Редакциялық коллегиясы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата16.02.2017
өлшемі6,69 Mb.
#4233
  1   2   3   4   5   6   7

Редакциялық коллегиясы: Назарова С.Н.,  Тулебаев Д.Ж.,  Жакина Н.Е.

Аударма: Тулебаев Д.Ж.  (қазақ тілі), Стамкулова Г.Б.  (ағылшын тілі)

Фото: Мазбаев О.Б.,  Иминов И.А.,  Прокопенко В.А.,  Байбакишева А.М.

Дизайн және беттеу: Скляренко Д.С.

ҚҰГҚ серіктестері:

Ә0Ж 910.4

КБЖ 26.8 г

         И49 



Иминов И.А.

И49 Ұлы Шоқанның керуен жолымен / И.А. Иминов, О.Б. Мазбаев.- Астана, 2015. - 

184 б.

ISBN 978-601-275-537-4



Бұл кітап күллі ағартушы әлем 2015 жылы туғанына 180 жыл толатынын атап өтетін 

ХІХ  ғасырдың  зерттеушісі,  саяхатшысы,  қазақтың  ұлы  ғалым-энциклопедияшысы 

Шоқан Уәлиханов бастаған Қашқарды зерттеу экспедициясының жалғасы іспетті. 

Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы 2014 жылы ұйымдастырған экспедиция 

мүшелерінің жеке әсерлері негізінде жазылған туындыда танымдық фактілер молынан 

қамтылған, жеңіл әрі қызықты оқылады. Бірегей экспедицияның фотосуреттері мен тар-

тымды эпизодттары ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Кітап қалың оқырман қауымға 

арналып отыр.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ә0Ж 910.4

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

КБЖ 26.8 г

ISBN 978-601-275-537-4

© Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы, 2015

© И.А.Иминов, О.Б.Мазбаев, 2015


1

Исмаилжан Иминов, Орденбек Мазбаев

°лы Шоўанны¤ керуен 

жолымен


Астана, 2015

2

Алµыс¦з


«Қазақстандық  ұлттық  географиялық  қоғамы»  республикалық  қоғамдық  бірлестігі  (ҚҰГҚ) 

Қамқоршылық  кеңесінің  Төрағасы,  ҚР  премьер-министрі  К.Қ.Масимовтың  қолдауымен  2013 

жылы қазан айында құрылды.

КҰГҚ-ның ең алғашқы жобаларының бірі 2014 жылы шілде-тамыз айларында «Ұлы Шокан-

ның Қашқарияға керуен жолы»  атты экспедициясы ұйымдастырылды.  Назарларынызға осы са-

яхатты баяндайтын кітапты ұсынып отырмыз. Бұл кітап қазақ халқының ұлы ғалымы, саяхатшы-

сы, ағартушысы Ш.Уәлихановтың 2015 жылдың қараша айында атап өтілетін 180 жылдығына 

арналып шығарылып отыр.

Шоқан Уәлиханов  -  қазақ халқының тарихында ғана емес, ол дүниежүзілік ауқымдағы  ұлы 

және маңызды тұлғалардың бірі. Осыдан 150 жыл бұрын 30 жасқа да жетпей өмірден өтсе де, 

оның атқарған ұшан-теңіз ғылыми еңбектері бүгінгі күнде де өзекті әрі заманауи болып табы-

лады. Ғалымның қазақтарға, ұйғырлар мен қырғыздарға арнаған этнографиялық шығармалары 

классикалық туындыға айналды және олардың маңыздылығы да жыл санап арта түсуде. Шоқан-

ның өн бойынан біз тарихшы, саясаттанушы, географ, этнограф, биолог және суретші тәрізді  қа-

сиеттерді көреміз. Ол не туралы жазса да, еңбектері жоғары кәсіби дәрежеде орындалды. Алайда 

Шоқан Уәлиханов тек қана ғалым болған жоқ, ағартушы да болды. Керемет ақыл иесі, жағдайды 

терең бағалай білетін қабілетке ие ғалым қазақ халқын алдыңғы қатарлы мәреге тек ағартушылық 

ғана жеткізетінін ұғынды. Өз отандастары, туыстары ұға алмаған кемеңгер білімділікте, дүниені 

тануда замандастарынан жүз жылдықтарға озып кетті.  

2014 жылдың шілде-тамыз айларында ғалымның 2015 жылы атап өтілетін 180 жылдығы қар-

саңында Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» 

атты экспедиция ұйымдастырды. Заманауи зерттеушілер олардың ұлы ізашары болған барлық 

жерлермен жүріп өтті. Олар Қашқарды көрді, ескі шаһарды аралап, Әппақ қожаның әйгілі ма-

зарында, Хейтгах мешітінде болды.  Аталған жерлердің бәрі де Шоқанның қашқарлық одиссея-

сымен байланысты, бұл жерлер оның еңбектерінде көрініс тапқан.  Бүгінгі саяхатшылар Шығы-

стың данышпандары, ғалым Махмұт Қашқари және ақын Жүсіп Баласағұн жерленген зираттарға 

зиярат етті. Олар сондай-ақ Тұрфан, Қарашахар, Қорла, Құшар, Ақсу, Артуш сияқты көне шаһар-

ларда болып, Тарим өзені, Бағрашкөл мен Лобнор көлдерін, құпияға толы Такла-Макан шөлін 

көрді. 

Экспедиция мүшелері жоғары таулы Торугарт асуынан өтіп, кезіндегі Ш.Уәлиханов тәрізді 



құпиялы Таш-Рабат тасты сарайдың бөлмелерін санады, Шатыр көлді, екпінді өзен Нарынды 

тамашалады. Саяхаттарын Шоқан өз экспедициясын аяқтаған Алматыда тәмамдады. 

Әлбетте, алдағы уақытта жаңа экспедициялардың да болары сөзсіз. Ал біз осы экспедиция 

арқылы  қазақ  халқының  мақтанышы,  ағартушысы,  ғалымы  мен  саяхатшысы,  ұлы  зерттеушісі 

Шоқан Уәлихановтың мәңгі өлмес есіміне құрмет көрсетеміз. 

Сіздердің назарларыңызға бұл саяхатқа арналған кітапты ұсынып отырмыз. «Шоқан Уәли-

хановтың  керуен  жолымен»  сіз  бізбен  бірге  өткен  уақыт  пен  қазіргі  заман  саяхатшыларының 

таң-тамаша саяхаттары мен жаңалықтар әлеміне бойлап, тағылымды әсер аласыз деген сенім-

деміз.    

«Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы»  

Қ. Ә. Байғарин

республикалық қоғамдық бірлестігінің

Басқарушы кеңесінің төрағасы 


3

І Б¦лім.


 

Шоўан УЇлиханов 

экспедициясымен 

Ўашўарды зерттеу



4

Қазақ халқының тарихында 

тұғырлы тұлға Шоқан Уәли-

хановтың есімі ерекше орын 

алады. Заманынан озық туған 

ойшылдың өмірден өткені-

не биыл 150 жыл болса да, 

онымен теңдес ғалым зертте-

ушіні, әдебиеттанушыны табу 

қашанда қиын. Ол ХІХ ғасы-

рдың 50-жылдарының соңы 

мен 60-жылдардың басында 

Ресейдің және күллі Еуропаның 

ғылыми қауымдастығын өзінің 

туабітті дара талантымен, асқан 

білімдарлығымен дүр сілкінтіп, 

таң-тамаша еткен әлемдік дең-

гейдегі данышпан еді.  Кез 

келген дананың тағдыры сияқты 

Шоқанның да өмір жолы сыр 

мен құпияға,  жұмбаққа толы. 

Демек, Шоқан Уәлиханов тұлға-

сы ғалымдардың ұзақ жылдар 

бойы зерттеуі тиіс құбылыс-фе-

номені болып қала береді. Бірақ 

бұл жағдайдың өзінде де көпте-

ген сауалдарға толық жауаптар 

берілмесі хақ.

Осы орайда біз отандасымыздың есімімен тығыз байланысты жер мен аймаққа экспе-

дициялық сапарға шығу арқылы ұлы адамның болмыс-бітімін ұғынуға, түсінуге талпы-

ныс жасадық. 

Бізді Шоқанның трагедиялық әрі романтикалық тағдыры қызықтырып, еліктіре түсті. 

Шыңғысханның  ұрпағы, Абылай ханның  шөбересі, Кенесарының жақын туысы, Орта 

жүздің соңғы ханы Уәлидің немересі ол Орта Азияның зерттеушісі және саяхатшысы, ірі 

ғалымы болды.

4


5

Шоўанны¤ балалыў шаµы

Шоқан Уәлиханов Солтүстік Қазақстан облысының Құсмұрын деп аталатын жерінде 

1835 жылдың қараша айында дүниеге келді. Құсмұрында мейірімді де данагөй әжесінің 

ұлағатты тәрбиесін көріп, оқу мен ілім-білімге ден қойып, қазақша жазуды ғана емес, 

сондай-ақ шағатай тілін меңгеріп, Құранды, исламның негіздерін, араб және парсы тіл-

дерін үйренді.   

Құсмұрын мен Сырымбет Қазақстандағы ең бір әсем де көрікті жерлердің бірі. Шет-

сіз-шексіз қиыр дала, орманды-таулар зерек баланың жан-дүниесіне ерекше әсер етті.  

Шоқан бүлдіршін кезінің өзінен-ақ өнерпаз жерлестері шырқаған халық әндерін, жүре-

гін тербеткен әуендерді беріле тыңдап, жадында мәңгі сақтады. Бұған Айғаным әжесінің 

де ықпалы зор болды. Данагөй, көр-

кем мінезді,  өмірден көрген-түйгені 

мол  әжесі  немересін  шексіз  жақсы 

көрді.  Шоқан  да  әжесіне  жуық  бо-

лып, уақытының көбін бірге өткізді. 

Шығыстың  алты  тілін  білетін,  қа-

расөзге  шебер  Айғаным  сүйікті  не-

мересіне  туған  жердің  қадір-қасиеті 

туралы  ескі  аңыз-әфсаналарды,  ер-

тегілерді айтып беріп отыратын. Көп 

ретте  ол  Абылай  хан  мен  Уәлидің 

өмір тарихынан сыр шертетін. Әже-

сінің  айтқандарын  Шоқан  зердесіне 

құйып, өмір бойы есінде сақтап өтті.  

Шоқанның әкесі Шыңғыс та ерек-

ше дарынды, көпқырлы адам болды. Біздің пайымдауымызша, ол қазақ арасында орысша 

білім алған алғашқы тұлғалардың бірі еді. Сібір әскери училищесінің түлегі, орыс тілінде 

жатық сөйлейтін ол орыс армиясында полковник болды. Шыңғыс небәрі 23 жасында өзін 

білікті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Ол Аманқарағай аймағының аға сұлтаны 

болып тағайындалды. Қазақ даласын зерттеуге келген орыс ғалымдарына қолғабыс етіп, 

музейлерге, әртүрлі көрмелерге, қауымдастықтарға апарып, материал жинауда қол ұшын 

берді. Сонымен қатар ол талантты музыкант ретінде де белгілі болды. Домбыра тартып, 

ән салды, айтыстар ұйымдастырды.  

Шоқан  бала  шағынан  сурет  салуға  әуестенді.  Бұл  жөнінен  оған  алғашқы  дәрісті 

Құсмұрын мен Сырымбеттегі әжесі мен әкесінің үйіне келген орыс ғалымдары, топо-

графтанушылар,  геодезистер,  инженерлер  берді.  Суретшілік  таланты  жас  кезінен-ақ 

аңғарылды,  бұл  кезде  Шоқан  өзінің  туған-туыстарының,  достарының,  жерлестерінің 

бейнелерін, табиғат көріністерін қылқалам тілінде сөйлетті.


6

Омбыдаµы кадет корпусында оўуы

1847 жылы Шоқан 12 жаста болған кезінде орыс тілін білместен Омбыдағы кадет кор-

пусына оқуға түсіп, үш жылдың ішінде аталған оқу орнының ең үздік кадеттерінің бірі 

атанды. Ол кезде орыс тілін де жетік дәрежеде меңгеріп алды.       

Омбының  кадет  корпусы  Сібірдегі  ең  үздік  оқу  орындарының  бірі  болды.  Мұнда 

тәжірибелі ұстаздар дәріс берді. Шоқанның ғалым ретінде қалыптасуына әдебиетші-ори-

енталист Ф.Н.Костолецкий, тарихшы Гонсевский, филолог Ф.П.Лободовскийдің оқыған 

дәрістері мен сабақтары ерекше ықпал етті. Жас кадет тіл мен әдебиетті, тарихты, сон-

дай-ақ география мен биология пәндерін оқуға ерекше ынта-ықылас танытты. Шоқанның 

білімге деген құштарлығы, туабітті зеректігі мен ойшылдығы, жадысының мықтылығы 

оған сабақ берген ұстаздарын, бірге оқыған құрбы-құрдастарын қайран қалдырды. Сол 

жылдардың  өзінде-ақ  Шоқанның 

ғылымдағы  болашағы  жарқын  бола-

рына ешкім де күмән келтіре алмаған 

еді.  


Даңғыл жолға түсуге бел байлаған 

бозбала орыс әдебиетінің білікті ма-

маны, шығыстану ғылымының терең 

білгірі,  шығыстану  факультетінің 

түлегі    Ф.Н.Костолецкиймен  тығыз 

байланыста  болды.  Ф.Н.Костолец-

кий  Шоқанға  фольклорды  танып, 

зерделеу әдіс-тәсілдерін үйретті. Ка-

дет корпусында оқи жүріп, жас өрен 

орыстың  классикалық  әдебиетіне 

ерекше ден қойды. А.Пушкин, Н.Го-

голь, В.Белинский, А.Герцен сияқты 

жазушылар оның сүйікті авторлары-

на айналып үлгерді.  

Шоқанға  тарих  пәнінің  мұғалімі 

Гонсевский  де  әкелік  мейірммен  қа-

рады.  Жас  аралықтарында  едәуір 

айырмашылықтың  болғанына  қара-

мастан  олар  жақын  араласып,  дос 

болды.  Гонсевскийдің  Еуропа  және 

Шығыс  тарихы  жөнінде  айтқан  әң-

гімелері  мен  тұшымды  сөздері  бо-

лашақ қазақ ойшылының зердесінде 

мықтап жатталды. 



Ш. Уалихановтың  Орыс география 

қоғамының мүшелік күәлігі

7

Жас кадет жазғы демалысын туған жері Сырымбетте өткізді. Мұнда ол сүйкті әже-

сінің қызықты әңгімелерін ден қоя тыңдап, сурет өнерін жалғастырды, естіген аңыз бен 

ертегілерді, ән-жырларды қағаз бетіне түсірді.  Қолына бүркіт ұстап, саятшылық құрды. 

Уақытының көп бөлігін байтақ дала төсінде өткізіп, қасқыр, түлкі тәрізді аңдарды аулап, 

аңшылықтың қызығына берілді. 

Қызмет бабына байланысты Омбы қаласында тұрған С.Г.Ядринцев және С.Ф.Дуров 

есімді  ғалым,  ұстаздар  Шығыстың  тарихы  мен  әдебиетін  жетік  меңгеріп  келе  жатқан 

білімді шәкірттің талабы мен қарым-қабілетіне қызығушылық танытты. Ш.Уәлиханов 

пен  П.П.Семёнов-Тянь-Шанскийді    ерекше  қарым-қатынас  байланыстырды.  Осындай 

рухани байланыстың әсерінен де болар, Шоқан өз өмірінің басты мұраты ретінде – Ор-

талық Азияны зерттеуге шындап бекінді. Кейінірек П.П.Семенов-Тянь-Шанский екеуі 

Жетісу аймағына экспедициямен барды. Сол жылдардың өзінде Шоқан еуропалықтарға 

беймәлім болып келген Қашқар сапары туралы армандады.

7

Автопортрет


8

Шоўанны¤ алµашўы сапарлары.

  

Ў±лжаµа жасаµан экспедицияcы



1853 жылы кадет корпусының түлегі Ш.Уәлиханов Батыс Сібірдің және жеке Сібір 

корпусының  басшысы  генерал  Гасфорттың  адьютанты  болып  тағайындалды.  Әрине, 

мұндай тағайындау кез келген жас офицер үшін мақтаныш болғанымен, ол өзінің басты 

арманын бір сәт те ойынан шығармады, яғни үнемі саяхатқа шығуды көкседі.

1954 жылы 19 жасар Шоқан орыстың атақты жазушысы Ф.М.Достоевскиймен таны-

сты. Олардың таныстығы  берік достыққа ұласты. Шоқан орыс жазушысын өзінің бірегей 

білімпаздығымен ғана емес, сонымен қатар сәбидей пәк жүрегімен, туған халқына деген 

ұлы махаббатымен де баурап, тәнті етті. Ф.М.Достоевский дәл осы қазақтың ұланындай 

басқа жасөспірімді жақсы көріп көрген жоқ шығар, сірә.  

Шоқан өзінің алғашқы сапарын 1855 жылы Жетісуға жасады. 1856 жылы Жетісуда 

екінші рет болып, Қырғызстанға арналған әскери-ғылыми экспедицияға қатысты. Онда 

ол Ыстықкөлдің басейінін зерттеп, қырғыз халқының тұрмыс-тіршілігімен, төл мәдени-

етімен етене танысты. Тарихта алғашқы рет атақты «Манас» эпосының ауызша нұсқа-

сын қағаз бетіне түсіріп, әлем әдебиеті оқырмандарына осынау айтулы жыр-жауһарымен 

оқып-танысуға мүмкіндік тудырды. Ол өз құндылығын күні бүгінге дейін жоғалтпаған 

«Қырғыздар» атты ғылыми еңбек жазды. 

Талантты,  білімді  жас  офицерді  Батыс  Сібір  генерал  губернаторы  делегация  құра-

мында Құлжаға Қытай билігімен келіссөздер жүргізу үшін жіберуді ұйғарады. Дипло-

матиялық миссияны Верный бекінісінің негізін салушылардың бірі М.Ю.Лермонтовтың 

Мәскеу  университетінде  бірге  оқыған  досы,  аса  тәжірибелі  подполковник  М.Д.Пере-

мышльский басқарады. 

Орыс  дипломатиялық  миссиясының  мақсаты  қандай  болып  еді?  Бірінші  –  бұл  ай-

мақпен сауда-саттық байланыстарды жаңғыртып, қалпына келтіру. Екінші – Құлжа және 

Чугачек қалаларында Ресей консулдығын ашу.

1856 жылдың 1-ші тамыз күні Ресей делегациясы Бороқожыр шекара бекетіне келеді. 

Онда оларды Қытай офицері сыйлық беріп күтіп алады. Бұл сыйлықтан бас тарту мүм-

кін болмады. Әрі қарай дипломатиялық миссия елсіз дала бойымен жүріп отырып, Үсек 

өзеніне жетеді. Экспедиция Іле өзеніне қарай жол тартты. Мұнда бау-бақшаларды, жай-

нап тұрған егістік алқаптарын, бидай түйіп жатқан диқандарды көрді (Біз бұл жерде 2012 

жылы болған едік. Ол әлі күнге дейін дәл сондай бау-бақшаларымен, ерекше күтімі бар 

алқаптарымен көз сүйсіндіреді). 

Уәлиханов бір ағаштың саясында тынығып жатқан шаруаны байқап қалады. Шоқан, 

әрине, жақындап келіп, танысып сөйлеседі. Олар Іле ұйғырлары болатын. Ғалым олар ту-

ралы былай деп жазды: «Шүңірек көздерінің сызығы жұқа әрі түріктің қылышы сияқты 

майысқан,  мұрны  мен  ерні,  белінің  арықтығы  бұларды  ортаазиялықтардан  ерекшелеп 


9

тұрады». 

Қазақ саяхатшысы Іле аймағын 

құлпырып  тұрған  жерге  айнал-

дыра  білген  адамдар  туралы  күр-

сініспен қалам тербеді: «Бұл халық 

ешуақытта толыққанды азаттыққа 

ие  болған  жоқ.  Құлдық  пен  тәу-

елсіздіктің  мұндай  әсері  олардың 

жүздеріне  қайғылы  үмітсіздік  та-

бының  ізін  қалдырды».  Құлжаға 

таяу  маңдағы  делегацияны  осы 

шаһардағы  орыс  консулы,  белгілі 

шығыстанушы Иван Захаров қар-

сы алды. 5 тамыз күні экспедиция 

өлкенің  әкімшілік  орталығына 

келді. 

Шоқан 


мұнда 

жергілікті 

тұрғындардың  өмірімен  таныса-

ды.  Ғалым  Құлжаның  әйгілі  ба-

зарына  жиі  баратын.  Ол  жерге 

адамдар  сауда  жасау  үшін  ғана 

емес,  әңгімелесу  үшін  де  жина-

латын.  Бұл  дәстүр  жалпы  шығыс 

базарларына  тән  ерекшелік  еді. 

Шоқанды Шығыс Түркістанның Қашқар, Яркент және Хотан сияқты қалалары да қы-

зықтыратын. Өзі ол туралы былай деп жазды: «Іленің жергілікті халқын түзем мұсылман-

дары, қашқарлар мен тараншылар құрайды. Ал қалаларда маньчжур-шенеуніктері мен 

қытайлар тұрады. Сибо-солонды әскери адамдар құрайды. Сайрамкөл маңында Чахар 

руынан саналатын қалмақтар, ал Текесте олет тармағының рулары көшіп-қонуда». Уә-

лиханов жазғандай, ұйғырлар Шыңғыс хан заманында мұсылман еді. Олардың өз жазуы 

болды. Білімді жұрт есебінде моңғолдар оларға жазу-сызу жұмысын жүргізуді тапсырды. 

Зерттеушінің ескертпелері әрдайым дәл. Мысалы, біздің Іле аймағына жасаған сапа-

рымыз кезінде (2012 ж.), біз олардың дүкендерінде сатылып  жатқан нандардың аса үл-

кен емес, бөлке түрінде болатынын, Қазақстан нанынан айырмашылығы бар екенін бай-

қағанбыз. Енді бұл туралы саяхатшының жазғанына зер салайық: «Қытайда нан біздің 

елдікімен салыстырғанда ағырақ. Олар бидайды түйген кезінде сулайды, шынында да, 

ұнды мұндай тәсілмен дайындау оған ақ түс береді, піскен нан да қатып қалады». 

Келіссөздер  сәтті  аяқталып,  орыс  делегациясы  жоспарлаған  нәтижелеріне  қол  жет-

кізді. Уәлихановтың ойында Цин империясы бұл шақта әлсіреп, нақты саяси ұстанымы 

жоқ деген пікір қалыптасты. Ресей делегациясы Құлжада үш айдай болып, күздің соңын-

да Отанына оралды. Іле аймағына саяхаты кезінде Шоқан «Қытай империясының Батыс 

өлкесі және «Құлжа қаласы» күнделігін жүргізді. Ол еңбегінің ғылыми өзектілігі күні 

бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ.



10

Ўашўар сапары алдында. Жолда

Шоқан Іле өлкесінде және Құлжада болды. Алайда Қашқарға сапар жасау туралы арма-

ны оған бір сәт те тыным бермеді. Міне, ол арманы да орындалып, 1855 жылы Қашқарға 

сапарға аттанады. 

Бұл Қашқардың және ұйғыр халқының тарихында қандай кезең еді? 

1759 жылы Қашқарды Цин Қытайы жаулап алды. Азаттықты сүйетін халық ондаған 

рет отарлауға қарсы көтерлістерге шықты. Әдетте мұндай көтерілістердің басында Қоқан 

хандығы кезінде үй қамақта (Циндік Қытаймен келісім бойынша) отырған Қашқар биле-

ушілерінің соңғы ұрпақтары - қожалар тұрды. Ең бір әйгілі көтерілістің бірі 1826-1828 

жылдары орын алған Жаһангир қожа бастаған көтеріліс болатын. Қарсылық әрекет ба-

сып,  жаншылды,  қанға  батырылды.  Қолбасшы  тұтқындалып,  Пекинге  жеткізіліп  өлім 

жазасына кесілді. 

1857 жылы Жаһангир қожаның ағайындас бауыры – Уәлихан төре бастаған цинға қар-

сы жаңа көтеріліс тұтанды. Нәтижесінде барлық Қашқар азат етілді. Халықтың тарихын-

да қарама-қайшы рөлге ие Уәлихан төре болды. Бір жағынан ол қысқа мерзімге болса да 

елдің дербестігін қамтамасыз ете алды, ал екінші жағынан халықтың жадында мемле-

кеттегі тәртіпті диктаторлық әдіспен орнатқан өктем билеуші ретінде сақталып қалды. 

Үлкен өкінішке орай, көптеген Шығыс мемлекеттерінің басқарушылары өз иелігіндегі 

елді басқарудың бұдан өзге жолдарын білмейтін еді. 

Алтышаһардағы көтерілістен (ұйғыр жерлері ол жылдары осылай аталатын) Циндық 

Қытай ғана емес, Ресей империясы да үрейленіп қалды. ХVII ғасырдан бастап бұл жерде 

билік етуге  Қытай,  Ресей  және  Ұлыбритания  таласып  келді. Ресей  Қашқарға Англия-

ның ықпалы түсіп кетуінен қорқып, онда шын мәнінде не болып жатқанын білмек бо-

лып, тыңшы жіберді. Қашқарға деген қызығушылық немістің географ-ғалымы Адольф 

Шлагинвейттің өлімінен кейін туындады. Ол, бәлкім, британ арнайы қызметінің агенті 

болды, солардың қолдауымен Үндістаннан келді. Кейбір тарихшылар мен әдебиетшілер 

Ресейдің Шлагинвейттің қазасына қайғырды дегеніне сену қиын екенін, бірақ фактілер 

әлемнің Қашқарға деген қызығушылығы неміс зерттеушісінің өлімінен кейін өсе түскенін 

айтады. 


Ресей Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің директоры Егор Ковалеский 

Омбы генералы Г.Х.Гасфортқа Шығыс Түркістанға жіберуге болатын бір адамды тауып 

беру  туралы  өтініш  айтып  хат  жазады.  Әскери  министр,  сондай-ақ,  генералға  дүмпу 

шыққан аймаққа қажетті адамды тауып беруін өтінеді. 

1857 жылдың 30 қазан айында Г.Х.Гасфорт әскери министрге: «Бұл тапсырманы орын-

дауды атқаратын шенеунік ретінде менің ерекше бұйрықтарымды іске асыратындардың 

қатарында тұрған поручик Уәлихановқа тоқтадым. Бұл офицер лайықты қазақ сұлтаны 

– Шыңғыс Уәлихановтың ұлы, дарын-қабілеті ерекше, оның тындырымдылығына сенуге 

болады. Оның үстіне, Орта Азия жерлерімен, халықтарының тарихымен жақсы таныс, өзі 


11

мұсылман болған үшін орыс шенеунігіне қарағанда діндестері арасында тезірек сенімге 

ие  болады»  деп  жазды.  Шоқанның  Қашқарға  баруында  үлкен  рөл  ойнаған  П.П.Семё-

нов-Тянь-Шаньский  болғанын  атап  өткеніміз  жөн.  Қазақ  зерттеушісінің  ақылына, 

білімдарлығына тәнті болып, қайран қалған орыс саяхатшысы ғажайып жас өрен туралы 

шығыстанушы шенеуніктерге ғана емес, өзі беделді болып табылатын биліктің жоғарғы 

сатысындағы  шенеуніктерге  де  айтып  жүрді.  Кейінірек  Семёнов  Тянь-Шаньский  өз 

естелігінде былай деп жазды: «Әрине, мен генерал Гасфорттың назарын бұл жасөпірімге 

аударуды өзімнің міндетімдей санадым. Тянь-Шаньға оралған соң Уәлихановты қырғыз 

киімімен сауда керуеніне қосып Қашқарға іс-сапарға жіберу туралы ой тастадым. Бұл 

ойымды Уәлиханов сәтті жүзеге асыра білді».

Қашқардағы  бас  көтерулерді  Цин  отарлаушылары  аяусыз  тоқтатты.  Мыңдаған  кө-

терілісшілер жазаланды, өлтірілді, Ферғанаға бой тасалады. Көбі Қоқан хандығына жете 

алмады. Себебі жол бойында тауларда аштық пен суықтан көз жұмды. Төре Қоқан хан-

дығында жасырынып үлгерді. 

1858 жылы Уәлихан төренің көтерілісі жеңіліс тапқанын естіген жас офицер Қашқарға 

жасалатын сапар тоқтатылып тасталады деп уайым шекті. Бірақ стратегиялық маңызы 

бар жерге деген қызығушылық бәсеңдеген жоқ. Ресей өз адамын Шығыс Түркістанға 

жіберуге нықтап бекінді әрі ниетті болды. 

Біз  Шоқан  Уәлихановтың  кадет  кезінде  Шығыс  Түркістанның  тарихы,  география-

сы, этнографиясымен әуестенгенін жазған едік. Құлжаға сапары кезінде ол ұйғыр тілін 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет