28
2.5. Педагогтың адамгершілік қызметі
Педагогтың адамгершілік қызметі адамгершілік ұстанымдардан
тұрады.
Адамгершілік ұстанымдар - бұл кəсіптік моральға жəне тəжірибеге
негізделген əлеуметтік қызметкердің ұстанымы. Адамгершілік ұстанымдар
маманның тұлғалық дамуында жəне оның санасындағы жоғары деңгей.
Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз еңбегін істің қызығушылығы
тарапынан қарауды, қоғам мен білімалушыға жағымды əркеттер жасаудың
жəне қандай əрекеттер жасауға міндетті екенін анықтап алуды талап етеді.
Адамгершілік ұстанымдар педагогтың кəсіптік қызметке теориялық жəне
тəжірибелік тұрғысынан дайындығын көрсетеді, педагогикалық қызмет
тəжірибесіндегі іс-əркеттері мен тəртібіне саналық қатынасының негізі
болып табылады. Бұл тұлғаның еріктік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал
етеді. Адамгершілік ұстаным мазмұнына кəсіби педагогикалық міндетті де
жатқызуға болады.
Кəсіби педагогикалық міндет - педагогикалық этиканың ең маңызды
категорияларының бірі. Бұл тұжырымдама қоғамда мұғалімнің жеке басына
қатысты талаптары мен моральдық ережелерінің жиынтығы, өздерінің кəсіби
міндеттерін орындау туралы идеяларды шоғырландыруы, білімалушылармен,
олардың ата-аналарымен, əріптестерімен қарым-қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: