Автомобильдердi ерекше жағдайда пайдаланғанда
техникалық қызмет көрсету
Шөлейт және құмдық топырақты жерлерде қозғалтқышқа отын мен майды жабық әдiспен құяды. Әрбiр маусым сайын автотрактордың ауа тазартңышының түбiндегi майды ауыстырады, ауа тазартқыштың орталық түтіктерін тексерiп, қажет болса әрбiр TҚ-1 техникалық қызмет керсетуде ауыстырып отырады. Автомобиль үш ауысым жұмыс атқарған сайын аккумуляторды тазартылған сумен толтырады.
Ауа райы суьқ (температура – 300 С0 темен) кезде арнайы мекемелер ұсынып отырған дизельдiк-арктикалық отын мен майдьщ арнайы сортын қолданады. Ауысым соңында басқа отын толтырады да, пневматикалық жүйесiнiц ауа баллондарындағы конденсатты төгедi. Қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесіне ауауның төменгі температурасында қатпайтын сұйық құяды.
Автомобиль тастақ жолсыз жерлерде жұмыс icтегенде ауысым сайьн жүру жүйесiнiң және қорғаныш құрылғыларының қаншалақты зақымдалғанын, сондай-ақ қозғалтқыш картеріндегі төгу тығынының, алдынғы және артқыбелдіктің, жақтаудағы редукторлардың, жетекшi доңғалақтың берiктiгiн тексереді. Табылған ақауларды жөндейді.
Саздақ жерлерде ауысым сайын майлау және салқын-дату жүйелерiнiң сыртқы бетiн ластан тазартып, тексередi.
Орманда жұмыс iстегенде автомобильдi ағаштың кесiлген, шабылған ұсақ белшектерiнен тазартады.
Су кедергiлерiнен немесе саздаң аймақтардан өткен соң қуат берiлiсi мен жүру жүйелерiнiң агрегаттарында судың қаншалықты екенін тексередi, ал тұнбада су болса, майды ауыстыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |