З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


 Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері



Pdf көрінісі
бет23/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97
Байланысты:
академ жазба

4.4 Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері
Ғылыми зерттеудің дұрыс нәтижелілігі оны дұрыс ұйымдастыру, 
жоспарлау және белгілі бір ұстанымда орындауға тікелей тәуелді. Бұл 
жоспарлар мен іс-қимылдар тізбегі ғылыми зерттеудің түріне, нысанына және 
мақсаттарына байланысты. Мысалы, егер ол техникалық тақырыптарда 
жүргізілсе, онда, алдымен, негізгі жоспарлау алдындағы құжат техникалық- 
экономикалық негіздеме әзірленеді, содан кейін теориялық 
және 
эксперименттік зерттеулер жүзеге асырылады, ғылыми-техникалық есеп 
жасалады және жұмыс нәтижелері өндіріске енгізіледі. 
Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты 6 кезеңді бөліп 
қарастыруға болады. 
1.
 
Тақырыпты таңдау: 


45 
-
зерттеуді орындауды қажет ететін мәселемен жалпы танысу; 
-
әдебиеттермен алдын ала танысу және маңызды бағыттарды жіктеу; 
-
зерттеу тақырыбын қалыптастыру; 
-
зерттеулердің қысқаша (алдын ала) жоспарын жасау (бастапқы жоба); 
-
ғылыми-техникалық тапсырманы әзірлеу; 
-
ғылыми зерттеулердің күнтізбелік жоспарын құру; 
-
күтілетін нәтижелерді сипаттайтын гипотезаны қалыптастыру; 
-
күтілетін нәтижелерді алдын ала бағалау. 
2.
 
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау: 
-
отандық және шетелдік әдебиеттің библиографиялық тізімін таңдау 
және жасау; 
-
тиісті бейіндегі әртүрлі ұйымдардың тақырыбы бойынша ғылыми-
техникалық есептерді зерделеу; 
-
дереккөздердің аңдатпаларын жасау; 
-
тақырып бойынша рефераттар құрастыру; 
-
зерттелетін ақпаратты талдау, салыстыру, сынау; 
-
пысықталған мәселелер бойынша өз пікірін жинақтау, сынау, 
құрастыру; 
-
ақпаратты шолу бойынша әдістемелік қорытындыларды қалыптастыру; 
-
зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру. 
3.
 
Модельдеу: 
-
зерттелетін объектінің негізгі сапасын анықтайтын процестер 
мен құбылыстардың физикалық мәнін (табиғатын) зерттеу; 
-
алдын ала (іздестіру) эксперименттерін орындау; 
-
гипотезаны қалыптастыру, физикалық модельді таңдау және негіздеу; 
-
модельді математизациялау; 
-
аналитикалық сөздерді алу; 
-
алынған заңдылықтарды теориялық талдау. 
4.
 
Эксперименттік (тәжірибелік) зерттеулер: 
-
эксперименттің мақсаты мен міндеттерін әзірлеу; 
-
экспериментті жоспарлау; 
-
зерттеу бағдарламасының әдістемесін әзірлеу; 
-
өлшеу құралдарын таңдау; 
-
аспаптарды, 
макеттерді, 
аппараттарды, 
үлгілерді, 
стендтерді, 
қондырғыларды және басқа да эксперимент құралдарын құрастыру; 
-
өлшеу тәсілдерін негіздеу; 
-
зертханада, тәжірибелік учаскелерде, зауыттарда, фирмаларда 
эксперимент жүргізу; 
-
өлшеу нәтижелерін өңдеу. 
5.
 
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және 
ресімдеу: 
-
теориялық-эксперименттік зерттеулерді жалпы талдау; 
-
эксперименттерді теориямен салыстыру; 


46 
-
алшақтықтарды талдау; 
-
теориялық үлгілерді анықтау; 
-
зерттеу мақсатына қол жеткізгенге дейін қосымша эксперименттерді 
қайталау және оларды талдау; 
-
алдын ала гипотезаны бекітуді қайта қалыптастыру – жүргізілген 
зерттеудің ғылыми нәтижесі; 
-
ғылыми және өндірістік қорытындыларды қалыптастыру; 
-
ғылыми-техникалық есепті құру; 
-
пікір жазу; 
-
баяндама жасау; 
-
қолжазбаны түзету. 
6.
 
Нәтижелерді енгізу және экономикалық тиімділікті айқындау: 
-
өндірісте зерттеу нәтижелерін енгізу; 
-
экономикалық әсерді анықтау. 
Содан 
кейін 
тәжірибелік-технологиялық 
немесе 
тәжірибелік-
конструкторлық әзірлемелер жүреді, оларға: 
1)
тақырыптарды, мақсаттарды және әзірлеу міндеттерін тұжырымдау; 
2)
әдебиетті зерделеу, зерттеулер жүргізу (қажет болған жағдайда) 
және эксперименттік үлгіні техникалық жобалауға дайындау; 
3)
техникалық жобалау: 
-
техникалық жобаның нұсқаларын әзірлеу; 
-
есеп айырысулар жасау; 
-
сызбаларды әзірлеу; 
-
жеке тораптарды, блоктарды дайындау және олардың жұмысын талдау; 
-
техникалық жобаны әзірлеу және келісу; 
-
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі. 
4)
жұмысты толық жобалау – жұмыс жобасының барлық бөлшектерін
әзірлеу. 
5)
тәжірибелік үлгіні дайындау: 
-
техникалық құжаттаманы талдау және бақылау; 
-
технологиялық процестерді жобалау; 
-
карталарды әзірлеу; 
-
жұмысты ұйымдастыру жобасын жасау; 
-
тәжірибелік үлгінің бөлшектерін, блоктары мен тораптарын дайындау, 
оларды құрастыру; 
-
үлгіні сынақтан өткізу, жетілдіру және реттеу; 
-
стендтік және өндірістік сынақтар. 
6)
тәжірибелік үлгіні пысықтау: 
-
өндірістік сынақтардан кейін үлгі тораптарының жұмысын талдау; 
-
жеке тораптарды ауыстыру. 
7)
мемлекеттік сынақтар – арнайы үлгіні мемлекеттік комиссияның 
сынақ өткізуіне беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет