З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет47/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97
Байланысты:
академ жазба

Академиялық жұмыстар 
8.1 Академиялық мәтіндер 
Мәтін – белгілі бір тақырыптағы ақпаратты беруге бағытталған 
сөйлемдер мен абзацтардың (параграфтардың) жиынтығы. Мәтіндер түрлеріне 
қарай әртүрлі болып бөлінеді. Егер мәтінде алғаш рет мәліметтер берілсе, ол 
бастапқы дереккөздерді мәтін
ретінде қарастырылады. Мәселен, хаттар, 
заңдар, бастапқы мәліметтер жарияланған дереккөздер бастапқы ақпаратты 
қамтитын мәтіндер түріне жатады. Ал егер осы материалдарға зерттеу 
жасалып, пікірлер айтылса, онда мұндай мәтіндер бастапқы мәтінге талдау 


90 
жасалған, осы мәтіндегі ақпараттарды қолданған зерттеу мәтіндері, яғни 
екінші реттік дереккөзді мәтін
болып саналады. 
Академиялық жазылым барысында түрлі академиялық мәтіндерді оқуға 
және жазуға тура келеді. Жоғары оқу орындарында оқуға тура келетін 
мәтіндер өз қызметі мен түрлеріне қарай оқулықтар, оқу құралдары, 
монографиялар, мақалалар және т.б. түрінде жарияланады. Жазылым үдерісін 
бастамас бұрын пәнге, тақырыпқа байланысты аталған мәтін түрлерін қарап 
шығуға тура келеді. Академиялық оқылым барысында жиі оқуға тура келетін 
негізгі мәтін түрлеріне мыналар жатады. 
Оқулықтар
пән бойынша мәлімет беруге бағытталып, білім алушыларға 
арналып жазылғандықтан, тілі жеңіл, параграф құрылымдары жүйелі болып 
келеді. Онда күрделі терминдерге анықтама беріліп, оқырманның назарын 
аудару үшін қажетті деген сөздердің асты сызылып немесе курсивпен 
белгіленіп беріледі.
Монографиялар 
– зерттеу барысында оқуға қажеттілік туындататын 
мәтіндердің бірі. Мұнда автор бір тақырыпқа қатысты толық жасалған зерттеу 
жұмысын жариялайды. Сондықтан мұндай мәтіндерді оқу тақырып туралы 
тереңірек білімді қажет етеді. Мәтінде таныс емес терминдер, түсінуге 
қиындық тудыратын күрделі ойлар берілуі мүмкін. Монографияны оқымас 
бұрын оның мазмұнын қарап шығу қажет, тек зерттеу жұмысына қажетті 
тарауларын немесе бөлімдерін ғана оқуға болады. Мәтіннің керек жеріне көз 
жүгірту арқылы қажетті ақпараты бар деген беттерді белгілеп алу қажет. 
Монографиядағы қажетті ақпараттарды тез табу үшін 
автордың ойын 
түсінуге тырысу, анықтамалар мен тұжырымдарды анықтау, негізгі 
ұстанымдарды белгілеу, мәтіндегі қажетті жерлерін анықтау
сияқты 
амалдарды қолданған орынды. 
Зерттеу мақалалары
академиялық мәтіндер ішінде ерекше бағаланады. 
Себебі кез келген зерттеуші өзінің ашқан жаңалығын, нәтижесін мақала 
түрінде жариялауға тырысады. Бұл мақалалар арнайы редакторлық 
тексерістен өткеннен кейін ғана жарыққа шығады. Мақалалар эмпирикалық 
әдістерді қолданып немесе теориялық деректерге ғана негізделіп жазылуы 
мүмкін. Эмпирикалық әдіс әлеуметтік зерттеу жұмыстарында қолданылады. 
Олар бақылау, тәжірибеден өткізу сияқты зерттеу әдістерін қолданады. 
Әдетте, мұндай мақалалардың негізгі құрылымы 
кіріспе, зерттеу әдісі, 
зерттеу нәтижесі, талқылау және қорытынды
бөлімнен тұрады. 
Дереккөздерге негізделген мақалалар әлеуметтік, тарихи, тіл білімі сияқты 
салаларда көбірек жарияланады. Олар негізінен теориялық мәселелерді 
қарастырады және тақырыпқа байланысты түрлі пікірлерді жан-жақты 
талдайды. 
Зерттеу 
баяндамалары
ғылыми 
конференция 
жинақтарында 
жарияланады. 
Мұндай 
еңбектердің 
авторлары 
өз 
зерттеулерінің 
нәтижелерімен немесе тақырыпқа қатысты мәселелердің шешімдері жөніндегі 
жайттармен бөлісуді мақсат етеді. Көп жағдайда ғылыми баяндамалардың 


91 
құрылымы эмпирикалық зерттеу мақалаларына ұқсас болып келеді. 
Сондықтан оларды оқу барысында эмпирикалық зерттеу мақалаларына 
қатысты оқу стратегиясын қолдануға болады. 
Жоғары оқу орындарында тапсырма ретінде берілетін академиялық 
мәтін түрлеріне 
эссе, баяндама, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жоба
жатады.
Баяндама
– студенттерге берілетін тапсырма түрі. Эссе мен 
баяндаманың құрылымы ұқсас болып келгенімен, өзара айырмашылықтары 
бар. Эссе абстрактілі және теориялық бағыттағы тақырыптар бойынша 
жазылса, баяндама жағдаяттық немесе болған жағдайды сипаттауға 
бағытталып, тақырыпқа тереңірек тоқталады. Сонымен қатар баяндаманы 
жазу барысында бастапқы және екінші реттік дереккөздерді ақпараттары 
қолданылады. Баяндама құрылымы мынадай ақпаратты қамтиды. 
Кіріспе:
тақырыпқа қатысты жалпы мәселе, зерттеу жұмысын 
жүргізудің маңызы, тақырыпқа қатысты өзге зерттеулерге шолу. 
Әдісі:
зерттеу жұмысы қалай жүргізілді, зерттеу барысында 
қолданылған әдістер, құралдар. 
Нәтижесі:
анықталған жайттар, зерттеу нәтижесіне байланысты 
пікірлер. 
Талқылау:
анықталған негізгі жайттар, зерттеудің тиімділігі жөніндегі 
пікірлер. 
Қорытынды:
жұмысты қорытындылау, алдағы зерттеу жұмысына 
қатысты ұсыныстар. 
Реферат
жоғары оқу орындары мен жоғары сынып оқушыларынан жиі 
сұралатын көлемді жазбаша тапсырманың түрі. 
Рефераттың мақсаты
– 
тақырып бойынша студенттің білімін көрсету. Реферат әдебиеттерге шолу 
жұмысына ұқсас, бірақ ол көп жағдайда сипаттамалық мәнде жазылады. Сол 
себепті сыни тұрғыдан жазылу құндылығы төмен болып есептеледі. 
Ресімделуі мен көлемі (15-20 бет аралығында жазылады) оқытушы тарапынан 
белгіленіп беріледі. Ол кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. 
Курстық жұмыс
бұл жазба жұмысы жоғары оқу орнында оқып жүрген 
студент өз мамандығына қатысты арнайы пәндерді меңгере бастағанда, яғни 2 
немесе 3-курс студенттеріне беріледі. Курстық жұмыстың тақырыбы 
кафедрада бекітіледі және ол бойынша жетекші тағайындалады. Бұл 
студенттің зерттеу жұмысын жазудағы алғашқы қадамы болып саналады. 
Сондықтан таңдалған тақырып бойынша жұмысты жазу барысында 
жетекшімен кеңесіп отырудың маңызы зор. Жұмыс теориялық (әдебиеттерге 
шолу) немесе эмпирикалық бағытта жазылады және ол алдағы уақытта 
дипломдық жобаға жалғасуы мүмкін. Курстық жұмысты жазу барысында 
зерттеу жұмыстарының құрылымы сақталады және жалпы академиялық 
жазылым үдерісі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ жоспары мен құрылымы 
жазылу бағытына қарай жетекші кеңесі бойынша құрылуы мүмкін. Жұмыстың 
көлемі 25-30 беттен тұрады. Титул парағынан бастап қолданылған 


92 
әдебиеттерге дейін тақырып бекітілген кафедра талаптарына сай ресімделеді. 
Курстық жұмыс ауызша қорғалады. Ондағы мақсат – студенттің өз бетінше 
жүргізген зерттеу жұмысын бағалау және жетілдіру үшін ұсыныстар білдіру. 
Дипломдық жоба
– жоғары оқу орнын аяқтаушы студенттің мамандығы 
бойынша таңдап алған тақырыбы туралы жүргізген ғылыми жұмысы. Оның 
негізгі мақсаты – болашақ маманның өз мамандығына байланысты белгілі бір 
мәселені жан-жақты талқылап, талдап, сыни пікірін білдіріп, оны жетілдіру 
үшін ұсыныстарын білдіре алатындығына көз жеткізу. Дипломдық жоба 
курстық жұмысқа ұқсас болып келеді және зерттеу жұмыстарының 
құрылымдары мен талаптары толық сақталады. Бірақ ол студенттің осы кезге 
дейінгі жазған зерттеу жұмыстарынан әлдеқайда күрделі әрі көлемді болып 
келеді (60-80 бет). Студент дипломдық жобаны жазу барысында өзінің 
үйреген жазылым мен оқылым, зерттеу және т.б. қабілеттерінің барлығын 
қолдана алуы тиіс. Жұмыстың тақырыбы мен жетекші кафедрада бекітіледі 
және студент қашанда жетекшімен тығыз байланыста жұмыс жүргізуі қажет. 
Жұмыс аяқталғаннан кейін ауызша қорғалатын болады және қолжазба 
кафедрада бекітілген талапқа сай ресімделіп, түптеледі және белгілі бір 
уақытқа дейін сақталуы үшін мұрағатқа өткізіледі. 
Академиялық бағытта білім алушыдан талап етілетін жазба жұмысының 
қай түрі жазылатындығы, олардың ресімделуі, көлемі, өткізілу мерзімі сияқты 
талаптар қашанда оқытушы немесе тақырыпқа қатысты пәнді оқытатын 
кафедра тарапынан белгіленетінін естен шығармау керек. Сондай-ақ 
Қазақстанда білім беретін мекемелер мен ғылыми жұмыстарды жариялауға, 
басуға қабылдайтын орындардың басым көпшілігі сілтеме жасау мен 
қолданылған әдебиеттер тізімі МЕМСТ ережесіне сәйкес ресімделуін талап 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет