Жүк көлігінің майлау жүйесі.
1,6,10 – сүзгілер; 2-термометр; 3-радиатор; 4,8,9-клапандар; 5-кран; 7-насос;11-манометр; 12-магистралды канал; 13-иінді білік; 14-таратқыш білік;15-күйенте ось; 16-деңгей өлшегіш; 17-картер тығыны.
Үйкелушi беттердiң арасына жiберiлетiн май, үйкелicтi азайтумен қатар аз да болса, үйкелушi бөлшектердi салқындату үшiн қолданылады. Бұл салқындату майдың айналып ағып отыруының арқасыңда жүзеге асады. Жағар-май үйкелушi беттердi үйкелген кезде мүжiлiп түceтiн металл бөлшектерден тазартып тұрады және үлкен температура мен қысымның әсерiнен күйген майдан пайда болатын күйе бөлшектерiнен тазартып тұрады.
Майдың, сонымен қатар, цилиндрдiң саңылаусыз жабылуын қамтамасыз eтeтін фактор ретiндегi рөлiн атапкетуiмiз керек, өйткенi май қабатыньң тұтқырлығы жеткiлiктi болса, газдарды өткiзбеуге поршень сақиналарына жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |