73
тек сөз қорына (санына) байланысты емес, оларды бірнеше мағынада қолдану
мүмкіндігімен де анықталады. Бір ғана «жүру» сөзінің бірнеше мағынасы
(«жаяу жүру», «адымдап жүру», «іс оңға басты» т.б.) бар. Тілдің лексикалық
байлығы əртүрлі ойлар мен сезімдерді жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу мəдениетінің маңызды белгісі
нақтылық болып табылады. Сөз
мəнерінің нақтылығы пен анықтылығына тілдің көптеген кұралдарын
қолдану арқылы қол жеткіземіз. Мысалы, синонимдер. Синоним дегеніміз -
мағынасы жағынан бірдей, ал жазылуы əртүрлі сөздер. Мысалы, «атақты»,
«дəрежелі», «белгілі»; «еркіндік», «бостандық», «тəуелсіздік». Тілдің
синонимдік кұрылымы ойды əртүрлі тəсілдермен жеткізуге, нақтылыққа
жетуге көмектеседі.
Сөз нақтылығы оның сыңарын дұрыс келтіре білуге де байланысты,
айтылуы ұқсас, бірақ мағынасы əртүрлі сөздер: «абонемент» - «абонент»,
«тəжірибелі» - «тəжірибелік».
Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мəдениеттілігінің қажетті
шарттарының бірі, əрі ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері -
қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мəнерінің сапасын бір нəрсені
қайталап айта беру, яғни тавтология бұзады.
Педагогтың сөйлеу мəнері табиғи жəне анық болуы тиіс. Сөйлеудің
грамматикалық дұрыстығы - бұл сөз тіркестерін жəне сөйлем құрудағы сөз
формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.
Мұғалімнің сөйлеу мəнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын
қарапайым, қүрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.
Дыбысталу дұрыс болмаса, жоғары дəрежедегі сөйлеу мəдениеттілігі
мүмкін болмайды. Бұл - орфоэпия саласы. Екпін орфоэпиямен тығыз
байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу қиынға соғып жатады.
Педагогтың сөйлеу мəнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге
анық, бейнелі, эмоционалды болу тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: