З. ҚҰЛАМАНОВА
Т. ЖАҢАҚҰЛОВ
Б. МОМЫШҰЛЫ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
ТОПОНИМИКАЛЫҚ АТАУЛАР
(Оқу құралы)
Алматы
2015
3
Алғы сөз
ƏОЖ 821.512.122.0
КБЖ 83.3 (5 Қаз)
Қ 28
Жамбыл облысы əкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының
тапсырысымен жарық көрді.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға
ұсынылған (хаттама №7, «24» ақпан 2015 ж.)
;"
Асыл мұра" зерттеулер Орталығы қоғамдық бірлестігі
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбарақ С. О., филология
ғылымдарының докторы, профессор Көпбаева М.Р., философия
ғылымдарының кандидаты, доцент Джуншеев Р.Е.
Құламанова З., Жаңақұлов Т.
Б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар:
Оқу құралы. / З. Құламанова, Т. Жаңақұлов. – Алматы: «Арыс»
баспасы, 2015. – 344 бет. ISBN 978-601-291-261-6
Оқу құралында екі тілде сөйлеп, жазатын əскербасы, Ұлы Жеңісті
жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан батыр жəне жазушы Бауыржан
Момышұлының шығармаларындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды:
оның өмірі мен өнегесін, патриотизм, адамгершілік, махаббат, тіл, туған жер,
топонимика, салт-дəстүр, т.б. – дəріптеп, пайымдайтын өзіндік идеялар, ой-
пікірлері мен сөздерінің тілдік, философиялық, тарихи танымдық маңызы
суреттеледі.
Кітап орта жəне жоғары оқу орындарында білім алушы жастар мен
көпшілік қауымға арналған.
ƏОЖ 821.512.122.0
КБЖ 83.3 (5 Қаз)
© Құламанова З., Жаңақұлов Т., 2015
© «Арыс» баспасы, 2015
Қ 28
АЛҒЫ СӨЗ
Қоғамдағы əр құбылыстың өзіндік сипаты болады. Басқыншы-
лық соғыстың еш уақытта гуманистік сипаты болмайды. Соғыстың
бастамашылары адамның көңіл-күйіне, адамгершілігіне, имандылы-
ғына, мəдениетіне қарамай, тек өзінің амбициялық тілегін қана-
ғаттандыруды ойлайды, өз ұлтының, мемлекетінің мүддесін көздеп,
басқа елдердің елін, жерін күшпен тартып алуды негізгі мақсат
тұтады. Соңғы жаһандық соғыстың да келбеті осындай болды.
Осы соғысты басынан аяғына дейін атқарған майдангер Б. Мо-
мышұлы оның əрі куəгері, əрі геройы болды. Өйткені фашистік
Германияның соғыс өртін қалай тұтандырып, сол отқа қалай өзінің
түскенін, əділетсіз соғыстың зардап шегушісі ретінде əділеттілік пен
бейбіт өмірді қалаған Совет халқы мен дүниежүзі халқының əділетті
тілегінің отына қалай жанғанын көреміз. Б. Момышұлы көргенін,
білгенін екі тілде де көркемдеп жазатын автор. Ол соғыстың қатал,
мейірімсіз, əділетсіз түрін көріп, олармен қалай жан аямай күрес-
кенін басынан аяғына дейін қарапайым тілмен жеткізеді.
Аталмыш кітаптың авторлары Б. Момышұлының соғыса жүріп,
оның қыр-сырын, тактикасы мен стратегиясын қалай меңгергені, со-
ларды тəсіл ретінде қолданып жауды қалай ойсырата жеңгені, бес
рет қоршауға түсіп, асқан айлакерлік пен тактикасының арқасында
батальонын одан алып шыққаны туралы оқиғаларды, қолынан кел-
генше суреттеп, логикалық əспет береді.
Кітапта, Б. Момышұлының ұстазы, сырласы, кейін досы болып
кеткен, бірақ командир мен қол астындағылар арасындағы офицерлік
дистанцияны сақтай білген генерал И.В. Панфиловтың ақылды,
салмақты, білімді образы қалай əсер еткені туралы философиялық
ойлар жүйесімен көрсетіледі. Оның бергі жағында ротаның, ба-
тальонның, дивизияның командирі Б. Момышұлы қол астындағы
солдаттар мен офицерлерге қанша қатал талап қойғанымен, соғыс
бір сəт толастағанда, оларға деген патриоттық ілтипаттылық, жана-
шырлық, қамқорлық іс-əрекеттері өз алдына бір төбе.
Кітапта оның көзсіз ерліктері үшін ең жоғарғы наградаға генерал
И.В. Панфилов, одан кейін майдан қолбасшысы маршал Рокосов-
ISBN 978-601-291-261-6
4
5
Алғы сөз
Алғы сөз
ский жоғарғы атақтар мен қызметке ұсынғанда күнделікті тірліктей
жайбарақат қабылдауы, Б. Момышұлының мансап пен регалия-
лар үшін емес, өзінің жерін, суын, сары даласын қорғап жүргендей
болып есептеуі, асқан қарапайымдылығының белгісіндей еді.
Кітапта, авторлар, Б. Момышұлының əскери талантының, асқан
патриоттылығының үлгісін «Москва үшін шайқаста» көрсетеді.
Күн-түн қатып от кешу, кешегі қасында жүрген солдаттардың оққа
ұшуы, əсіресе панфиловшылардың жаудың сан қайтара ентелеп
шепті бұзуға əрекет жасап Москваға бет алуын жанкештілікпен
тоқтатуы ұрпақтар айта жүретін, қайталанбас ерліктің үлгілері еді.
Майданда жүріп, алыстағы анасы, елі, жері, Мыңбұлағы туралы
ойланып-толғанып, қазақ тілі, салт-дəстүрі, мəдениеті, болашағы
тыныштық бермей жүрегін сыздатқаннан Қазақстанның басшыла-
рына, жазушыларына, интеллигенциясына сан рет хат жазысулары
ұлы қамқоршы тұлғалардың үлесінде болатын дүние:
Сыр айтам саған халқым ұға білсең,
Дайынмын от пен суға маған сенсең.
Арымды ақ ниетпен ақтамасам
Ризамын теріс қолмен бата берсей, –
деп адалдығына серт бергендей.
Авторлар Б. Момышұлының əйел тағдырына, оның ішінде, май-
данда өзінің қарындасындай болып кеткен, дəрігер, басы ауырып,
балтыры сыздағанда қасынан табылатын Янина атты əйелді қолдауы,
оның тағдырының ауыр, қосылған ерінің жайсыздау болуы Б. Мо-
мышұлын қатты толғандырады.
Кітапта ерекше орын алатын жайт, майданда Ставканың Бас
қолбасшысы Сталинмен, оның орынбасары Жуковпен, басқа да
маршал, генералдармен кездесіп, олардан қаймықпай терезесі тең
адамдарша тілдесіп, пікір алысуы, Б. Момышұлының соғыс такти-
касы мен стратегиясын олардан артық білмесе кем білмейтіндігін
паш етеді.
Халық оған маршал, генерал, Батыр атағын əлдеқашан беріп
үлгергендігін, авторлар дəлелді етіп көрсетеді.
Авторлар уақыт үндестігін сақтай отырып жаңа тарихымызда
екі: Б. Момышұлы мен Н. Назарбаев феномендерінің қалыптасқа-
нының кездейсоқ емес екендігін жүйелі баяндайды.
Қоғамның жаңа бағытта дамуы, Қазақстан Республикасының
тəуелсіз мемлекетке айналуы, ел өміріндегі барлық салалардағы
тү-бегейлі өзгерістер, оның ішінде мəдениет, əдебиет, тіл, ғылым,
білім, техника, т.б. үкімет тарапынан қамқорлыққа алынуы – қоға-
мымыздағы глобалдық үрдістер деп аталады. Жаңарған қоғамның
жаңалықтары қазақ халқының рухани дүниесінің даму мəселеле-
ріне жаңа міндеттер жүктеді. Рухани мəдениетіміздің қай саласы
болмасын тəуелсіз мемлекет кезінде, əсіресе тіл, соның ішінде
ономастика жаңа белестерге көтеріліп дамуда.
Қазіргі ономастика кешенді ғылым болып табылады: ол əртүр-
лі филологиялық, гуманитарлық, жаратылыстану, əдебиеттану ғы-
лымдарының əдістері мен мүдделерін қамтиды, оның дамуына
филолог-лингвистер, фольклоршылар, тіл тарихын зерттеушілер,
əлеуметтанушылар, философ-логиктер, тарихшылар, қоғамтанушы-
лар, географтар, мифологтар, астрономдар, т.б. қатысады. Деген-
мен, ол ең алдымен тіл біліміне қатысты. Мұны тек ономастика
жеке ғылым статусын алғаннан кейін ғана XX ғасырда көпшілік
мойындады. Оның бергі жағында еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін
ономастика ғылымы қайта түлеп жаңғырды.
Көркем шығарма мен жазушының жалпы шығармасында топо-
нимдер саны əртүрлі болып келуі мүмкін. Барлық жалқы есімдер
ономастикалық кеңістікті немесе текст ономастиконын кұрайды,
ол жалқы есім разрядтары мен басқа да белгілеріне қарай бірне-
ше топтарға бөлінеді.
Шығарма (текст) ономастиконы, оның құрамы, ономастикалық
атауларды таңдауы мен шығарма ішінде байланысы жанр заңды-
лығы мен жазушының көркемдеу тəсіліне, əдеби шығарма түрі
мен поэзия құрылысы, текстің сюжеттік-тақырыптық мазмұнына
сəйкестігімен, онимнің эстетикалық мəніне тікелей байланысты.
Осы арқылы əр жазушының өз «ономастикалық əлемі» болады
жəне де ол басқа да тілдік құралдар сияқты жазушының көркем
идеясын білдіреді. Ал бұл «ономастикалық əлем» органикалық
түрде көркем шығарманың ішкі əлеміне кіреді, оның бірліктері
болмысты суреттеу үшін қызмет атқарады жəне бір-бірімен жүйелі
түрде байланысып, көркем шығарма кезеңі мен кеңістігінде өмір
сүреді.
Авторлық қолданыстың жалпы жүйесімен байланыстан басқа
ономастикалық атаулар кез келген көркем шығармада өзекті бо-
лады, яғни олар əркез бір нəрсе туралы ақпарат береді, өзінің көр-
кемдеуші қызметін атқара отырып, əртүрлі коннотативті мағынаға
ие болады.
Ономастика мəселесінің ұлттық сана қалыптастырудағы қар-
қынды дамуы – оның саралануына жəне дамуына себепші фактор-
лардың бірі. Ономастика салаларының бірнеше түрлерінің бар
6
7
Алғы сөз
Алғы сөз
екендігін айта отырып, олардың ғылыми тұрғыдан зерттелу дең-
гейінің бірдей еместігін анық байқауға болады. Сондықтан қазақ
тіл білімінің маңызды міндеттерінің бірі – қазақ ономастикасын
жəне оның жаңа бағыттарын кешенді түрде зерттеу болып табыла-
ды. Көркем шығарма тіл арқылы ұлттық-мəдени бағыттағы құнды
ақпаратты ашуға септігін тигізуші ерекше материал болып табы-
лады. Осы ойға А.А. Потебняның пікірі ұқсас: «Көркем шығарма
үш сəттің: сыртқы форма, ішкі форма мен мазмұнның синтезі, яғни
өнерге тəн оның мінсіздігін, тұтастығын көріп, біз сөздің өзі өнер
екендігін аңғарамыз».
В. Фон Гумбольдт: «Рух жəне халықтың өзін танудағы барлық
құбылыстардың ішінде тек тіл ғана халық рухының ең ерекше жəне
нəзік ерекшеліктерін аша алады жəне ең құпия ... ете алады» деген.
Сонымен бірге көркем шығарма тілінің ерекшелігін ономасти-
калық (жалқы есімдік) лексика – əдеби текстің поэтикалық жүйесі-
нің маңызды элементі, əлем бейнесінің ақпаратты маңызды сим-
волдық белгісін зерттемей жатып сөз ету мүмкін емес. Əдеби текст-
ке енгізген жалқы есімдер ассоциативті байланысқа бай, символ-
дық мəндегі маңызды ақпаратқа ие болып келеді. Осы мақсатта
А.А. Фомин шартты түрде əдеби шығармалардағы ономастикалық
атауларды зерттеудің төрт бағытын көрсеткен:
1. Философиялық; 2. Логикалық; 3. Əдеби танымдық; 4. Линг-
вистикалық.
Ғалым: «...Əдеби ономастиканың болашағы үшін соңғысының
қызметі зор, себебі лингвистика шеңберінде ол барынша толық
жəне объективті түрде қарастырылады жəне көркем текстің қалып-
тасуы мен интерпретациясына ықпал етуші факторлар қарастыры-
лады жəне жаңа лингвистикалық пəндер – когнитивті лингвисти-
ка, дискурс теориясы, текстаралық теория, т.б., сонымен бірге қа-
зіргі кезде тез дамып келе жатқан текст лингвистикасы мен
поэтика – əдеби ономастика өз міндетін шешуде өзара тиімді
əрекеттесетін ғылымдар», – деп дəл тауып айтқан.
Көркем шығарма ономастикалық лексика əлемнің ұлттық көз-
қарасына тəн мəнді мəдени мағына мен ассоциациялар туралы
өзіндік ақпарат беруші болып табылады. Ал Бауыржан Момыш-
ұлының əдеби шығармашылық мұрасын зерттеу – өзектілік пен
бүгінгі күннің қажеттілігінен туған. Сол себепті де жоғарыда атап
өткеніміздей, Б. Момышұлының шығармашылығындағы топоним-
дерді танып білу арқылы еліміздің, жеріміздің, тіпті, батырдың
ерлік жасау барысындағы жүріп өткен жолын, қалаларының аталу
уəждері мен семантикалық мəн-мағынасын, тарихын білу арқылы
жастарды ұлттық патриотизмге тəрбиелеудегі мəні зор болып
отыр.
Бұл шығармада қазақ халқының біртуар азаматы, Халық қаһар-
маны, жазушы Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдердің
даралығын, өзара ұқсастықтары мен байланыстарын, аталу уəжде-
рін тани отыра, қазіргі кездегі топонимдердің ұлттық сипаты мен
басқа орыс топонимдерін анықтау арқылы тарихи-лингвистикалық
түсінік-талдау жүргізіледі. Ендеше, белгілі мақсатқа сəйкес ономас-
тикалық атаулар соның ішінде, шығармалардағы топонимдердің
семантикалық мəнін ашу мақсаты да жан-жақты қарастырылады.
Қазақ халқының Б. Момышұлы сынды біртуар ұлдары шығар-
маларындағы топонимдердің тілдік қолданыс қызметін анықтау
Ұлы Жеңістің 70 жылдығының қарсаңындағы қажеттілік болып
отыр. Қазіргі кезде қазақ ономастикасының салыстырмалы түрде
дамыды деген шақта, аталған сөз шеберлерінің шығармаларындағы
ономастикалық кеңістікті анықтау, яғни ономастикалық бірліктер-
дің «өзіндік бір тарихи ескерткіштер» екендігін, олардың таным-
дық, тəрбиелік, тарихы мəнін дəлелдеу бұл кітапта орын алады.
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер алғаш рет қарас-
тырылған. Олар тарихи-лингвистикалық, лексика-семантикалық, та-
нымдық-тəрбиелік мақсатта қарастырылып, жүйеге келтірілген. Кі-
таптың құндылығы сонда, Б. Момышұлының 30 томдық шығарма-
ларындағы барлық топонимдерді жинақтап, сөздік жасалынған. Со-
нымен қатар «Ұшқан ұя» мен «Москва үшін шайқас» атты шы-
ғармасындағы топонимдердің толық талдануы, оның өмірі мен
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жүріп өткен жолындағы (бұрын-
ғы Одақ көлемінде) топонимдер сараланып, жалпы сипатына толық
түсініктер берілуі жастар санасында ұлттық патриотизм сезімін
тудыратындығы сөзсіз.
Сайып келгенде, Б. Момышұлының шығармашылығының ішкі
логикасындағы философиялық сарынды бір қырынан, ал топоним-
дерін екінші қырынан шығарма арқауы етіп, авторлар Жеңістің
70 жылдығына бағыштаған.
Аталмыш кітап оқырмандардың қызығушылығын тудырады
деп толық сеніммен айтуға болады.
М. МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
ф.ғ.д., профессор
І
Б. МОМЫШҰЛЫ
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ САРЫНЫ
10
11
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
КҮН-ТҮН ҚАТЫП ОТ КЕШКЕН ЖЫЛДАР
(Москваны қорғау)
Əлемде соғыстың неше түрі: үлкен-кішісі, ұзақ-қысқасы, əділет-
ті-əділетсіздігі болған. Солардың ішінде ең жойқыны, əрі қауіп-
тілігі жағынан ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарындағыдай бол-
ған емес. Ол – екінші дүниежүзілік соғыс. Біз үшін Отан соғысы
төрт жылға созылған, соғыста екі жақтан қырық миллионға жуық
адам опат болған. Бұл екінші дүниежүзілік соғыс Совет мемлекеті
мен Германияның, ал анықтай айтсақ, екі блоктың арасында: Гер-
мания жағында – Италия, Жапония, Совет Одағы жағында – АҚШ
пен Англия болды. Бірақ негізгі ауыртпалықты СССР Германия-
мен қақтығыста көтерді. Бірақ соның ішінде Совет Одағының
шығыны орасан көп болды.
1941 жылдың 22 июнінде мұздай қаруланған 5,5 миллион сол-
даттары мен офицерлері бар неміс-фашист басқыншылары соғыс
жарияламай, тұтқиылдан бейбіт жатқан Совет мемлекетінің терри-
ториясына басып кіріп, бір-екі айдың ішінде Ленинградты қоршап,
Москваның түбіне бір-ақ жетті.
Ел тəуелсіздігін қорғау үшін бүкіл халық болып көтерілді.
Соғыстың келтірген шығыны мен зардабы адам айтқысыз, өлшеусіз
болған. Ол кезде Совет Одағының құрамына он алты республика
кіретін еді. Өлім мен өмір белдескен кезеңде Қазақстан халқы да
одан сырт қалмады. Қазақстандағы адами, тыл, экономикалық ре-
сурстар соғыс рельсіне бағытталып, Жеңісті жақындатуға үлкен
үлес қосты.
Соғыс барысының қауіпті болғаны сонша, Москваның түбіне
ентелеп жетіп келген неміс-фашист басқыншылары Қызыл алаңда
олардың маршпен өтетіндігіне кəміл сенді, бұған Гитлер бастаған
Вермахт басшылары, өздерінің көптеген «жалынды» сөздерімен
майдандағы əскерлерін сендіріп бақты.
И.В. Сталин бастаған Кремль басшылары қатты күйзелді. Бірақ
Москва жұртшылығы «Сталин Кремльде отырғанда, біздің бойы-
мызды ешқандай қорқыныш сезімі билемейді» дегендей асқан са-
бырлылық танытып бақты, тыныштық сақтап тіршілігін атқара
берді. Дегенмен, рухты іштей қатты үрей де биледі. Бірақ Сталин-
нің: «Біздің ісіміз ақ, біз жеңеміз!» деген қорғасындай салмақты,
оптимизмге толы сөзі совет халқын рухтандырып, неміс-фашист
басқыншыларына дегендегі өшпенділігін еселендіре түскендей еді.
Өйткені, совет халқы əділеттілік үшін күреске үдере көтерілген
еді. Тарихта жағымсыз құндылықтардың ең бастысы əділетсіздік
ұғымы болса керек. Басқыншыларға деген ашу-ыза, кек алушылық
адамдарды өзінің кіндігініңқаны тамған жерін, шомылған суын,
биігіне шыққан тауын қорғауда аса табандылық танытып, патриот-
тық сезімінің қуаттанатынын біз тарихтан білеміз. Мысалы XVII–
XVIII ғғ. қазақ жеріне басып кірген жоңғар-қалмақ басқыншыла-
рына қарсы тұру, Томирис ханымның жерін-суын «қызылбастар-
дан» қорғауда жанкештілік танытқан əрекеттерін т.б. білеміз. Жаңа
дəуірде американдықтар да корейлерді, вьетнамдықтарды, ауғандық-
тарды, ирандықтарды жəне т.б. жеңемін деген əрекеттерінен түк
шықпағанын, ақырында елін-жерін қорғаған кішігірім халықтар-
дан жеңіліс тауып, əлемге масқара болғанының куəсіміз. Сондай-ақ
неміс басқыншыларының азаттық үшін күрескен совет халқынан
жеңілетіндігі де даусыз еді. Бірақ бұл бізді өлшеусіз адами жəне
материалдық шығынға түсірді.
Совет Одағының тағдыры қыл үстінде тұрған, осы бір қауіпті
кезеңін халық батыры Б. Момышұлы суреттеген екі кітаптың
(«Москва үшін шайқас», «Волокаламск тас жолы») маңызы ай-
рықша. Жауынгер жазушы Б. Момышұлы – осы қиямет соғыстың
ортасында от пен қан кешіп, басынан аяғына дейін Москваны
қорғаған адамның бірі жəне бірегей куəгері. Осы кезде оның бас-
қарған батальоны бес рет қоршауда қалып, бес рет оны бұзып
шыққан. Тарихтан сирек кездесетін ерліктің иесі атанды. Төрт жыл-
дық соғысты басынан кешірген батыр жауынгердің отыз томдық
шығармалар жинағы жарық көріп, оқырмандарына жол тартты.
Мұнда ерлік пен елдіктің, батырлық пен батылдықтың, отансүйгіш-
тік пен махаббаттың, т.б. қырлары үлкен ыждахаттылықпен шы-
найы, əрі терең суреттелген. Оның шығармаларының құндылығы
автордың соғыстың қақ ортасында жүріп, жауынгерлерімен ыстық
пен суықты, аштық пен жалаңаштықты, азап пен қуанышты бірге
бөліскендігі айғақ болады. Мұны өзінің адами парызы деп есеп-
тейді. Ол былай дейді: «Тағдыр мені адамзаттың жантүршігерлік
қайғы-қасіретінің куəгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне
болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе
алатындай өнерім болмаса да жəй себеппен, менің қолым жауға
сілтер семсердің сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауын-
гердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма – қаламсапта, ус-
тавтың өктем тіліне үйреніп қалған тілім де ырық берер емес,
12
13
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
бірақ сараңдардың санатында (өлер алдында бар байлығын далаға
шашқан Қарынбай сияқты) қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап
шеккен, адал солдаттарымның алдында – үн-түнсіз қалмауға, бас-
тан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санай-
мын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа – елге, атақ – ерге
сауға» деген əділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға
куəгерінің тілі болсын».
Аталмыш туындылар, ойлар, соғыстың тынышталған бір сə-
тінде блиндаждарда отырып, кейде майшамның, кейде электр
жарығының, кейде күн сəулесінің жарығымен қанша жазылған
күнделіктер. Солдаттардың бірнеше минут болса да демалысын
бұзбай пайдаланып, тез-тез ой қисындырып қағаз бетіне түсіруге
үлгерген автордың амалдары болса керек. Бұлардың əдеби көр-
кемдігіне жауап бере алмайтындығына алдын ала кешірім сұра-
ғандай: «бұл қарапайымдау, өңделінбеген олақтау, сұрыпталынба-
ған тартуым болсын, сөз өнерінің шеберіне кітап жазуы үшін,
құрылыс материалдарына жарарлық сыйым болсын», – дейді. Ав-
тор айтқанындай, болашақ сөз шеберлеріне олардың: «толығырақ,
көркемірек жазатын шығармаларына арқау болсын аманаттық мақ-
сатпен қалдырып отырмын», – дегені сияқты. Бұдан əрі қарай
автор келер ұрпақтан осы идеясын құрылыс материалдарын пай-
даланып отырып өмірге туынды келтірсе, келер ұрпақ рухани
азығына пайдаланып жатса онда менің оларға өкпем жоқ, деп асқан
қарапайымдылық пен шүкіршіліктің үлгісін көрсете келіп былай
дейді: «тұрғызылған ғимаратқа жабдықтаушының аты ешқашанда
қойылмайтынын біле тұра, мен жабдықтаушы атануға ризамын
жəне егер ол менің атымды, сөзімді еске алуды ыңғайсыз санап,
атақты адам айтқандай етіп, (мұны өзімде жиі естимін) соның аузы-
нан толғанысты ойлар түрінде айтқызса, ренжімеймін».
Бауыржан Момышұлы табиғат берген асқақ дарындылығын,
келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, адамгершілігін, ер тұлға-
лық батылдығын іркілтпей келер ұрпаққа иіп береді. Өйткені,
оның көргені мен қолында ұстаған қалам-қаруы оның дарындылы-
ғына азық болып сыртқа теуіп шығуға бұлқынып жатты. Себебі
ғасырда бір туатын дарын иесі, ішкі рухынан туындаған ақыл-
ойларын қағаз бетіне түсірмеске жанын жай тапқызбаса керек.
Су түбінде гауһар тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде асыл сөз,
Шер толқытса шығады, –
дегендей батыр жанының күйзеліп шерге толы болатынын білу
қиын емес. Жаудың ниеті Совет Одағын күшпен басып алып, хал-
қын жер бетінен жойып жіберуге, қалғанын құл етуге жоспарлы
болса, жан-жағында мылтық оғынан, снаряд-миналардан отандас-
тары, жауынгерлері, жолдастары қынадай қырылып жатқанда, ба-
тыр тұлғалы Бауыржан Момышұлының жүрегі шерге толып, жауға
арнаған зəрлі сөздерін қағаз бетінде бейнелеуге кіріскен. Соғыс аз
толастаған кезде күннің, түнде керосиннің жарығын пайдаланып,
үзік-үзік ой толғауға тырысқан. Оның бергі жағында аса қадірлей-
тін, ағасындай бауыр басып кеткен ұстазы кездейсоқ снарядтың
сынығы тиіп, кенеттен қайтыс болған И.В. Панфиловтың өлімі
оның қанатын қайрылтып, еңсесін түсіргендей болды. Бірақ, қайсар
тұлға болаттай болып, жауды қайтсе де жеңуге құлшына кірісті.
Рухы қайнап, қолына қалам алғызды:
Найзадан қол босаса қалам алдым,
Толғанып оқиғаны көп ойландым,
Тырмысып əл келгенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.
Отырсам көп ойланып, күнім жақын.
Əр адам біле бермес сөздің парқын.
Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,
Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.
Батырдың сөз толғанысына назар аударсақ – баяғыдай тасып
тұрған күш-қуатым жоқ, байқаса сарқылып бара жатқандай сияқ-
ты, өлшеніп берілген уақытты жемісті пайдалану керектігіне мең-
зейді. Онысы дұрыс та шығар, өйткені өмір мен өлім серік қой,
бірінен бірі көлеңкедей айырылмайды. Бойында қуаты бар кез-
де талантының тиегін ағытып ойларды көсілтіп-көсілтіп алу өмір
жоспарында болса керек.
Бауыржан Момышұлының кітаптарының ішінде ерекше орын
алатыны «Москва үшін шайқас» романы. Өйткені Ставканың ұй-
ғарымы бойынша, генерал Панфиловтың 316-атқыштар дивизиясы
Москва үшін болып жатқан қиян-кескі соғыстың өтіне жіберілді.
Жаудың сына тəрізденіп екпіндеп, баса-көктеп еніп келе жатқан
кезі еді. Бұл Совет Одағының тағдыры үшін жан алысып, жан бе-
рісіп жатқан шақ еді. Жазушы бұл жерде өзі аға лейтенант болып
тағайындалған батальонның командирінің бастан кешкен оқиғала-
рын баяндайды. Алты жүздей адам колонна түзеп келе жатыр.
Саптың соңында жаралы солдаттар мінген арба келеді. Соғыс
адамды аяй ма, солдаттардың беттері көптен шайылмаған, сақал-
мұрттары өскен, кірпіктері ғана қимылдайды, жүздері ісінген, жүріп
келе жатып қалғиды, еріндері кезерген, салбыраған, иықтарына
асынған винтовкалары бар, жүріп келеді.
14
15
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Шаршап-шалдығып келе жатса да, өлең айтып еңсесін тік ұс-
тап, рухын көтере аяқ басып келеді:
Смело в бой пойдем за власть Советов,
И, как один, умрем в борьбе за это! –
деп аспанды дүбірлете ұрандатып келеді. Комбаттың байқағаны
солдаттардың аяқтары зорға алға қарай тартып келе жатса да, рухы
сергек естіліп, байтақ жатқан Отаны үшін отқа салса да күймейтін
сыңай танытып отансүйгіштік сезімін əрі қарай ұштап келе жатқан
секілді. Олардың əрбір адымы жауға деген өшпенділігін қайрап келе
жатқандай сезілді. Дегенмен, ұрыстан шегініп келе жатқан солдат-
тардың көңіл-күйінің бəсеңдеу, солғындау екені байқалады. Олар-
дың мұңын политрук Толстунов та күйзеле байқап келе жатыр.
– Амал қанша, қайтерсіз енді, біз болсақ шегініп келеміз, біздің
осы түрімізді көру бұларға оңай дейсіз бе? Бұл жермен Москва-
ның арасы жап-жақын «үйіме ертең ойран салынады деген қауіп
кімді қажытып, кімді мұңайтпас, жолдас аға политрук», – деді
төмен қарап Ж. Бозжанов.
Көшеде сап түзеп өлең айтып бара жатқан колоннаға бейбіт
халық үлкен жеңіс үмітімен қарап, қолдарымен көздерінің жа-
сын сүртіп тұрған əйелдер, шешелер, ал балалар болса колоннаның
алдына жүгіре шығып бір-біріне батылсыз сыбырлайды. Олардың
да еңсесі төмен, үстері алба-жұлба, аяқ киімдері лай басқан. Қала
орталығы қираған, тонауға ұшырағандай ашық-шашық қалған иесіз
магазиндер, орнында күл-қоқыс қалып өртенген үйлер, бір шетінен
ілініп, желге желбіреген қағаз-жарнамалар соғыс ойранының куə-
сіндей. Бүкіл ұлт күрсінгендей көңілге қаяу түсіріліп жатты. Бұл
1941 жылғы октябрьдың соңғы декадасы еді. Ұлы Отан соғысы-
ның тарихына үңілсек, гитлершіл Вермахт «Барбаросса» жоспары
бойынша Совет Одағын екі айдың ішінде тізе бүктірмек болып
əлемге жариялады. Бірақ, онысы іске аспады. Өйткені əділетсіз аг-
рессорлық соғыстың ақыры болмай, бейбітсүйгіш əділеттілікті ту
еткен халықтың жағында бүкіл прогресшіл адамзат болды, Совет
халқының Отанын қорғауда жанқиярлық іс əрекеттерін, батыл қи-
мылдарын жақтады. «Отан, алға ұмтыл!», «Қасиетті соғысты аг-
рессорларға қарсы баста!» «Родина Мать зовет!» деген ұрандар
бүкіл əлемді шарлап кетті. Өзінің жерін жауға таптатпау жəне елін,
халқын құл еткізбеу үшін үлкен де, кіші де, əйел қыздарымыз да,
неміс басқыншыларына асқан патриоттық сезіммен қарсыласып
өре түрегелді. Партизандық қозғалыс жаудың автожолмен, темір-
жолмен, кемемен, əуе жолдарымен тасымалдаған жүктерін апатқа
ұшыратып, теміржол мен көпірлерді жарып, адамдарын қырғынға
ұшыратып, қалаларымызды келе салып басқарып отырған «мэр-
лерін» өлім құштырып, Жеңісті жақындату мақсатымен қарапайым
халық қолынан келгеннің бəрін істеді. Халқымыздың тылдағы
«бəрі де фронт үшін» деп істеген орасан жанқиярлық еңбек майда-
нындағы ерліктері келер ұрпаққа адам нанғысыз үлгі болды. Ха-
лықтың отансүйгіштік сезімін ұштады.
Дегенмен, басым күшпен елімізге лап берген жау Москваны
алу мақсатынан тайынбады. Жасыратыны жоқ, Ставканы, Бас қол-
басшы И. Сталинді де айналасындағы соратниктері алдын ала да-
йындап қойған Куйбышев қаласына көшіруді жоспарлап қойған-
ды. Ұзақ уақыт көнбесе де жаудың алатынына көзі жеткендей бол-
ған сияқты болды. Өйткені Берия бастаған Политбюро мүшелері
сын сағаттың жақындағанын айтудан танбады. Ендігі жерде Куй-
бышевте отырып басқарудың тиімді екенін сансыз дəлелдеп бақты.
Өйткені, үкімет ертерек Куйбышевке көшіріліп жіберілген еді.
Кремльде тек қана Сталин Ставкасымен қалған-ды. Бір мезетте өзі
шешті ме, əлде жан-жағындағылардың «жеңілдік» деген боргөбек-
тік, дүрлікпе сөздеріне жеңіл мəн берді ме, əйтеуір ұзақ күндер, түн-
дер ойланудың нəтижесінде Сталин Ставкасын Куйбышевке көші-
руге келісім береді. Москвадағы Курск вокзалында көсемге арнал-
ған арнайы поезд дайын тұрады. Келгеннен кейін Сталин вокзал
алаңында темекі шегіп терең ойға шомып екі сағаттай ары-бері
жүреді. Əдетте халық, москвалықтар оған құдайдай сенетін-ді. Қан-
дай уақиғалар легін, қиындықтарды, намысын қайраған саясаткер,
елінің сеніп тапсырған тағдырын нардай көтеруге жарамай бара
жатқанына жаны күйзелді ме, əлде «Сталин барда не қам бар» де-
ген москвалықтардың сенімін ақтамай кетіп бара жатқаны намы-
сын қайрады ма, не көрсем де еліммен бірге көрейін деді ме, əлде
халқының сенімін ақтаудың орнына қорқақтық танытып қашып
бара жатқанына намысы кернеді ме, кенеттен урнаға трубкасын лақ-
тырып жіберіп: «Кремльге тартыңдар!» – деп бұйрық берді. Түнгі
үште Политбюроның отырысын өткізіп, мынадай шешім қабыл-
дап радиодан бүкіл елге таратуды бұйырады:
1. Москваны қоршауда қалған қала деп жариялау;
2. Қаланың төңірегін 15 шақырым жерден қоршап окоп қазу;
3. Москваны қорғау Жуковқа тапсырылсын! – деп қарар қабыл-
дады. Жуков өзінің «Естеліктер мен толғаныстар» деген соғыстан
кейінгі кітабында: «Аталмыш қарардың ізінше, таңғы сағат бесте
жауға қарсы шабуылға шығып оның қоршаған шебін бұзып, 5 ша-
қырым кері түріп тастадық, осы инициативаны біз Берлинге жет-
кенше қолдан шығармадық», – дейді. Қызыл Армияның аталмыш
16
17
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
жеңісі аса шағын болса да, соғыс басталғаннан бері қарай ұдайы
шегініспен келе жатқан, оның үстіне 70 қала мен мыңдаған елді
мекендерден айырылған Совет халқы үшін тарихи маңызы бар оқи-
ға болды. Армия мен халық рухтанып кетті. Өйткені Вермахт өзі-
нің «өмірі жеңілмейді» деп айдар таққан даңқты армиясының да
жеңілетіндігі еске салынды. Левитанның даусымен жария етілген
Информбюроның хабары Қызыл Армия емес соғыстың ауыртпа-
лығын арқалап жатқан тыл еңбеккерлерінің көңілдеріне жеңіс үмі-
тін ұялатты. Олардың рухы қанаттанып еңбек өнімділігін артты-
руға тырысты.
* * *
Соғысқа араласқан батальон командирі Б. Момышұлы генерал
Панфиловқа есеп беріп жатты. Əрине, күші тең емес жаудың қор-
шауынан түрлі амал-айла қолданып құтылып шығу оңайға соқпай-
ды. Генерал қарама-қарсы отырып, папирос ұсынып:
– Адам шығыны көп пе? – деп сұрады. Болған шығыннан мағлұ-
мат алған соң:
– Жараланған жауынгерлер қалып кеткен жоқ па? – деді.
– Ешкімді қалдырған жоқпыз, оларды осында алып келдік, жол-
дас генерал.
Генерал телефонды алып штаб бастығымен сөйлесіп: «Момыш-
ұлының батальонды жау тылынан аман-есен алып шықты» деп
армия штабына хабарлауды бұйырды.
Кішкентай үзілістен кейін Б. Момышұлы генералдарға менің
батальоныма жол-жөнекей басқа жақтан 90 адамдай қосылып, 600-
ге жеткенін айтып, бірақ жол-жөнекей бір-бірлеп, топ-тобымен бізге
қосылған жауынгерлер туралы, олардың кейбірі сонау шекарадан
бері келе жатқаны туралы, оларды бөлек колоннаға тұрғызып, жан-
жағына күзет қойып келгені туралы айтады. Осыны естігенде гене-
рал ұнатпаған сыңай танытып, реніш сезімін көлденең тартқандай
болып, қабағын жай шытады. Оның астарында қомақты сыр жат-
қанын ішім сезе қойды. Генералды ардақты ұстазым деп санайты-
ным сондықтан.
– Мен бұл мəселе жөнінде сізден басқаша ойлап, басқаша тү-
сінемін, жолдас Момышұлы, – деді ол салқын жүзбен көзіме тіке
қарап.
– Қоршауда қалған жалғыз-жарымдар кім еді? Сіз оларды кім-
дер деп танисыз? Олар – мына қырғын соғыста полктерінен, бөлім-
шелерінен адасып қалған біздің бейшара жауынгерлеріміз. Мына
шəт-шелекейде сүйенер, медет етер командирінен, жолдастарынан
ажырап, қорғансыз қалып, ашып-арып, өз тобын, өз үйірін іздеп
келе жатқан өзіміздің солдаттар олар. Олар ел десе еңіреген, жол-
дас Момышұлы. Олар опасыздар емес. Олардың неміс қолында
қалғысы келмей, өз тобын табуға талпынып, өзегі талып, азапта-
нып, қорлыққа көніп, тəуекелге бел байлап, бірнеше қиындықтар-
дан толарсақтан қан кешкендей өтіп шығыпты. Бұл сізше ерлік
пе, қорқақтық па? Меніңше, бұл ерлік. Азаматтық, адалдық. Олар
өзіміздің адамдар ғой, шырағым-ау! Олардың қоршаудан ұйымда-
сып шыға алмағанына көбі кінəлі емес, олар бізге қосылып соғыс-
қа қайта бармақ болып келгендер емес пе?
Генералдың бұл сөзінен кейін жаңа бізге қосылған тоқсан жа-
уынгер туралы бірбеткей тіке сөйлегеніме енді өзім қатты қысыл-
дым. Жорық кезінде оларға тым қатал болғаным қазір көз алды-
ма елестеп, жаныма батты. Оларды бөлек тұрғызуға бүйрық берге-
німде, шекара формасын киген, сақал-шашы өскен, ұзын бойлы
əлеуетті бір жігіт наразы болып, бетіме тіке қарап тұрып: «Немене,
жолдас аға лейтенант, біз сізге тұтқынбыз ба соншалықты?» – деп
еді. Мен зекіріп тастамақшы болғанымда, оның қасындағы жай
киім киген бір қаба сақал жолдасы əлгі жігітке жылы сөйлеп, оны
жұбатқандай: «Ештеңе емес, Иван Митрофанович, құдайдың мұ-
нысына да шүкір, өзіміздің адамдарға тұтқын болсақ арманымыз
не?» – деген еді. Содан кейін əлгі шекарашы жігіт түсі жылып,
күлімсіреп: «Мейлі, жолдас аға лейтенант, мақұл, сіздің қарамағы-
ңызда-ақ болайық», – деп сапқа барып тұрып еді. Біраз ойланып өз
сөзін өзі құптағандай болып, ол тағы: «Майдан шебін бұзып өткен-
нен кейін бізге қару-жарақ береді, сонда жауға біз де қайта тиісе-
міз», – деген еді, – «өзіңнің қаруың қайда?» – деп оның сөзін кеке-
сін түсініп, мен зекіре сұрап ем сонда: «Міне, жолдас аға лейте-
нант», – деп ол сабырлы түрде қойнынан бір револьверді суырып
алып, түсі суық қара револьверді қолына салмақтап ұстап тұрды
да, тағы да былай деді: «Бірақ, жолдас аға лейтенант, мұның ішінде
небары екі-ақ патрон ғана. Сақтықта қорлық жоқ дегендей бір айдан
бері қасқалдақтың қанындай сақтап жүрмін. Жаман айтпай жақсы
жоқ, бірдеңе бола қалса бір оғы неміске, бір оғы өзіме деп сақ-
таған едім». Сөйтіп, ол револьверді қайтадан қойнына тығып қо-
йып еді. Қазір бұл əңгімені генералға айтуды ұмытып кетіппін. Енді
есіме түскенде əдейі айтпай ішке бүгіп қалдым. Өйткені, тоқсан
жауынгер туралы өз айтқаным өзіме соққы болып тигені онсыз да
жеткілікті болды.
– Мен сізге қарағанда көпті көрген солдаттардың бірімін, жол-
дас Момышұлы. Мен олардың мұңын, қайғылы халдерін түсінем,
18
19
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
олардың қадірін білем. Осы кездің өзінде олардың талайымен кез-
десіп əңгімелестім де, – деп генерал сөзін жалғастыра беріп, – олар-
дың көбі жігерлі, ұстамды, тұрақты адамдар. Өзіңіз ойлаңызшы,
жау жағына өтіп кетуге, немесе жау басып алған аймақта қалып
қоюға олардың мың мəртебе мүмкіншілігі болды ғой. Бірақ олар
мейлінше қорлық көріп, азаптана құз-қиядан өтіп, азып-тозса да,
қайтадан сапқа тұруға тырысыпты. Олар соғыстан қашып келе жат-
қан жоқ, қайта өздерінің соғыс майданын іздеп келе жатыр. Өйткені,
олар біздің жеңісімізге шын жүрегімен сенеді. Ал егер Совет өкіметі
жеңіледі деген пасық пиғылда болса, мұншама азаптанып, жаннан
түңіліп тəуекелге бел байлап несі бар еді олардың? Жеке-жеке бы-
тырап келе жатқандарды жиып алып, басын қосып алып келгеніңіз
дұрыс болған екен.
Генерал өзінің айтқан сөздерін пайымдап, қайта-қайта таразыға
салып отырғандай-ақ біраз үнсіз отырды. Шынымды айтсам, гене-
ралдың көкейге қонымды əділ сөздерін сонда бірден түсіне алма-
дым – əлі тоқсан адамға бола генералдан сөз естігенім жаныма
батты. Генерал ақырып айтпаса да, əр сөзі зілдей ауыр тиді, жəбір-
лендірді, зығырымды қайнатты. Оны сезген генерал мұртынан кү-
лімсіреп:
– Қане, қане, ал айта беріңіз, айта беріңіз, – деді. Оның «айта
беріңіз» дегенін мен «əңгімеміз осымен бітті» деп сыпайылатқаны
ғой деп түсіндім. «Мына сын сағатта жұмысы көп, шаруасы тығыз
кісінің уақытын алып отырмын-ау», – деп ойладым да, оның ойын
бөліп, басты істерден қол үздірмеу үшін барынша қысқаша баян-
дауға тырыстым. Қала күйреп, от құшып, көк күңіреніп, жер тебі-
реніп, ел күйзеліп жатқанда, өмір мен өлім арасындағы қиян-кескі
арпалыс, жойқын сұрапыл болып жатқанда, генералдың менімен
əңгімелесіп отыруға уақыты мүлде тапшы деп түсінгенім ғой.
– Жиырма үшінші октябрь күні кешке, – деп бір жетіні аттап
өтіп бара жатыр едім...
– Жоқ, шырағым, жиырма үшінші октябріңді қоя тұр, – деді ге-
нерал сөзімді бөліп.
– Сіз сөзіңізді Житаха мен Синьководан бастаңыз, – деп гене-
рал сол жерлерді картадан шұқып көрсетті. – Біздің соғысты жоба-
лауымыз есіңізде ме? Сол жоба іс жүзінде қалай болып шықты.
Əңгімені содан бастаңыз.
Мен лейтенант Донских пен Брудный бастаған алдыңғы шеп-
тегі взводтардың соғысы туралы, олардың ерліктері туралы қыс-
қаша баяндап бердім.
Бəрін тыңдап болғаннан кейін, генерал маған: Бір ұрыста
тоғыз мəрте жараланса да, бір адым кейін шегінбеген Донскихты
наградаға ұсынуды жəне оның туған-туысқандарына ол жөнінде
хат жазуды бұйырды. Брудныйдың əңгімесін айта бастағанымда,
генерал үн-түнсіз тыңдап отырды, бірақ елеңдеп, сабырсызданып,
қалтасынан сағатын аларын алса да, оған қарамай, тек оң қолының
бас бармағымен дөңес шынысын сипалай берді. Мен де сасқа-
лақтап, бұл нышан жақсы хабардың белгісі емес-ау деп сезе қой-
дым. Мен нар тəуекел, не болса о болсын деген оймен жасырмас-
тан, жаппастан бұл лейтенант туралы жай-жапсардың бəрін түгел
жайып салып барып, бір-ақ толастадым. Генерал да үн қатпай
отырды. Сағатын столдың үстіне қойып, маған жақындай беріп,
жылы шыраймен сөзімді бөліп, өзі сөйлеп кетті. Қызуым басылма-
ған мен сол шақта бұл кісі өзімен өзі сөйлесіп отыр ма деп қалдым.
– Талап қою бар да, қаталдық бар. Талап қою – заңды нəрсе.
Қаталдық заңнан тыс. Əйтсе де... – деді ол осы бір сөзді созып ай-
тып, маған көзінің қиығымен қарап. Мен де оған көз тайсалдырмай
тіке қарадым. – Əйтсе де, – деп қайталады, – бір жағынан сіздікі өте
дұрыс. – Менің нем дұрыс екенін айтпастан, осы мəселені ойлап,
пішіп тұрғандай тоқтап қалып, стол үстінен сағатты қайта алып,
шынысын тағы сипалап отырды да, ой желісін сабақтағандай: – Сіз,
əрине, білесіз ғой, соғыс бұл екі ұғымды жиі-жиі шатастырады. Олай
болмаса соғыс бола ма. Шатақ, шатасу соғыстың кесапатты заңы-
ның бірі емес пе. Брудныйдан жəне қоршауда қалған тоқсан сол-
даттан міндетті орындауды қатал түрде болса да əділ талап ет-
кенсіз. Оныңыз дұрыс. Мен де сүйтер едім. Соғыс кей кезеңде та-
бандылықпен талап қою мен қаталдықтың арасындағы айырмашы-
лықты жойып жібереді. Соңғы сөздерді генерал салмақпен айт-
ты. – Əлбетте, соғыс кезінде дауласып, мəселені ортаға салып тал-
қылап жатуға уақыт жоқ. Кей кезде мейірімді, қайырымды болуды,
адам баласына жанашырлық сезім білдіріп жатуды ойлауға да уа-
қыт аз. Соғыс пен ұрыс пəрменді əрекетті, əсерлі, тапқыр, қатал
қимылды уақытында тез талап етеді. Сонда да болса, шектен шы-
ғып, қалыптан аспау керек. Командир – ер серкесі, ер ағасы, жа-
уынгерлердің жетекшісі. «Сергек ой – ер серігі» деген мақал бе-
кер айтылған емес. Қызбалыққа жол бере берсек, қырып алу оп-
оңай-ақ. Ашуға тізгінімізді меңгертсек, орынды айыптаудан адасып,
жазасызды жазалап адасуымыз сөзсіз...
– Менің жаза басып, қате кеткен жерім қайсы, сонда? Ашып
айтыңызшы? – дедім мен шыдай алмай.
– Сіздің қиын-қыстау жағдайда бір шешімге келіп, оны іс жүзіне
асырғаныңыз оңды екені даусыз. Сіздің командирлік еркіңіз, сіздің
шешіміңіз сəтті орындалыпты – бұ да жақсы. Сіздің алдыңызда
20
21
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Брудныйдың кінəлі болғанына дау жоқ. Оны сіз қуып жіберіпсіз. Ол
ыза мен намыс бойын кернеп, жаны ашынып барып ерлік істепті.
Ерлікпен өз кінəсін ақтап шығыпты. Кетіп қалмапты, өзіңізге қайтып
оралыпты. Міне, енді соның алдында сіз кінəлісіз. Оған тым қатал-
дық істеп кінəлі болдыңыз. Сіз оған: «Қайда барсаң онда барғын,
ақыры немістерге кете бер, сен енді маған керек емессің!» – депсіз.
Қаңғып жүріп қаза тапса, немесе, айтқан жерден аулақ, Отанға опа-
сыздық істеу жолына түссе – сонда не болмақ?..
– Бұныңыз дұрыс екен. Адамды өлімге итермелегенім үшін не-
месе опасыздардың жолына айдағаным үшін өмір бойы жаным
қиналып, арым күйзелер еді, жолдас генерал.
– Е, мəселе сонда, жолдас Момышұлы, мəселе сонда. Мұны өзі-
ңіз енді байқап, түсініп айтып отырсаңыз, жақсылықтың белгісі.
– Мұны маған түсіндіріп, байқатып айтқан өзіңізсіз ғой, жолдас
генерал.
– Айту, əрине, оңай. Бірақ, сол айтқанға түсініп, ұғып, білу қиы-
нырақ... Ал, біздің көп жігіттер кейде, жаманшылық ойламаса да,
асыра сілтеп ұрда-жыққа салып кетеді. Сіз мына жағдайда коман-
дирлік билікті аздап асыра сілтеп жібергендейсіз-ау. Меніңше,
Брудныйды командирлік қызметіне қайта қойып, жолдастарының
алдында оны ақтау керек болар. Бұдан былай өте-мөте бір ерек-
ше жағдай болмаса, кісілерді орнынан ауыстырудың қажеті жоқ.
Қанша дегенмен, əрбір жауынгер өз командиріне, өз жолдастарына,
өз полкына бауыр басып, үйір болып қалады да, туған үй ішіндей
жақсы көреді. Брудный қайтып келіпті, өйткені ол сізге бауыр ба-
сып, үйір болғанның бірі, – деп генерал сұқ қолымен нұқи сөйледі.
Бұрын-соңды генералдың бұлай нұқи сөйлегенін көрмегендіктен мен
ше-гіншектеп барып состиып қалдым. – Сөз жоқ, сіз оның көңіліне
қатты қаяу салғансыз, бірақ та ол сізді ішінен жақсы көреді, жақсы
көрмесе қайтып келіп несі бар еді оның.
– Оны мен де жақсы көремін, жолдас генерал.
– Əңгіменің өзі сонда болып тұрған жоқ па.
– Рас, жолдас генерал, мен өз правомды аздап арттырыңқырап
жіберген екем.
– Аздап емес, көбірек арттырып жібергенсіз. Бұдан былай ко-
мандирлік билігін қалыптан асырмай істеп көруге тырысқаныңыз
жөн болар. Ал, менің дəрежем сіздікінен гөрі жоғарылау ғой. Бірақ
мен əзірше дивизиядан ешкімді қуған жоқпын.
– Брудный үшін маған айтылған генералдың осы сөздерінен
ауыр сөгіс қайдан болсын?
– Рас, айып менде екен, жолдас генерал, оған түсініп отырмын.
– Айыпты емессіз, қызбалаусыз, кей кезде тым қызбалау-
сыз»... (Б. М. 2-том, 16-17-бб.)
Генерал жоғарыда ұстаз ретінде Бауыржан Момышұлының ол
кісіні пір тұтатындығы туралы соғыстың қақап тұрған кезінде жас-
тарға қай жағынан болса да баулып тəрбиелеуде екі жақты қатар
жүргізілетіндігіне тəнті болғанмын. Жалпы адами құндылықтар-
дың: адамды сыйлау, оның еркіндігіне, көңіл-күйіне баса мəн беру,
аш-тоқтығына, киімінің бүтіндігінен хабардар болу, үй ішінің аман-
дығын сұрауды тыс қалдырмауды, т.б. сияқты мəселелерді қамту
сыйластық қарым-қатынастардың басым үрдісі екендігін терең тү-
сіндім.
Ол кісі соғыс жағдайындағы командир мен солдаттың ара-
сындағы қарым-қатынастың ерекше екендігіне былай мəн беретін
сияқты:
Біріншіден солдат, елінен, жерінен, отбасынан болса да қол
үзіп, қамкөңіл болып жүрген адам. Өйткені ол кіндік кескен жерін
сағынып еліне оралғысы келеді. Сағынғанда жалғыз жансыз хабар-
шы – хат арқылы хабарласады.
Екіншіден, біздің солдаттардың басым көпшілігі бұрын əскери
тəртіп қатарынан өтпеген, соғыс кезіндегі қарым-қатынастан мах-
рұм, тамақтануда бірішек болып қалған, оның өзінде соғыс жағда-
йында бірнеше бөліп ішесің, ішпесең соғысқа араласып кеткен соң
ашсың ба, тоқсың ба онда ешкімнің шаруасы жоқ, киімің, етігің,
бас киімің жыртылса өзің тігіп алуың керек, аяғың суда ма, батпақ-
та ма, аязға тоңды ма, т.б. – ол сенің шаруаң.
Үшіншіден, орыс тілін білмеген соң команда мен бұйрықты
уақтысында дəл қабылдап түсіне бермейсің. Оның үстіне орыс тіл-
ділер басқа этностарға атүсті қарап, оларға зорлық та, зомбылық
та жасағанын Бауыржан Момышұлы реті келгенде өзі бар болса
оның көз алдында бұл оқиғалар орын алып жатса лезде кесіп тас-
тап отырған.
Төртіншіден, соғыс жағдайында бұйрықты екі етпей орындау,
жəй емес толыққанды мағлұмат беретіндей етіп орындау ең негізгі
принциптердің бірі болатындығы.
Сол себептен соғыс кезіндегі мен бейбіт өмір кезіндегі тəртіп-
тердің айырмашылығы бар. Бірақ соғыс кезінде де жоғарыда кел-
тірілген құндылықтарды естен шығармау лəзім.
Генерал Бауыржан Момышұлына комбат ретінде солдаттардың
тəрбиешісі, ұстазы, жамылғы киетін анасы ретінде болуды тапсы-
рады. Мысалы, 90 солдатты жеке конвоймен алып келдім дегенін,
генерал олардың сатқын емес екендігін, Отанын сүйетіндігін, бірақ
22
23
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
соғыс жағдайында артқа шұғыл шегінгенде болжамнан жалғасып
тоз-тоз болып отрядтарынан, роталарынан, батальондарынан, полк,
дивизияларынан ажырап қалып, иесіз қалғандарын есіне салады.
Мұндайда генерал, онсыз да оңып тұрмаған көңілі жабырқау, рухы
мен психологиясына, «опасыз» деген сенбестікті ұялату адамгер-
шілікке жатпайтындығына меңзейді. Шынтуайтқа келгенде, олар
сатқындарға ұқсамайтын еді, ұқсайтын да жағдайы жоқ еді. Сон-
дықтан да қалыптасқан жағдайға қарай оңды тұжырым шығару іс-
тің ақиқатына жақын келмек.
Генералдың ұғымында майданда командир солдаттарының аз
шығынданып, көбірек жеңіске жетуін көздеу керек. Бейбіт кезде
олардың көңіл-күйін көбірек көтеруді мақсат ету керектігіне назар
аударуды баса айтатын. Өйткені олар да өзінің деңгейіне байла-
нысты адамгершіліктің, имандылықтың, саясаттың, право, т.б. құн-
дылықтарынан хабары бар адамдар.
* * *
Достарыңызбен бөлісу: |