V ТАРАУ. «ПЕДАГОГ-ПЕДАГОГ» ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЭТИКАСЫ 5.1. «Педагог-педагог» жүйесіндегі кəсіптік қарым-қатынастың жалпы сипатттамалары Әрбір адам əлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен
ақпарат алмасады, тəжірибесімен бөліседі, бірігіп, ынтымақтастық қарым-
қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі əлеуметтік,
ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның əлеуметтік
ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге болады. Олай болса,
қарым-қатынас - айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы
байланысты тұрақтандырушы [22].
Жайлап қарасақ, қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген
адам өмірде көп жетістіктерге жете алады, жұмысында да, беделі, абыройы
жоғары болып қоршаған адамдардың сый құрметіне бөленеді.
Шығыстың Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары
қарым-қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара
əрекетке аса зор мəн берген. Жүсіп Баласағұнның тəлім-тəрбиелік ойларға
толы «Құтадғу білік» (құтты білік) атты дастанында адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте əсерлі
баяндалған. Мысалы, осы дастанда жазылған: «Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де
өлгісіз», «Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», «Қадірлісі - тіліне ұят
сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің
тəрбиелік мəні қандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына
сіңімді екені анық.
Педагогикалық ғылымдар саласында қарым-қатынас мəселелері
А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодальевтің А.В.Мудриктің, В.А.Кан-Каликтің,
Н.Е.Щуркованың,
А.И.Щербакованың
В.А.Сухомлинскийдің,
Ш.А.Амонашвилидің, С.Л.Соловейчиктің, А.Б.Добровичтің, И.А.Зимняяның,
Я.Л.Коломинскийдің, А.А.Реанның т.б. ғалым еңбектерінде жан-жақты
қарастырылған. Педагог маманығына байланысты кəсіби-педагогикалық
қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынаста
педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты
ұйымдастыру үшін алдын ала көптеген педагогикалық міндеттерді
анықтайды.