23
- оқыту-тəрбиелеумен кəсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы,
яғни кəсіби ортада, адамгершілік қатынастар мен қалыптасқан өзгеше тəртіп
пен мінез-құлықты зерттейді.
Педагогикалық
этика
педагогикалық мораль мен моральдық
құндылықтардың түпкілікті мəнін қарастырады.
Этиканың негізін мораль
құрайтын болса, мораль деп қоғамдағы адамдар арасындағы қалыптасқан
адамгершілік нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз.
Моральдық құндылықтар - адамдардың
адамгершілік қасиеттері мен
мінез-құлқына, іс-қимылына, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарға өзіндік баға
беретін мейрімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер
жүйесі. Педагогикалық қызметте мораль, моральдық құндылық
түсініктерінің бəрі кездеседі. Солардың ішінде педагогикалық əділдік,
педагогикалық борыш, педагогогикалық
ар-намыс, педагогикалық бедел,
педагогикалық тəртіп түсініктеріне сипаттама берсек:
Әділдік - адамдардың құқықтары мен міндеттері арасындағы
сəйкестілік. Ал педагогикалық əділдік - мұғалімнің
оқушылармен қарым-
қатынасы барысында оқушылардың тəртібін, қылығын, оқуға көзқарас-
құлшынысын, адамгершілік тəрбиелік деңгейін анықтау мен бағалау
барысындағы мұғалімнің объективтілігі мен өзіндік
баға берудегі ерекше
сипаты (2.1-кесте).
2.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: