24
Педагог тəртібі оның педагогикалық əрекеттерін адамгершілік
тұрғыдан реттейді. Оның толыққанды кəсіби этикалық мəні мен мақсатқа
сəйкестігі келесі сипаттарда көрініс береді:
- талапшылдық, жеке бастың қасиетін қорламау;
- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып,
өрескелдікке жол бермеуі;
- ұстанымдылығы жəне табандылығы;
- зеректік пен сезімталдығы;
- тұлғаның жеке басын қорламайтын əзіл қолдана білуі;
- иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау жəне қысымшылық пен
қорлықсыз жазалай білуі;
- өз білімі мен кəсіби даярлық деңгейінің артықшылығын атап айтпай-
ақ білімалушыларды оқыту жəне тəрбиелей білу қабілеті;
- білімалушыларды тыңдай білуі, сұрақтарға берген жауаптарына
тыңғылықты қарай білуі.
Аталған педагогикалық тəртіп түрлері педагогтың түрлі оқу-тəрбиелік
міндеттерін шешу барысында көрініп, олардың кəсіби қызметінің тиімділігі
мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жоғарыда аталған кəсіби этика нормаларын білу жəне сақтау -
педагогикалық қызметтің мазмұнын ерекшелендіреді жəне өз еңбегіне
қатынасының адамгершілік негіздерін қалыптастыруына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: