З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет44/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97
Байланысты:
академ жазба

7.1.8 Уәждемелік эссе 
Уәждемелік эссе «уәждемелік хат» деп те аталады. Жоғары оқу орнына 
оқу мен белгілі бір бағдарламалар арқылы білім алу үшін құжаттар тапсыру 
барысында сұралуы мүмкін. 
Бұл эссені жазудағы негізгі мақсат
– алдағы 
уақытта білім алатын сала мен жоғары оқу орнын таңдаудағы негізгі себепті 
көрсету және талапкердің білім құзіреттілігі мен тұлғалық қасиеттерін 
сипаттау. Уәждемелік эссе үміткердің құжаттарын қарау барысында алғашқы 
оқылатын құжат түріне жататындықтан, оның сәтті жазылуына ерекше мән 
беру керек. 
Бұл эссені жазу алдын ала дайындықты талап етеді. Эссені бастамас 
бұрын қандай жоғары оқу орнына және қай мамандыққа құжат тапсыратынын 
нақты білу керек. Содан кейін ЖОО мен мамандық туралы ақпараттармен 
толық танысып шығу қажет. Әрбір ЖОО өз мамандықтары мен оған түсуге 
арналған талаптар туралы мәліметтерді өз сайттарында жариялайды. Бұл 
мәліметтерді оқу арқылы өзіңіздің осы ЖОО-ның студенті болуға толық сай 
келетініңіз бен онда оқуға деген қызығушылықтың оянуы уәждемелік эссені 
бастауға себеп бола алады.
Эссені жазу барысында мүмкіндігінше интелектуалдық қабілетті 
танытуға тырысып, осы оқу орнында оқуға лайықты талапкер екендігіңізді 
сипаттау керек. Көп жағдайда озат студенттердің өзі бұдан қиналып жатады. 
Сондықтан уәждемелік эссе жазудың мақсаты мен міндетін түсінген дұрыс. 
Ол үшін уәждемелік эссені жазу барысында мына кеңестерді есте сақтаған 
дұрыс. 
1.
 
Асықпау.
Уәждемелік эссені жазу белгілі бір уақытты талап етеді. 
Сол себепті құжаттар тапсыру мерзімі аяқталар кезеңде асығып жаза салуға 
болмайды. Қашан да хатты алдын ала жазып, оны бірнеше күннен кейін қайта 
тексеріп шығу керек. Бұл эсседе қамтылмай қалған немесе артық жазылған 


83 
ақпараттарды алып тастауға мүмкіндік береді. Қайта оқу арқылы 
грамматикалық және синтаксистік, стильдік қателерін түзету керек. Демек 
қайталау эссенің дұрыс жазылуына үлкен септігін тигізеді.
2.
 
Түйіндемеде жазылған мәліметтерді қайталамау.
Оқуға құжат 
қабылдаушылар (комиссия мүшелері) талапкерлердің құжаттарын оқиды. 
Сондықтан түйіндемедегі мәліметтерді қайта оқу құжатты тексерушілерді 
жалықтырып жіберуі мүмкін. Сол себепті өзіңізді құжат тексерушінің орнына 
қоюға тырысыңыз. Қандай жайттар уәждемелік эссені қызықты ететінін 
ойлану керек. 
3.
 
ЖОО-ның оқытатын мамандығына қарай бейімдеу.
Университеттің 
ұсынатын мамандыққа сәйкес оқытатын пәндерін білу керек. Барлық ЖОО-
лар оқытатын пәндерінің бағдарламасын сайттарына жариялайды. Осы 
пәндерді өз қызығушылықтарыңызбен байланыстыруға тырысыңыз. Бұл 
бағдарламаларды оқу сіз үшін қандай пайда әкеледі және мұндай пәндерді оқу 
қандай қызығушылық тудыратынына мән беріңіз. 
4.
 
Шынайы жазу.
Эссені жазуда еркін болу керек. Өзіңіздің 
арманыңыз бен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасаған әрекеттеріңізді 
сипаттаңыз. Жалған ақпарат көрсетіп немесе өзіңізді тым асыра мақтауға, 
үздік үміткер ретінде көрінуге жол бермеңіз. Шынайылық қана сәттілікке 
алып келетініне сеніңіз. 
5.
 
Бастан кешкен қызықты оқиға туралы жазу.
Оқу бағдарламасына 
қатысты және мамандыққа қатысты жайттармен бөлісіңіз. Осы оқиға арқылы 
мамандықтың маңыздылығын қалай түсінгеніңіз туралы баяндауға болады. 
Дегенмен көп мәлімет жаза берудің де қажеті шамалы. 
Бакалавр, магистр, докторантура және оқу грантын иелену үшін 
жазылатын уәждемелік эсселердің бағыты мен құрылымы бірдей болғанымен, 
бакалавр үшін жазылатын эссенің академиялық салмағы аздау болады. 
Магистратураға жазылған уәждемелік эсседе көбіне мамандыққа қатысты 
тәжірибе баяндалады. Ал докторантураға түсу үшін жазылған эсседе 
тәжірибемен қоса ғылыми дәрежені алғаннан кейінгі болашақтағы жоспарлар 
жөнінде де баяндауына тура келеді. Сонымен қатар олардың көлемі де әртүрлі 
болып келеді. Қанша сөз немесе қанша парақ жазылу керек екенін 
университет сайтынан білу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет