З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет26/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97
Байланысты:
академ жазба

 
5 Ғылыми зерттеудің әдіснамасы
 
5.1 Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы туралы ұғым 
Ғылыми зерттеу әдісі 
– объективті шындықты тану тәсілі. Әдіс іс- 
әрекеттердің, тәсілдердің, операциялардың белгілі бір реттілігін білдіреді. 
Оқытылатын объектілердің мазмұнына байланысты жаратылыстану 
әдістері мен әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу әдістері ерекшеленеді. Зерттеу 
әдістері ғылым салалары бойынша жіктеледі: математикалық, физикалық, 
химиялық, биологиялық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық және т.б. 
Таным деңгейіне байланысты әдістер келесідей болып бөлінеді: 
эмпирикалық, теориялық және метатеоретикалық деңгейлер. 
Эмпирикалық деңгей әдістеріне 
бақылау, сипаттау, салыстыру, есеп, 
өлшеу, сауалнамалық сұрау, әңгімелесу, тестілеу, эксперимент, модельдеу 
және т.б. жатады. 
Теориялық 
деңгей 
әдістеріне 
аксиоматикалық, 
гипотетикалық, 
формализация, абстракциялау, жалпы логикалық әдістер (талдау, синтез, 
индукция, дедукция, аналогия) және т.б. жатады. 
Метатеоретикалық деңгейдің әдістері
диалектикалық, метафизикалық, 
герменевтикалық және т.б. болып бөлінеді. Қолдану саласы мен ортақтасу 
дәрежесіне байланысты әдістерді ажыратады: 
Ғылыми зерттеудің «әдіс» ұғымын және «техника», «процедура» және 
«әдістеме» ұғымдарын ажырата білу керек. 
Зерттеу техникасы 
деп қандай да бір әдісті пайдалану үшін арнайы 
тәсілдер жиынтығын айтады. 
Зерттеу процедурасы 
деп іс-әрекеттердің белгілі бір реттілігін, 
зерттеуді ұйымдастыру тәсілін айтады. 
Әдістеме 
– таным әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Кез келген 
ғылыми зерттеу белгілі бір әдістермен және тәсілдермен, белгілі бір ережелер 
бойынша жүзеге асырылады. Бұл тәсілдердің, әдістер мен ережелердің жүйесі 
туралы ілімді 
әдіснама 
деп атайды. 
«Әдіснама» ұғымы әдебиетте екі мағынада қолданылады: 
-
қандай да бір қызмет саласында (ғылым, саясат және т.б.) 
қолданылатын әдістер жиынтығы; 
-
танымның ғылыми әдісі туралы ілім. 


53 
Әрбір ғылым өзінің әдіснамасына ие. Әдіснаманың келесідей 
деңгейлері бар: 
1.
Барлық ғылымдарға қатысты әмбебап болып табылатын және 
оның мазмұнына танымның философиялық және жалпы ғылыми әдістері 
кіретін жалпыға бірдей әдіснама. 
2.
Туыстық ғылымдар тобы үшін ғылыми зерттеулердің жеке 
әдіснамасы, ол танымның философиялық, жалпы ғылыми және жеке әдістерін 
құрайды. 
3.
Нақты ғылымның ғылыми зерттеулерінің әдіснамасы, оның 
мазмұнына философиялық, жалпы ғылыми, жеке және арнайы таным әдістері 
кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет