныдым.  Ол  да-
усыз  маған  қарай  жүгіріп  келеді...  Маған  жете  бергенде  мұрттай 
ұшып  құлады  да,  етпетінен  жатқан  орнынан  қозғалмады.  Мен  ең-
бектеп оның қасына бардым.
– Брудный!
Онда  үн  де  жоқ,  тыныс  та  жоқ.  Мен  оны  аударып  шалқасынан 
жатқыздым.
– Брудный!
Онда  үн  де  жоқ,  тыныс  та  жоқ...  Тек  қара  торы  үлпершектей 
жас жүзінде бусанған тер дымқылы жылтырайды... Көзі жұмулы, ты-
ныс жоқ.
–  Брудный!  Брудный!..  Жауап  қатшы,  бауырым!  Жауап  қатшы! 
Сен неге оқ астында жүгірдің?.. Маған не айтайын деп едің?. А, а!..
...Немістер атакаға шықты. Жалмұхаммед Бозжанов келді.
– Брудный! – деп тұра қалып: – Сен мұнда не ғып жатырсың? А?
– Ол ұйықтап жатыр. Тимегін оған, – дегенімде:
–  Сізде,  жолдас  комбат,  ешқандай  мейірім  жоқ  екен  ғой! – деп 
ол маған зекірді. – Өлімді қалай ұйқы деп тұрсыз?
–  Оны  мен  өлтіргем  жоқ!  Соғыс  өлтірді!  Кінəлағыш  болсаң  со-
ғысты кінəлағын...
– Кешіріңіз, ағатай. Абайсызда айтып қалдым...
–  Степановты  Кухаренкоға  жібергін,  өзің  роталарға  барғын. 
Приказываю отбить всем и эту атаку противника! Брудный екеуміз 
осында  сендердің  қимылдарыңды  бақылап  жатамыз...  Рахимовты 
маған жібергін.
Рахимов келді.
–  Біздің  көршілеріміз  де  тым-тырыс.  Осы  фашистерге  не  керек 
екенін қайдам, əйтеуір бізге тыныштық берер емес.
– Қасқайып жатқан екі жол мен екі көпір керек оларға, Хаби.
– Айнала бос қой. Оралып соға бермей ме бұл иттер.
–  Оның  командирі  де  мен  сияқты  желге  қарсы  бедеріп  тұрып, 
ықтай білмейтін есерсоқтың біреуі көрінеді.
– Тəуба! Сіз, жолдас комбат, кекшіл екенсіз ғой!
– Қалайынша?
–  Əнеукүні  менің  аузымнан  жазатайым  шығып  кеткен  бір  сөзді 
əлі ұмытпапсыз ғой.
–  Ұмытпаймын  да,  Хабибулла.  Өлгенімше  ұмытпаймын.  Сенің 
сол сөзің менің ойыма ой қосты. Маған үлкен сабақ болды. Рақмет 
саған.
– Олай болса оқасы жоқ, жолдас...
– Айтпақшы Жалмұхаммед те маған зекіріп кетті.
–  Өй,  ол  қалайша  сізге  зекіруге  аузы  барды?  Ол  сізді  піріндей 
көрушілердің бірі еді ғой.
–  Енді  мен  саған  да,  Бозжановқа  да  пір  болудан  кеткенге  ұқ-
саймын.
...  Тағы  да  жым-жырт  бола  қалды.  Бет  алыстан  жау  шабуылы 
мүлдем тойтарылды.
– Хаби, күректері бар он шақты жігіттерді ертіп келші осында.
Жігіттер келді.
–  Ал  жігіттер,  тереңдете  қазыңдар...  Жауынгердің  кебенегіне 
орап көмелік Брудныйды. Жауынгерлер қаза бастады.
–  Тағы  да  тереңдете  түсейік  пе,  жоқ  əлде  осы  жете  ме,  жолдас 
комбат? – деп сұрады жер астынан бір жауынгер.
– Тоқтат, жетер енді.
Рахимов  пен  Бозжанов  Брудныйдың  сүйегін  менің  плащпалат-
кама  орап  жатып: «Мұның  пистолетін  қайтеміз?»  дегендей  көзбен 
маған қарады.
–  Ер  жауынгерлік  саймандарымен  жатсын.  Барлығын  да  қалды-
рыңдар, бірге болсын, өзімен бірге, – дедім мен.
Жерлердің  алдында  мен  Брудныйдың  қасына  барып,  басын  сү-
йеп,  оның  бұйра  қара  шашын  өз  тарағыммен  тарадым.  Жағамнан 
командирлік  белгісі  төрт  бұрышты  екі  қызыл  түймемді  сөгіп  алып, 
Брудныйдың жағасына қададым.
– Аға лейтенант Брудный, қош бол, жатқан жерің торқа болсын.
Брудныйды  жерлеп  жатқанда – он  шақты  мылтықты  жауынгер-
лер  бастырмалата  бес  рет  атты.  Əскер  дəстүрінде – оқыған  жаназа 

42
43
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
осылай болды... Өлімде аяу да, ұят та жоқ. Соғыс – өлім ұясы. Со-
ғыс – соқыр  жəне  мылқау.  Ата  қайғысын,  ана  мұңын  ол  естімейді, 
зарлап айта білмейді («Москва үшін шайқас». А., 2004, 82-83-бб.).
Момышұлы  Брудный  сияқты  майдандасын  қара  жер  қойнына 
тапсыру рəсімі жасалып жатқанда ойын не мəселе шырмады, ешкім 
білмейді.  Дүниеге  келмек  бар  да  одан  өтпек  бар.  Тіршілікте  өл-
мейтін  адам  жоқ.  Бірақ  майданда  өмір  мен  өлім  белдесіп  жатқанда 
адам  өлім  туралы  ойламай,  тек  қана  үміт,  болашақ  Отанның  еркін-
дігі,  өмір  сүру  алға  жетелесе  керек.  Бəлкім  айналаңдағы  адамдар-
мен  сыйластықта,  сырластықта  болу  керек  екендігін  Брудныйдың 
мəңгілік  жерге  кіріп  бара  жатқан  денесі  еске  салды  ма,  немесе 
өзінің туған кіндік кескен жерінің топырағы бұйырмағанына қинал-
ды немесе жат жерде оған белгі қоятын тірілер табылар ма екен, не-
месе  кейін  соғыс  біткеннен  кейін  Жеңіске  жетсек,  туған-туысқан-
дары  зиратын  іздеп  тауып,  бір  уыс  топырағын  елге  апарып,  ата-
анасының көңілін суытып қайта жерге тапсырар ма екен деген ойға 
шомды ма екен.
Қанша  жау  туралы  адамды  ыза-кек  кернегенмен,  оның  бойын-
дағы  адамгершілік,  имандылық,  аяушылық  болу  керек.  Бірде  неміс 
сержанты қатты жараланып қолға түседі. Біздің адамдар оны одеял-
мен  тоңбасын  деп  ораған.  Дегенмен  қалшылдап  дірілдеп  жатады. 
Барлық  сұраққа  білмеймін  деп  жауап  береді.  Су  сұраған,  ішіп  бол-
ған соң ауыр күрсініп:
– Рахмет, большевиктер мұнша мейірімді болады деп ойламаған 
едім  дейді.  Қанша  ем-домы  жасалынса  да  қайтыс  болды.  Өлер  ал-
дында, басын көтеруді сұрап :
–  Өліп  барам.  Көмерсіздер! – деп  жан  тапсырады.  Фельдшер 
Киреев  оның  көзін  жұмып,  басын  жайлап  жастыққа  қояды.  Деген-
мен  жау  солдатының  өлімі  айналасындағыларға  батады.  Алғаш  ай-
бат  шеккенде,  қолы  суықтан  қалтырағанда  лейтенант  Попов  өзінің 
қолғабын кигізген екен.
Генерал сəл ойланып тұрып:
–  Ұрыс  даласында  басқаша,  онда  соғыстың  өз  заңы  бар,  онда 
ешкімді  ешкім  аямайды,  өлтіру,  тұтқындау,  т.б.  ал  дұшпан  қолға 
түскен  кезде,  əсіресе  ол  жараланып  түскен  кезде  оған  адамша 
мейірімді көзқарас болғаны дұрыс. Мұны бізден əскери этика талап 
етеді.  Бұл  генералдың  жалпы  азаматтық  құндылыққа  берік  екенін 
көрсетті.  Қолға  түскен  жыртқыш  аң  болсын,  қас  дұшпаның  бол-
сын  пенделікті  мойындайды.  Бостандықта  қанымды  қарайтатын  іс-
əрекет  жасадың  деп  оны  ұрып-соғып  жəбірлеуі  адамгершілікке 
жатпайды.  Қарақшыны  да,  дұшпанды  да,  сотталған  адамды  да  егер 
ауру  болса  алдымен  емдеп  алып  əрі  қарай  сау  адамға  заң  қолдану 
халықаралық  азаматтық  құндылық  болып  табылады.  Бірақ  мұндай 
құндылықты  неміс-фашистерінің  басшылары  білмеді,  білсе  де  біл-
гісі келмеді. Олар реакциялық мəні бар теориямен қаруланды.
Өткен  ғасырдың  отызыншы  жылдары  Германияда  Гитлер  өкі-
мет  басына  келгенде,  неміс  халқының  тамырында  ерекше  жасыл-
көк қан жүгіреді, сондықтан да құдай бізді ерекше жаратып, əлемді 
билейді.Неміс  халқына  басқа  халықтар  құлдық  қызмет  етіп  бағыну 
керек,  біз  дүниежүзіне  үстемдік  ету  үшін  жаралған  ұлтпыз  деген 
өктем ой келді. 
Сол  мақсатқа  жету  барысында  неміс  солдаттары  славян  халық-
тарын  аяусыз  оқ  жеткенше  қыруы  керек.  Зорлық-зомбылық  жасаң-
дар,  ондай-мұндай  болсын,  халқын  қырып,  өртеп  күлге  айналды-
рыңдар,  мен  өзім  кінəсін  көтерем ... деп,  неміс  халқын,  оның  сол-
даттарын  үгіттеді.  Оны  соратниктері  де  Гитлерден  асырып  жібер-
месе,  кем  айтпай,  неміс  халқы  мен  солдаттарының  санасын  реак-
цияшыл  псевдоториямен  жетесіне  жеткізіп  улады.  Нəтижесінде 
фашизм  адам  өміріне  хайуандықпен  қарап,  қолға  түскен  миллион-
даған  тұтқындардың  санын  азайту  үшін  алдымен  топтап  атып 
көріп  еді,  бұдан  олардың  санының  азаятын  түрі  болмайды,  содан 
кейін  газ  камерасына  миллиондап  салып  өлтіру  əлдеқайда  өнімді 
болды. 
Меніңше,  екінші  Дүниежүзілік  соғыс  екі  тұлғаның – Гитлер 
мен  Сталиннің  сценариімен  жүрді.  Екеуінің  тұтқындарға,  халыққа 
дегендегі  көзқарасы  екі  түрлі  болды.  Гитлер  совет  халқын,  оның 
солдаттарын  аяусыз  қырды,  тұтқындарын  газбен  тұншықтырып 
қырса,  Сталин  соғыс  заңы  бойынша  неміс  солдаттарын  Советтік 
Отанды  қорғау  үшін  өлтірді,  кезегі  келгенде  аяусыз  қырды,  бірақ 
тұтқындарды жұмысқа ғана жекті. Мұндай əрекет тұтқындар стату-
сына  байланысты  қабылданған  халықтардың  гуманизмді  көздеген 
конвенцияға сəйкес келеді.
Егер  неміс  солдаттары  басып  алған  жерлерде  совет  халқын  қы-
надай  қырып,  дүниесін  талан-таражға  салып,  қыз-келіншектеріне 
адам  естімеген  зорлық-зомбылық  жасап,  одан  кейін  атып  өлтіріп 
отырса,  Сталин  Берлинге  басып  кірген  Жуков  солдаттарына  неміс-
тердің  бізге  істеген  əрекеттерін  өздеріне  қайталауға  мүлдем  тыйым 
салды.  Қарапайым  неміс  халқына  тимеуді  қатаң  талап  етті,  оны 
əділеттілік  деп  тапты.  Бірақ  Гитлердің  өлгені  туралы  естігенде: 
«Собаке,  собачья  смерть»  яғни, «Итке,  иттің  өлімі»  деп  бір-ақ  қа-
йырады.
Сол  кезде  əлемдік  пресса  бейбітшіл,  гуманистік  идеямен  қару-
ланған  совет  солдаттарының  Берлин  халқына  дегендегі  аяушылық 

44
45
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
актісін,  қарым-қатынастарын  дұрыс  деп  таныды.  Шынтуайтқа  жү-
гінсек,  маршал  Жуков  Берлинге  бірінші  болып  басып  кіргенде, 
оның  солдаттарының  тəртіпсіздікке  бой  алдыра  бастағанын  естіген 
Сталин,  Жуковка  қатал  ескертпе  жасайды.  Неміс  халқының  кінəсі 
жоқтығына меңзей отырып былай дейді: «Гитлеры уходят, а немец-
кий народ останется».
Сондықтан  Гитлер  мен  Сталинді  бір  жазық  тақтайға  қатар  қою 
əділеттілікке  жатпайды.  Тарих  дəннің  сыртқы  қауызын  алып  тас-
тап,  ішкі  дəнін  қалдырады. «Елу  жылда  ел  жаңа,  жүз  жылда  қа-
зан», – деп,  халық  Сталиннің  атына  жаққан  қара  күйелер  алынып 
тасталып,  бізді  Жеңіске  жеткізген  ұлы  тұлға  ретінде  оны  реаби-
литациялау науқаны жүруде. Бұл өзінше тақырып.
1941  жылы  ноябрь  айында  Москва  қатерлі  қоршауда  қалғанын 
білеміз.  Тарихтан  білетініміздей,  рухы  биік  саны  аз  əскердің  саны 
бірнеше  есе  көп  əскердің  талқанын  шығарып  жеңгені  де  шындық. 
Бұл  соғыста  коммунистік  рухтың  басқыншылық  психологиядан 
үстем  болғанын  да  байқадық. «Біздің  ісіміз  əділетті,  біз  жеңеміз!» 
деген  құдіретті  ұранды  іспен  дəлелдеу  үшін,  дəстүрлі  мереке  Ұлы 
Октябрь  революциясының 24 жылдығын  атап  өту  үшін 6 ноябрь 
күні  Маяковский  атындағы  метрода  жиналыс  ұйымдастырылады. 
Сталин  қосылмай  ұмтылып  бара  жатқан  бүкілодақтық  радионы  да 
жұмыс істеткізеді. (Мұны Москваның коменданты еске алады – Т.Ж.) 
Ставканың  Бас  қолбасшысы,  Совет  халқына  таныс,  сабырлы,  əрі 
салмақты үнмен сөйлейді:
«...Жау  Украинаның  көбін,  Белоруссияны,  Молдавияны,  Лит-
ваны,  Латвияны,  Эстонияны,  басқа  бірсыпыра  облыстарды  жаулап 
алды,  Донбасқа  өтті,  Ленинградтың  үстіне  қара  бұлт  болып  төнді, 
біздің даңқты астанамыз – Москваға қауіп туғызып отыр.
...Біздің армиямыз бен флотымыздың жауынгерлері! Отанымыз-
дың  намысы  мен  бостандығын  сақтап,  құтырған  жаудың  шабуыл-
дарын  ерлікпен  тойтара  отырып,  жүректілік  пен  батырлықтың  үл-
гілерін  көрсете  отырып,  жаудың  қанын  судай  ағызды.  Бірақ,  жау 
қырғынға  ұшырағанына  қарамай,  ол  өзінің  солдаттарының  қанын 
титтей  де  бағаламайды,  ол  қатардан  шығып  қалған  адамдарының 
орнына  майданға  үсті-үстіне  жаңа  отрядтарын  айдап  салуда,  қыс 
түскенге дейін Ленинград пен Москваны алу үшін ол барлық күшін 
аямай  жұмсауда,  өйткені  қыстан  оған  ешбір  жақсылық  күтуге  бол-
майтынын ол біледі.
...Алайда,  фактілер  «қауырт»  жоспардың  барынша  саяз  ойдан 
шыққандығын жəне негізсіздігін көрсетті.
...Батыс  Европада  жолы  болған  «қауырт  соғыстың»  шығыста 
жолы болмай, іске аспауының себебі не?
...Москва  мен  Ленинградты  қорғау  майданында  біздің  дивизия-
лардың  жақын  арада  немістердің  отыз  шамалы  шыныққан  диви-
зияларын  құртып  жіберуі  Отан  соғысының  өрті  ішінде  жаңа  со-
вет  жауынгерлері  мен  командирлері,  летчиктері,  артиллеристері, 
минометчиктері,  танкистері,  жаяу  əскерлері,  моряктары  шыңдалып 
шығатынын  жəне  қазірдің  өзінде  шыңдалып  шығып  жатқанын, 
ертеңгі  күні  олар  неміс  армиясының  зəресін  алатын  зор  күшке  ай-
налатынын көрсетеді. (Ду қолшапалақтау.)
Осы  жағдайлардың  бəрін  қосқанда  «қауырт  соғыстың»  шы-
ғыста  қалай  да  іске  аспайтындығын  күн  ілгері  шешкендігінде  еш-
бір күмəн жоқ.
Гитлершілдерді  ұлтшылдар  деп  есептеуге  бола  ма?  Жоқ,  бол-
майды.  Шынында  гитлершілдер  қазір  ұлтшылдар  емес,  олар  импе-
риалистер.
...Гитлершілдер  партиясы  империалистердің,  империалист  бол-
ғанда,  дүние  жүзінің  барлық  империалистері  ішіндегі  ең  жырт-
қыш  жəне  қарақшы  империалистердің  партиясы.  Гитлершілерді 
социалистер деп есептеуге бола ма?
Жоқ, болмайды.
...Гитлершілдер  партиясы – демократиялық  бостандықтардың 
дұшпандарының  партиясы,  ортағасырлық  реакцияның  жəне  қара 
жүректік  погромшылардың  партиясы. ...Қандай  шарамен  болса, – 
дейді Гитлер, – немістердің дүние жүзін жаулап алуы керек. Біз ең 
алдымен  славян  халықтарын,  орыстарды,  поляктарды,  чехтарды, 
словактарды, болгарларды, украиндарды, белорустарды ығыстырып 
құртып жіберуіміз керек. Мұны істеуімізге ешқандай кедергі жоқ».
...Адам, – дейді  Гитлер – туғаннан  күнəлі  болып  туады,  оларды 
тек  күш  арқылы  ғана  басқаруға  болады.  Олармен  айналысқанда 
қандай  əдіс  қолданудың  да  артықшылығы  жоқ.  Саясат  талап  ет-
кен  уақытта,  өтірік  те  айту  керек,  сатып  та  кету  керек,  тіпті  өлтіру 
де керек.
...Өлтіре  беріңдер! – дейді  Геринг, – бізге  қарсы  болған  əрбір 
адамды  өлтіре  беріңдер,  өлтіре  беріңдер,  бұған  сіздер  жауапты 
емессіз, мен жауаптымын, сондықтан өлтіре беріңдер.
Мен  адамды, – дейді  Гитлер, – ұждан  деп  аталатын  қорлаушы 
бəледен  азат  етемін.  Білім  сияқты,  ұждан  да  адамды  жарымжан 
қылады.  Менің  артықшылығым  сол,  ешбір  теориялық  немесе  мо-
ральдық ар-ұят дегендер мені тоқтата алмайды.
Неміс командованиесінің 25 сентябрьде 489-жаяу əскер полкына 
берген,  немістің  өлген  унтер-офицерінен  табылған  бір  бұйрығында 
былай делінген:

46
47
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
«600 метр жерге келген əрбір орысқа оқ атуға бұйырамын. Орыс 
өзіне  батыл  жау  қарсы  келіп  отырғанын,  одан  ешбір  мейірім  кү-
туге болмайтынын білуі керек».
Майндағы  Франкфуртта  туған  лейтенант  Густав  Цигельден  та-
былған  неміс  командованиесінің  солдаттарға  арнаған  бір  үндеуінде 
былай делінген:
«Сенде  жүрек  те,  жүйке  де  болмасын,  соғыста  олардың  керегі 
жоқ.  Есіркеушілік,  аяушылық  дегендерді  атымен  жой,  кез  келген 
орысты,  совет  адамын  өлтіре  бер,  мейлі  ол  қарт  болсын,  немесе 
əйел  болсын,  қыз,  иə  бала  болсын,  тоқталма – өлтіре  бер,  бұл  ар-
қылы  сен  өзіңді  апаттан  қорғайсың,  өзіңнің  семьяңның  болашағын 
қамтамасыз етесің жəне даңқың мəңгіге қалады».
Гитлер  партиясы  мен  Гитлер  командованиесі  лидерлерінің 
программасы  мен  нұсқаулары  адамдық  бейнесін  жойып,  жабайы 
аңдар  дəрежесіне  дейін  төмендеген  адамдардың  программасы  мен 
нұсқаулары, міне, осындай. 
Міне,  осындай  ұждан  мен  абыройдан  айрылған  айуандық  мо-
ральді адамдар шімірікпестен ұлы орыс ұлтын, Плеханов пен Ленин-
нің,  Белинский  мен  Чернышевскийдің,  Пушкин  мен  Толстойдың, 
Глинка  мен  Чайковскийдің,  Горький  мен  Чеховтың,  Сеченов  пен 
Павловтың,  Репин  мен  Суриковтың,  Суворов  пен  Кутузовтың 
ұлтын құртуға шақырады!
Неміс  басқыншылары  СССР  халықтарына  қарсы  қырғын  соғыс 
жасағысы  келді.  Бола  қойсын,  егер  немістер  қырғын  соғысты  қа-
ласа, оны өздері де көреді. (ұзақ ду қолшапалақтау.)
«Ленин  соғыстың  екі  түрі  барлығын  айырды,  басқыншылық  со-
ғыстар, демек, əділетсіз соғыстар жəне азаттық жолындағы, əділетті 
соғыстар.
Немістер  қазір  басқыншылық,  əділетсіздік  соғыс,  басқаның  же-
рін  тартып  алуды,  басқа  халықтарды  бағындырып  алуды  көздеген 
соғыстар  жүргізіп  отыр.  Сондықтан  да  адал  адамдар  неміс  бас-
қыншыларын жау деп біліп, оған қарсы аттануға тиіс.
Гитлершіл  Германияға  қарағанда,  Совет  Одағы  мен  оның  одақ-
тастары  азаттық,  əділеттік  жолында,  Еуропа  мен  ССР  Одағының 
құлданылған  халықтарын  Гитлердің  құлдығынан  азат  ету  жолын-
да соғыс жүргізіп отыр. Сондықтан да барлық адал адамдар СССР, 
Ұлыбритания, тағы басқа одақтастар армиясы азат етуші армия деп 
біліп, оған болысулары керек.
Əңгіме Еуропаның халықтары мен территориялары туралы бол-
сын,  немесе  Азияның,  оның  ішінде  Иранның  халықтары  мен  тер-
риториялары  туралы  болсын,  бəрінде  де,  басқалардың  территория-
сын  жаулап  алуды,  басқа  халықтарды  бағындыруды  көздеу  бізде 
болмайды,  соғыста  ондай  мақсат  көздеуіміз  мүмкін  емес.  Біздің  бі-
рінші  көздейтін  мақсатымыз – өзіміздің  территориямыз  бен  өзіміз-
дің халқымызды неміс-фашист тепкісінен азат ету болып отыр.
Бізден  көмек  күткен  славян  халықтарына,  Еуропаның  құлдық-
тағы  басқа  халықтарына  өзіміздің  талабымызды,  өзіміздің  режи-
мімізді  ұсыну  бізде  болмайды,  соғысты  ондай  мақсат  көздеуіміз 
мүмкін  емес.  Біздің  мақсатымыз – бұл  халықтардың  Гитлер  құл-
дығына  қарсы  азаттық  күресіне  көмектесу,  осыдан  кейін  олардың 
өз жерінде өз қалауынша тіршілік етуіне толық бостандық беру. Бас-
қа халықтардың ішкі істеріне ешбір қол сұғу болмайды.
Бірақ  бұл  мақсаттарды  іске  асыру  үшін  біздің  Отанымызды 
құлдауға  келіп  отырған  неміс  басқыншыларының  соғыстық  қуа-
тын  қирату  керек,  неміс  оккупанттарын  бірін  қалдырмай  кұрту 
керек. (Ұзақ, ду қолшапалақтау.)
Бірақ  бұл  үшін  біздің  армиямызға,  біздің  флотымызға  бүкіл 
еліміз  шын  мəнісінде,  белсене  көмектесетін  болуы  қажет,  біздің 
жұмысшыларымыз  бен  қызметшілеріміз,  еркектеріміз  бен  əйелде-
ріміз  кəсіпорындарында  тынбай  істеп,  майданға  танктерді,  танкке 
қарсы  ататын  мылтықтар  мен  зеңбіректерді,  пулеметтерді,  винтов-
каларды,  ұрыс  жабдықтарын  барған  сайын  молайтып  беретін  бо-
луы  қажет,  біздің  колхозшыларымыз,  еркектеріміз  бен  əйелдеріміз 
өздерінің  егіс  жерінде  тынбай  істеп,  майданға  жəне  елімізге  астық-
ты, етті, өнеркəсібіне шикізатты бұрынғыдан да еселеп мол беретін 
болуы  қажет,  бүкіл  біздің  еліміз,  СССР-дің  барлық  халқы  біздің 
армиямызбен,  флотымызбен  бірге  Отанымыздың  намысы  мен  бос-
тандығы  үшін,  неміс  армияларын  қирату  жолында  алып  бостандық 
соғысын  жүргізіп  отырған  бірыңғай  жауынгерлік  лагерь  болып 
ұйымдасуы қажет. (Ду қолшапалақтау.)
Біздің ендігі міндетіміз осы.
Біз бұл міндетті орындай аламыз жəне орындауға тиіспіз.
Осы  міндетті  орындағанда  ғана,  неміс  басқыншыларын  талқан-
дағанда ғана біз ұзақ жəне əділетті бейбітшілікке жетеміз». (Москва 
үшін шайқас. А., 2004. 197-200-бб.).
Көсемнің  оптимизмге  толы  «Біз  жеңеміз!»  деген  сөзін  естіген 
москвалықтар,  Совет  халқы,  солдаттар  мен  генералдар  бір  серпіліп 
рухы  көтеріліп  қалды.  От  пен  қан  кешкен  көңілі  жабыңқы  əскер 
патриоттық  сезімі  қайралып,  жауға  бір  қарыс  та  жерімізді  бермей-
міз деген Отанға, Отан Анаға берген сертін орындауға дайындылы-
ғын көрсетті. Көсемнің сөзі халқына екінші дем бергендей болды.

48
49
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
«Бізге  семсермен  келген  адам – сол  семсерінен  өледі»  де-
ген  халық  даналығын  еске  түсіреді.  Совет  елінің  жүрегі  болған 
Москваны  қорғау,  анаңды  қорғаумен  бірдей  болды.  Ұлы  Отан 
соғысында,  қандай  оқиға  ең  негізгі  есте  қаларлықтай  болды  деген-
де  Жуков: «Сталиннің  басшылығымен,  Москваны  қорғау,  ол  мүм-
кін емес нəрсені мүмкін етті», – деп жауап берді.
Сталин  Ұлы  адамдардың  есімін  атай  отырып,  оккупанттардың 
бірін  де  қалдырмай  қыруға  шақырды.  Тылдағы  адамдарды  аянбай 
солдаттар  мен  офицерлерді  керекті  азық-түлікпен,  киіммен,  қару-
жарақпен қамтамасыз етуге шақырды.
Патриоттық  сезімге  арналған  көсем  сөзі  елді,  əскерді  партия 
мен  биліктің  төңірегіне  топтасуды  қасиетті,  құдіретті  ұғым  деп  тү-
сінді.
Осыны  тыңдаған  панфиловшылардың  отансүйгіштік  сезімі  өр-
шіп, Москваны қорғай отырып қазақтың өз анасын, жерін, суын, та-
уын  қорғап  қалатынын  жақсы  түсінді.  Қайрат  күші  еселеніп,  қасық 
қаны  қалғанша  қорғайтынына  серт  бергендей  болды.  Қазақтар,  қа-
зақстандықтар өз сертінде тұрды. Жауды Москваға жібермеді.
7  ноябрь  күнгі  Қызыл  алаңдағы  көсем  сөзінен  кейін  солдаттар 
мен  офицерлер  маршпен  майданға  аттанып  жатты.  Олар  ерліктің 
асқан  үлгілерін  көрсетті.  Жауды  аянбай  талқандап,  Москваны  қор-
ғап қалды.
Б. Момышұлы басқарған батальонның политругі, майдангер, со-
ғыстың  басынан  аяғына  дейін  бірге  болған  полковник  Ф.Д.  Тол-
стунов  былай  дейді: «Москваны  қоршауға 28 панфиловшылардың 
ерекше  ерлігі  тарихтың  төрінен  ойып  тұрып  орын  алады,  ұрпақтар 
айта  жүретін,  отансүйгіштіктің  алтын  тамырындай,  аңызға  бергісіз 
келелі  оқиға.  Ұлы  Отан  соғысы  батырларының  ішінде  олардың 
есімі,  аспандағы  көп  жұлдыздар  арасындағы  үркердей  жарқырап, 
адамзат  тарихында  мəңгілікке  жол  тартты.  Олар  адамдар  арасын-
дағы  достықтың,  туысқандықтың,  патриотизмнің,  бұқаралық  ерлік-
тің  өшпес  өнеге-шамшырағы  болып  нұр  шашуда.  Олардың  бəріне 
өлгеннен  кейін  Совет  Одағының  батыры  атағы  берілді.  Өйткені 
Москваны  қорғау – əлемдік  прогресті  қорғау,  Совет  халқының 
үміті мен тіршілігін, қазақ халқының болашағын қорғау деген сөз.
Олар Дубосекова разъезінің түбінде жаудың 50 танкісін жойды. 
Сөйтіп, олар ең кемі 50 мың адамды ажал аузынан алып қалды.
Бауыржан – ақыл  мен  ойдың  иесі,  барлық  қасиеті  бойына 
жиналған,  адамгершілігі,  жауапкершілігі,  қаталдығы,  ерлігі,  жігіт-
шілігі  күшті.  Шын  мағынасындағы,  дарынды  командир.  Ол – өжет 
пен  өткірліктің,  қайраттың  иесі,  өте  батыл,  əділетті  адам.  Сондай 
адаммен  тізе  біріктіріп,  жауды  жаралы  еткенімді  мақтан  тұтамын. 
Бауыржан  Момышұлы – ол  менің  соғыста  да,  өмірде  де  досым 
болған  адам.  Ол  біздің  халқымыздың  мақтанышы,  оның  ерлігі  дү-
ниежүзін  шарлап  кеткен,  ерлігі  аңызға  айналған  көрнекті  қолбас-
шы, халық батыры».
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет